Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет18/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

қарағанда ол жақсы біледі деген сөйлемдерді алып 
қарасақ, ешқандай мағыналық айырмашылық жоқ. 
Осыған қарап, «гөрі» шылауы мен «қарағанда» үстеу 
сөзінің байланысы бар. Ортақ түбірлері – «гөр~қар».
Екеуінде де салыстырмалылық мағына бар. Яғни, 
көзбен көріп немесе қарап, салыстыру қимыл мағынасы 
негізінде «гөрі» (қарағанда) септеулік шылауына 
ауысқан. Қазақ тіліндегі «қарай», «қарсы» шылаулары 
да «гөрі» шылауымен түбірлес, мағыналас. Барыс 
септігін меңгеретін бұл септеулік шылаулардың тарихи 
сипаты құрылымдық жағынан да, мағыналық тұрғыдан 
қарастырғанда ашылады. Мысалы, маған қарай жүгірді 
немесе маған қарсы жүгірді. Екі сөйлемде «қарай, 
қарсы» шылаулары белгілі бір бағытты меңзеп тұр. 
Осыған орай, адамның өзі көріп тұрған нәрсесі, заты – 
оған қарама-қарсы құбылыс. Ол 
қарама-қарсы 
құбылысқа қарай көз тастайды, жүреді, жүгіреді, қол 
сілтейді, бағдарлайды, бағыттайды, салыстырады және 
т.б. қимыл мағыналы сөздермен тіркестіруге болады. 
Бұдан келіп, адам: 
а) қарама-қарсы нәрсені көреді; 
ә) соған қарай жүреді; 
б) көрген нәрсесі оған қарсы тұр және соған қарай бағыт 
алуға болады.


92 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Демек, көр - қар - қар түбірлері бір. Олардың барлығы 
да қимыл мағынасынан дамып, гөрі, қарай, қарсы 
шылау мәндеріне өткен. 
Қазақ тіліндегі шылау сөз табы ең жас сөз табы 
саналғанымен, өзге мағынадағы сөздер тобының көптеп 
шылауланғаны көрініп тұр және олар алғашқы 
мағыналарынан алшақ кетпей, шылаудың мәнін үстеуші 
бір мағыналық қырды өздеріне жамау арқылы 
туындаған. 
Тіліміздегі 
шылаулар 
саны 
тілдің 
синтаксистік құрылымының күрделенуіне байланысты 
көбейетіні айқын. 
Туынды сөздер қазақ тілінің байлығын көрсетіп қана 
қоймай, халықтың ұғымының, санасының, түсінігінің, 
болмыс-бітімінің бүтіндігін, танымының кеңдігінің 
айқын көрінісі екеніне дәлел бола алады. Күнделікті 
өміріміздегі қолданып жүрген сөздердің қайдан, қалай 
пайда болғандығына мән бермей, адамдармен қарым-
қатынас жасаймыз. Сол сөздердің түп-тамырына, 
негізіне үңілсек, ұлтымыздың танымының куәсі болар 
едік. Таным, болмыс негізінде пайда болған әлемдік 
бейне атауы тіліміздің сөзжасам заңдылықтары арқылы 
туындаған сөздер. Тіліміздің сөздік қорын байытқан сан 
алуан сөздер семантикалық тәсіл негізінде жасалған. 
Бұл тәсіл тілдің дамуына әсер еткен ең көне тәсіл 
саналады. Жалғамалылық күйге жеткенге дейінгі тілдің 
мағыналық өрісін кеңейтіп, дамығандығының белгілері 
ретінде бірнеше сөздерге семантикалық талдау
жасалып, олардың мағыналық қырлары көрсетілді. 
Лингвистикалық талдау жасай отырып, сөздердің 
мағыналарын – архисемасын, өзексемасын, арнайы 
семасын тануда сөзжасамның семантикалық тәсілі 
үлкен қызмет атқарады.


93
Транспозицияның бір түрі – модальдену. Модаль сөздер 
түркі тілдерінің бірқатарында (солардың ішінде қазақ 
тілінде), негізінен, көмсекші сөздер тобына кіреді. Ол 
сөйлеуші субъектінің айтылған ойдың шындыққа 
қатынасы жөніндегі көзқарасын айқындайды. Модаль 
сөздердің өз алдарына бөлек, арнайы бір лексика-
семантикалық, грамматикалық топ ретінде сараланып 
шығу, даму жолдары тілдерде жалпы біркелкі емес. 
Қазақ грамматикасында модаль сөздердің түрлі сөз 
таптарынан жасалғанын дәлелдейтін мына бір пікірді 
келтірейік: «орыс тілінде тек “сына» (вставные) 
сөйлемдердің ғана емес, сонымен қоса үстеулер мен 
ықшамдалған сөйлемдер негізінде дамып, дараланып 
шыққан» [43, 568 б.].
Қазақ тілінде лексикалық мағынасының өзі таза 
модальді сөздермен қоса, өз алдына дербес лексикалық 
мағынасының үстіне және модальдық мағына білдіретін 
де жеке сөздер бар. Модаль сөздер, әдетте, 
модальділікті білдіретін фонологиялық (интонациялық), 
морфологиялық (етістік райлары және олардың 
аналитикалық формалары), синтаксистік (әр түрлі 
сөйлем типтері) сияқты барлық амал-тәсілдермен тығыз 
байланыста жұмсалады. Модаль сөздер, басқа барлық 
көмекші сөз таптары сияқты ұзақ уақыттағы лексика-
грамматикалық даму процесінде дербес сөз таптарына 
дараланып шықты (бұл – үнемі үзіліссіз жүре беретін 
процесс). Бұған, мысалы, білем, кім біледі, әлпеті, сияғы
сөздері өздерінің алғашқы лексикалық мағынасында 
емес, сөйлем ішінде келіп, модальділік мағынаны 
иемденген. Мына мысалдардағы қайталанған сөздердің 
мағыналық ерекшелігіне назар аударып көрейік. 


94 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Модаль сөздер сондай-ақ заттық және диалогта 
предикаттық функциясын жоғалтқан бағыныңқы 
сөйлемнің баяндауышынан да пайда болады. Қазақ 
тіліндегі әлпеті модаль сөзі “сөз әлпетіне қарағанда” 
дейтін қыстырма сөйлемнің редукциялануынан келіп 
шыққан деуге болады.
Бұл 
айтылғандардан 
шығатын 
қорытынды: 
грамматикалық, мысалы, модальдік мағыналардың әр 
алуан типтерінің пайда болу және жетілу процесін 
эволюциялық тұрғыда түсіну керек. Себебі, модальділік 
тілдің коммуникативтік функциясының жемісі. Осыдан 
келіп морфологияда модальділікті білдіретін әртүрлі 
амал-тәсілдер пайда болады. Олардың ішіндегі ең басты 
әрі жетекші рөл атқаратын түрі – ол неғұрлым көбірек 
абстракцияланған және неғұрлым жинақты сипат алған 
модальдік мағынасы бар рай категориясы. Етістік 
райлары неғұрлым көбірек грамматикаланған категория 
болып 
табылады. Сонымен 
тілдік 
модальділік 
грамматиканың фонетикадан синтаксиске дейінгі 
барлық деңгейінен аңғрылады. Номинативті сөздердің 
семантикасында едәуір модальділік реңк жатқанмен, 
модальділікті білдіретін құралдар санатына кіре 
Лексика-грамматикалық 
мағынада 
қолданылуы 
Модальділік мәнде 
қолданылуы 
Қара ала сырмақтың иесін де білем, ақ 
киіздің, 
бәтес 
көйлектің 
қайдан 
шыққанын да білем (Ж. Аймауытов) 
Осыны 
өздеріне 
қолайсыз 
көреді 
білем 
(Ж.Аймауытов)
Сынға толса сияғы, Әлпеті шамның 
шырағы 
Сиқы, 
ешқайсысы 
бармаған, 
Сияғы, 
олар 
үйде 
жоқ. 
Әлпеті, 
ештеңеге 
қарар емес. 


95
алмайды. Себебі бұлар модальді семантикалық өңдегі 
дербес мәнді ретінде лексикалық деңгейден әрі аса 
алмады. Сондықтан полифункционалды (А, Ысқақов 
айтқандай әртарап сөз) бар, жоқ сөздері, керек, тәрізді 
предикаттық 
есімдер 
өздерінің 
номинативтік 
қолданысында модальді сөздерге жатқызылмайды деп 
«Қазақ грамматикасында» берілген. Сөз таптарының 
жалпы 
категориялық 
мағынасын 
жеке 
сөздің 
лексикалық семантикасымен шатастыруға боламйды. 
Өйткені жалпы категориялық мағына – сөз таптарын 
бір-бірінен ажыратудың, ара жігін, шегін анықтаудың 
алғы, бас белгісі. Модаль сөздерді біраз тілдерде қазір 
көмекші сөз таптарына жатқызуда да бірден бір негіз, 
критерий ретінде оның осы жалпыкатегориялық 
мағынасы, яғни сөйлемде айтылған хабарға сөйлеушінің 
қатынасы алынған. Жалпы қай сөз табын танып, 
даралап алуда бірінші орында оның категориялық 
мағынасы тұруы шарт.
Модаль сөздердің семантикасында номинативтік 
мағына болмайды. Олар да көмекші сөздер сияқты 
грамматикалық деңгейде модальдік мағына береді.
Модаль сөздер, басқа көмекші сөз таптары секілді 
толық мағыналы дербес сөз таптарынынң ұзақ 
замандардағы лексика-грамматикалық даму процесінде 
өзінің 
бастапқы 
мән-мағынасынан 
оқшаулана-
оқшаулана, ақыры біржола ажырап, солардан келіп 
шыққан. Модаль сөздердің пайда болуына сөйлем 
құрамындағы кейбір лексикалық құралдардың тұрақты 
бағыныңқылық қалпы себепкер болды. Аталмыш тілдік 
құбылыстың шығу тегінің осы өзіндік ерекшелігін 
ескеріп, кейбір зерттеушілер генетикалық принцип 
негізінде модаль сөздерді мынадай төрт топқа бөліп 


96 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
қарайды: өзге сөз таптарынан мүлдем ажырап «қара 
үзген» сөздер, есім модаль сөздер, үстеу модаль сөздер 
және етістік модаль сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет