Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет126/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Келші бері,
Сүйші мені,
Суырылсын көмейім.
Сүй, құшақта,
От құшақта
Есім ауып өлейін! –
деп аяқтайды. Қандай жарасымды ұқсастық! Бернияздың “Жорықтан 
соң” өлеңінен Мағжанның “Жарыма” өлеңінің, “Гүлəндамғадан” 
“Гүлсім” мен “Сүй, жан сəулемнің” жаңғырығы сезіліп, Мағжанды 
еліткен сезімнің сыңғыры естіліп тұрған жоқ па?! Жай еліктеу 
емес, өзіндік өрнегін тапқан еліктеу бұл. Өлеңдегі өлімді шақыру 
25–853


378
– ерке ақынның махаббатының өлшемі іспетті – отты сезімінің 
өміршеңдігінің белгісі.
Махаббат лирикасының кейбір жағдайда басқа əуенге көшіп, жаңа 
сарын табатындығын дəлелдейтін шығарманың бірі – Бернияздың 
“Ауырғанда” деген ұзақ өлеңі. Бұл өлеңге автор өзі сырқаттанып 
жатқан кезінде ғашық жары қасына келгендегі қуанышы мен шаттығын 
арқау еткен. Сонан соң адами достықтың қасиеттерін, аурудың аза-
бын, жалғыздықтың тақсіретін термелеп өтеді. Қайғы шеккен сүйген 
жардың шарасыз кейпін көзден өшпестей, көңілден кетпестей етіп 
суреттейді. Өлең соңында ақын алас-күлес сəттің толқынысынан бо-
сап, салмақты қорытынды жасап, салиқалы ой түйеді: 
…Жар да қалар, жыр да қалар, жыл өтер,
Жыл артынан жылдар қуып тез жетер.
Жыл жиналып дəуір боп, дəуір өмір боп,
Өткен өмір, өшкен жанға кім жетер?
Құрбы-құрдас, дос жарыңнан кім қалар?
Күн де азайып, төмпешік боп көрді алар.
Өмірім өтсін, үнім өшсін, мейілі,
Мəңгі солмас “гүлім” менің – жыр қалар.
Бернияздың адами тірлік-тынысының, азаматтық рухани 
болмысының шындығы, осы.
Б. Күлеев – шындық болмысты, оның нəзік тұстарын үлкен 
поэтикалық суреттеулермен беріп, көркемдік бояуын құлпырта, 
əрлендіруге шебер ақын. Табиғат, жаратылыс, өмір құбылыстарынан 
əсерлі штрихтар тауып, оны жанды сурет, бейнелі образбен беруге 
ұмтылады. Оның ақындық қаламынан туған сұлу сурет тасқа басқан 
маржандай боп түседі. Соның бірі – ақынның “Əдемі түн” өлеңі. 
Көркемдік тынысы кең, бейнелі де шымыр суреттермен теңеулерге, 
алмастырулар мен айшықтауларға толы көркем жазылған дүние. 
Суреткерлік қабілеті күшті ақын құбылыстың нəрлі бояуын, өзіне 
тəн өрнегін əрбір штрихы мен деталына дейін дəл де айқын жеткізуге 
күш салады. Түнгі сурет ақын қаламынан былайша өріледі:
Ай сүттей, аспан жалтыр, желсіз тыныш,
Айнала естілмейді ешбір дыбыс.
Ыңыранып анда-санда ойсыз айуан,
Күрсініп, рахаттанып алар тыныс.


379 
Ақынның осы өлең жолдары Абайдың атақты “Желсіз түнде 
жарық ай” өлеңіндегі суретті көз алдымызға əкеледі. Бір-біріне 
ұқсас құбылыс. Екеуінде де қазақ ауылының түнгі көрінісі шебер 
суретшінің қыл қаламынан емес, сөз өнері шеберінің қаламынан жа-
ралып, бір тылсым құбылыстың сиқырлы суреті боп көз алдымызға 
тұра қалады.
Мап-майда аспан беті мөлдір судай,
Қалған жоқ айналада жұлдыз тумай.
Теңселіп тұнық суда шалықтаған
Алтын ай көрінеді аппақ қудай.
Бірінен-бірі жарық сансыз жұлдыз,
Көрсетер көкті көркем бейне күндіз.
Жарқылдап жалаң ойнап жүрген қыздай,
Жалт берер жымың қағып қалдырып із.
Алтын ай – аппақ қу, Жұлдыз – жалаң аяқ жүрген қыз. Бірінен-
бірі өткен жанды суреттер. Төгіліп жатқан жыр жолдарымен бірге 
Бернияз ойы да шалықтап барады. Көкте із қалдырып ағып бара 
жатқан жұлдыз ақын қиялына қанат бітіріп, оны дəл де айнытпай 
жеткізер жанды сурет іздеттірген. Жымың қаққан жұлдызға тең ке-
лер, əрине, сұлу қыз! Жай қыз емес, жарқылдап ойнап, жалаңаяқ із 
тастаған қыз! Əсіресе олардың жалт беріп, жымың қаққан сəттері 
ештеңемен алмастыруға келмес соны сурет. Бұл жерде де ұқсас 
құбылыстар жай теңеу үшін ғана алынбай, қоян-қолтық араласып 
кеткен. Ақын асқар тауды қалғыған арыстанға, алыстан көрінген 
терең жарларды айбатпен аузын ашқан айдаһарға, өзенді ғашық жа-
рын сүйіп, тоят алған ғашық жанға теңеп, өрнегі өшпес сурет жа-
сайды. Өлеңдегі “аспан – мөлдір су”, “ай – аққу”, “жұлдыз - қыз”, 
“асқар тау – қалғыған арыстан”, “өзен – ғашық”, “терең жар – ау-
зын ашқан айдаһар” болып, əрқайсысы өз орнын тауып тұр. Ақын 
қазақ аулының жүрекке жақын, көңілге ыстық түнгі суретінің жан 
терберлік тəтті сəтін сан түрлі бояумен шебер əрлеген. Таныс та 
бейтаныс, қимас та ұмытылмас ыстық сурет! Жанға жайлы түнгі 
шақтың əсем көрінісін ақын былайша аяқтайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет