137
қолдап «Жарайсың, ӛз жазғаныңды оқы, сенікі жақсы екен» деп құлшындыру
керек. Осы әдісті қанша рет мұғалімдер мен оқушылар қолданса да, идеялар
мен пікірлер әртүрлі болады.
Келесі бір тиімді әдіс – «Аялдай отырып оқу». Бұл әдісті кӛбіне орта
буын сыныптарда қолданған тиімді. Әсіресе 45 минут ішінде оқып, мәтін
бойынша жұмыс жүргізуге мүмкін болатындай кӛлемдегі шығармаларды
таңдап алған жӛн. Әдетте орта буын сыныптарда әдеби мәтін үйде
оқытылады. Әдебиет пәні бағдарламасына енген прозалық мәтіндер кӛбіне 2-
3 сағат кӛлемінде оқытылады. Солай бола тұра кейбір прозалық шығар-
маларды үйде оқығаннан гӛрі сыныпта оқытқан тиімді. Себебі мектеп
бағдарламасындағы мәтіндердің ішінде тілі жағынан, композициялық
құрылымы жағынан күрделі болып, оқушының ӛздігінен оқығанда
мағынасын бірден түсініп, мазмұнды игере алмайтын мәтіндер де бар. Ондай
шығармалар қатарына 7-сыныптағы Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы»,
Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау», М.Әуезовтің «Кӛксерек» сияқты шығарма-
ларын жатқызуға болады.
«Аялдай отырып оқу» әдісінің тиімділігі оқушыға мәтінді мағыналық
бӛліктерге бӛле отырып оқытып, әр бӛлік сынып бойынша оқылғаннан кейін
талқылау, мағынаны айқындай түсу тәсілдері жүргізіліп отыратындығында.
Сонда мәтінді оқығанда жете түсіне алмайтын оқушылар талқылау кезеңінде
шығарма мазмұынын игере түседі. Мәтінді бӛліктерге бӛлуде мұғалім
шығарманың композициялық құрылымын ескерген орынды. Мысалы:
Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңімесін келтірейік: Әңгімені оқиға желісі
мен композициялық құрылымына қарай тӛрт бӛлікке бӛлген тиімді. Бірінші
бӛлік шығарманың басынан
«Жылқының денін бӛліп әкеттік-ау, деймін.
Тӛңкеріліп айдатпай келеді. Анда-санда енесінің бауырында шұрқыраған
құлын-тай қақтығып құлап, қалып та келеді...» деген тұсқа дейін белгіленіп
алынды.
«Бірінші аялдамада» талқылауға бірнеше сұрақ ұсынылады. Бірінші
бӛлік оқылғаннан кейін сыныпқа мәтін мазмұнын меңгергенін анықтау
мақсатында тӛмендегідей сұрақ-тапсырмалар қойылады:
1.Әңгімені баяндаушылар кімдер?
2.Жалпақ балуан жорыққа қандай мақсатпен аттанды?
3.«Жігіттер, тӛс айылды бос, артқы айылды аямай тартыңдар...» деген
сӛздің мәні қандай?
4. «Манадан оты ӛзегіме ӛтіп келе жатқан қыз, содан кейін арқама
жабысқан кӛлбақаға ұқсап сұп-суық болып сала берді...» дегенді қалай
түсіндіңдер?
Сұрақ бойынша талқылау аяқталған соң оқушылар екінші бӛлікті оқуға
ойысады. Екінші бӛлік: «...
Жылқының жатқан жерінен жарты кӛш шыққан
Достарыңызбен бөлісу: