Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет123/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Жырла да зарла көңілім,
Сел болып жасың төгілсін.
Естіген ойдан баз кешіп,
Қамығып шындап егілсін.
Жер – аспан бірден қозғалып,
Тау мен тастар жібісін.
Ойлаған ойлар толғанып,
Мұздаған жүрек жылысын.


371 
Рухы биік ақын өлең сөздің эстетикалық құдірет қуатын қатар ұстап 
адам жанының тек жүрекпен ұғынылар тұңғиық тереңіне бойлап, 
əсерлі жырлайды. Ақынның жан сыры дүниенің барлық құбылысымен 
астасып, оның мұңы мен жырына əлем құлақ түргендей.
“Аһ” зарың тегіс аралап,
 Аспан мен жердің арасын.
Орныққан ойды жаралап,
Көңілді қозғап қарасын, -
деген жолдардан біз осыны ұғынамыз. Ақын өзінің түпкі ойының 
жайын былайша білдіреді:
Жырла да зарла, көңілім,
Иеңнің тапсын еркесін.
Еріксіз оны ойлатып,
Өзегін үзіп өртесін.
Жаңылтып өзге тілегін,
Қайрымсыз көңілін жібіткен.
Суық ой, салқын жүрегін,
Шын иітіп жылытсын.
Махаббат оты құлпырып,
Жас жүрегін күйдірсін.
Өзгермес ой мен шын қалып,
Сəулеме мені сүйдірсін.
Жатса да, тұрса, жүрсе де,
Тек жалғыз мені ойласын!
Қайғырып жырлап, күлсе де,
Еркіне зарың қоймасын…
Өлеңдегі жыр мен зар ақынның өз көңілінің сипаты ғана емес, 
ол мыңдаған сол сықылды ғашықтық отына өртеніп, сүйгенінің жы-
луына бөлене алмай зарлап тұрғандардың зар мен мұңы. Ғашығына 
деген нала көңілдің дəрушісі де осы өлең болмақ. Өлең жолда-
рында ақын “қайырымсыз көңіл”, “суық ой”, “салқын жүрек” об-
разды тіркестер арқылы сезім күйлерін шебер жеткізе алған. 
Өлеңдегі лирикалық қаһарманның көздегені – сезімнің күші арқылы 


372
сүйгенінің көңіліне жол табу, оның “қайырымсыз көңілін” жібітіп, 
ыстық сезімнің шуағына бөлену.
Ақынның осы тұста жазылған сырлы сезімге бай өлеңінің бірі 
“Неге?” деп аталады. Мұнда автор өзінің ішкі сезім-күйін сөз ете 
отырып, соған қатысты риторикалық сұрақтар қояды, ғашықтықты 
түсінер жанға жауабы даяр. Сондықтан ақын ештеңені шешіп айт-
пайды. Риторикалық өлең тəсілі шебер қолданылған.
Жұрт жатқан жеті түндерде,
Неге бұл ұйқым келмейді?
Сайраған құстар – үндерге,
Ой неге көңіл бөлмейді?
Жүрегім неге тоқтамай,
Дүріс те дүріс соғады?
Елеулі ойды жоқтамай,
Құлағым нені ұғады?
Күпті көңілдің көп сұрағынан кейін, соңғы шумақ былай 
аяқталады:
Сыр бермес, ортақ шешен тіл,
Айтпайды ашып мəн-жəйін.
Ашылмас езгі ауыр сыр,
Барлығы мұнда дап-дайын…
Айтпай-ақ құрбым білерсің,
Басыңнан талай кешкенді.
Көремін тəуір жүйесін,
Үндемей іштен шешкенді.
Жұмыр келген соңғы түйіннен ақынның айтар ойының мəні 
айқындалып тұрған жоқ па?! Қысқа өлеңде көп жайды аңғартар тыл-
сым сыр бар. Кез келген жастың жанына жол табар, жүрек қылын 
шертіп, сезімін толқытар күш бар.
Ақын өмірі үзілер соңғы жылда (1922) өте бір шабыттана еңбек 
еткен. Секемді көңіл əлденеден шошынып, əлдеқайда асыққандай. 
Отызға тарта өлең жазыпты. Өлеңдегі сарынның да өзгеріске 
ұшырағаны сезіледі. Бұрынғы сыршыл сезімнің орнын енді мұңлы 
күйі басым шерлі өлеңдер баса бастағанын аңғару қиын емес. Бірақ 
шеберлігі ұштала түсіп, қанаты қатайып, шабытына шабыт қосқанын 
байқаймыз. Адамның көңіл-күйін, ішкі сырдың толғанысын терең 


373 
ашуға ұмтылып, оны күйлі мұңмен тоғыстыратын өлеңдер көптеп 
кездеседі. Бұған мысал - “Қапы қалдым”, “Не етер ем”, “Қалау 
беру”, “Жалғыз өзім жат жерде”, “Жас теректің жапырағы”, “Алшы, 
тəңірім, алшы, ал!”, “Жүрегіме”, “Ойла, ойла, ойға тойма”, “Бүгін-
ертең”, “Қараңғы түн, алдымда тұр шам жанып” жəне т.б. өлеңдері. 
Ақын “Жас теректің жапырағы” деп басталатын лирикалық 
өлеңінде өзінің бір сəттік көңіл-күйін, жан толқынысын, жүрегіндегі 
сезімді үлбірете жеткізген. Жас терек – жанды образ. Ақын оны 
адам болмысымен салыстыра көрсетіп, табиғат пен адам бірлігінен 
жақсылық-жамандық, биік арман, зар-нала, толқу-тебіреніс тəрізді 
сан құбылысты тауып, өз қалпының ішкі толғанысын бедерлі бейне-
лей алған. Соңғы бөлігінде ақын өзін сол жас теректің жапырағына 
теңеп, символикалық байланыс іздейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет