Мұңың, зарың, білем бірге,
Бірге екеуіміз жылайық,
Қарық болсын жауыз дүние,
Көз жасымен бұлайық.
Бізді естіп келсін жел де,
Зарын бізге естіртсін.
Зарласын да ерсін бізге,
Жердің жүзі естісін.
Ойла, мұңдан, жырла, долдан,
Қызғанбалық, өтсін күн.
Сенсіз, менсіз, желсіз, жырсыз
Бұл жалғанның көркі кім?
“Жас теректің жапырағы” өлеңінен жаратылыспен жанын жана-
стырып тазартқысы келген ақынның пəк табиғатын танимыз. Осы
өлеңнің əр жолы ақын жанының нəзіктігін, нұрлылығын танытады.
Ақынның ендігі бір топ өлеңі өлім мен өмір, ақын мен тағдыр
арпалысына бағышталған. Соның бірі “Алшы, тəңірім, алшы, ал!”.
Бұл өлеңде бірқарағанда жалғыз қалу, жүрекке қан толу, жұлдызы
сөну, ерке көңілі мұң құшу, шабытты жыры – зарға айналу сияқты
сынық көңілдің торығуы басым секілді. Алайда Мағжанның
“Мені де, өлім, əлдиле” өлеңімен сарындас болып келетін мұндай
өлеңдерінде ақын қайғы-мұңға батудан көрі, биік рух күшін таны-
тады. Мұнда болашаққа деген сенім бар. Сондықтан бұл өлеңнің
бүкіл болмысында күйректіктің белгісі жоқ.
374
Берсең ертең жаңа жан,
Жаралайын жаңадан,
Жарқырайын жанайын…
Немесе:
Отты жүрек, жаңа жан
Бер жасаған жаңадан
Қайта тілге келейін.
Жел боп тынбай гуілдеп
Ұшырағанға күбірлеп
Əділдік айтып көрейін.
“Ойла-ойла…” мен “Қараңғы түн, алдымда тұр шам жанып”
деп басталатын өлеңдері де “Алшы, тəңірім, алшы, ал” өлеңімен
сарындас.
“Бернияз өмір мен өлім мəселесін үнемі сөз етіп, олар жөнінде
өз ойларын жасырмай тереңнен толғап отырумен бірге, кейде тура
баспай жұмбақтап кететін мезеттері де ұшырасады”,– дейді ғалым
Ы. Дүйсенбаев. Мұның себебі қандай, оның астарында не жатқаны
қазір бізге белгілі. Өйткені Бернияз – замананың сырын ұққан,
уақытпен үндесе білген ақын. Ол – өмірдің аумалы төкпелі тұсын
тап басқан жан.
Ақын поэзиясының жетістігінің бірі – ақын біткенге ортақ
тақырып – махаббат сезімін өз лирикасында биік өреге көтергендігі.
Бұл тақырып – Бернияз поэзиясының басты желісі. Бұндай
өлеңдерінің тақырыптық сипаты бір-бірімен ұқсас. Бірақ басқа
ақындарға қарағанда Бернияз бұл тақырыпты ерекше бір шабытпен,
асқан шеберлікпен үйіріп, жүрек қылын тербете жырлайды. Бұл
тұрғыдан алғанда өз тұсындағы ақындардан оқ бойы озық тұрады.
Əрине, Мағжаннан басқа.
“Таң алдында” өлеңінде ақын лирикалық қаһарманның
жүрегіндегі махаббат, сүйіспеншілік сезімдерін табиғаттың əсем
де сұлу сырлы суретімен астастырып жеткізген. Таң алдындағы
тамылжыған сұлу табиғат, көктегі жұлдыздардың бірінен соң
бірі сөнуі, ару айдың батып бара жатуы, жасыл мақпал жамылған
жердің тыныштықта тыныс алуы бəрі-бəрі тоғыса келіп, ақынға
қимастық бір сезім сыйлайды. Сол сезімнен сұлу жыр туады. Ақын
көкірегіндегі тəтті қуаныштың алауы шығыстағы таң шапағының
арайымен астасып, жүректен құйылған, сөзбен салынған сұлу да
ғажайып сурет түседі өлең жолдарына.
375
Көк жиегін қызыл алтын қаптады,
Аспан бетін алсұр сəуле аптады.
Желсіз түнде жымыңдасқан жұлдыздар,
Көрінеді кəміл тегіс батқаны.
Ойды қозғап, бойды алады таңдағы,
Бозторғайдың жүз құбылған сайрағы.
Ішке түскен ыстық жүрек дертімен,
Қайғы-зарды қоздатады қайдағы.
Түн мен Күннің алмасар сəтіндегі табиғат құбылысына куə боп,
екі ұдай күйге түскен ақын əсем көрініске елжірей тұрып, жүрек
түкпіріндегі сезім қылын шертеді. Сүйгені ойға оралып, махаббат
отына күйіп жанған жас жүректі бір мезгіл күдікті ойлар мазалап,
алып ұшқан көңілді мұң торлайды. Əйтседе, əсем түн, атқан таң,
күлімдеп келген күн, табиғаттың осы бір өзгерісі ақын жүрегіне
қуаныш құйып, жігер бергендей. Серпіліп кетіп, серт бергендей
болған лирикалық қаһарман сүйгенінің жанын түсінеріне сенім ар-
тады.
“Шын сұлуға” деген өлең ғашық жарға деген ұлы сезімді аялауы-
мен əсерлі. Сүйген жүректің ыстық ықыласы мен отты сезімін паш
ететін көтеріңкі көңіл күйге құрылған əсем лирика – бұл. Ақын бір
сəт сүйіктісін ұжмақтағы хор қызы, періштелерге теңеп, небір асқақ
теңеулер арқылы барша жаратылыс пен ғаламды оған бас игізіп, та-
мансандырып, табындырып қояды. Ақын үшін сүйіктісі – ең таза, ең
пəк жан, үлкен құдірет.
Достарыңызбен бөлісу: |