ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет106/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   124
Байланысты:
Allaga madak

Қадірсізова Аида, 
Е.Сыпатаев атындағы орта  
мектептің 10-сынып оқушысы,
Алматы облысы, Панфилов ауданы,
Еңбекші ауылы.
әЗ ПАЙғАмбАР мҰХАммЕд (с.ғ.с)
Адамсың ба?
Жаралған соң адам боп,
Бұл тірлікте кездесетін қамал көп.
Көркем мінез - көркің, таза айнасы,
Пайғамбардан жеткен екен адал боп.
Жер дүние ілтипаты өзіңе, 
Пайғамбары адамзаттың, тегінде.
Көркемнің көркемдігі, сүйікті, 
Ұлпадай жұмсақ, ғибратқа толы өмірде.
Қиыншылық, қиын кездер өткерген, 
Адамзатқа тура жолды көрсеткен. 
Әз Пайғамбар Мұхаммед ардақты ғой, 
Бар ғаламды хадисімен тербеткен.
Бейбітшілік бастамасы өзіңнен, 
Бет-жүзіңде иман нұры төгілген. 
Мұхаммед Пайғамбар - дара тұлға, 
Бар ғұмыры насихатпен өрілген.
Жомарттық, Шыншылдық, Әділдік,
Тазалық, Адалдық, Ізгілік –     
Тұла бойы адамдық қасиет,
Еш пендеде кездеспейтін мінезі бар мәңгілік.


241
Таңдаулы діни өлеңдер
Үлгі-өнеге, көркем өмір тұтқасы, 
Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы
Әз Пайғамбар Мұхаммед - жыр жауһар 
Ғажап ғұмыр, Ізгі жолдың нұсқасы.
Ар-ұяттың күштілігі бізге ұран, 
Жан дүниесі, мінезі – таза Құран. 
Ұлылардың ұлысы Пайғамбарым, 
Сіздің әрбір Ізіңіз асыл мұрам.
Үлгі алайық, түсінейік, білейік, 
Пайғамбарды үлгі етіп жүрейік, 
Ұлағатты, ғибратты ғұмырды, 
Тағылыммен жалғап өмір сүрейік.


242


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет