380
Ай жылжып, жұлдыз ойнап баяғыдай,
Тағы да тың шығармай тұрады түн.
Иə, Б. Күлеев – кестелі тілмен сұлу сурет, бейнелі образ жасаудың
өлең сөздегі шынайы шебері.
Жиырмасыншы ғасыр басындағы əдебиетті
бірнеше бағытқа
бөліп, оларға белгілі бір ақын-жазушыларды жатқызып келеміз. Бір
бағытты қазір діни-ағартушы бағыт, келесісін – ағартушы-демократ,
соңғысын ұлт-азатшыл бағыт деп бөліп жүрміз. Қалай болғанда
да бұл бағыттардың өзіндік ерекшелігі бар екені айқын.
Соңғы
бағыт өкілдері болып табылатын А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М.
Жұмабаевтардың ізін баса əдебиетке келіп, солардың əдебиеттегі
бағытын нық ұстанған жəне одан айнымаған ақынның бірі – Бер-
нияз Күлеев. Ол ел азаттығын өз шығармашылығына арқау етіп,
сол жолдан бір сəтте тайған емес. Ол Мағжанша жырлап, елі үшін
Мағжанша егілді. Нəзік те
сыршыл сезімді жырлай отыра, оны
отты да өршіл сезімге, ерлік күреске нəр етіп, қуат-күш ала білді.
Сондықтан да Бернияз шығармашылығын ХХ ғасыр бас кезіндегі
азаттықты аңсаған азатшыл
поэзияның соңғы жыры еді десек,
қателеспейміз.
Б. Күлеев қиын да күрделі кезеңде өмір сүрді. 1917 жылғы екі
бірдей төңкеріс тек қана көп ұлтты Ресей империясын отқа шарпыған
тарихи оқиғалар болып қойған жоқ, ол шын мəнінде дүние жүзін
дүр сілкіндірген оқиғалар болды.
Оның алғашқысы жалпы демократиялық ұрандарды алға тартып,
адамдардың құқын қорғайтын, əлеуметтік теңсіздікті жоятын жалпы
адами заңдылықтарға негізделген
қоғамдық өзгертулерді ұсынса,
екіншісі оған қарама-қарсы бағытты ұстанып, таптық, диктатуралық
билікті алға тартты. Жалпақ Ресей екіге бөлініп, атыспақ-шабыспақ
басталып кетті.
Міне, ақын осы екі жақ боп шарпысқан əртүрлі ағымдар мен
қозғалыстардың, түрлі дүние танымдарының өліспей-беріспейтін,
ымыраға келмес қанды күресі ұланбайтақ
қазақ даласында шар-
пып, əлі де болашағы бұлдырлау,
белгісіздік тұманы жапқан
алмағайып заман басталған кезеңдерде ғұмыр кешті. Осы зор
көлемдегі оқиғалар мен өзгерістер оның қақ ортасында жүрген
озық ойлы, саналы ақынның поэзиясына əсер етпей қалуы мүлде
мүмкін еместін. Осы тұстағы сан-салалы ойлардан, көңілдің мұңды
күйінен туған “Бостандық күнінде”, “Бұлт”, “1917 жылға” атты
381
лирикалық туындылары бұрынғы өлеңдерден мүлде бөлек еді.
Бұлардың барлығы бостандық тақырыбына арналған болатын. Осы
тақырыпта жазылған “Бұлт” өлеңінде ақын бостандықтан бұрынғы
жайттарды сөз етеді. Мұнда Бернияз іштегі қорқынышы мен күдігін
білдіріп, болашақты бір үміт, бір қауіппен күткендей болады. Бұл
өлеңнің бір ерекшелігі ақын қазақ халқының басындағы ауыр халін,
бостандыққа, еркіндікке сусаған
халықтың жағдайын тура ашық
айтпай, оны пернелеп, астарлап бере білген. Себебі не? Себебі сол,
ақын бұл өлеңінде бостандықтың алғашқы лебін жырына арқау ет-
кен. Оның болашағы бұлдырлау, сенімсіздеу. Сондықтанда ақында
пернелеу басым.
Б. Күлеевтің “Бостандық күнінде” өлеңіне Абай үлгісін, яғни “Сегіз
аяқ” өлеңінің үлгісін алған. Өлеңде ақынның алғашқы бостандық
күнінің
тууына орай ақжарма қуанышы, асқақ көңілі мен толғанған
тебіренісі көрініс тапқан. Өлеңнің асқақ рухы да осында. Ақын
бостандық келіп, ел қуанған күнді ерекше бір шабытпен жырлайды:
Жарық күн туды,
Жер жүзін жуды,
Көктен нұрлар төгіліп.
Ежелгі, ескі,
Ортадан кетті
Етек-жеңі сөгіліп.
Міне, хақтың бергені –
Көздің жасын көргені.
Бостандық күні
Достарыңызбен бөлісу: