мәңгілік нұрдың шамшырағы
Халықтың да, хақтың да ықыласына бөленген,
Бұл ғаламның тарихынан жалғыз адам көрем мен.
Сені жырлап жазуменен көркемденді сөздерім,
Бірақ сенің қасиетіңді жырлай алман өлеңмен.
Иығыңа артылып ед пайғамбарлық жүктері,
Бір өзіңде ғаламзаттың иман атты кілттері.
77
Таңдаулы діни өлеңдер
Иса Мәсіх келуіңді сүйіншілеп Інжілде,
Бүкіл ғалам сағыныштан өзіңді аңсап күткені.
Нұры тасқан Абдуллаһ пен Әминаның отбасы,
Сәби келді дүниеге жақсылықтың қақпасы.
Нұрдан бейне киім киіп, сүндеттеліп туылып,
«Үмбетім!» деп көзін ашты ізгіліктің патшасы.
Сол бір түні жұлдыз туды көктің жүзін таза ғып,
Қағбадағы пұттар кенет қирап қалды азайып.
Мыңдаған жыл жанып тұрған мәжусидің оттары,
Бір мезетте өз-өзінен өшіп қалды ғажайып.
Пайғамбарым Мәдинадан кетіп қалса бір алыс,
Сахабалар сағынатын іздеп жанға жұбаныш.
Мәдинаға келуінің өзі үлкен мереке,
Ал ғаламға келуі ол – неткен ұлы қуаныш!
Пұт табынып, ширк жасап, құлдық ұрған нәпсіге,
Мүшріктер білмес надан: жамандық не, жақсы не?
«Біз өзіңді бар әлемге рақым етіп жібердік!»
Деген Аллаһ рақымы деп, Әнбиядай нақ сүре.
Жаһилия топыраққа тірі көмген қыздарын,
Суық лептей бетке ұрды жамандықтың ызғары.
Ұлы Аллаһтың сүйген құлы және ақиық Елшісі,
Мейіріммен еріткенді тас жүректің мұздарын.
Бір жылаған сәби көрсе, қосылып бірге жылайтын,
Неткен ғажап мейірім бұл, неткен пейіл бұл айқын.
Күллі адам және жындар одан медет сұрайтын,
Адамзаттың бақыты үшін сәждеге кеп құлайтын.
78
Аллаға мадақ
О, ғаламның рақым нұры, жүректердің ғашығы,
О, Мұхаммед – адамзаттың ардақ тұтар асылы.
Саған деген махаббаттар он төрт ғасыр өтсе де,
Бір сәтке де толастамай кемерінен тасыды.
Бұл өлеңім саған деген сағынышты жалғады,
Тілейтінім – әр жүректе иман оты жанғаны.
Шіркін, бізді үмбетіңнің арасынан танысаң,
Иншаллаһ, бұл мұсылманның ең бір асқақ арманы!
|