Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет17/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

Таман – таман сөздерінің семантикалық тәсіл арқылы 
дамуы. 
Таман шылауы жақын, таяу, жуық деген мағыналарды 
береді.
Көне түркі сөздігінде таман лексемасы жоқ. Қазақ тілі 
лексикасы дамуының этимологиялық негіздерін жасаған 
ғалым Б.Сағындықұлы ж ~ т сәйкестігі нәтижесінде 


87
дамыған бірнеше сөзді атайды. Солардың ішінде 
жақын-тақын варианттары және олардың түбірлес 
сөздері жуық, тақау, таяу тұлғаларының туыстығы бар 
екенін жазады. Демек, Таман-тақау-таяу-жақын-жуық 
сөздері бір ұғымды білдіретін түрлі тұлғадағы 
варианттас сөздер. Тіліміздегі таман сөзіне жақын 
келетін тап (тап солай), дәп (дәп солай), дәл т.б
тұлғалар осы шылаумен түбірлес. 
Тап шыл. Дәл, нақ, нағыз 
Дәп үст. Дәл, нақ 
Дәл. үст. 1. Дұрыс, тура, ашық. 2. Құйып қойғандай 
шақ, дөп. 3. Нақ, нағыз өзі [ҚТТС]. 
Бүгінде бұл сөздер біресе шылау, біресе үстеу делініп 
жүр. Мұндай екіжақтылық қазақ тіл білімінде үстеу 
сөздер мен шылау сөздердің ара жігінің ажырай 
қоймағандығын көрсетеді. Осыған қарап, таман шылау 
сөзіне үстеу мағынасы негіз болса керек деген тұжырым 
жасауға болады. Түркі тілдерінің кейбіреулерінде бұл 
шылау өзінің алғашқы дыбысталу қалпын сақтап 
қалған. 
Башқұрт – таба Қазақ – таман 
Құмық – таба Қырғыз – таман 
Шор – тебе Қарақалпақ – таман
Ноғай – табаған 
Көне түркі тілінде Тап - сол сәтте, тап қазір және Тапа 
– белгілі бір бағытты білдіретін шылау сөз [ДТС] деген 
мағыналары қазақ тіліндегі тап, таман сөздерінің 
мағыналарымен сәйкес келеді. Б.А.Серебренников пен 
Н.З.Гаджиева 
таман 
сөзінің 
құрамындағы 
–н 


88 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
қосымшасын көне түркілік барыс жалғауының 
грамматикалық көрсеткіші деп атайды. 
Ғалымдардың көрсетуінше, -н қосымшасы заттық 
мағына үстеуші, қазіргі өзбек тілінде таман сөзі, 
бірінші, бағытты көрсетіп, бағдарды білдірсе, екінші, 
белгілі бір бағыттың иемденген ауқымы, яғни сол жер, 
аудан мағынасында қолданылып жүр. Мысалы, чап 
туманига –  сол жаққа бу туманда  –  бұл жақта, бұл 
ауданда. Дәл қазіргі уақытта туман сөзі аудан 
мағынасында қолданылып, заттық мәнге ие болып тұр. 
Мысалы, Қыбырай тумани – Қыбырай ауданы. 
Сонымен, қазақ тіліндегі  таман – тап – дәп – дәл – 
тапа-тал; жақын – жуық - тақау – таяу  сөздерінің 
алғашқы мағыналары уақытты берген де соңынан 
бағыт-бағдар мағынасына ауысқан. Қазіргі түркі 
тілдерінде бұл сөздер үстеуленіп, одан заттық мағынаға 
ауысқан. Осыған қарап, таман – таман сөздері 
семантикалық тәсіл арқылы мағыналық дамуға түсіп, 
транспозицияланған. Бұдан өзге  де – дейін (тег, тегін, 
шейін) – көрі (гөрі), – тап т.б. шылауларды мысалға 
келтіруімізге болады.
Дейін – септеулік шылауы да қазақ тілінде барыс 
септігіндегі есім сөзбен тіркесіп, екі объектінің ара 
қашықтығын білдіреді. М.Рясянен бұл шылау сөзді көне 
түркілік «тәг» қимыл мағыналы сөзінен дамыған деп 
көрсетеді.
Бұл сөздің өзге түркі тілдеріндегі көрінісі мынадай: 
Ноғай – дерси әзірб. – дәк 
Чуваш – тери түрік – дек 
Қ-балқар – дери қазақ – дейін 


89
Якут – диэри 
Көне түркі тілінде “тег” түбірлес, мағына жағынан 
жақын бірнеше түбір және туынды сөздер бар. Мысалы:
Teg шылау. Дейін tabіsyan jіl besіnc aіga teg - Қоян 
жылы бесінші айға дейін. 
Teg – ет. 1. Жету – ол күнтіз тегті түрік бодун Темір 
Капыгқа. Сол күндері түрік халқы Темір қақпаға дейін 
жетті. 
Tegі – шылау. Дейін темір қапығқа тегі ертіміз. – Темір 
қақпаға дейін қудық. 
Tegіn – шылау. дейін қырық иылға тегін - Қырық жылға 
дейін. 
Tegіn – ет. түбірі teg – Жету, орындалу. 
Tegіnc – ет. орындау, жету 
Tegіnc – шылау. дейін 
Tegu – шылау. дейін [ДТС].
Аталған сөздердің бәріне ортақ мағына белгілі бір 
нысан мен екінші бір нысанның ара қашықтығын
мөлшерін, бағытын білдіретін сөздер тұр. Осыған қарап, 
М.Рясяненнің «тию, жанасу» мағынасына ұқсастыруын 
дұрыс болжам деп ойлауға болады. «Дейін» сөзінің 
мағынасы – бір заттың екінші бір затқа жақындауы, 
жанасуы, сонымен қатар, параллель тұруы. Яғни, teg – 
жету қимыл мағынасының шылауға айналуы. Тілімізде 
«дейін» шылауымен қатар қолданылып жүрген «шейін» 
(диалектілік шекейін түбірлері шек-тег) тұлғалары бар. 
Қазақ тіліндегі «дейін, шейін» шылауларының 
мағыналары бірдей: бір нәрсенің шегін көрсететін 


90 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
демеулік шылау. Тіл біліміндегі т ~ д, т ~ ш 
сәйкестіктерін ескерсек, бұл сөздер еш кедергісіз 
туыстас сөздер екендігі дәлелденеді. Біздің ойымызша, 
«дейін, шейін» шылауларының түбірі де-, ше- болса 
керек. Салыстырмалы түрде қарасақ, осы шылаулардың 
мағынасын беретін -ша, -ше тұлғалары бар. Мысалы, 
барғанға дейін – барғанша, келгенге дейін – келгенше. 
Мезгілдік мағынаны үстеуші -ша, -ше тұлғалары –
ғанша, –генше жұрнақтарына кірігіп кеткен. Түбір мен 
қосымшалар арсындағы сабақтастықты мейлінше ашық 
көреткісі келген ғалым Б.Сағындықұлының пікірінше: 
«ша/ча барыс септігіне ешқандай қатысы жоқ. 
Шектеулік мән есімше жұрнағының табиғатынан және 
етістіктердің лексикалық мағынасынан шығады. Ал –ша 
форманты мезгілдік мәнді білдіреді де, уақыт шамасын 
айқындайды». Ғалымның осы пікірін негізге ала 
отырып, «дейін, шейін» шылауларының түбірі «де», 
«ше»/-ша, -ше/ тег – тию, жанасу қимыл мағыналарынан 
туындап, 
мезгілдік 
мағынаны 
көрсеткен 
деп 
тұжырымдаймыз. Белгілі бір уақыт аралығында 
мезгілдік мәнге көшкен сөз. Бағыт, мекен, мағынасын да 
беретін болған. Қазақ тіліндегі «дейін, шейін» 
шылауларының түбірлері орыс тіліндегі до – 
послелогтарының 
түбірлерімен 
сәйкес 
келеді. 
Мағыналары да дәлме-дәл.
«Гөрі» септеулік шылауы қазіргі қазақ тілінде шығыс 
септігін меңгеретін шылау ретінде танымал. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігінде: 
Гөрі шылау. Шығыс септік жалғауындағы сөздермен 
тіркесе айтылып, оған талғау, саралау мәнін үстейтін 
шылау сөз [ҚТТС].


91
Көне түркі тілінде: 
Көру. шылау. Гөрі, салыстырғанда, қарағанда [ДТС] 
ешқандай мағыналық өзгеріссіз шылау сөз берілген. 
Негізінен, «гөрі» шылауын «көр» – көру қимылдық 
мағынасымен байланысы бар. Салыстырмалы түрде 
қарасақ, Менен гөрі ол жақсы біледі немесе Маған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет