– “Проси скорей Степана:
Мужик предобрый он”, - Кот Васька говорит.
“То так; да у него я ободрал барана”, -
“Ну, попытайся ж у Демьяна” –
“Боюсь, что на меня и он сердит:
Я у него унес козленка”
“Беги ж, вон там живет Трофим”,
“К Трофиму? Нет, боюсь и встретиться с ним:
Он на меня с весны грозится за ягненка!”
“Ну плохо ж! Но авось тебя укроет Клим?”,
“Ох, Вася, у него зарезал я теленка!”
Осылайша, бұл деревняда ешкімге береке таптырмаған Қасқырға
Мысық ешкім жасыра алмайтынын айтады. Қорытынды мораль
мысық аузымен былай беріледі:
“И правы, – сам себя вини:
Что ты посеял, то и жни”
269
Крыловтың 30 жолдық мысалын Ахмет 46 жолға өсіріп, еркін ау-
дарады. Жəне мысық пен қасқыр диалогын жалпақ тілді қазақша
сөз қағысу желісінде кеңінен толғап, көсіле баяндайды. Сөйтіп,
мысалдың қазақылық табиғатын байыта түседі. Енді Ахаң мысалы-
на кезек берелік:
“Мысықжан, бұл жердегі жұрттар қандай?..
Айта гөр қайырымды ер бар болса,
Тасалап мені жаудан құтқарғандай”.
“Бара ғой, – Мысық айтты Қоянкөзге,
Жігіт кем ер көңілді онан өзге!
Адамды анау-мынау тоқтатарлық,
Өзінің ебі де бар сөйлер сөзге”.
“Оны қой, - Қасқыр айтты, - ол жасырмас,
Жеп едім бір ту қойын өткен күзде”.
“Барып көр олай болса, Құрамысқа
Адам жоқ жасыруға онан ұста,
Шамасы өзі асқан жақсы жігіт,
Жалғыз-ақ тоны келте, қолы қысқа”.
“Мысықжан, оны да қой, өзгесін айт,
Жеп едім бір лағын былтыр қыста”.
“Иесі анау үйдің Көпберген бай,
Жақсылық, жамандықты көп көрген бай,
Қонақжай, өзі асқан дəулетті адам,
Жатсаң да ауырламас бірнеше ай”.
“Баруға, қасқыр айтты, – жүрексінем,
Оның да қозыларын жеп ем талай”.
Білмеймін сілтерімді енді қайда!
Барып көр Қисықбасқа анау сайда!
Болғанмен, басы қисық, өнері көп,
Əр түрлі табылады онан хайла!
“Мысықжан, оны да айтып, əуре болма,
Жеп едім бір бұзауын өткен айда”.
Мұншама ұзақ үзінді келтіргендегі мақсатымыз – Ахаң
мысалының өзіндік ұлттық бояуын таныту. А. Байтұрсынов мұнда
тек кісі аттарын ғана өзгертіп қана қоймай, оған үлкен мəн-мағына
беріп, Қасқырдың бүкіл болмысын ашады. Қорқауға жақсы да, жа-
270
ман да, жалғыз атты кедей де, мыңды айдаған бай да бір, ақ-қарасын
айырмай залагерлік көрсеткен Қасқырға айтылар үкім де еш күмəн
туғызбайды.
А. Байтұрсыновтың “Қырық мысалы” түгелімен қазақ тілінің
көрігінен өткізілген. Аз сөзбен көп мағына білдіретін ұтымдылығы
да Ахаң мысалынан бой көрсетіп, із тастап отырады. Ақын халқының
тілдік қорындағы бай ұлттық өрнек, көркемдік айшықтарды өлең
оралымдарына түсіріп, ұлттық санаға сай түйіндер, тұжырым-
қорытындылар жасап отырған.
А. Байтұрсынов мысалдарындағы өлең жолдары “бөтен сөзбен
былғанбаған”. Онда араб, парсы, татар тілдерімен шұбарлау мүлде
кездеспейді. Ахаңның жол-жөнекей атқарған ең ұлы мақсаты – ана
тілінің абыройын арттырып, мерейін биікке асқақтату. Сондықтан
да қай мысалды алмасаңыз да онда халықтық тілдің, ұлттық
поэзияның бейнелі бедері, халық даналығының мəйегі – мақал-
мəтелдер, қанатты сөздер айтар ойдың, көркем суреттің, қажетті
детальдің ажарын аша түседі .
Сонымен қатар, А. Байтұрсынов кейіпкерлердің іс-əрекетін су-
реттеуде, баяндауда қазақ тұрмыс-тіршілігіне таныс құбылыстарды
сəтті пайдаланып отырады.
Белгілі бір кейіпкер болмысын ашуда, ауызекі сөйлеуде
қолданылатын тіркестерді ойната отырып, керемет өткір ой айтады:
Құдай да, құран да оған жалғыз қарын,
Сол үшін қара жерге көмген арын(“Сорлы болған мұжық”).
Ахаң мысалдарының тілін сөз еткенде, онда кеңінен қолданыс
тапқан қазақ мақал-мəтелдері мен қанатты сөздерін айтпай ке-
туге болмайды. Олар мысалдардың негізгі бөлімінде де, ғибрат
сөздерінде де орнын тауып қолданылып, кейде тура күйінде, кейде
өлең жүйесінің ыңғайына қарай мəнін сақтап, өзгеріссіз, кейде сөз
орындары ауыстырылып беріліп отырады. “Жазмыштан – озмыш”,
“Алланың адам басы добы…”, “Əлін білмеген əлек”, “Залымдар
айран ішіп, аман кетіп, Момындар тұтылып тұр шелек жалап”,
“Жақсылықты басыңа қыл, Басыңнан асса, – деген досқа істеңіз”,
“Болады асыл таста, өнер – жаста”, “Ұялған тек тұрмайды”, “Біреуге
күлме, келер өз басыңа”, “Сыйға-сый”, “Садаға бастан құлақ”,
“Боларсың дұшпан түгіл досқа күлкі”, “Алды – жөн, адасқанның
деген сөз ғой”, “Нені ексең, соны орасың”, “Өзі тойса, көзі тоймай”,
271
“Аузыңды құрғақ қасық босқа қажар”, “Халық айтса, қалып айтпай-
ды”, “Қанағат азға деген жоққа – сабыр”.
Сонымен қатар, Ахаң өз жанынан жаңа тіркестерді қолданып,
салмақты мағынаны аз сөзге сыйдырып, халық даналығының қадір-
қасиетін аспандата түседі: “Сары жезден саф алтынды айырмай-
тын”, “Досыңнан надан болса, артық дұшпан”, “Пиғылды түзетпейді
дəулет пен бақ”, “Ғылымсыз надан адам соқырға есеп”.
Аударма əдебиетті төл əдебиеттің туындысы, оған қосылған үлес
деп қарайтын болсақ, Ахаң сіңірген еңбек өз алдына бір асқарлы
шың. А. С. Пушкин: “бірде-бір француз Лафонтеннен ешкімді
жоғары қоюға жүрегі дауаламайды, бірақ, меніңше, біз Крыловты
одан да жоғары қоя аламыз. Бұл екеуі өз елінің мəңгілік сүйіктісі
болып қалады. …Лафонтен мен Крылов екі халықтың рухының
өкілдері”, - деп, ұлы мысалшылардың қызметін жоғары бағалаған
еді. Ахмет Байтұрсынов тəржімадан төл туынды тудырған мысалда-
рында қазақ өмірінің, оның тұрмыс-тіршілігінің шындығын, мінез-
құлқының бар болмысын жарқырата ашып, қазақы мысал жасады.
Мысалдағы пернелеу арқылы отандастарына азатшыл ой тастады.
Ендеше біз де оны ешкімнен кем тұта алмаймыз.
Ахмет өз жанынан бірде-бір мысал шығармады. Бірақ мы-
сал сюжеті – негізінен бар халыққа ортақ алтын қазына. Əлем
мысалшылары ежелгі грек мысалшысы Эзоптан бастап бүгінгі
мысалшыларға дейін бір-бірімен тақырып алмасып отырған. Кры-
лов өз мысалдарының 33-ін аударма деп мойындаса, 28-інің сюжетін
француз мысалшысы Лафонтеннен алған екен. Ал Лафонтен – өз жа-
нынан мысал шығармаған, өзіне дейінгі мысалшылардың сюжетін
алып, өзгеше жазған ақын. Орыстың атақты ақыны Жуковский бұл
туралы “Лафонтен, который не выдумал ни одной собственной бас-
ни, почитается, невзирая на то, поэтому оригинальным. Причина
ясна: Лафонтен, заимствуя у других вымысли, ни у кого не займство-
вал ни той прелести слога, ни тех чувст, ни мыслей, ни тех истинно
стихотворных картин, ни того характера простоты, которыми укра-
сил и так, сказать обратил в свою собственность заимствованное”,
– деп түйіп айтып, Лафонтеннің ақындық табиғатын тап басқан.
Осы бір орынды пікірді негізге ала отырып, бізде Ахметтің мы-
салшы ретіндегі ерекшелігінің ең басты қасиеті төл туынды жа-
сай білгендігінде демекпіз. Ахаң Крылов мысалындағы сюжеттік
желіні өз уақытына үйлестіріп, қазақ халқының тағдырындағы
ділгір мəселені көтеруге пайдаланып, “негізгі түпнұсқаға орайла-
272
стырып, көркем ойға ой қосып, суретке сурет қосып, пікірді ұштап”
(Р. Нұрғалиев) таза қазақи төл туынды жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: |