85
кеткен. Алғашқы кезеңде сөздердің күрделі болмағаны
сияқты, қосымшалар да тек жалаң түрде жалғанып,
уақыт өте келе күрделеніп, құранды жұрнаққа айналған.
Сол сияқты - ғару, - геру, - қару, - керу, - ару,
- еру
қосымшалары да екі морфемадан 1) -қа (-ке, -ға, -ге, -а, -
е), 2) -ру секілді морфемадан тұрған. Тілдегі үстеулену
процесін
толығымен,
жан-жақты
қарастырған
зерттеушінің пікірінше -ға, -ге барыс септігінің
жалғаулық тұлғалары. Ал -ру, -рү формалары «қарай»
мағынасындағы шылау деп көрсетеді. Бұл пікір де
қисынға келеді. Тілде түрлі процестер жүріп жатады.
Біздіңше, -ру, - рү шылауының түп негізі көне түркілік -
ур етістігінде жатса керек. Йағуру/йақын – жақындау,
жақындастыру мағынасындағы йағуру – йақ ұру, яғни
жақын ұру, жақындау, жақын тұру тіркесі сияқты -ур
етістігінің
тұлғалық,
мағыналық
дамуын
өзге
ғалымдардан
ерекше
түсіндірген
тілші
Б.Сағындықұлының -ур-дың көмекші етістік тұлғасы
деп беруін қолдаймыз. Лингвист ғалымның айтуынша:
«ас ежелгі *ур= етістігінің даму жолы мынадай болған:
– тірі түбір>өлі түбір
– негізгі етістік>көмекші етістік
– көмекші етістік> тірі жұрнақ>түбірге
сіңісіп кеткен
өлі жұрнақ;
– көмекші етістік>өзгелік етіс, көмекші етістік> шақ».
Осыған қарап, *ур етістігінің көне уақыттарда түрлі
тілдік функцияларды атқарғанын көреміз. Осы секілді
ілгерү - алға қарай ұру, кұрығару – кейін қарай ұру, іч-
ре – ішке қарай ұру, тач-ра – тысқары қарай ұру,
йырғару – терістікке қарай ұру т.б. үстеулердің
табиғаты осылай қалыптасқан. Сөйтіп, йағ+уру үстеуі
86 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
йақ - жақындау етістігіне -уру көмекші етістігі үстеу
тудырушы тұлғаға айналып үстеуленген.
Шылаулану – өзге сөз таптарындағы сөздердің шылау
сөздерге ауысуын білдіретін конверсиялық процесс.
Шылау – түркі тілдеріндегі ең жас сөз табы. Түрколог
В.М.Насилов: «известно, что в
тюркские языки в
синтаксическом строе не имели категории союзов и
историческое
развитие
подчинительной
и
сочинительной связи обходилось без союзов», – деп
жазады. Яғни шылаулардың пайда болуын салалас,
сабақтас құрмалас сөйлемдердің пайда болуымен
байланыстырады.
Зерттеу
мақаласында
түркі
шылауларын емес, өзге тілден енген кірме шылауларды
тізіп береді. Лингвист А.М.Щербак: «союзы в
большинстве своем появляются в
период рассвета так
называемой чагатайской литературы»- деп жазады да,
Шығыс Түркістан ескерткіштерінің тіліндегі мынадай
шылауларды тізіп береді: азу, aju – немесе, ja – немесе,
жә болмаса, аб…аб – не ол емес, не бұл емес, нэ… нэ –
не ол емес, не бұл емес, ара… ара –
бірде олай, бірде
бұлай.
Сонымен, қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген
шылауларға талдау жасап көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: