308
11ТАРАУ
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
(1889-1931)
11.1 Шығармашылық ғұмырнамасы
ХХ ғасырдағы
қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ əдебиетінің
алтын қорына керемет көркем əдеби шығармалар қосқан, сан қырлы
дарынның бірі – Жүсіпбек Аймауытов.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі əдебиеттің көшбасшысына айналған
жазушы əдебиеттің барлық жанрында дерліктей еңбек етті жəне өзі
қалам тартқан жанрдың қай-қайсысында да болсын, көрнекті туын-
дылар жазып, кемел де көркем дүниелер жасады.
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Кереку
уезіндегі Қызылтау болысының бірінші аулында (қазіргі Павлодар
облысының Баянауыл ауданы) дүниеге келген. Жүсіпбек кедей-ша-
руа отбасында өскен.
Жасынан оқуға құмартқан ол ерте хат таниды. Бес жасынан ба-
стап, он бес жасына дейін ауыл молдасынан сабақ алады. Аздаған
білімімен өзі де молдалық құрып, бала оқытады.
Ерте есейген,
көзі қарақты, қолы шебер, өзі өнерпаз
бала жігіт оң-солын ерте
тани бастайды. Сөйтіп он алты жасында Павлодар қаласынлағы
орысша-қазақша екі сыныптық мектепке барады.
Оқу қаражатын
өзі өтей жүріп, мектепті 1914 жылы аяқтайды. Сол жылы Семейдегі
мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1918 жылы бітіріп шығады.
1917-1919 жылдар аралығындағы төңкеріс жылдарында «Алаш
қозғалысының» белді қайраткерлерінің біріне айналады. 1919 жылы
Кеңес Үкіметі жағына шығып, жаңа қоғам құру ісіне белсене атса-
лысады.
1920 жылы Орынборға ауысып,
Қазақстан автономиясын
жариялаған құрылтайға делегат болып қатысады. 1921 жылы Се-
мейге қайта оралып, губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, “Қазақ
тілі” газетінің редакторы қызметтерін атқарады.
1922-24 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі, 1924-26 жыл-
дары “Ақ жол” газетінде бөлім меңгерушісі болып істейді. 1926-
29 жылдары Шымкент
педтехникумының оқытушысы, директоры
қызметтерін атқарады.
309
1929 жылғы Алаш қайраткерлерін қуғындаған зобалаң тұсында
Қазақстандағы ұлтшыл саяси ұйыммен
байланысы бар деген жа-
ламен ұсталып, 1931 жылдың 21 сəуірінде жазықсыздан жазықсыз
атылу жазасына үкім шығарылады.
Жазушының алғашқы романы “Қартқожа” 1926 жылы Қызылорда
қаласында басылып шықты. Романда революция қарсаңы мен одан
кейінгі жылдардағы қазақ халқының тыныс-тіршілігіндегі жаңа
өзгерістер кеңінен көрсетілген.
Жүсіпбектің қалам қарымының
айқындауышы іспетті ең
іргелі туындысы – “Ақбілек” романы. Ол алғаш “Əйел теңдігі”
журналының 1927, 1928 жылғы бірнеше сандарында жарияланды.
Жазушының көзі тірісінде жеке кітап болып басылып шыққан жоқ.
Ж. Аймауытовтың тағы бір көлемді туындысы “Күнікейдің
жазығы” повесі – əйел теңсіздігі тақырыбына жазылған. Бұл шығарма
алғаш “Жаңа əдебиет” журналының 1928-1929 жылдардағы бірнеше
санында жарияланды.
Ж. Аймауытов драматургия саласында да елеулі еңбек етті. 1917
жылы жазылып, 1926 жылы Мəскеуде басылып шыққан “Қанапия-
Шəрбану”, 1925 жылы Ташкентте басылып шыққан “Ел қорғаны”,
т.б. пьесалары бар. Жазушы-драматургтың бұл саладағы үлкен
туындысы 1926 жылы Семейде басылып шыққан “Шернияз” дра-
масы. Өлеңмен жазылған бұл драма қазақтың ақиық ақыны С.
Торайғыровқа арналған. Кеңес тұсындағы қазақ зиялыларының екі
айырық жолға түсуі, жаңа зиялы қауымның қалыптаса бастауы –
бұл шығармаға арқау болған тақырыптың негізгі өзегі.
Жүсіпбек Аймауытов – өзінің аз ғана ғұмырында артына мол
мұра қалдырған шын мəніндегі классик жазушы, қоғамдық өмірдегі
өз орнын айқындай алған қайраткер, ірі азаматтық тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: