Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. А. Байтұрсыновтың шығармашылық ғұмырнамасы
2. А. Байтұрсынов жəне қазақ əдебиетіндегі ұлт-азатшыл бағыт.
3. «Қырық мысал» жинағының төл туындылық сипаты.
4. Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағындағы идеялық-
көркемдік ізденістер.
5. ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ əдебиетіндегі Ах-
мет Байтұрсынов дəстүрі.
281
10 ТАРАУ
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
(1885-1935)
10.1 Шығармашылық ғұмырнамасы
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ даласындағы күрделі
қоғамдық-əлеуметтік жағдайды өз шығармаларында айқын та-
нытып, қажетті ойды ашып айта білген сөз шеберінің бірегейі
– Міржақып Дулатов. Ол тек əдеби-шығармашылықпен ғана
айналысып қоймай, қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын
өшпес із қалдырған бір туар тұлға, ұлы санаткер, ірі қоғамдық-
саяси қайраткер ретінде де танылды. Сан қырлы дарын иесінің
мол мұрасының ішінде, əрине, əдеби шығармашылығының орны
бөлек-ақ. Əдебиетке өзінің тұңғыш туындысымен “Оян, қазақ!”
деп ұрандата келіп, қазақ əдебиетіне өршіл сарын, тіліп түсер
өткір сөз, ойлы пікір əкелді.
Халқының ой-арманының діттеген жерінен шыққан ақын
өлеңдері талай ұрпақтың жүрегінде жатталып, көкірегінен орын
тепкені анық. Ұзақ жылдар бойы тек қара күйе жағылып, аты ашық
түрде аталмаса да, Міржақып есімі азаматтық пен күрескерліктің
символындай еді. Кейбір əдеби зерттеу еңбектерге сыналай кіріп,
сыналып жатса да, сол шағын үзінділерден-ақ Міржақыптың халық
қасіретін жанымен түсініп, шығармашылығына алтын арқау еткен
жан екені сезіліп-ақ тұратын. Бүкіл ғұмырын елінің бостандығы
мен теңдігі жолында сарп еткен азаматтың шығармашылығымен
кеңінен танысып жатқан бүгінгі шақта көп нəрсеге көзіміз жетіп,
тума таланттың болмысын нақты танығандаймыз.
Ол – қандай бір тақырыпқа жазбасын жəне қай жанрға қалам
сіл те месін өзі өмір сүрген тарихи кезеңдегі қазақ тағдырының
шындығына бойлап, өзекті мəселелерді екшей талдап, өткір көтере
білді. Ақын өз жанын жегідей жеген өткір сұрақтарды алдымен өзі
терең түсініп алып барып, өлеңнен өрілген асыл ойлары арқылы
оқырманға жеткізуге ұмтылады. Сондықтан да ХХ ғасырдың ба-
сында “Əдебиетті ардың ісі” деп түсінген қарымды қаламгеріміздің
көш басшысының бірі – Міржақып Дулатов екенінде дау болмаса
керек.
19–853
282
Міржақыптың қазақ əдебиетіндегі орнын өз замандастары
мейлінше жоғары бағалап, халық үшін еткен еңбегін танып та, та-
нытып та кеткен. Мəселен Мағжанның “Жауға түскен жанға”
(М.Д-ға хат) өлеңіндегі мына жолдар соның нақты айғағы:
Ақыл айттың ұлтына,
“Таста, талас, бірлік қыл!”
Бір шешпедің беліңді,
Жұрт үшін уайым-қайғы жеп…
Келешек күнде қағазға,
Алтынмен жазар атыңды.
Құшақтап сүйер, қағазда,
Көрсе жазған хатыңды.
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада Торғай уезінің
Сарықопа деген жерінде туған. Əкесі Дулат елге беделді кісі болған.
Міржақып алғашында ауыл молдасынан сауат ашып, онан соң
ауыл мұғалімінен оқиды. Міржақыптың алғашқы ұстазы, білімге
құштарлығын арттырған зиялы жан ретінде зерттеушілер Мұхан
Тоқтабайұлының есімін атайды.
Міржақып 1897 жылы Торғай қаласындағы екі кластық орыс-
қазақ училищесіне түсіп, оны 1902 жылы бітіріп шығады. Бұдан соң
оның ұстаздық ғұмыры басталады. Өз бойындағы бұлақтың көзін
ашуға өз бетінше əрекеттеніп, мұғалім бола жүріп, білім көтеріп,
көп ізденеді.
Көзі ашық, көңілі ояу, таланты жас айнала өмірге өзіндік
көзқараспен қарауға тырысып жүргенінде, бұл кезде қазақ зия-
лыларына танымал қайраткер Ахмет Байтұрсыновпен танысады.
Ахаңның ақыл-кеңесін құп көріп, күрескерлік жолға түсіп, елінің
азаттығы жолында қызмет етуге бел байлайды. Міржақыптың
қазақ мұңын жоқтап, қасіреттен алып шығар жолды іздеп
шарқ ұрған тұсы да осы бір кезеңге дөп келеді. Ол 1905 жылы
Қарқаралыда өткен 14500 адам қатысып, петиция қабылдаған
тұңғыш қазақ құрылтайына ұйымдастырушылардың бірі бола-
ды. 1907 жылы Петербургте жалғыз саны жарқ көріп жабылып
қалған “Серке” атты газетте “Жастарға” атты өлеңін жария-
лайды. Міржақып шығармашылығын зерттеуші М. Əбсеметов
осы газеттің екі санынан соң жарық көрмей жабылып қалуын
283
Міржақыптың “Біздің мақсатымыз” атты мақаласымен байланы-
стырады.
1909 жылы Уфадағы “Шарқ” баспасынан “Оян қазақ!” жинағы
жарық көрген соң патша жандармеясының қуғын-сүргініне ұшырап,
1910 жылы Қызылжарға барады. Сонда Мағжан Жұмабаевпен
кездесіп, оның орысша оқуына көмектесіп, ұстаздық етеді.
Аз уақыттан соң жандармеряның қолына түсіп, Семей түрмесіне
қамалады. Онда 1,5 жарым жылдай отырады. Осы тұста татар,
қазақ зиялылары араша түсіп, “Уақыт” газетінде, “Айқап” журна-
лында хабарлама жасайды. Кейін 2 мың сом залог жинаған қазақ
зиялыларының көмегі арқасында еркіндікке шығады.
1905 жылдан басталған қуғын-сүргіннің ауыр жылдарын ба-
сынан өткере жүріп, М. Дулатов шығармашылықпен айналысуын
тоқтатпайды. 1910 жылы Қазаннан “Бақытсыз Жамал” романын,
ал 1913 жылы Орынбордан “Азамат” өлеңдер жинағын, 1915 жылы
“Терме” деген əдеби-публицистикалық кітабын шығарады.
М. Дулатовтың азаматтық тұлға ретінде, əрі шығармашы-
өнерпаз, көсемсөзші ретінде қалыптасуына “Қазақ” газетінде Ах-
мет Байтұрсыновпен тізе қоса еңбек еткен жылдар өте жемісті
болды. Газет бетінде ол өзінің азатшыл сарындағы қазақ халқының
əлеуметтік-саяси өміріне қатысты көптеген мақалаларын жəне
туған халқы туралы толғамды ой-пікірлерін жариялап отырды.
1913 жылдың 2 ақпанынан басталған бұл творчестволық бірлік
ғұмыр бойғы жарасымдылыққа ұласып, олар адами тұрғыдан да,
шығармашылық-идеялық тұрғыдан да араларына еш уақытта жік
түсірмеді.
1917-1919 жылдар аралығындағы аласапыранда да қанаттаса
жүріп, олар ел теңдігін аңсаған “Алашорданың” көрнекті
жетекшілері болды. Кейін Кеңес өкіметі жағына шыққан соң, М. Ду-
латов ел игілігі жолында еңбек етуден еш аянған жоқ. Ол қашанда
халықпен біргемін деген нық шешімінен еш тайған емес.
Кеңес тұсында Міржақып баспа орындарында, “Ақ жол”
газетінде, “Қазақстан мемлекеттік баспасында”, “Еңбекші қазақ”
газетінде əртүрлі əдеби қызметтер атқарады. Бұл жемісті еңбек жыл-
дары ұзақ бола қоймай, отаршылдық кезеңінде халқының азаттығы
жолындағы күресі үшін қудаланған Міржақып, Кеңестік қызыл
империяға да жақпайды.
1928 жылдың аяқ шенінде Қазақстанда бұрынғы “Алашор-
да” қайраткерлерін қудалау басталады да, оларға кеңеске қарсы
284
əрекеттер ұйымдастыруды көздеп жүр деген сенімсіз жалалар жа-
былып, солардың бірі ретінде М. Дулатов қамауға алынады. 1930
жылдың апрелінде ОГПУ коллегиясының шешімі бойынша ату жа-
засына кесілгенмен, кейіннен кенеттен Кеңестің “көңілі жібіп”, үкім
он жылға абақтыға қамау жазасымен алмастырылады.
Табиғатынан алымды да іскер Міржақып тұтқын болып жүріп те,
ел үшін қызмет істеуден бір танбайды. Сонда жүріп фельдшерлікке
үйреніп, өз ісінің мықты маманы болып шығады.
Түрмеде жатқандарға, əсіресе өз ұлтының өкілдеріне қолының
шипасымен де, жанының дəруімен де көмек көрсетеді. Сөйтіп
елге септігімді тигіземін деп жүріп, айықпас ауру жұқтырып алып,
1935 жылдың 5-ші қазанында Ақтеңіз – Балтық каналы бойында
орналасқан станциясында лагерьдің лазаретінде қайтыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |