қамтиды.
Пыс – 3, 6 пыш, біз тұлғалары сөздің архитұлғасын
табуға көмектеседі.
Осы үш арнаның сөздердің уәжделу сипатын
анықтаудағы ролі ерекше деп танылды.
Қазіргі тіл біліміміздегі дыбыстар сәйкестігі негізінде
дамыған, мағыналық байланыстағы сөздер көптеп
саналады. Олардың тұлғалық байланыспен қоса
мағыналық жақындықта екендігі айқын құбылыс.
Пыш-пыш - өсек сөз, алып қашты әңгіме.
Пыш+тай болды – жым болды [84, 30 б.].
163
Біз – 1. Жұмсақтау нәрсені тесу үшін жіңішке, қатты
темірден істіктеп жасаған сабы бар сайман. 2. Ауыс.
Кейбір шағып алатын жәндіктің дене мүшесі.
Барлық ортақ түбірлердің мағыналары да ортақ. Піс ~
пыс ~ пыш ~ біз сөздерінің мағыналық жақтан дамуына
қарап, біз осы тұлғалардың генетикалық, семантикалық
байланысын өзексема арқылы анықтаймыз. Бұл сөздер
бірінші, мағыналық жақтан дамып, одан кейін
дыбыстық өзгерістерге ажыраған. Сәйкестіктер арқылы
дамыған бұл сөздердің мағынасы алғашқы дыбыстық
мағына болса керек. Піс сөзінің алғашқы уәжі
адамдардың танымында тамақты пісіру процесіндегі
тасығанда немесе, етті отқа қақтағанда пысылдап,
майының тамып жанғандағы дыбысы нәтижесінде
негізделіп, адам танымы арқылы сөз туындаған. Кейін
адамзат баласы осы атауға ұқсас процестердің бәрін осы
сөзбен атайтын болса керек. Сонда алғашқы уәж кейінгі
сөздерге арқау болып, түрлі туыстас дыбыстар
сәйкестігі нәтижесінде атау тудырған деген тұжырымға
келеміз. Саралап, талдап қарар болсақ:
піс ~ пыс ~ пыш – қатаң варианттары, біз ~ быз – ұяң
варианттары деп танимыз.
2-кесте Семантикалық тәсіл арқылы дамыған
сөздердің дыбыстық өзгерісі
қатаң варианттары пыс
Пыш
піс
ұяң варианттары
быз
Быш
біз
Айтылған ойларды жинақтап, олардың уәжділігін
сипаттағанда мынадай қорытындыға келдік:
164 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
пыс: еліктеуіш сөзі тамақтың белгілі бір шекке жетіп,
дайын болу процесінің орындалуын уәждеген. Соның
негізінде «піс» сөзі пайда болған;
пыс: іштің пысуы мағынасындағы бұл сөз оттағы
тамақтың белгілі бір шекке жетіп қайнауы
нәтижесінде шығарған дыбысының уәжделіп, адамның
көңіл-күйінің белгілі бір шекке жетіп, ішінің пысуы
жағдайына атау болған;
– пыс(ы): есілген, иірілген жіптің ширығуы, мұндағы
мағынаның тууына жоғарыдағы сөздердің белгілі бір
шекке жетіп, ширығуы мағынасы уәж болып отыр;
– піс: ұшы үшкір құралды бір затқа сұғып алғанда
шығарған дыбысының уәж болуы арқылы пайда болған
қимыл атауы;
– біз: бір затты екінші затқа сұғып алғанда, пісіп
алғанда шығаратын дыбысының уәждеуі нәтижесінде
пайда болған құрал – зат атауы;
– піс: біз қимылының себепші негіз болуына сәйкес саба
мен күбіні пісу семасының пайда болуы.
Міне, осындай сипаттамалардың нәтижесінде түрлі
сәйкестіктер арқылы дамыған туынды сөздердің
уәжделу табиғаты қызық әрі күрделі, сонымен қатар
адам танымының қатпарларымен тығыз байланыста
деген ой түйеміз. Әр түрлі мағына беретін мұндай
тұлғалар сөзжасам нәтижесінде туындап бір өрісте
жатыр. Бұлардың арасында генетикалық-семантикалық
код
жоғалмаған.
Ол
кодты
лингвистикалық,
гносеологиялық
талдау
негізінде
тауып
ала
алатындығымызға дәлел болады екен.
Жалпы тіл білімінде еліктеу теориясының бары белгілі.
Бұл теорияның өз алдына зерттеу нысаны болғанымен,
165
абсолюттік уәжделу тәсіліне келгенде дыбыстардың да
тілге уәждеме жолымен енгенін тілдік құбылыс деп
танып, зерттеуімізге қосып отырмыз. Ең алғаш
абсолюттік уәжделу арқылы дыбыстар пайда болып,
олардың тілдің зерттеу нысанына айналғаны шындық.
Осыдан кейін барып шет ел ғалымы Дж. Лайонз
айтқандай: «именно из звукоподражательных слов и
развился язык»,– деген пікірінің өзі осыны анықтайды.
Орыс тіл білімінде еліктеу сөздер жайлы жазылған
еңбектер
көптеп
саналады.
А.И.Герменевич,
С.А.Карпухин,
В.В.Левицкий,
С.В.Воронин
т.б
ғалымдар өз зерттеулерін арнады.
Қазақ тіл білімінде еліктеу теориясы А.Ысқақов,
Ш.Сарыбаев, Ә.Қайдар, К.Құсайынов еңбектерінде
еліктеу сөздердің тіліміздегі орны, фоносемантикалық
деривация
мәселелері
қарастырылды.
Зерттеу
жұмысымызда жоғарыда аталған ғалымдарымыздың
еңбектерінің негізінде бұл теорияны тереңірек
қозғауымызға болар еді. Бірақ еліктеу теориясы
жұмысымыздың негізгі нысаны болмағандықтан, тек
абсолюттік уәждемелік тип аясында қарастырылып,
кеңінен сөз болмады.
Сонымен, қазақ тіліндегі уәжделудің басы табиғаттағы
жанды,
жансыз
заттардың
шығарған
табиғи
дыбыстарынан бастау алады. Олардан шыққан түрлі
дыбыстар – қазіргі тліміздің негізгі қайнар көздері. Әр
дыбыстың өзінде мағына бар, мағына айырушылық
қасиет бар. Оның мағына айырушылық қасиеті тілдік
талдау барысында анықталды. Әр дыбыстың сөз
айырушы қасиетінің барлығы, сондай-ақ мағына
айырушылық қасиетінің де барлығы күмән келтірмейді.
166 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Демек,
тілдегі
фоносемантикалық
құбылысты
сөзжасамдық тұрғыда зерттеудің тіл білімі үшін берері
мол.
Достарыңызбен бөлісу: |