Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет128/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Шығатын үні
Қалғандарың келіп тұр.
Бұлт бетін ашқан,
Көктен нұр шашқан
Күнді көзім көріп тұр.
Жүрек жұлқып шарқ ұрып,
Шыдатпайды талпынып.
Ақын жүрегі қуаныштан осылайша жалын болып шалқиды, құс 
боп ұшады. Өткен күнге қаны қайнап, жаны аши келіп, қалың жұрты 
қазағына “Хақтың бергені” құт болуына тілек білдіреді. Б. Күлеевтің 
бостандық тақырыбындағы өлеңдеріне қарап отырып, ақынның 


382
бостандық деп отырғаны таптық түсініктегі бостандық емес, жалпы 
халыққа, ұлтқа деген бостандықпен ұштасып жатқан түсінік екенін 
аңғару қиын емес. Өйткені ол таптың тартып алғаны емес, хақтың 
бергені. Осындай күрделі де қиын, алмағайып кезеңде өмір сүрген, 
ұлтжанды азаматтардың тəрбиесін көрген, Ахмет Байтұрсынов, 
Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов сынды ұлт қамын көксеген 
азаматтардың теңдікке, азатыққа шақырған шығармаларымен 
қанаттанған, ұлт қамын ту ғып көтерген ақыннан басқа түсінікті күту 
мүмкін емес еді. Алаш азаматтарының, “Қазақ” газетінің игі əсері 
арқылы таза ұлтжандылықты ардақтаған ақыннан тапшылдықты күте 
қою қиын. Сондықтан да ақын жырын “атам қазақ баласына” арнады:
Аттасаң алға:
“Оңдасын алла”, –
Біз де соған деселік.
Жаялық құшақ,
Қолға алып пышақ,
Тұсауыңды кеселік.
Атам қазақ баласы,
Қаз-қаз тұрып қарашы?!
“1917 жылға” деген өлеңінде де ақын осы түсінікті одан əрі 
өрбіте, тереңдете түседі. Өлең неге бұлай аталған десек, бұл жыл 
қазақ үшін ерекше жыл. Қазақ жұрты ғасырдан астам уақыттан 
соң алғаш бостандықтың тəтті дəмін татты. Өзінің өзгелермен тең 
екенін сезінді. Ендеше ұлт үшін жан пида деп жүрген Бернияз үшін 
де бұл жыл ерекше. Сондықтан да:
Ардақты жыл, атақты жыл, қанды жыл,
Ұмытылмас жыл, өмірі ұзақ мəңгі жыл.
Теңдік, теңдік – тіршіліктің тұтқасы,
Бірлік, ерік, бостандықпен атқан гүл, –
деп, ақын бұл жылдың қайшылықты да күрделі сипатын, буырқанған 
замана ағымын, дүлей дауылды құбылысын ашып, “ардақты жыл”, 
“атақты жыл”, “қанды жыл” деп мың құбылған бітім-болмысын тап 
басады, нақты ашады.
…Қара күштің жаман ойын тапқан жыл,
Кем-кетікті, кеміс күнде жаққан жыл.


383 
Баулы бұлбұл байлауынан босанып,
Жаңа күннің жарық шамын жаққан жыл…
…Сенде рахат, сенде жеңіс, сенде гүл,
Əлді-əлсіз айырусыз сенде бір.
Тарих беті, жұрт аузында ұмытылмас,
Жылдың жылы, жыл патшасы – сенсің гүл!
Жас ақынның бұл жылдары үлкен ізденіс үстінде болғаны 
шындық. Орынбордағы оқытушылар семираниясында оқып жүріп, 
орыстың, батыстың классикалық поэзиясынан көп үйренген-ді. 
“Жас ақын ел өміріндегі – революцияны құшақ жая қабылдайтынын 
жасырмайды” – дейді, зерттеуші Ы.Дүйсенбаев ақын өмірінің осы 
кезеңі туралы. Дұрыс та шығар. Төңкерістің болашақ кесапатын дəл 
сол жылдары кім ұқты дейсің?! Жүректің қан жылайтыны кейінгі 
жылдар! Оған əлі уақыт бар еді.
Ақынның өнімді де белсенді еңбек еткен жылдарының бірі – 
1920 жыл екенін жоғарыда айттық. Бұл тұста ақын поэзиясының 
көркемдік кестесі əрленіп, өлеңдегі ой өткірлігі, ішкі тебіреніс қуаты 
арта түскен. Осы жылғы өлеңдерге тəн басты бір ерекшелік, ақынның 
азаматтық үні айқындала түскендей. Неге десеңіз, осы жылдан ба-
стап Бернияздың көп нəрсеге көзі жетпегенімен, көңіл толқысынан 
белгі бере бастаған-ды. Сондықтан болу керек өлеңдеріндегі 
əлеуметтік тақырып көбірек көзге шалынады. Ақынның “Алға”, 
“Қу-ларға”, “Заман-ай əніне”, “Жаз”, “Ел ерлеріне”, “А, дариға-
ай”, “Күз”, “Ер жігітке”, “Кім бар?” лирикалары осы сипатымен 
құнды. “Ел ерлеріне” деген өлеңінде ақын қазақтың бұрынғы өткен 
халы, талайсыз тағдырына назар салады. Көңіліне күдік ұялағанда 
ақындар қашанда өткенге үңілері белгілі. Бұл өлең кезіндегі зерт-
теулерде тек таптық түсініктен ғана қаралып, талданылып келді. 
Шындығына келсек, өлең мазмұнына тап теңсіздігі емес, қазақ 
ұлтының теңсіздігі арқау болған. Отаршылардың халыққа əкелген 
кесір-кесепаты, жалпы отаршылдықтың ауыр зардаптары өлеңде 
нақты бейнеленген. Ақын өзі қайырылып отырған Ел ерлерінің есіне 
отаршылдардың зобалаңы мен зұлымдығы, қаныпезер қаталдығы 
мен озбырлығы бас көтертпеген кезең тарихын салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет