Психологиялық теория. Мемлекет пен құқықтың пайда болуын
түсіндіруге негізделген психологиялық теория ХХ ғасыр белестерінде өмірге
келген болатын. психологиялық теория қазіргі кезеңдегі құқықтанудың кеңінен
дамып келе жатқан бағыты ретінде əлеуметтанумен жəне басқа да қоғамдық
ғылымдармен қатар өмрбіп отырды. Психологиялық теорияның өкілдері
ретінде: Г.Тард, (Франция), Л.Кнапп, М.Рейснер, Э.Ленинг (Германия), А.Росс,
Р.Вест, П.А.Сорокин жəне т.б. танылады. Психологиялық теорияның негізгі
өкілі социолог-құқықтанушы Л.Петражицкийдің пайымдауы бойынша,
құқықтың негізін қоғамдық өмірдің əлеуметтік-экономикалық шарттары
анықтамайды, адамның психикалық жағдайы айқындайды. Адамның
психикалық жағдайы, этикалық құқықты қалыптастырады. Психологиялық
теорияға сəйкес мемлекет жеке тұлғаның қауымда өмір сүруге ұмтылысымен
белгілі бір адамның бір адамға бағыныштылық жағдайда болуға деген ішкі
психикалық қажеттілігінен пайда болып қалыптасады. Адамдар табиғатынан екі
түрге бөлінеді. Бір адамдар бағындыруға ұмтылады, ал екінші адамдар
бағынышты болып өмір сүруге бейім болып тұрады. Осы адам санасындағы
негізгі шарттар теорияның концептуалдық бастауы болып табылады. Бұл
теорияны жақтаушылар негізінен тарихтағы мысалдарды алға тартады.
58
Мысалы, тарихта өзінің беделімен елді бағындырған патшалар, корольдер,
монархтар қаншама кездеседі. Солардың саяси белсенді қызметін дəріптей
отыра, өздерінің концептуалдық көзқарастарын айқындауға тырысып бағады.
ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, американдық əлеуметтік заңтану
психологиялық теорияның кейбір талаптарын қабылдағандай болды. Яғни,
соттың өз еркімен іс қарауы құқықтық эмоцияны жүзеге асырудың көрінісі
ретінде қабылданды. Қазіргі кезеңдегі психологиялық теория өкілдері, жеке
тұлғаның психологиялық ерекшелігінен гөрі, əр түрлі əлеуметтік топтардың,
кəсіби ұжымдардың, отбасылардың ерекшеліктерін ескеру тұрғысынан,
өздерінің концепцияларын дамытуда.
Достарыңызбен бөлісу: |