222
Еңбек даулары ретінде қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы
тікелей келіссөзлдермен реттелмеген, қолданыстағы заңдарда қолдану, жаңа
еңбек жағдайларын белгілеу жəне еңбек жағдайларын өзгерту жөніндегі
мəселелерге қатысты келіспеушіліктер танылады. Еңбек дауларының
туындауына əсер ететін себептер алуан түрлі болуы мүмкін. Бұл себептерге
жəне еңбек дауының пəнінен қарай еңбек дауларын келесі түрлерге бөлуге
болады.
Субъективтік құрам б-ша , яғни еңбек дауына қатысушылардың құрамы
бойынша еңбек даулары:
- Жеке еңбек даулары;
- Ұжымдық еңбек даулары болып бөлінеді.
Жеке еңбек даулары бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру н\е тануға б-
ты, еңбек туралы заңдарға, ұжымдық шартқа ж\е еңбек туралы өзге де
келісімдерге б-ты талаптарын жұмыс берушіге білдірген жекелеген
қызметкерлердің бастамасы б-ша туындайды. Ж.е.д. бір жағынан – қызметкер,
екінші жағынан – жұмыс беруші қатысады. Ж.е.д пəні – еңбек қатынастары да,
олармен тығыз байланысты өзге қатынастар да б.т Қызметі б-ша ауыстыру,
қызметінен босату, біліктілікті н\е дəрежені көтеру ж\е т.б. туралы даулар –
жеке еңбек даулары б.т.
Ұжымдық еңбек даулары – бұл жұмыс берушінің жəне қызметкерлер
ұжымының арасында ұйымдарда жалақы төлеу мəселесіне, ұжымдық шарттар
мен келісімдерді бекітуге жəне орындауға, сонымен қатар, қолданыстағы
заңдардың, ұжымдық шарттардың жəне келісімдердің ережелерін қолдану
мəселелеріне қатысты туындайтын келіспеушіліктер.
Ұжымдық еңбек дауларының тараптары болып, бір жағынан, жұмыс беруші
(немесе жұмыс берушілердің бірлестігі), екінші жағынан, ұйымның ұжымы
(ұйымдар бірлестігі) табылады. Ұжымдық еңбек дауының тараптары өз
өкілеттіктерін өкілдері арқылы жүзеге асырады. Қызметкерлердің өкілдері
ретінде кəсіптік одақтардың органдары жəне олардың бірлестіктері, ұйым
қызметкерлерінің жиналысында (конференциясында) құрылған қоғамдық
органдар, филиалдар, өкілдіктер танылады. Жұмыс берушілердің өкілдері
ретінде ұйым басшылары немесе ұйымның жарғысына сəйкес өзге де уəкілетті
тұлғалар, жұмыс берушілердің бірлестіктері немесе жұмыс берушінің өзге де
уəкілетті органдары болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: