Нормативтік теория. Қазіргі жаңа кезеңдегі құқық табиғатын түсіндіруге
бағытталған теориялардың бірі болып табылады. Бұл теорияға сəйкес құқық
əлеуметтік-психологиялық, тарихи мəндермен байланыса жоқ, тек объективті
логикалық сипатқа ие болған құбылыс деп танылады. Бұл теорияның басты
негіздеушісі австриялық құқықтанушы Г.Кельзен болып табылады. Нормативтік
құқық
түсінуге
байланысты
субъективтік
құқық
екінші
тұрғыда
қарастырылатын түсінік болып табылады да, құқықтың номартивтік қыры
негізгі айқындаушы фактор болып саналады. Нормативтік құқықтаным
тұрғысынан қарайтын болсақ, «құқық» дегеніміз – нормативтік тұрғыда
бекітілген ережелермен тікелей сəйкес келеді. Г.Кельзен өзінің концепциясы
бойынша, таза құқықтың табиғатын айқындайтын ілімді қалыптастыруға
ұмтылған болатын. Нормативтік бағыттың негізгі идеяларын мынандай
жағдайлармен түсіндіруге болады:
1) Кельзеннің концепциясы бойынша, құқықты нормалардың жүйесі
(пирамидасы) ретінде ойлау, яғни ең жоғарысында негізгі (тəуелсіз) заң
шығарушымен қабылданған норма болады, одан əрбір кіші нормалар өзінің
заңдылығын алады, себебі ол норманың өте маңызды заңды күші болуға тиісті;
2) Кельзен бойынша, құқықтың болмысы барып тұрған міндеттілік аясына
жатады;
3) Нормалар пирамидасының негізінде жеке актілер бар-соттың шешімі,
келісім шарттар, əкімшілік нұсқаулар, олар да өз жағынан құқық түсінігіне
қосылып негізгі (ең алдымен констиуциялық) нормаға сай болуға міндетті
5
.
Достарыңызбен бөлісу: |