Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет38/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

Бөліну 
негізі 
Уәжделу 
тәсілі 
Уәжделу 
құрылымы 
Уәжделу негізі Уәжделу 
деңгейі 
Сөздердің 
уәжделу 
типтері 
Абсолюттік 
Фонетикалық 
Құрылымдық 
Толық, 
жартылай, 
көмескі 
Қатыстық 
Морфологиялық 
Лексикалық
Семантикалық 
Аналогиялық 
Абстракциялық 
Ассоциативтік 
Құрылымдық 
Құрылымдық
Құрылымдық 
Құрылымдық
Құрылымдық 
Құрылымдық 
Толық, 
жартылай, 
көмескі 
Толық, 
жартылай, 
көмескі 
Өзге ғалымдар сөздердің уәжделу құралы үшеу деп 
берген, бұл жұмыста оған тағы да үш түрі қосылып 
отыр. Уәжделудің абсолюттік уәжделу тәсіліне 
фонетикалық уәжделу құралы жатса, қатыстық уәжделу 
тәсіліне морфологиялық, семантикалық, аналогиялық
абстракциялық, ассоциативтік уәжделу құралдарын 
қосып отырмыз. Себебі соңғы үш уәжделу де белгілі бір 
негізге сүйеніп, алғашқы түп-тамырдың мағынасына 
қатысты пайда болатындықтан қатыстық уәжделу 
тәсіліне жатады. Аналогиялық уәжделу типінде белгілі 
бір затқа ұқсастырылып барып жаңа номинация 
жасалса, 
абстракциялық 
сөзжасамда 
адамның 
танымының кеңейіп, ойының қатпарларында жаңа 
мағына туындайды, ассоциативті типте де туынды сөз 
ассоциациялану арқылы жасалады.
Уәжделу 
деңгейіне 
байланысты 
сөздердің 
мағыналарының толық номинациялық мәнге ие 
болуына негізделіп, толық және жартылай уәжделу 
және көмескі уәжделу типтері ажыратылған.


161
Абсолюттік тип негізінде уәжделген сөз. Бұл тип 
арқылы тілімізде уәжделген сөздер көптеп саналады. 
Уәжделудің алғашқы құралы ретінде дыбыс алынады. 
Ол дыбыс табиғаттың өн бойынан, бауырынан ажырап 
шығады. Осы дыбыс, ғылыми тілмен айтқанда, 
фонетикалық дыбыс арқылы лингвистикалық сипатқа 
ие болады. Қазақ тіліндегі пыс сөзінің алғашқы негізі 
табиғи дыбыс деп тануымызға негіз бар. Қазіргі ғылым 
тілімен айтқанда уәжделу тәсілі тұрғысынан абсолюттік 
тип, уәжделу құралы жағынан фонетикалық тип арқылы 
негізделген сөз деп танимыз. Бүгінгі мағынасы бұл 
сөздің әуел баста табиғи дыбыс болды дегенге ғылыми 
тілдік талдау жасап барып көз жеткізу қажет. Көне түркі 
тілінде ата-бабаларымыз бұл сөзді мынадай мағыналар 
түрінде қолданған: 
Bіs 1) пісу, дайын болу; 2) пісу (жемістің пісуі); 3) 
дайын болуы 
Bіs ur 1) пісіру, жеріне жеткізу, ойлау, санада пісіру 
[55, 50 б.].
Қазіргі қазақ тіліндегі мағыналары: 
Піс. Шикі тамақтың отқа қақталу, қайнау арқылы 
жейтін, ішетін қалыпқа келуі. 
Піс. Саба мен күбінің ішіндегі қымызды, іркітті 
піспекпен күрпілдетіп шайқау. 
Піс. Ұшы үшкір затты бір нәрсеге кіргізу, шаншу, 
енгізу. 
Біздің тілімізде сәйкестіктер арқылы дамыған сөздер 
көптеп саналады. Піс ~ пыс ~ пыш ~ біз ~ быз ~ быш 


162 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
тұлғаларының сәйкестіктер арқылы дамыған бір түбірлі 
сөздер екендігінде дау жоқ.
Пыс - қорқу, зәресі ұшу. 
Пыс – пыс ету, пысылдаған дыбыс. 
Пыс – іштің пысуы, зеріге, жалығу. 
Пыс+қын - қашқын-пысқын. 
Пысқыр – малдың танау, мұрын арқылы кенет қатты 
дем шығаруы. 
Пысы – а) есілген жіптің қатты ширауы, ә) ауыс 
мағынасы – шынығу, ширау. 
Бір парадигмалық шеп құрап тұрған  пыс  тұлғасы үш 
арнаны құрайды. 
Пыс – 1, 4, 6 мағыналық қырларын иеленіп ортақ қорқу 
мағынасын иеленген. 
Пыс – 2, 5 еліктеуіштік, дыбыстық мағыналарын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет