370
нұржауар” тілекті өзіне-өзі тілеуі, осыны меңзесе керек. “Өзім”,
“Мен” – ақын еркіндігінің – символы.
Бернияз Күлеев – алғашқы өлеңдерінен-ақ бастап өзінің руха-
ни жан-дүниесіне терең үңіліп, жүрек түкпіріндегі құпия сырын
ашып, өзіндік болмысын тануға ұмтылған сыршыл да өршіл ақын.
Өршілдік сарын Б. Күлеев лирикасының ерекше сипаты. Ақынның
дүниетанымы, адам, табиғат, қоғам, өмірге қатысты ой-толғамдары
поэзиядағы оның осы ерекшелігін танытатын тəрізді. Өйткені
Б. Күлеев саяси-азаматтық тақырыпта жазылған өлеңдерінде
көтерілген мəселені, айтылар ойды көңіл-күймен, сол сəттегі
сезіммен астастырып отырады.
Бернияз Күлеев өлеңді негізінен 1913-1914 жылдары жаза
бастағанмен, шығармашылығының ең бір жемісті кезеңі – 1918-
1922 жылдар аралығы. Ақынның өндіріп жазған осы бес жылдық
шығармашылық жолының алғашқысы – 40-қа жуық өлең жазған
1918 жыл. Көңіл-күй сырларын шертетін “Аңқыған гүлдің исінен”,
“Көңіліме”, “Қиял сөзі”, “Қайтер едің?”, “Жас жүрегіме”, “Жастық
күнім” өлеңдерін ақын 1918 жылы жазған. Бұларда Бернияз
лирикалық қаһарманның сыршыл-сезім күйін көркем бейнелеу-
ге ұмтылады. Ақынның адамның нəзік сезімін жеткізуде қаламы
ұшқырлана түскенін аңғару қиын емес. Өлеңдерінде ой мен сезім
тоғысынан бейнелі сурет жасап, шеберліктің қыр-сырын жете
меңгере бастаған сыршыл ақын, көркем образдарға жан бітірер шы-
найы суреткер ретінде қалыптасқанын танытады.
Б. Күлеев шығармашылығы үшін жемісті болған 1919 жылы
жиырмаға тарта өлең жазады. Лирикалық кейіпкердің көңіл-күй
сезімдерін білдіретін ”Жүрегің жанып”, “Жырла да зарла көңілім”,
“Неге” өлеңдері ақын лирикасындағы сыршыл, күйшіл сарындардың
көбейе түскенін байқатады. Бұл жыл – ақын жырларының сапалық
тұрғыдан жетіле түскен жылы. Оның ерекше тоқталуға тұратын
өлеңінің бірі – “Жырла да зарла көңілім”.
Достарыңызбен бөлісу: