Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет13/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

ыз - қосымша да, б- көне түбір.
Қазіргі тілімізде «бар» сөзі бірде модаль сөз, бірде 
сындық мағыналы сөз деп танылып жүр. Ал 
түркітанушылар бұл сөзді зат есім деп қарайды. Ғалым 
Н.К.Дмитриев: 
«в 
основе 
лежит 
известное 
грамматическое слово «бар» «имеется» «есть», которое 
по новейшим взысканиям первоначально было 
существительным 
со 
значением 
«наличность, 
присутствие чего-нибудь» – деген пікір келтіреді 
[Грамматика кумыкского языка. М.-Л., 1940]. Қазақ тіл 
білімінде А.Ысқақов, Ә.Ибатов дәл осы пікірді 
қостайды. Ғалымдар пікірінің растығына көз жеткізу 
үшін қолда бар дерек сөздіктерге жүгініп көрейік. 
І. Бар. Барлық, бүкіл, тұтас. 
ІІ. Бар. 1. Жақында, жуықта, жет. 
2. Кет, жоғал. 
ІІІ. Бар. 1. Жоқ емес, бар болушылық. 
2. Ауқатты.
Қазіргі тілімізде заттық мағынасы сақталмаған. «Бар» 
есімдік мағыналы сөз бен сындық мағыналы сөздің 
арасында 
мағыналық 
байланыс 
болып, 
бір 
семантикалық өрісте жатқаны белгілі. Ал Бар ІІІ бару
жоғалу қимыл мағыналарының Бар І, ІІ мағыналарымен 
антонимдік сипатта тұрғанын байқаймыз. Бұл сөз көне 
түркі тілінде мынадай сипатта көрінеді.
Bar 1. Бар (есть, имеется). 
2. бәрі (все находящийся, наличный). 
bar bayavut бай, дәулетті, дүниелі. 
bar er- бар болу. 
bar jog bol бару, жоғалу, жоқ болу [ДТС].


74 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Бұрынғы түркілік мағынасы мен қазіргі тілдік 
сипаттағы «бар» сөздерінің мағыналық қырлары оның 
алғашқы атаулық мағынада жұмсалғанын растайды. 
«Бар» тұлғасы тек бір заттың атауын бермеген. Ол бүкіл 
заттардың бар болған кездегі жағдайына, сипатына 
қатысты аталған. Ғасырлар аясында белгілі бір уақыт 
мөлшерінде «бар» заттық мәндегі сөз, сындық мәнге 
көшкен. Қазіргі тіліміздегі есімдік мағынасы бір кездегі 
атаулық мәннің болғанының дәлелі. «Бар» сөзі өзге 
жалпылау есімдіктерін жасауға негіз болған: барлық, 
бәрі (бары), барлығы, барша, баршасы т.б. «Бар» 
сөзінен өрбіген жалпылау есімдіктерінің қалыптасу 
жолы морфологиялық тәсіл арқылы түсіндіріледі. 
Аталған сөздерге тек морфологиялық тұрғыдан 
қарамай, сөзжасам жүйесімен қатарластыра қарасақ, ол 
тұлғалардың туынды есімденген сөздер екендігіне 
күмәнданбаймыз, яғни «бар болумен» «бір» заттың «бар 
болуы», ол «бір» заттың адам танымының кеңеюі 
барысында көптік мәнге ие болып, «бар» тұлғасына 
ауысуы мүмкін. Біздің ойымызша, «бар» заттық 
мағынадағы сөз бен «бір» тұлғасының түп негізі бірдей.
Түркі тілдерінде түбір сөздер, әдетте, зат есім және 
етістік тұлғасында жұмсалады. Мысалы, ас – ас – ас, қоз 
– қоз, төс – төс, тоң – тоң, бай – бай, т.б. Түрколог 
ғалымдар И.А.Батманов, Э.В.Севортян зат есім мен 
етістік тұлғаларының омонимиялық табиғатта өмір 
сүріп жатқанын, ол тұлғаларды «түбір синкретизмі» деп 
атау қажеттігін айтады. Мағыналық қырлары ғана 
дамып, 
тұлғасы 
өзгермеген 
сөздерді 
«түбір 
синкретизмі» деп атау тіл білімінде кеңінен орын алды. 
Ол тілдің сөз таптары категориясына, омонимдерге, 
сөзжасам процесіне де өз әсерін тигізді. Осының 


75
нәтижесінде лингвистер жан-жақты пікірталас жасаған. 
«Түбір синкретизмі», әдетте, түбір (негіз) сөзге 
байланысты болуға тиіс. Мұны ескерген түркітанушы 
ғалым А.М.Щербак: «Ни один из крупных русских и 
западных тюркологов не пользовался понятием основы 
и в ином смысле, за исключением тех случаев, когда 
речь шла о многообразии средств образование глагола 
от других частей речи» – деген құнды пікір тастады 
[Грамматический очерк языка тюркских текстов Х-ХІІІ 
вв. из Вост. Туркестана. М.-Л., 1961]. 
Ал Б.А.Серебренников пен Н.З.Гаджиева әр тілдік 
элементтің жеке, өзіндік шектеулі қызметі болуы керек 
дейді: «В функции другой части речи на самом деле 
выступает 
другой 
языковой 
элемент, 
строго 
ограниченной собственной сферой действия, поскольку 
комплексных значении в дейстельности не существует. 
…Гипотеза первоначальном синкретизме имени и 
глагола в тюркских языках не имеет под собой твердой 
почвой» 
[Сравнительно-историческая 
грамматика 
тюркских языков. М., 1986]. 
Тіл білімінде етістік сөздердің алатын орны ерекше. 
Себебі тіліміздегі сан жағынан ең көп орын алатын 
сөздер тобына жатады. Сонымен бірге кез келген сөз 
қимылдық мәнге көше алады. Бұл етістіктің жан-жақты, 
көп қырлы, көне әрі феномендік сипатта екеніне дәлел 
бола алады. Вербалдану процесін еліктеуіш сөздер де 
бастан кешірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет