Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Ақынның эпикалық жырлары



Pdf көрінісі
бет130/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

13.3 Ақынның эпикалық жырлары
Бернияз Күлеевтің өлең сөздің шебері, керемет лирик ақын 
екендігі қандай талассыз болса, оның ірі эпик ақын екендігі де еш 


388
күмəн туғызбайды. Ақын шығармашылығының осы бір қырына, 
яғни өмір құбылысын, қоғамдық өзгерісті мейлінше молынан 
қамтыған кең көлемді дүниелеріне кезінде жеткілікті түрде назар 
аударылмады. Мұның екі түрлі себебі бар. Біріншіден, ақын поэма 
жанрының қыр-сырын енді меңгеріп, биікке қанат қаға бастаған 
тұста өмірмен қош айтысып, талай-талай толғаулы дүниелерін 
өзімен бірге ала кетті. Екіншіден, қысқа ғұмырында жазған азды-
көпті көлемді дүниелерінің кейбірі аяқталмай, біттіге саналғандары 
ақынның қайта бір қарауынан, уақыт тезінен өтпей қалды. Яғни 
бір қайнауы ішінде сияқты дүниелер болып саналды. Міне, осы бір 
жағдайлар ақынның эпикалық жанрдағы туындыларына селқостау 
қарауға əкеп соқты.
Ал шындығына келсек, ақын бұл жанрда да табысты əрі 
қызығарлықтай еңбек еткен. Əрине, Бернияз Күлеевтің поэмала-
ры мүлде сөз болмады, ол туралы пікір айтылмады десек, артық 
айтқандық болар еді. Бернияз поэмалары туралы зерттеуші-ғалым 
Əнуар Дербісалин біраз құнды пікірлер білдірген. Бірақ түбегейлі 
зерттеген арнайы еңбек жоқ екендігі шындық. Сондықтан да біз 
ақын поэмаларына арнайы тоқтап өткенді жөн санадық. Ақынның 
бізге жеткен төрт поэмасы бар. Олар: “Жорық”, “Жердің жүзі жаз 
еді”, “Қайда екен?”, “Гүл” (“Жындымын ғой, кейде қаным таси-
тын”). Соңғы туынды аяқталмай қалған.
Бұл поэмалар – Бернияздың ойы жүйрік, қаламы жүрдек ар-
налы өзен іспетті құлашын кеңге жайған эпик ақын екендігінің 
дəлелі іспетті. Оларды ақынның толқынды ішкі сезім-күйдің сан 
құбылысын кеңінен ашқан, оны лирикалық тебіреніспен толғаған 
шынайы лирикалық толғаулар десе де болғандай.
Сол себептен де бұл туындылар өзінше бір көркемдік 
ізденістен жаралған өзгеше дүниелер болып шыққан. Бұл – Бер-
нияз ақындығының ішкі даралық сипатына тəн өзіндік құбылыс. 
Сондықтанда Бернияз поэмалары оның өзіне ғана тəн ақындық ме-
ризм қуатының ерекшелігі мен даралығын айғақтайтын шығармалар. 
Ақынның осы жанрдағы ең көркем дүниесінің бірі – “Жорық” 
поэмасы. Бұл поэма – ақынның ақындық тегереуінін, ішкі иірімге 
терең бойлайтын сезімшілдігін, көркем дүние туғызар суреткерлік 
табиғатын танытатын бірегей туынды.
“Жорық” – Бернияздың туған халқының өткен тарихына шолу 
іспетті шығармасы. Ақын – қашанда халық ұлы. Сондықтанда ол 
ұлтының ұлы арманы бостандықты жырламай, сол бостандыққа 


389 
қол жеткізер ер бейнесін сомдамай тұра алмақ емес. Бұл – ұлы ар-
маннан туған поэма. Ұлтының азаттығын аңсау – ақынды осын-
дай романтикалық шабытқа толы, халық поэзиясының, жыраулар 
толғауының құнарынан нəр алған рухы биік от-жалын жыр тудыруға 
алып келген. 
Ұлы мұратты айқын жырлау үшін ақын өзгеше тəсілге барып, 
ежелгі аңыз-ертегі, эпостық шығармалар үлгісіне бой ұрған. Қырық 
күн ұйықтайтын батыр, белгісіз жау мұның бəрі негізгі ойды жеткізу 
жолындағы шартты нəрселер. Сондықтанда поэма: 
Ер ұйқысы қырық күн
Қыз қылығы қырық түн,
Ояна кетсем жоқ түк үн –
деп басталып, өз бойына дəстүрлі эпикалық жырлардың ең бір 
озық үлгідегі көркемдік тəсілдері мен құралдарын жинақтаған. Бұл 
арада “қырық” санының орнын тауып, қиыса қолданылуы ерекше 
назар аударарлық. 7, 9, 40, т.б. қасиетті сандар қазақтың дəстүрлі 
поэзиясында, жалпы ауыз əдебиетінде, ұлтымыздың ұғымында, 
наным-сенімінде өзіндік орын алады. Жəне əрқайсысының қазақ 
ой-танымында, мəні мен маңызы бар. Мысалы, қырық күн ұйқы 
батырлар жырында көбінесе батырдың алыптығын білдіру үшін 
қолданылып, алып күш иесінің ұйқысы ұзақ болуы керек деген 
ұғымды қалыптастырған. Поэмада ақын батырлар жырының осы 
тəсілін қолданып, ел азаттығы жолындағы күрескерді қырық күн 
ұйқтатып, сонансоң жорыққа шығарады. 
Поэмадағы лирикалық кейіпкердің (батыр) жан серігі – батырлық 
жырлардағыдай семсері мен тұлпары, қанжары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет