306
“Бұл қазақтың жаңа байларының
жаңашылдық сойылын соғып
шыққан роман” деген жолдарды шам көрсек, алпысыншы жыл-
дары жарық көрген еңбектердегі одан да сорақы пікірлерді қайда
қоямыз. Зерттеуші-ғалым Əнуəр Дербісəлин “Қазақтың
Октябрь
алдындағы демократияшыл əдебиеті” атты еңбегінде (Алматы,
1966) екі шығармадағы (“Қамар сұлу”, “Бақытсыз Жамал”), басты
кейіпкерлердің (Қамар мен Жамал) өліміндегі авторлық шешімдерге
əртүрлі баға бере келіп: «... екі өлімнің арасындағы айырма жер мен
көктей. Қамар өле-өлгенше адалдық пен адамдық үшін тартысқа
түсіп, ескілікті салт-сананы өлтіре сынайды... Жамал ата-ананының
қарғысына ұшырап өледі. Соның нəтижесінде шығарманың да бүкіл
міндет-мақсаты... бата бұзған, ескі əдет ғұрыпқа қарсы келген қызды
өліммен жазалау арқылы, қандай жолмен болса да феодалдық салт-
санаға шаң жұқтырмай қорғаштау боп шыққан» деген тұжырым
жасайды. Бұл енді «жаптым жала, жақтым күйенің» нақ өзі. Мұны
теріске шығарып, сөз шығындаудың өзі бекер. Жамал өліміне
қатысты авторлық шешімдегі күрескерлік рух туралы біз жоғарыда
өз ойымызды дəлелдедік деп білеміз.
Міржақып Дулатовтың “Бақытсыз Жамал” романының ең басты
жетістігі Жамал бейнесінің толыққанды жасалуы дер едік. Оның ру-
хани биіктігі, бойындағы ерлік рухының ұшқыны қазақтың дəстүрлі
əдебиетіндегі қаһарман қыздарының бейнесінен нəр алған. Əрісі
Ақжүніс, берісі Еңліктен өрілген өнеге
жаңа заман кейіпкерінің
бойына сіңісті түрде кіріктірілген. Сондықтан да жаңа заманның
соны кейіпкерін оқырман жатсынбай қабылдады.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдебиетінде роман жанрына
қалам сілтеген жазушылар шығармашылығына осы “Бақытсыз
Жамалға” тəн жетістіктер мен кемшіліктер ортақ. Бұл олардың
авторларының көздеген мақсаттары, ұстанған бағыттары, стильдік
əдіс-тəсілдерінің ұқсастығынан өріс алып жатады.
Бір атап өтетін
жайт, кейінгі шығармаларда кейбір көркемдік жетістіктерге қол
жеткізілгенмен (“Қалың мал”, “Қамар сұлу”) басты тұлғалардың
бейнелері солғындау шығып, Жамалдай қайсарлық көзге түсе
қоймайды. Кейбір шығармаларда (“Қалың мал”) өмір шындығынан
алшақтық, екі жасты бақыт құшағына орау мақсатындағы дəлелсіз
схематизм бой көрсетті.
Қазақ əдебиетіндегі
тұңғыш романның авторы, азамат ақын,
көсемсөздің көшбасшыларының бірі, саналы санаткер,
көрнекті
қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтай тұлғаның шығармалары
307
ұзақ жылдардан соң халқымен қайта қауышты. Ендігі міндет – оның
шығармашылығын жан-жақты зерттеу. Бұл бағыттағы алғашқы
қадамдар да жасалып жатыр.
Міржақып шығармашылығын өз тұсының замандастары
айрық ша бағалағанын жоғарыда айтқан едік. Мұның тағы бір мы-
салы – өзара пікір қайшылықтары болса да, шындыққа жүгінген
Сұлтанмахмұт Торайғыров ақындық өнердегі өрен жүйріктердің
қатарында
кезінде Міржақыпты да атап, ақындығына əділ баға
бергендігі:
Кешегі Бұхар жырау, Жанақ ақын,
Шөже, Орынбай халыққа жайған даңқын.
Ахмет пен Міржақып һəм Мағжан,
Алты алаштан баласы біледі атын.
Халқына “Жүрек майын шам қылған” азаматтық тұлғаның
əдебиеттегі өзіндік дара орны қашанда биіктен табылары хаһ.
Достарыңызбен бөлісу: