Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет131/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

“Семсерім мен тұлпарым,
Жанымда қанды қанжарым,
Қан болған елім, мал-жаным
Таңырқап тұрдым боп аң-таң».
Оның сенері де, сүйенері де осылар. Туған елі мен жұртын, “Ша-
лажансар ғып салған” жауына да, қасиетті жері мен суына да батыр-
лар көзімен қарайды, аңдаусызда жау шапқыншылыққа ұшыраған 
елін батырлық жүрекпен сүйеді. Азат ерін құл етпек болған жауына 
қарсы жорыққа аттанады.


390
Ақынның поэмасындағы өткен заман жырларымен біте қайнасқан 
үндестік ата-баба ерлік рухының жалғастығының куəсіндей. Ақын 
бүгінге өткеннің қайтпас қайсарлығын тілей отыра, оны бүгінмен 
жанастырады. Осыдан келіп ерлік туралы жыр өріледі.
“Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған”,
Жағаға елім сыймаған
Өзен, көлі суалған.
…“Балдырғаны білектей,
Батпауығы жүректей”,
Жоңышқасы жібектей.
Ой-қырымды қан жуған, –
деп атамекенін ақын жыраулар үлгісінде жырлайды. Бұл жырға 
өзгеше сипат береді. Ғасырлар үндестігі көзге ұрып тұрғандай, еш 
жаттығы жоқ. 
Жоғарғы тармақтар мен шумақтардың кіммен үндесіп жатқанына 
бір сəт назар аударайықшы. Құлаққа атойлаған Қазтуғанның, 
елім деп еңіреген Мұраттың үні келмей ме. Бұл солар суреттеген, 
сұлулығына тамсанған Еділ емес пе?
Кейіпкерінің жауын суреттегенде де ақын жырдың суреттеу 
тəсілін қатаң ұстанады жəне ол орнын тапқан тəсіл болып шыққан. 
Мəселен ежелгі жырдың қайсысында да мол орын алатын бір тəсіл 
– жау əскерін сұсты етіп көрсету. Бұл батыр соғысар жаудың осал 
еместігін көрсету, оны жеңіп шыққан батырдың айбынын асырып, 
ерлігіне ерекше сипат беру тəсілі. Ақын осы дəстүрді сақтай отыра 
поэманы жыр рухына мейлінше жақындастыра түседі.
Ұзындығы ұшы жоқ,
Көлденеңі көлдей боп,
Айналасы жалын шоқ.
Қатері жоқ қиырдан.
Болаттан сауыт, сайманы,
Көкпеңбек қылыш, найзалы, 
Алпыс екі айлалы,
Жан-жаққа күзет қойылған.
Шаңырағымды жағып күл қылып,
Ерлерді байлап құл қылып,


391 
Аруды зорлап күң қылып
Жатыр екен жандары.
Ақын кейіпкерінің жауға шапқан кезінде, сол кездегі көріністерді 
суреттегенде де жыр үлгісін ұстанады. Ақын сипаттауындағы 
батырдың əрбір қимылын-ақ халық аңсаған ежелгі ерлер рухы, 
олардың халық санасында қатталып қалған қаһармандық тұлғасы 
елес беріп тұрады.
Жалғыздың жары “өзі” деп,
Құйысқанды қысқарттым.
Екі айылды берік тарттым,
Қалыңға қарай жол тарттым,
Қыруға шеттен бөрі боп.
Мен жазғызбын, дұшпан мың,
Мен жараумын, дұшпан тың,
Шаба алмасам маған сын. 
Ақырын келіп тиістім…
Албастыдай еліріп,
Жалмауыздай емініп…
Күннің көзін басты шаң,
Жердің жүзін басты қан…
Жауына жалғыз шабу, аттанар алдында аллаға сиыну, жа-
уына албастыдай еліріп, жалмауыздай емініп тиісу, осындай 
айқастың нəтижесінде күннің көзін шаң, жердің жүзін қан басты 
деп көрсету – қазақ батырларының ерлігін жырлаудағы ежелден 
қалыптасқан көркемдік шарттар. Ендеше Бернияз ұлт азаттығын, 
оның күрескерлерін жырлаудың қиын кезеңінде өзінің іштен тынған 
ойларын ауыз əдебиетінің үлгісімен пернелей отырып жеткізуге 
тырысқан. Жəне ол тұста əлі де болса бұл тəсіл халыққа өте жақын 
еді. Соны тəсілдерді игеру əлі қалыптаса қоймаған-ды. Ерлік жыр-
лар елдің ұғымына сай болуы тиіс еді. Сондықтанда сол тұстағы 
ақындар осы əдісті ұтымды деп тапты. Б. Күлеев те – солардың бірі. 
Бернияз үшін ертегінің елесіндей батырдың сыртқы тұлғасы, қиялға 
негізделген қимыл-əрекеті емес, оның ұлы арманы, биік рухы қымбат 
еді. Ақын оқырманын лирикалық кейіпкердің ішкі болмысына бой-
латады. Жаңа ізденіске ұмтылыс əлі алда болатын. Мағжан, Сəкен 
ізденістерінің жемісі Берниязға да тəн еді, амал нешік.


392
Өзін ұлтының ұланы сезініп, халық атынан сөйлейтін ақын, 
яки, оның лирикалық кейіпкері заманалар соқпағының сан түрлі 
қияпатынан өткен елінің тəуелсіздікке қол жеткізер болашағына 
сенеді. Сондықтанда ол ұлтының рухымен ұштасып жатқан лирикалық 
кейіпкердің қаһармандық қуатының белгісі мен бейнесін былай береді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет