ліктері, табиғат, зат, жағдай, тұрмыс-салт бейнелері т.б.) саралай келіп,
меңгерту жолдарын әдіс-тәсілдерін кӛрсетеді.
1
Әдебиетті оқыту әдістемесінде
қалыптасқан әңгіме әдісінің жүргізу тәсілдеріне тоқталған әдіскер
шығарманы оқи отырып талдау жасауды ұсынады. Кӛлемі жағынан шағын
шығармаларды мұғалімнің ӛзі түсіндіріп, тиісті жерінде мәтіннен мысал оқи
отырып талдайтынын айтады. Әрине, ӛткен уақыт үдесіне жараған бұл
әдістер бүгінгі талап деңгейінде оқушыны дамыту ӛрісінің шектеулі,
оқушының белсенді ойлауына ықпал етпейтінін байқатады.
Шығарманың идеялық бағыты мен образдарын талдауда А.Кӛшімбаев
дара, салыстырмалы және кейіпкерлерді топтау түрінде мінездеме беру
тәсілінің тиімділігін айтады. Әдіскер образдық талдауда бірнеше элементтің
маңыздылығына тоқтала отырып, ӛзіндік белгілерін саралайды:
Бірінші белгісі - кейіпкердің әлеуметтік тегі, қоғамдық ортасындағы
орны.
Екінші белгісі - қоғамдық, үй-ішілік тұрмысы, дүниеге кӛзқарасы, әдет-
ғұрпы.
Үшінші қосымша белгісі ретінде - кейіпкердің келбеті, тұлға-тұрпаты,
мүсіні, сӛз сӛйлесі, іс-әрекетіне байланысты берілген табиғат суреттері,
тілшілік жағдайлары.
Тӛртінші белгісі - кейіпкердің ӛмір шындығынан жинақтап, түйіндеп
кӛрсеткен бейнесі, жазушының идеялық кӛзқарасы.
Бесіншіден, мінездеме мен сипаттаулардың ӛзара байланыстылығы деп
кӛрсетіледі. М.Әуезовтің «Бүркітші» әңгімесіндегі Бекболға берілген
мінездемеде әдіскер кейіпкердің бірнеше ерекшелігін санамалап кӛрсетеді.
1
Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., Мектеп, 1969. -96 б.
112
Олар: пішіні, киімі, тұлғасы, кәсібі, қырағылығы, мінезі, зеректігі, сақтығы,
байқағыштығы, тапқырлығы, жүректілігі, айлакерлігі, сабырлылығы, ұстам-
дылығы, қайсарлығы, тұрмыс қалпы, патриоттығы, сауаттылығы, саяси
білімі.
Әдіскердің талдау бағытында жазушы қолданған образ сомдаудың
кӛркемдік тәсілдері араласып кеткен. Әдіскер атап отырған кейіпкердің
тұлғалық қасиеттерінің дені (қырағылығы, мінезі, зеректігі, сақтығы,
байқағыштығы, тапқырлығы, жүректілігі, айлакерлігі, сабырлылығы,
ұстамдылығы, қайсарлығы, патриоттығы, сауаттылығы, саяси білімі)
жазушының мінездеу тәсілі арқылы беріледі. Кейіпкердің іс-әрекеті мен
портреті арқылы анықталатын белгілері де бар. Талдау бағытындағы
жазушының образ сомдаудағы әдіс-тәсілдерін бағдарға алмау, оқушыны
жалпылама баяндауға, мәтін оқиғасын түсіндіріп айтып шығуға соқтыратыны
тәжірибеден байқалып жүр. Әрі бұл жалпылама сипаттау бағыты мәтін
талдауда жүйесіздікке алып келеді.
Әдіскер
шығармадағы
пейзаждың
қызметінің
әралуандығын,
шығарманың сюжеттік, композициялық талдауларының маңыздылығын айта
отырып, композициялық талдаудың үлгі жоспарын ұсынады. Әдіскер
мектепте шығарманың композициялық тұтастығын таныту, жекелеген
бірліктерін таныту мектеп практикасына еркін енгізілмей келе жатқандығын
орынды ескертеді. Шығарманың сюжеттік, композициялық талдаулары
жоспар құру арқылы шығарма жеке бӛліктерге бӛлумен шектеліп келе
жатқандығы рас. Бұл бағытта әдіскердің шығарма композициясын талдауға
ұсынған үлгі жоспары қуаттарлық. Шығарманың тілдік ерекшеліктерін
танытуда әдіскер шығарма тілінің образ жасаушылық және түйіндеп
кӛрсетушілік, кейіп жасаушылық, идеялық, эмоциялық қуатын ерекшелейді.
Әдіскер шығарма тілін талдау бағытында сӛздерге түсініктеме беру,
мазмұндау, мәнерлеп оқу жұмыстарын атайды. Бұл аталған жұмыс түрлері
мәтіннің тілдік ерекшеліктерін еркін аша алмайтыны белгілі.
Әдебиеттік оқудағы талдау жұмысы жеке шығарманың мазмұнын
тануға бағытталады. Ал тарихи курста автор мен жанр, тарихи жеті т.б
мәселелерге қатысты жүргізіледі. Негізінен талдауға нысан болатын шығар-
маның ішкі-сыртқы етекшеліктері:
1.Тақырыбы мен идеясы.
2. Басты образдары, характер, тип, оларды сомдаудағы композициялық
құрылым.
3. Шығармадағы ұқсас образдар табиғаты, олардың бас кейіпкермен
қарым-қатынасы.
4.Образдар жүйесі арқылы шығармадағы тартыстың кӛрінуі, айқын-
далуы.
5. Шығарманың композициялық құрылымы, олардың формалары,
қызметі (пролог, эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, портрет, диалог, монолог
т.б.).
6. Шығарманың сюжеті.
7. Шығарма тілі (баяндау, афоризм, мақал-мәтелдер).
113
8. Шығармадағы кейіпкер тілі (диолог, монолог, полилог).
9. Шығарма жанрлары.
10. Жазушының стилі, кӛзқарасы.
11. Дәстүр мен жаңашыл кӛзқарастары мен идеялар.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі саласында әдіскер-ғалымдардың
кӛркем шығарманы мектепте талдай отырып оқыту мәселелерін арнайы сӛз
еткен Т.Ақшолақовтың «Кӛркем шығармаға талдау жасау» (1983),
«Шығарманың кӛркем айшықтарын таныту» (1998), Қ.Бітібаеваның
«Әдебиеттегі оқытудың тиімді жолдары» (1990), Қ.Алпысбаевтың «Кӛркем
шығарманы талдау» (1995) атты т.б. оқу-әдістемелік құралдары,
Б.Смановтың «Мектепте кӛркем шығарманы талдаудың ғылыми-әдістемелік
негіздері» (2010) атты ғылыми-әдістемелік еңбегі жарияланған. Дегенмен,
шығарманы мектепте сыныптар бойынша талдау жұмысын жетілдіре түсу
қажеттігі танылуда.
Әдебиетті оқыту әдістемесі тәжірибесінде кӛркем шығарманы талдауға
нысан болып жүрген бірліктерді жинақтап айтайық. Кеңес мектебі тәжірибесі
мен отандық әдіскерлердің әдістемелік оқулықтарын шолу барысында кӛркем
шығарманың әр тарапты талданып жүргенін байқауға болады. Олар: образдар
жүйесіне қарай талдау, сюжеті мен композициялық құрылымына қарай
талдау, кӛтерген басты проблемасына қарай, қамтыған жанама мәселелеріне
қарай талдау, шығармадағы кӛтерілген басты тақырыпты, шығармадағы
кӛтерілген ӛзекті ойды айқындау, сол ойды ашудағы қаламгер тәсілдерін
саралау, кӛркемдік ерекшеліктеріне қарай, шығармадағы кӛркем компонент-
терге қарай талдау, тіл ерекшеліктеріне қарай талдау т.т.
Кӛркем мәтінді қай тұрғыда талдау керектігі кӛбіне мұғалімнің
кӛздеген мақсатынан туындап жатады. Тек ескеретін бір мәселе талдаудың
бағыты мен бағдары шығарманың ӛзіндік ерекшелігінен туындайтын-
дығында. Кез келген шығарманы композициялық құрылымына қарай
талдауға болғанымен, сюжеттік талдау тек эпикалық шығармаларға ғана
жүргізіледі. Ал тақырыптарына қарай талдау кӛлемді шығармалармен ғана
жүзеге асады.
Ал әдебиеттану саласында талдаудың мұнан ӛзге түрлері де еркін
қолданылып жүр. Олар:
– әлеуметтік талдау;
– проблемалық талдау;
– теориялық талдау;
– герменевтикалық талдау;
– кӛркем деталь арқылы талдап тану;
– символ арқылы талдап тану;
– дискурстық талдау;
– поэтикалық талдау;
– стильдік талдау т.б.
Әдебиеттану саласында қолданылып жүрген бұл талдау түрлерінің
кейбірін әдебиетті оқытуда қолданудың да мүмкіндігі мен тиімділігі мол.
Солардың бірер түріне тоқталайық.
114
Мектепте әдебиет теориясынан талдау жұмыстары арнайы жүргізіл-
мейді. Кӛбіне мектеп бағдарламасында ұсынылған ұғымдар ғана әдеби
шығарманың ығында қоса меңгерілуі міндеттеледі. Алайда әдебиет
теориясымен қаруланбайынша, кӛркем әдебиетті жете түсіну қиын әрі
мәтінді сауатты талдау да мүмкін емес. Мектеп тәжірибесінен байқалатыны
оқушыларымыз мәтін талдауда теориялық білімнің тӛмендігінен шығарма-
ның кӛркем компоненттерін тауып, жүйелеуге, кӛркемдік тәсілдерді
саралауға шорқақ. Кӛбіне мәтінді баяндауға бейім келеді. Шығарманың
кӛркем компоненттерін талдау бағытында әдістемелік еңбек жазған әдіскер
Т.Ақшолақов та мәтіндегі кӛркем компоненттерді терең тану үшін сыныптық
сағаттардың жетімсіздігін орынды ескертеді.
1
Сабақ барысында әдеби-
ториялық ұғымдардың анықтамасын айтқанымен, сол айтылған кӛркемдік
тәсілдерді мәтіннен табу, сол кӛркемдік құралдың қызметін тану машығы
қалыптаспай келеді. Сондықтан әдеби жанрлардың ерекшелігін, образ,
образдылық т.б теориялық ұғымдарды тануда, әдеби мәтінді талдауға қажетті
әдебиет-теориялық құралдар туралы арнаулы сағаттарда теориялық талдау
сабақтарын ұйымдастыру қажеттігі байқалады. Белгілі бір шығармалар
шоғырын немесе монографиялы оқылатын шығармашылық тұлғаларымызды
оқытқаннан кейін теориялық талдау сабақтарын қоюға болады. Теориялық
талдау сабақтарын сыныптан тыс ұйымдастыруға, оқушының ӛздік
жұмыстары мен әдеби жобаларына нысан ету де оқушының әдебиеттану
ғылымына ынтасын кӛтеретін амал деп танимыз.
Ал стильдік талдауды әдебиет сабағында жүргізудің мүмкіндігі мол.
Стильдік талдау әдебиет пәні мен қазақ тілі пәніне ортақ нысан болып
есептеледі. Стильдің пәнаралық байланыстылығы бұл бағыттағы жұмысты
жан-жақты жүргізуге жағдай туғызады. Қазақ тілі сабағында стильдік
түрлерін жақсы таныған оқушы әдеби стиль ерекшеліктерін саралауда
қиналмаса керек. Қаламгердің стилін таныту монографиялы оқуда оңтайлы.
Бұл бағыттағы сыныптық, сыныптан тыс немесе оқушының жеке бағы-
тындағы талдау жұмыстары олардың ізденімпаздық әлеуетін, тілдік қорын,
сӛйлеу мәдениетін кӛтеруге септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |