БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014



Pdf көрінісі
бет26/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
Публикация на каз

Оқу-әдістемелік құрал
30
МӘДЕНИ ДАМУ
Ата-анасының мамандықтарын біледі
Ұлттық мерекелерді біледі
ТАМАҚ ІШУ
Дастархан жаюға көмектеседі
Ыдыс-аяқ жууға көмектесуге тырысады
КИІНЕ БІЛУ
Өзі киініп, өзгенің киінуіне көмектеседі
Өзіне өзі қызмет көрсетеді – киінеді, жуынады, ойыншықтарын 
жинайды
ЖЕКЕ ГИГИЕНА
Тістерін өзі тазалайды
Ұйықтар алдында аяқтарын өзі жуады
Тамақтан кейін тістерін өзі шаяды
ҰҚЫПТЫЛЫҚ
Таранады
Киімдерін ескертусіз өзі ұқыптылықпен жинайды
5 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың даму картасы
ІРІ МОТОРИКА
Бүкіл денесімен, кеудесімен және аяқ-қолдарымен қимылдар жа-
сай алады
ҰСАҚ МОТОРИКА
Сурет салған кезде, жабыстырғанда, құрастырғанда 
ғимараттардың, үйлердің архитектуралық стилі мен мақсатының 
өзіндік ерекшеліктерін көрсете алады
Бірнеше заттардан мүсіндік композиция құрастырады
Бірнеше баспа әріптерін жаза алады
Бәтеңкеге бау өткізіп, оны бантиктеп байлай алады
СӨЗДІ ТҮСІНУ
Тыңдай алады және сөзді түсінеді
БЕЛСЕНДІ СӨЙЛЕУ
Синонимлерді пайдаланады
Қысқа әңгімелерді мазмұндап айтып бере алады
Эмоционалдық қайырымдылық қалыптасады
Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің жай-күйіне бірге 
қайғырады
Көргендерін өзінің сезіну және бірге күйзелу тәжірибесімен 
салмақтап, салыстыра алады
Байланыстырып және анық етіп сөйлей алады
СЕНСОРЛЫҚ ДАМУ
Сурет салады, шимайлайды, дөңгелектеп қоршайды 
Кеңістікте және қағаз бетінде жақсы жол таба алады 
Заттарды пішініне, түсіне және мөлшеріне қарап салыстыра ала-
ды
Пішіндердің арасындағы айырмашылықты атай алады


31
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ 
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУ Заттарды белгілі бір санатқа тиістілігіне қарай атап көрсете алады
Белгілі бір тақырыпқа әңгіме айта алады 
Белгілі бір санатқа жатпайтын заттарды ажырата алады
Киім және аяқ киім киген кішкентай адамның суретін сала алады
САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕП
Ана тіліндегі барлық дыбыстарды дерлік дұрыс айтады
Әңгімелей және мазмұндай алады, әрі әңгімелеп тұрған оқиғаға 
өзінің көзқарасын білдіруге тырысады
Өткен оқиғаларды есінде сақтайды және оны сипаттап бере алады
Құрмалас сөйлемдерді пайдаланады
Барлық сөз табын қолданады
Абстрактілі және қатыстық ұғымдарды қолданады
Сөйлеу дыбыстарын ажыратады және саралайды
Уақытты сағат бойынша анықтайды
ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС
Ересектер орындайтын әлеуметтік рөлдердің алуан түрлілігін 
(ана, әке – жұмыста, үйде, бос уақытта) түсінеді 
Ересек адамдарды жасы, кәсібі, эмоционалдық көңіл-күйі бой-
ынша ажыратады (картиналар, фото, мүсіндер) 
Сәлемдесу, қоштасу, ілтипат білдіру, өтініш жасаудың түрлы ны-
сандарын игереді
Организмнің ерекшеліктері, жекелеген органдардың (көз, құлақ, 
мұрын және т.б.) қызметі, олардың қалыпты жұмыс істеуі үшін 
қойылатын шарттар, өз организмі мен денсаулығының жай-күйі 
жағдайлары, адамның қажеттіліктері (жарық, жылу, тамақ, ба-
спана және т.б.) туралы түсініктері бар. 
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ
Кейбір адамдардың мінез-құлықтарының әлеуметтік нормаларға 
неліктен сәйкес келмейтінін біледі
МӘДЕНИ ДАМУ
Өз елінің және қаласының/ауылының атауын біледі
ТАМАҚ ІШУ
Тамақты өз бетімен ішеді
КИІНЕ БІЛУ
Басқалардың киінуіне көмектеседі
ЖЕКЕ ГИГИЕНА
Тісін өз бетімен тазалайды
Ұйықтар алдында аяғын өзі жуады
Тамақтан кейін аузын өзі шаяды
Өзі шомылады
ҰҚЫПТЫЛЫҚ
Мұқият таранады
Киімдерін ескертусіз өзі ұқыптылықпен жинайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет