167
Тест сұрақтары:
1. «Алдымен үйге төрт аяқ кірді, таяқтап бір кісі кірді»
деген сөйлемдегі мағына қандай тәсілмен жасалған?
А) синекдоха В) метонимия
С) метафора D) ұқсату заңы
2. «Өзен – суы мол, ағыны күшті, табиғи су» деген
сөйлемдегі жалпы семаны көрсет.
А) суы мол В) табиғи
С) ағыны күшті D) су
3. «Мал» деген сөзбен салыстырғанда «қой, сиыр,
жылқы т.б.» деген сөздерде қандай мағына бар?
А) ірі (жалпы) В) нақты (уақ)
С) даралаушы D) ықтималды
4. «Кәрі қой, жас қой, семіз қой»
тіркесімен
салыстырғанда «қой» деген сөзде қандай сема бар?
А) нақты В) ықималды
С) жалпы D) ірі
5. «Адам» деген сөз анықтамасынан қосалқы семаларды
тап?
А) сөйлей алатын В) өндіріс құралдарын жасайтын
С) ойлай алатын D) жан иесі
6. «Кәмелеке толған, бірақ күйеуге шықпаған сұлу қыз»
деген анықтамадағы бойжеткен сөзінің шеткері семасын
көрсет:
А) кәмелетке толған В) күйеуге шықпаған, сұлу қыз
С) кәмелетке толмаған D) кәмелетке толған қыз
168 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
7. «Бүршік – өсімдік сабағындағы жапырақ өсетін
түйін» дегенде қандай сема бар?
А) алыс В) көмескі
С) жақын D) шеткері
8. Тоғыз – «үшке бөлінетін сан»
дегенде сөзде ақиқат
сема бар ма?
А) тоғыз В) тоғыз сан
С) үшке бөлінетін D) бөлінетін сан
9. «Жұлдыздар жерден өте қашық орналасқан» деген
сөйлемде «өте қашық орналасқан» мағынасында қандай
сема бар?
А) идеалды В) көрнекі
С) материалды D) әсерлі
10. «Жолбарыс –
мысық тұқымдас, жыртқыш, ірі аң»
деген сөйлемдегі «мысық тұқымдас» сөзінде қандай
сема сақталған?
А) алыс В) идеалды
С) жақын D) материалды
11. Төмендегі «бас»
сөзінің ауыспалы мағынасын
анықта?
А) адам басы В) етіктің басы
С) таудың басы D) қойдың басын көбейтті
12. «Сыйласуға жат жақсы, жыласуға көз жақсы»
сөйлеміндегі «көз» сөзі
ауыспалы мағынада қандай
тәсіл арқылы жасалған?
А) метафора В) омонимия
С) метонимия D) синекдоха
169
13. Метонимия арқылы жасалған сөз мағынасының
ауысып қолданылуын анықта.
А) үйі мәз боп қой сойды
В) үйдің іші кең
С) үлкен үй
D) үй сыртында қой жайылып жүр
14. Метафора арқылы
сөз мағынасының өзгеруін
анықта.
А) есікті жабуы В) істі жабу
С) сандықты жабу D) кітапты жабу
15. «Шығайбайсың ғой деймін,
қалтаңнан ешнәрсе
шығармайсың» деген сөйлемде мағына ауысуы қай
тәсілге негізделген?
А) метафора В) синекдоха
С) метонимия D) синонимия
16. Ауыс мағынаны анықта
А) келген беті осы В) бетінде қалы бар
С) бетін жуды D) жер беті
17. «Мал» сөзінің туынды мағынасын анықта.
А) мал бақты (төрт түлік) В) малға теңеді
(надандық)
В) мал бітті (байлық) D) малмыз ғой
(сауатсыз)
18. «Жи» етістігінің тура, нақты мағынасын анықта.
А) ауыз жиғанша В) аяғын жиды
С) айылын жимады D) халықты жинады
170 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
19. «Қысыр сөз» деген қандай мағынада қолданылған?
А) еркін В) фразеологиялық
С) туынды D) түпкі
20.
Көп
мағыналы
сөздердің
омонимдерден
айырмашылығы қандай?
Көп мағыналы сөздерге
берілетін түсініктеме
А) бір сөз табына қатысты болады
В) бірнеше мағынасы болады
С) әр сөз табына қатысты болады
D) дыбысталуы бірдей болады