қатерліге жатады.
Жұмыс берушіге келтірілген зиян үшін қызметкерді материалдық
жауапкершілікке тарту негіздері.
Қызметкердің материалдық жауапкершілігі өзімен бірге еңбек құқығы
қатынастарының қатысушысы болып табылатын жұмыс берушіге өзінің
кінəсімен келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетінен тұрады. Қызметкердің
материалдық жауапкершілігі келесі шарттар бір мезетте орын алған жағдайда
туындайды:
Жұмыс берушіге келтірілген шынайы зиян. Тікелей шынайы зиян ретінде
қолдағы,
шынайы мүлікке оны (н\е оның бөлігін) жоғалту, өз бетімен иемденіп алу,
нашарлату, бүлдіру, құнын төмендету арқылы келтірілген зиян түсіндіріледі;
Нəтижесінде зиян келтірілген əрекеттің құқыққа қайшылығы (мысалы,
құрылыс
материалдарын ұрлау) н\е əрекетсіздіктің құқыққа қайшылығы (мысалы,
жанармайды асыра жұмсаудың алдын алуға қатысты шаралар қолданбау), яғни
қызметкердің өзіне жүктелген еңбек міндеттерін бұзуы;
Қызметкердің зиянды келтірудегі кінəсі. Зиян қызметкердің кінəсімен
келтірілген
жағдайда оған материалдық жауапкершілік жүктеледі. Зиянды келтіруші
тұлғаның өз əрекеттерінің салдарынан алдын ала білуінен н\е білу мүмкіндігінің
болуынан, сонымен қатар оның өзінің жасаған əрекетіне қатынасынан кінəнің
материалдық жауапкершіліктің шарты ретіндегі ерекшелігі көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: |