Семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды
сөздердің
уәждемелік түсіндірме сөздігі
Негізгі сөз
Лексика
лық
уәжі
Мағыналық
уәжі
Құрылым
-дық уәжі
Иллюстрациясы
1
Айыр І –
шөп, сабан
жинауға
керекті
құрал
Айыр –
қимыл
мәнді
сөз
Қимыл мәнді
сөздің екіге
айрылу,
жарылу
мағынасы
—
Ферма бастығы
бүкіл бір ферманың
шөбін айырмен
жинап біту мүмкін
еместігін сөз етті.
2
Айыр ІІ –
қос өркешті
түйе
айыр–
қимыл
мәнді
сөз
Қимыл мәнді
сөздің екіге
айрылу,
жарылу
мағынасы
—
3
Ая І–
алақан (айа)
Ай —
атау
мәнді
сөз
астрономиял
ық бейне —
айдың
сыртқы
пішінінің
домалақтығы
на сай пайда
болған
мағынасы
Ай(а)
Ajasa as bermis –
алақанмен ас беру
4
Ая ІІ –
Ая І –
атау
мәнді
сөз.
Алақан
мағынасының
қимылдық
қозғалысы,
сыны –
жылылығы
Ай(а)
Ей, адамдар
аялайық ананы
5
Ая ІІІ
6
Бас І –
адамның,
жан-
жануарлард
ың дене
мүшесі
Бас
Мүшенің
жоғарғы
жақта
орналасуы
бас
Аюдың жартастан
асыла жатқан басы
әрі салбырай ойға
төне, әлденеге ілініп
тұр (С. Бегалин,
Таңд.).
7
Бас ІІ – кісі,
адам, жан
Бас І
Адамның,
жан-
жануарларды
ң дене
мүшесі
Бас
Басы аманның малы
түгел (Мақал)
228 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
8
Бас ІІІ –
ақыл, ой, ес
Бас І
Мидың, ақыл,
ой, естің
баста
орналасуы
Бас
Таңданатын түгі
жоқ, Қалиқанов
басы бар адам (О.
Сәрсенбаев, Жалғыз
күрке).
9
Бас ІҮ –
бастау
сөзінің
түбірі
БасІ
Бас І – адам
мүшесінің
жоғарыда,
бірінші
орналасуына
байланысты
бастайтын
адамның да
бірінші,
басында
тұратындығы
мағынасы
уәж болған
Бас
Мына көпшілік
қауымды сен бастап
барасың ( Ауызекі
тіл)
10 Бас Ү –
жүру, жер
басып жүру,
адымдау
Бас ІҮ
Бас ІҮ –
бастап жүру
мағыналары
уәж болған
Бас
Мен денемді
жинақы ұстап,
аяғымды ширақ
бастым (Ж.
Жұмақанов, Әлия).
11 Бас ҮІ – бір
нәрсенің
үстін жабу,
таптау,
жаншу,
езу,басу
БасІҮ
Бас ІҮ –
жерді басып
жүру
Бас ІҮ
“Бір күні құлап
кетіп балаларды
басып қала ма деп
жаңа үй салуды
армен ететін ( А.
Лекеров, Түз гүлі).
12 Баспа І –
кітап, газет-
журнал
басып
шығаратын
мекеме
Бас ҮІ
Бас ҮІ – бір
затты екінші
бір затқа басу
Бас+па:
кес+пе,
жап+па,
шап+па
Баспадан жаңа
шығыпты, Бояуы әлі
кеппепті. Көтеріп
алып үмітті, Көшеге
түнде ап кетті (М.
Әлімбаев, Таңд.,).
13 Баспа ІІ –
дауысты
қарлықтыр
ып,
жұтындырм
ай
ауыртатын
тамақ
ауруы
Бас ҮІ
Бас ҮІ – басу,
жаншу, езу
Бас+па:
тал+ма
кез+бе
Дәрігер баланың
аузын, тамағын
көріп, оның ауруға
шалдығуының
басты себебі
баспамен жиі
ауыратындығынан
екенін айтты. (С.
Нұрғожаев, Бала
ауруы).
229
14 Баспа ІІІ –
Төбесі ғана
жабылған
жан-жағы
ашық жай
БасІҮ
Белгілі бір
заттың үстін
жабу, басу
Бас+па:
кес+пе,
жап+па,
шап+па
Қонысбай дегенің
мына көлеңкелі
баспаның астында
ағаш шауып
отырған бурыл
сақал (Б. Майлин,
Шығ. жин.)
15 Біз І – бір
затты бір
затқа сұғып
алғанда
шығаратын
дыбысы
Біз
Шыққан
дыбыс
Біз
Су толтырылған
шарды тескенде
ішіндегі сұйықтық
“біз” етіп атқылады.
16 Біз ІІ – бір
затты
екінші бір
затқа сұғып
алғанда
шығаратын
дыбысының
уәждеуі
нәтижесінд
е пайда
болған зат
атауы
Біз І
Бір затты
екінші бір
затқа сұғып
алғанда
шығаратын
дыбысының
уәждеуі
Біз
Омар қайтерін
білмей, түсі
бұзылып кетіп, бір
жеріне біз тығып
алғандай ыршып-
ыршып түсті (С.
Торайғыров, Шығ.).
17 Біз ІІІ –
кейбір
жәндіктерді
ң шағып-
шаншып
алатын дене
мүшесі
Біз ІІ
Жұмсақтау
нәрсені
тесуге
арналған
заттың
қызметі
Біз
Дуылдап ала
жөнелген қалың
араның бірі дәл
қабағына тиісімен
бізін сұғып алды.
18 Пыс І –
дыбыс,
еліктеуіш
сөз
Пыс
Белгілі бір
шекке жетіп
шыққан
табиғи дыбыс
Пыс
Шәугімдегі шай мен
қайнадым дегендей
пысылдап төгіле
бастады
19 Пыс ІІ –
адамның
көңіл-
күйінің
белгілі бір
шекке жетіп
ішінің
пысуы
Пыс І
белгілі бір
шекке жетіп
ішінің пысуы
Пыс
Күте-күте шаршап,
ішіміз пысты.
230 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
20 Пыс ІІІ –
есілген,
иірілген
жіптің
ширығуы
Пыс ІІ
Заттың
белгілі бір
шекке жетіп,
пысуы
Пыс
Баяғыда
апаларымыз жіпті
пысық қып иіріңдер
деп отыратын.
21 Піс І – бір
затты бір
затқа сұғып
алғанда
шығаратын
дыбысы
Піс
Ұшы үшкір
құралды бір
затқа сұғып
алғанда
шығарған
дыбысы
Піс
22 Піс ІІ –
ұзын
сырықты,
таяқтың
төмен қарай
бағытталған
қимылының
атауы
Біз ІІ
Біз
аспабының
төмен қарай
бағытталған
қимылы
Піс
Бір күні таңертең
күбі пісіп жүрген
әжем майды жуық
арада шайқай алмай
әлекке түсті (О.
Тәжиева, Қара
қолғап)
23 Піс ІІІ –
пісу
етістігінің
түбірі
Пыс І
Белгілі бір
шекке жетіп,
шығарған
дыбыс
тамақтың
белгілі бір
шекке жетіп
пісуі бейнелі
түрде атау
болып
қалыптасқан
Піс
Қазан – тамақ
пісіруге арналып,
шойыннан не
мыстан жасалған
ыдыс.
24 Көр І –
көзбен
байқау,
бағдарлау
Көр
Жарық
сәулені көруі
Көр
Ғашықтың тілі –
тілсіз тіл, көзбен
көр де ішпен біл
(Абай).
25 Көр ІІ – су
қараңғы,
соқыр
Көр І
Жарық
сәулені көре
алмау —
антонимдік
мағына
Көр
Сол күнде атасының
көзі көр болып,
Төлегенді сағынып,
қасіретпен қан
жұтып жатады екен
(Қыз Жібек).
231
26 Көр ІІІ –
өлген кісіні
жерлеу
үшін
арнайы
қазылған
орын, өлікті
көметін
жер.
Көр ІІ
Жарық
сәулені көре
алмау –
антонимдік
мағына
Көр
Адам үш күннен
кейін көрге де
үйренеді (Мәтел).
