ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет28/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Органикалық  теория.  ХІХ  ғасырлардағы  жаратылыстану  ғылымының 

үлкен  жетістіктері  қоғамдық  ғылым  өкілдері  тарапынан  қоғамдық 

құбылыстарды  да  сол  жеткен  жетістіктер  аясында  қайта  саралауға 

қанаттандырған  болатын.  Осы  аралықта  əлеуметтанушы,  мемлекеттанушы 

ғалымдар тарапынан органикалық теория негізделіп, өмірге келді. Органикалық 

теорияның  басты  идеясы  мемлекетті  тірі  организммен  байланыстырып,  тірі 

организмінің  жұмыс  істеуімен  салыстырып,  негіздеу  болып  табылған  еді. 

Қоғамды  тірі  организммен  салыстыру  тарихқа  көз  жүгіртетін  болсақ,  Ежелгі 

Үнді  қоғамына  барып  тіреледі.  Кейіннен  грек  ойшылы  Платонда  мемлекетті, 

заңды  тірі  организммен  салыстыра  талдап,  олардың  ортасындағы 

ортақтықтарды  іздеуге  тырысқан  болатын.  Сонда  да  болса,  органикалық 

теорияның  негізін  салушылардың  қатарына,  ХІХ  ғасырдың  өкілдері  Швейцар 

заңгері  И.К.Блюнчли, ағылшын  ғалымы Г.Спенсер, француз əлеуметтанушысы   

Р.Вормс жатады. Органикалық теорияға сəйкес адамзат тірі организмнің төменгі 

сатысының жоғарғы сатыға өту нəтижесінде өмірге келді деп саналады. Осының 

негізінде  табиғи  сұрыптаудың  нəтижесінде  адамдар  біртұтас  организм 

мемлекетке  бірігеді.  Органикалық  теория  өкілдері  көршілес  қауымдардың  бір-

бірімен күресінің нəтижесінде тұтастай бір организм қалыптаса деп санады. Бұл 

күресте табиғи сұрыптаудың нəтижесін көрсетеді. Қоғамның жоғарғы мүшелері 

мемлекеттің  сыртқы  қызметін  атқарған  болса,  ал  қоғамның  төменгі  мүшелері 

мемлекеттің ішкі қызметін атқаруға міндетті болды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет