жасалу сақинасы пайда болады.
Туынды
сөздің
құрылымындағы
осындай
ерекшеліктерді ескере отырып, олардың өн бойындағы
мағыналық құрылымдарының жіктелу себептері пайда
болады. Бір сөздің өн бойында негізгі мағынасына
сәйкес, шектес мағыналар шоғыры болады. Мысалы,
йогурт сөзін алып қарасақ, оның біздің қазіргі
ұғымымыздағы жеміс-жидек қоспасы салынған, түрлі
витаминдермен толықтырылған, сүттен жасалған қою
тағам екені белгілі. Осы берілген анықтамадан бірнеше
мағыналар шоғырын айқындауымызға болады:
– жеміс-жидек қоспасы салынған;
– түрлі витаминдермен толықтырылған;
– сүттен жасалған;
– қою.
Бір анықтамадан төрт түрлі мағыналар шоғырын
анықтадық.
Әрі
қарай
түп-тамырына
үңілсек,
сөздіктерге жүгінсек, оның мынадай мағыналармен
толығатынын көреміз.
176 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Jogrut ашыған сүт, айран; qіmіz, sut ja juη, jag ja jogrut
qurut қымыз, сүт немесе жүн, май не ашыған сүт,сыр.
Joqrutlug – ашыған сүтпен, jogrutlug as – ашыған сүт
немесе айран қосылған тағам.
Jogurt – ашыған сүт, jogurt űgіstі – сүт ұйыды. Jogurt –
ашыту; ol anan un
jogurttі – ол оған ұн ашыттырды [ДТС].
Көне түркі сөздігіндегі мағыналары жоғарыдағы
мағыналар шоғырына мынадай сема жіктелістерін
қосады:
– ашытылған;
– ұйытылған;
қатты күйге түсірілген (мысалы сыр);
ақ қосылған тағам.
Көне түркі сөздігінде jogurt сөзінің түсіндірмесінде
ашыған сүт, май, қымыз мағыналарымен қоса жүн
мағынасы да берілген. Аталған зат пен жүн арасында
пайдалануына,
жасалуына
қарай
ешқандай
байланыстың жоғы белгілі. Ендеше бұл заттардың
түсіндіру қатарында бірге берілуінің себебі олардың
сыртқы формасына байланысты болса керек. Мысалы,
ұйыған сүт сұйық формадан қою пішінге ауысып,
физикалық күйін ауыстырады. Сол секілді жүн де
ұйысып, топай күйде болғандықтан, аналогиялық
заңдылық бойынша аталу жолдары бірдей болуы
мүмкін. Құрамы мүлде бөлек екі заттың осылай
аталуына лингвистикалық түсіндіру жолымен атасақ,
аналогиялық уәждеме заңдылығымен жасалып тұр.
Э.В.Севортянның сөздігінде:
177
уйа сыр немесе қатық жасау үшін сүттің ұйытылуы;
уйуш – ұю ( ұй+у керек).
уйуқ – ұйытылған зат.
уйуш – 1) ашу (сүттің ашуы).
2) қатық, сүттің ұюы.
3) қоюланып, сүзбеге айналуы.
Сонымен бірге застывать деген мағынасын қатар
берген. Сүт белгілі бір ұйыған, қоюланған қалыпқа келу
үшін оны біраз уақыт жылы жерге орап, жауып,
тындыру керек. Егер де оны тындырмастан, ары-бері
қозғауға түсірсек, ол ұйымайды. Сондықтан, застывать
– дем алу, тындыру деген мағыналары қоса берілген.
4) отекать – ісіну. Физикалық тұрғыдан алып
қарастырсақ, сұйық зат қою күйге түскенде алғашқы
күйінен формасы ұлғаяды. Ендеше «отекать» ісіну,
көбею, ұлғаю мағыналарының болуы заңды құбылыс.
5) скопиться, собраться – жинақталу, молекулаларының
бірігуі, ұю мағыналары да «йогурттың» мағынасын аша
түседі. Ғалым түрік диалектілерінде ұйы етістігінің көне
формаларының сақталғанын айта келіп: ugusmak – ұю,
тыну, қоюлану, ugutmak – сүттен қатық дайындау,
őgutmak –қамыр ашу үшін оны тындыру секілді
сөздерді мысалға келтіре отырып, «Первичной является,
вероятно, ненебная форма ugus – остальные возможно
вторичные» деген пікірін алға тартады [ЭСТЯ].
Өзге түркі тілдерінде ұйы сөзі мынадай формаларда
кездеседі:
178 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
қырғыз, шор - уғут,
өзбек – оғут,
қарақалпақ - увыт,
алтай – у:т, убут,
қазақ - ұйыт,
ноғай – йовыт.
Тағы да жоғарыдағы сөздікке жүгінсек, қазақ тілінде
«уға қарсы – противоядие» мағынасы бар екені
айтылып, осы тұрғыдан келгенде ауыспалы «күш,
энергия» мағыналары да кездеседі. Қазақ ұғымында
ақтың киелі екендігі, оның адам тәнімен қоса жанын да
тазартатыны туралы талай естіген болатынбыз. Түрлі
улы заттармен, химикаттармен жұмыс істеушілерге,
әдетте сүт, айран берілетінін білеміз. Бұған қоса ата-
бабамыз жыланның басына ақ құйып қайтарып
жататындығына куә болғанбыз. Ендеше ақ (сүт), ұйыған
зат уға қарсы пайдаланылатын тағам, адамға күш-
қайрат
беретін
энергия
көзі
ретінде
де
пайдаланатындығын байқап отырмыз. Жоғарыдағы
мағыналар шоғырының саны осындай семалардың
ашылу нәтижесінде тағы да толығады.
– біраз уақыт тындырылған;
– уға, түрлі ауруларға қарсы ем;
– күш-қайрат, энергия көзі.
Өзге сөздіктердегі, сонымен қатар Э.В.Севортянның
сөздігіндегі берілген мағыналар негізінде ұйұу
сөздерінің семантикалық тәсіл арқылы дамуын,
уәжделуін бүгінгі тілімізде осындай сипатта деп айта
аламыз.
179
Осыған қарап отырып, мағыналар шоғыры сөздердің
уәжделуіндегі, сөздерді уәждеудегі күшінің ерекше
екенін айқындауымызға болады.
Г.Вамбери, М.Рясянен ұйұу сөзін –у– ұйы, ұйықтау
сөздерімен байланыстырады. Олардың бұл мағынамен
байланыстыруына
«йогурт»
сөзінің
мағыналар
шоғырына енетін «біраз уақыт тындырылған» мағынасы
негіз болса керек. Осыған қарап, уәжделу заңдылығы
сөздің
өн
бойындағы
мағыналар
шоғырының
нәтижесінде іске асады деп пайымдаймыз. Сонда
йогурттың аталуына себеп болып тұрған ұйұу, тыну
мағыналары деп тұжырымдаймыз. Мысалы адам
ұйықтағанда жай қалпынан өзгеше тыну, демалу
қалпына түседі, Адам аяғы, қолы т.б мүшелері
ұйығанда, қанның қозғалыс формасынан ауысып, ұйып
қалу күйі аталады. Ал сүт ұйығанда сұйық молекулалар
қою формаға ауысады. Осыдан кейін ұюдың алғашқы
негізі – ұйықтау, ұю, дем алу, тыну деп бағамдаймыз.
Өзге тіл қатарынан орын алған йогурт сөзінің түркі сөзі
екені белгілі болды. Ұйы+құрт лексемасының алғашқы
компонентінің мағынасы өзімізге түсінікті қимыл
мағынасы болды. Йогурттың заттық белгісі мен
мағынасы, қимылдық семалары бір-біріне жақын.
Демек, ұйыған құрт – қоюланған зат мағынасында
беріліп, ұғымдық көрінісі – заттық белгіні нақтылай
түседі. Жоғарыда көрсеткеніміздей йогурт сөзінің өн
бойынан, бірінші, таңбаның бүтін бірлік екенін
анықтадық. Себебі ол бүтіндей бір заттың атауы.
Екінші, ондағы мағыналар шоғыры арқылы бүтіннің
Достарыңызбен бөлісу: |