27 Қыр І –
сақал-
мұртты,
шашты
ұстарамен
сыпыру, бір
нәрсені
өткір
құралмен
қырғыштау,
қирату
Қыр
Екі нысан
арасындағы
қыру,
сыпыру,
қирату,
таптау
мағыналары
Қыр
Сақал-мұртын
ұстарамен қырып
тастапты.
28 Қыр ІІ –
жаппай
өлтіру,
қырғынға
ұшырату,
құртып
жіберу.
Қыр І
Қирату,
таптау
мағыналары
Қыр
Қазақтарды ауық-
ауық түрлі
себептермен қырып
отырған.
29 Қыр ІІІ –
киімге үтік
басқанда
пайда
болатын
қатпар.
Қыр І
Таптау
мағынасы
Қыр
Шалбарға салған
қыры пышақтай
екен.
30 Қыр ІҮ –
бір нәрсенің
сырт жақ
шеті
Қыр ІІІ
Үтіктегенде
пайда болған
қатпар
Қыр
Апыл-тапыл аяғын
басып жүрген бала
мұрнын үстелдің
қырына соғып алды.
31 Қыр І –
созылып
жатқан биік
жер.
Қыр ІҮ
Бір нәрсенің
сырт жақ
шеті
Қыр
Екеуміз
қызғалдақты қырға
шығып қыдырып
келсек жанымыз
жадырар еді.
232 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
32 Адамның
жеке
басының
жай көзге
байқала
бермейтін
қыры,
адамның
мінезі, сес
көрсету.
Қыр ІҮ
Сырт мінез
көрсету,
сыртын беру,
сонымен
қатар ішінде
бұғып жатқан
сырлы қыры
Қыр
Ол бізге қоқаңдап
қыр көрсетті.
Абайдың ақындық
өнерінен өзге
сазгерлігін оның
Құдай берген
талантының бір
қыры деп танимыз.
33 Ой І –
Белгілі бір
затты:
жерді,
көзді,
қағазды,
оюды ою
мағынасын
беретін
бұйрық
мәнді сөз.
Ой І
Жерді
шұңқыр етіп
қазу
Ой
Дөңес боп жатқан
жерді экскаватор
ойып-ойып
тастапты.
34 Ой ІІ –
ойылған,
қазылған
жер атауы
Ой ІІ
Шұңқыр етіп
қазылған жер
Ой
Көктемнің
жаңбырлы
күндерінде су ой
жерге көп
жиналатын.
35 Оң І –
жөнді болу,
жетісу
Оң
Дұрыс болу
Оң
Оңал біздің оң
алып, оңалыпты
(жаңылтпаш)
36 Оң ІІ –
солға
қарама-
қарсы
Оң І
Дұрыс болу,
теріс емес
Оң
Адамның сол
жағына қарағанда
оң қолы жұмысқа
икемді келеді.
37 Оң ІІІ –
бояуы
қайту, өңі,
түсі кету.
Оң
Қарама-
қарсы мағына
– керісінше
дұрыс емес,
өңі кету
Оң
Шыт матаның түсі
өзге синтетика
секілді емес, оңуға
бейім тұрады.
38 Өң І –
адамның
бет-пішіні,
бет-әлпеті.
Өң
Адамның
бет-пішінінің
алдыңғы, оң
жақта
орналасуы
Өң
Оның өңі өрт
сөндіргендей еді.
233
39 Өң ІІ –
заттың теріс
жағына
қарсы жағы,
оң жағы,
өңгер
қимыл
мәнді
сөздің
түбірі
Өң І
Бет-пішіннің
оң жақта
орналасуы
Өң
Көкпаршы көк
серкені алдына
өңгеріп алып кетті.
40 Өң ІІІ –
адамның
ұйықтамаға
н кезі.
Өң І
Бет-пішіннің
аясында
орналасқан
көздің
қызметі
Өң
Мәңгіріп тұрған ол
өңі ме, түсі ме
ажырата алмады.
41 Өр І –
көбею,
жайылу
мәнін
беретін өру
етістігінің
түбірі.
Өр
Қозғалыс
жасау, көбею,
қимылдық
мағына
Өр
Таңертең тұрып
терезеден сыртқа
қарасам, адамдар
теңселіп, өріп жүр.
Бір қора қой тауға
қарай жамырап,
өріп бара жатты
42 Өр ІІ –
қайыс,
шаш, жіп
тәрізді
заттарды
тарамдап
алып,
айқастыра
біріктіру,
қосу.
Өр І
Қозғалыс
жасау, көбею,
қимылдық
мағына
Өр
Қою қара шашын
тарамдап өріп тұр.
43 Өр ІІІ –
ұзарту,
тоқу, өрмек
сөзінің
түбірі.
Өр І
Қозғалыс
жасау, көбею,
қимылдық
мағына
Өр
Өрмекті тоқу, өріп
біту мүмкін
болмады.
44
Өр ІҮ –
таулы, дөңді
жерлердің
етегінен
биіктеп
көтерілетін,
ылдиға
қарама-қарсы
жер.
Өр І
Көбею
мағынасымен
астаса
келетін ұзару,
биіктік
мағынасы
Өр
Өнерлі өрге жүзер
(Мақал).
234 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
45 Өр Ү –
Ауыс.
Өжет,
батыл, өр
мінезді
Өр ІҮ
Биіктік
мағынасы
Өр
Бауыржан еш
ықпайтын, батыл да
өр болатын.
46 Өре І –
Құрт,
ірімшік
кептіру
үшін
ағаштан
өріп
жасалған
биік сәкі.
Өр ІҮ
өрілген
сонымен
қатар биіктік
мағынасы
Өр+е
қаб(п)а
Апам өреге қаз-
қатар тізіп құрт
жаятын.
47 Өре ІІ –
шама-шарқ,
мүмкіндік.
Өре І
Биіктік
мағынасы
Өр+е
қаб(п)а
(сақал)
Ел-жұртты жинап,
бір мал сойып,
күтіп, шығарып
салуға өресі
жетпеді.
48 Өре ІІІ –
жылқының
алдыңғы
аяқтарын
шалып
байлау
әдісі.
Өре І
Өру
мағынасы
Өр+е
қаб(п)а
(сақал)
Асау тай қашып
кетпесін деп аяғына
өре салынды.
49 Өрлік І –
үйдің
төбесін
жабу үшін
пайдаланыл
атын
арқалық
ағаш.
ӨрІҮ
Биіктік
мағынасы
Өр+лік
жар+лық
бай+лық
ай+лық
Үйдің төбесін жабу
үшін ұзындығы жеті
метрлік өрлік ағаш
керек болды.
50 Өрлік ІІ –
ештеңеден
қорқып,
ықпайтын
адамның
мінез
құлқына
байланысты
туған атау.
Өрлік І
Биіктік
мағынасы
өр+лік
ер+лік
Батыр баянның
ерлігі, өрлігі,
батылдығы артында
қалған еліне аңыз
болып қалды.
235
51 Өрмек І –
алаша,
басқұр,
шекпен
тоқу үшін
екі басы
қазыққа
керіліп,
желісі
жерге қатар
тартылған
жіптер
шумағы.
ӨрІІІ
Көбею
мағынасымен
астаса
келетін ұзару,
биіктік
мағынасы
өр+мек
қар+мақ
тар+мақ
Қазір кілем, палас
бар ғой дегендерге
апам кейінгі
балалар өрмекті
ұмытпас үшін
құратындығын
айтты.
52 Өрмек ІІ –
киім атауы.
Өрмек І Тоқылып
жасалған зат
өр+мек
қар+мақ
тар+мақ
Көне түркі
сөздігінде Өрмек —
киім атауы деген
анықтама берілген.
53 Өрмекші І –
өрмек
тоқушы
адам
ӨрмекІ
Тоқылып
жасалған
затты тоқушы
өрмек+ші
қармақ+ш
ы
Екі өрмекші ауыса
тоқи отырып,
алашаны бір
тәулікте бітірді.
54 Өрмекші ІІ
– тор
тоқып,
шыбын-
шіркей
аулап
қоректенеті
н
буынаяқты
жәндік.
Өрмекші
І
Тор тоқуы
өрмек+ші
қармақ+ш
ы
Көптен бері әйел
қолы тимегесін үй
іші торланып,
өрмекші басып
кетіпті.
55 Өрім І –
жұмырлап
өрілген
таспа,
тарам-тарам
қылып
өрген шаш,
бұрым.
ӨрІІ
Өрілген зат
өр+ім
тер+ім
ал+ым
күт+ім
Шаш өрімі де
адамға сұлулық
сыйлайды.
56 Өрім-өрім ІІ
–жұлма-
жұлма, дал-
дұл, пәре-
пәре.
Өрім І
өрім-өрім
болып
өрілген
шаштың
көрінісі
өрім-өрім
жұл+ым-
жұл+ым
Үстіндегі киімінің
өрім-өрімі
шыққанша баласын
іздепті (Ертегіден).
236 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
57 Өріс І –
ауыл
маңынан
шалғайлау,
оты мол
мал
жайылымд
ық жер.
Өр І
Малдың өріп
жайылуы
негіз болған.
өр+іс
ал+ыс-
бер+іс
айт+ыс
тарт+ыс
Мал өрістен
қайтқанда күн
бесіннен ауып
қалған еді.
58 Өріс ІІ –
Білім -
дәрежесі,
дүниетаным
ы
Өріс І
Көбею,
молаю.
топтану
өр+іс
ал+ыс-
бер+іс
айт+ыс
тарт+ыс
Шоқан ақсүйек
тұқымынан шыққан
өрісі кең жан еді (С.
Мұқанов, Аққан
жұлдыз).
59 Өріс ІІІ –
өмірін әрі
қарай
жалғаушы
үрім- бұтақ.
Өріс ІІ
Жалғастыру-
шылық
өр+іс
ал+ыс-
бер+іс
айт+ыс
тарт+ыс
Құнанбай әулетінің
өрісінің кеңдігі, бір
жағынан,
әйелдерінің
көптігінен болса
керек.
60 Өріс ІҮ –
семантикал
ық өріс
Жалғастыру-
шылық
өр+іс
ал+ыс-
бер+іс
айт+ыс
тарт+ыс
…түбірлес
сөздерді… ішкі
мағыналық
құрылымының
жақындығына
сәйкес
семантикалық өрісін
анықтаймыз
(Салқынбай А.Б.
Тарихи сөзжасам).
61 Өріс Ү –
физ.
термин;
магниттік
өріс
Өріс ІҮ
Жалғастыру-
шылық
өр+іс
ал+ыс-
бер+іс
айт+ыс
тарт+ыс
62 Тіл І– жан-
жануарлард
ың дәм
сезетін,
адамдардың
сөйлеу
дыбыстарын
шығаратын
ауыз
қуысындағы
негізгі мүше
Тіл
өзге дене
мүшелерінен
бөлініп,
тілініп тұруы
Тіл
Адамзат
мүшелерінің ішінде
тілдің атқаратын
қызметі ерекше.
237
63 Тіл ІІ –
жіңішке
етіп кесу,
осып түсу,
жарып
жіберу
Тіл І
өзге дене
мүшелерінен
жіңішке
болып
бөлініп тұруы
Тіл
Томпиып піскен
бөлке нанды тіліп-
тіліп алдымызға
әкеп қойды
64 Тіл ІІІ –
сағат тілі
Тіл І
өзге дене
мүшелерінен
жіңішке
болып
бөлініп тұруы
Тіл
Сағат тілі түнгі екіні
көрсетіп тұр.
65 Тіл ІҮ –
адамдардың
қоғамдық
өмірде
бірін-бірі
түсінісіп,
пікір
алысатын
қатынас
құралы
Тіл І
Тілдің сөйлеу
әрекетінде
атқаратын
қызметі
Тіл
Адамдарда ғана
болатын мұндай
жоғары сезімді
тілмен жеткізу
мүмкін емес.
66 Тіл Ү – ана
тілінің
заңдылықта
рын, ереже-
қағидалары
н оқытатын
пән.
Тіл ІҮ
Адамдардың
қатынас
құралының
жүйесі
Тіл
Тіл — күрделі
құбылыс.
67 Тіл ҮІ –
қажетті
мәліметтерд
і алу үшін
ұсталған
жау әскері.
Тіл ІҮ
Тілдің пікір
алысатын
құрал
екендігі
Тіл
Жауынгерлер
немістердің ішкі
айласын білу
мақсатында жаудан
тіл алып келуге
аттанды
68 Ұш І – Бір
заттың
белгілі бір
шекке
биікке
қарай
қозғалыс
жасауы
Ұш
Заттың
қимыл жасап,
жоғары қарай
немесе төмен
қарай
қозғалуы
Ұш
Ұшақ жерден жайлп
көтерілді де,
аспанға тік
көтерілді.
238 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
69 Ұш ІІ – бір
заттың
төмен қарай
қозғалыс
жасауы
Ұш І
Заттың
қимыл жасап,
төмен қарай
қозғалуы
Ұш
Ертеңіне тұмаумен
ауырып, мұрттай
ұшып түстім.
70 Ұш ІІІ –
заттың
жоғарғы
немесе
төменгі
шегі, ұшы
Ұш І
Заттың
жоғарғы
немесе
төменгі шегі
Ұш
Біреулермен жасап
жүрсем жең ұшын,
Жасап жүрсем
жаным сүймес
келісім, Барлығы да,
Поэзия, сен үшін!
71 Үш І
Ұш ІІІ
Бір, екі және
үш деген үш
санның
қосындысы
Үш
Үш — екіден
кейінгі есептік сан.
Лексикография, оның ғылыми негіздері, біздің ғылым
саласында зерттеу нысанына аз ілінген салалардың
біріне жатады. Сөздік жасау көнеден келе жатқан,
арғысы М.Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк”
еңбегінен бастап, «Кодекс Куманикус» жалғастырып,
1774 жылы Өскемен бекінісінде құрастырылған
«Скалон сөздігі», «Кодекс Куманикусты» Парижде
бастырып шығарған Генрих Юлий Клапроттың еңбегі,
В.В.Радловтың “Опыт словаря тюркских наречии” деп
аталатын үлкен сөздігі және т.б. түркі тілдеріндегі
сөздіктер тарихын жасап шығаруға көмектесті.
Сөздіктер түрік халқының жазба мәдениетімен қатар
келе жатыр. Сөздік жасау саласы тек сөздерді
түсіндірумен ғана шектелмей, олардың тарих бетінде
қалуын, мағыналарының дамуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар сөздің өмір сүру сипатын айқындайтын
бірден-бір құрал ретінде қызмет етеді.
239
Сөз өзінің өмір сүрген әр дәуірінде түсіндіруді қажет
етті. Осыған қарап сөздік жасау жеке сала болып
қалыптасты. Сөздің туу тарихы, оның фонетикалық
өзгерісі,
морфологиялық
құрылымы,
мағына
эволюциясы тіл дамуындағы сөз қызметінің өзгеруін,
сол тілдің иемденуші ұлттың мәдени құндылығы
ретінде қарау белгілі бір деңгейде тарихи тіл білімінде
қарастырылады.
Осы
процестердің
барлығы
сөздіктердің негізгі құралы болып есептеледі.
Кез келген тіл адамдардың өмірден алған, жинаған
тәжірибелерін ойда қорытып, топтап, ақылға салып,
санаға сіңдіріп барып жасалған деп айтуымызға болады.
Әрбір жекелеген тіл – белгілі бір үлкен тілдің бір
бұтағы Сол бұтақ үлкен бір бәйтеректің тамырынан нәр
алып жатыр. Демек, қазақ тілі өзге түркі тілдермен
тығыз байланыста.
Сөздік жасауда қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктері
ескерілуі
тиіс.
Бұл
–
тілдегі
дивергенция
тенденциясымен сәйкес келеді де, бірінші ескеретін
мәселе болуы керек. Үлкен этностың топтарға бөлініп
оның жеке тіл ретінде дамығанын ескере отырып, сөздік
құрастырғанда негізге алу керек. Демек, жеке тілге
қатысты ерекшеліктерді ескеру қажет. Этникалық топ
бірлігінің ыдырауы, түрлі ұлттарға бөлінуі – жекелеген
тілдердің дамуының қайнар бұлағы.
Сөздік жасаудағы екінші ескеретін нәрсе – жеке-жеке
бөлініп шыққан тілдердің ортақтығын ескеру. Бұл
дивергенция үрдісіне қарама-қарсы конвергенция
тенденциясымен тікелей байланысты. Конвергенция
түркі
тілдерінің
ортақ
бірлігін
көрсетеді.
Э.В.Севортянның атақты ірі сөздігінде осындай
240 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
процестер негізге алып жасалған. Онда жекелеген
тілдерге қатысты материалдармен қоса, ортақ тіллдік
элементтер де кездеседі. Және сол элементтер тілдің
ортақтығын анықтайды.
Осы айтылғандарды жинақтай келе сөздік жасауда
мынадай ұстанымдарды пайдалануға болады:
– сөздің тарихи семантикасын танымдық тұрғыдан
зерттеп, қарастыра жазу;
– тілдің ортақтығын танытатын белгілерді сөздік
мақалада беріп отыру;
– тілдің жекелік сипатын анықтайтын өзіндік
ерекшелігін көрсету.
Қазақ тіліндегі семантикалық тәсіл арқылы жасалған
туынды сөздердің уәждемелік түсіндірме сөздігін
жасағанда төмендегідй факторларды ескерген дұрыс:
– фонетикалық ерекшеліктері;
– грамматикалық факторлары;
– семантикалық ерекшеліктері;
– синтаксистік ерекшеліктері;
– тарихи-мәдени ерекшеліктері;
– уәжделген сөздің лексикалық уәжі болу керек;
– уәжделген сөз белгілі бір қалып бойынша жасалады;
– сөз мағынасын ашу үшін иллюстративті материалдар
берілуі тиіс.
1) Тарихи сөздіктердегі сөздік мақалада талданып
отырған сөздің фонетикалық өзгерісі қоса беріледі.
Себебі сөз бүгінгі күнге жеткенше түрлідыбыстық
өзгеру процестерін басынан кешті. Мысалы, қазақ сөзі
(түркі сөзі) алғашқыда жуан айтылу деңгейін басынан
241
кешірсе, бұл күнде жіңішкеру процесінен өтуде.
Сондықтан фонетикалық өзгерісті беру ләзім.
2)
Грамматикалық фактор сөздің түбірі мен
қосымшасын айқындаудағы қажетті фактор саналады.
Тарихи сөздерге анықтама дұрыс берілмесе оның
грамматикалық формасының күрделілігінен сөзді
оқырмандар түсінбей қалуы ықтимал. Мысалы
Радловтың сөздігінде өсім сөзінің түп негізі өс сөзі
екені былай берілген: өсум (von ős+um), яғни жұрнақ
жалғану арқылы жасалған туынды сөздің түбірі қайсы
екенін көрсетіп беріп отыр.
3) Семантикалық фактор – сөздік мақаланың жанды
жері. Сөзді түсіндіру үшін ең бірінші оның мағынасын
ашып беру керек. Егер мағынасы жөнді, жан-жақты
ашылмай қалса, өзге жанама мағыналар тасада қалып
көрінбей қалуы мүмкін. Сондықтан, мүмкіндігінше,
түсіндіруді анық, кеңінен, барлық салыстырулар мен
ұқсастыруларды түгелдей жинақтап беру қажет. Ойды
ой қозғайтыны секілді сөздік мақалада берілген ой
сөздікте берілген негізгі сөздің мағынасына сәуле
түсіріп, оның тасада жатқан мағыналарын ашып
көрсетеді. Мысалы, адарғы сөзін алып қарасақ, оған
түсіндірме сөздікте мынадай анықтама берілген: өрмек
жіптердің астыңғы, үстіңгі жіптерін бөліп тұратын
тақтайша. Демек, бір-біріне параллель жатқан жіптер
шумағын ажыратып тұратын тақтайша. Айырушылық,
ажыратушылық семасы уәж болып затқа адарғы деген
атау берілген. Міне, “бөліп тұратын” деген мағынасы
адам санасына сәуле түсіріп, сөз мағынасының қандай
сөздермен төркіндес екенін ажыратып алдық.
242 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
4) Сөздік мақалада синтаксистік фактордың ролі
ерекше. Себебі сөздік мақала сөздердің синтаксистік
қарым-қатынастағы сөздер тобынан тұрады. Мысалы
ажырау, айырылу, адырылу сөздерінің мағыналары бір-
біріне жақын екендігі синтаксистік сөз тіркесі арқылы
ашылады. Қазақта адыра қалғыр немесе әдіре
қалғыр//әдірем қалғыр секілді қарғыс мәнді тіркес бар.
Осы тіркес адырам сөзінің ажырау, айырылу сөздерімен
мағыналық байланысы бар екенін анықтап көрсетеді.
Егер де осындай тіркес бүгінгі күнге дейін жетпей,
тілімізде қолданылмаса, бұл сөздің мағынасы ашылмай
қалған болар еді.
5) Тарихи мәдени фактор қазақ тіліндегі сөздіктердің
мәні ашушы фактор ретінде танылады. Себебі ұлттық
тіліміздің тарихи сөздігін жасап шығару бүгінгі күннің
талабы деп білеміз. ұлтты ұлт ретінде танытатын қай
уақытта да тілі болып саналады. Сөздіктердегі сөздік
мақаланы тарихи-мәдени аспектіден қарастыруда тіліміз
арқылы халқымыздың жүріп өткен жолы, бүгінгі асыл
мұраттары айқын ашылып көрсетіледі, яғни біздің
сөздіктерімізден қазақы иіс аңқып тұру керек. Әсіресе
тарихи сөздіктер, оның ішінде уәждемелік сөздікте
ұлтымыздың болмыс-бітімі, танымы, түсінігі, ақылы,
санасы толық бейнелетіндей сипаты ашылуы тиіс.
Осындай факторлармен қоса, уәждемелік сөздікке
қажетті деп танылған тағы да төрт түрлі факторды
қосуымыз керек. Бұл төрт фактор орыс тіліндегі диалект
сөздердің
уәждемелі
сөздігін
құрастырушы
О.И.Блинованың
уәждеме
туралы
жазылған
еңбектерінен көрінеді. Тіл біліміндегі алғашқы
уәждемелі сөздік болғандықтан ондағы негізгі
факторларды қоса беруді дұрыс деп таптық. Осы
243
факторлар сөздіктің қаңқасын толықтырып, нақтылай
түскен болар еді.
Сөз тарихын семантикалық аспектіде қарастыруда
дефиницияның
атқаратын
қызметі
ерекше.
Зерттеушілер дефиницияны шындық болмыстың,
заттың, сөздің мағынасына сәйкес келеді деп анықтаған.
Өзге сөздіктердегі секілді бірінші негізгі сөз беріледі де,
жанына оның анықтауышы, яғни дефинициясы жан-
жақты, толық түрде берілуі тиіс. Бірақ филологиялық
дефиниция сөздің мағыналық дамуын толық бере алуы
мүмкін емес. Ендеше дефиницияның толық берілуі
керек деп біз шартты түрде ғана айта аламыз.
6) Сөздікте берілген негізгі сөздің уәж болған сөзі
беріледі. Демек, бұл лексикалық уәж (ЛУ) деп аталады.
Мысалы өріс сөзі негізгі сөз деп берілсе, оның
лексикалық уәжі өр сөзі болып есептеледі.
7)
Келесі факторда өріс сөзінің жасалуы белгілі бір
тілдегі қалыптар бойынша жасалатыны ескеріліп, оның
құрылымыдық уәжі (ҚУ) беріледі. Мысалы өріс сөзінің
құрылымдық уәжі өр+іс, айт+ыс, кел+іс т.б.
8)
Иллюстративті материалдар, яғни осы сөздің
тілімізде
қолданысын
анықтайтын
көркем
әдебиеттерден, сөздіктерден, ауызекі тілден алынған
дәлелдеме мысалдар. Мұндай мысалдар сөздікте
берілген
сөздердің
мағынасын
ашу
үшін
пайдаланылады. Егер де біз туынды сөздің мағынасын
ашу мақсатында иллюстрация пайдалансақ, онда оның
сегментациясын сақтап уәждеуші сөзі арқылы немесе
сөз тіркесі арқылы беруге болады. Мысал ғана сөздің
нақты мағынасын ашып беруге көмектеседі.
244 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Бұл сөздік қазақ тіл біліміндегі алғашқы нұсқа
болғандықтан белгілі бір қалыбын жасау қиынға түсті.
Сөздікте тіркелген және тіркелетін сөздердің түрлі
ерекшеліктеріне сәйкес нұсқамыз алдағы күнде ширап,
толыға түседі деген ойдамыз.
245
Достарыңызбен бөлісу: |