Қуанышбеков Әсет Елемесович,
Тараз қаласы.
ШЕбЕРді ШЕбЕР дЕгЕнШЕ
Күз айы жиын-терін басталғалы,
Жиылып басқа жұмыс тасталғалы.
Көшіп кеп Дихан ата біраз болды,
Басына бақшасының жастанғалы.
Сұрақты жаңбырдайын жаудыратын,
Талабы таңданардай тау құлатым.
Бар еді немересі былдырлаған,
Есінен қарияны аудыратын.
Алдыңда бір дақылдың жақын келді,
-Не дейді, Ата, мұның атын?- деді.
Немере сұрағына күлімсіреп,
«Күнбағыс»-деген, ботам , мақұл-деді.
- Өмірін күнге қарап құрғандықтан,
Жүзін де күн нұрына бұрғандықтан,
«Күнбағыс» атаныпты бұл дақылың,
Өзі де күнге ұқсап тұрғандықтан.
-Мына бір,ата, қара дәнегіне,
Түсіпті құрттардың бұл әлегіне.
Ішінде мына бірдің дәні де жоқ,
Мынадай - дәні бары әдемі де.
Үш түрлі неге бірге тұрғанменен,
Бір баста өмір түгел құрғанменен?
Күн мен жер сабағы да ортақ болып,
Бәріне бірдей еңбек қылғанменен?
- Айналдым сұрағыңнан, балам, сенің,
219
Таңдаулы діни өлеңдер
Келмепті ойыма да маман менің.
Дұрысы сен бұларды дән деп білме,
Үш түрлі, үшеуін де- адам дегін.
Жеңілі - жеңіл жолды таңдағандар -
Ұры-қары, иман, намыс қалмағандар.
Құрт дерт қой бұл - есірткі, арақ құмар,
Алысқа ақылдары бармағандар.
Толық дән - иман, арын сақтағандар,
Былғанып болмашыға жатпағандар.
Разы боп, қанағат қып бергеніне,
Әрдайым бір АЛЛАсын мақтағандар.
АЛЛА шебер неткен шексіз ілім еді,
Дән бар қайта көктеп тіріледі.
Барлығы екі өмірдің дәннен дағы,
Қарасаң қандай жақсы білінеді.
Белгілі екеудің нақ күйетіні,
Тозақтың пендеге де тиетіні.
Ортақ бұл өмір сынақ жалғанында,
Толық дән, иманды - АЛЛА сүйетіні.
Тәңірдің танып-біліп сабақтарын,
Дәлелге ақылды жөн қаратқаның.
Қандай дән, балам, өзің бола білсең,
Тағдырын берер соның жаратқаным.
Жауап бар екі өмір сұрағына,
Үлгіні құя білсең құлағыңа.
Ақылмен ажыратып ақ-қарасын,
Дұрысын таңда ,балам, сынағыңа!
220
Достарыңызбен бөлісу: |