А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Оқытудың жаңа технологияларының философиялық негізі



Pdf көрінісі
бет60/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (3)

Оқытудың жаңа технологияларының философиялық негізі.
Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағыт-
талған жаңа білім жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Білім парадигмасының 
ауысуы ӛзге педагогикалық әлеует, ӛзге қарым-қатынас, ӛзге құқықтар мен 
әдіс-тәсілдер, басқа мазмұн ұсынары белгілі. 
Білім беру жүйесі мазмұн жағынан ӛзгеріп келеді. Олар:
– Оқушылардың ақпараттарды игеру, талдау қабілетін дамыту, қажетті 
ақпаратты тауып, тиісті мүддеде қолдана алу құзіретін дамыту; 
– Ақпаратарды игерудің дәстүрлі тәсілдеріне (ауызша және жазбаша 
сӛйлеу, аудио құралдар) компьютерлік оқыту құралдары, Е-Learning жүйесі 
қосылуы;
– Педагогикалық үдерістің маңызды құрамы - оқытушы мен оқушының 
жеке-бағытталған байланысын орнату; 
– Жеке тұлғаның рухани тәрбиесіне, адамгершілік қасиетке бай тұлға 
қалыптастыруға баса кӛңіл бӛлу; 
– Білім факторларының әрі қарай интеграциялануы кӛзделеді: мектеп, 
отбасы, микро және макросоциумға бағытталу; 
– Ғылымның қоғамдық білімге пара-пар боларлық педагогикалық 
технологияны құрудағы рӛліне басымдық берілуде.
Дәстүрлі білім жүйесіне елеулі ӛзгеріс енуде. Білім беру ұстанымдарын 
жақсарту бағытында білім жүйесіне жаңа сипат берілуде. Атап айтар болсақ:
– Есте сақтау функциясы ретінде оқытудан алған білімді қолдануға 
мүмкіндік беретін ойды дамытатын үдеріс ретінде оқыту. Яғни бұрынғы 
білім-ақпарат деп танып, оқушылардың жаттап алу, түсінігін айтып беру 
сияқты оқу-қызметінен гӛрі алған білімді қолдана алу қабілеттеріне 
басымдық берілуде; 


127 
– Білімнің таза ассоциативтік моделінен ой әрекеттерінің динамика-
лық-құрылымдық жүйесіне алмастырылып келеді; 
– Білім беруді орташа деңгейдегі оқушыға бағыттаудан сараланған 
және жекелеген оқыту бағдарламасына ауыстыру кӛзделуде; 
– Оқушының сыртқы мотивациясынан оның ішкі адамгершілік, қажыр, 
қайрат қабілетіне бағыттау қажеттігін тудыру. 
Қазіргі оқыту үдерісінде түрлі модель бойынша, оның ішінде авторлық 
модельдер бойынша, құруға мейлінше мүмкіндік беру кӛзделуде. Осы 
бағытта білімнің дамуы алға басып келеді: түрлі жүйелерді әзірлеу, білім 
құрылысының тиімділігін кӛтеру, қазіргі заман талабына сай дидактикалық 
талаптарды қолдану мүмкіндігі, ғылыми жаңалықтар, сонымен қатар жаңа 
идеялар мен технологиялардың практикалық жолмен негізделуі талап 
етілуде. 
Жоғарыда айтылғандармен қатар түрлі педагогикалық жүйелер мен
оқыту технологияларының ұйымдастырылуы маңызды деуге әбден болады. 
Яғни қазіргі заман жағдайында ӛткен педагогикалық жүйелердің орнына 
түрлі жаңа оқыту формаларын тәжірибеден ӛткізу практикада қолдану 
қажеттілігі туындауда. 
Дәстүрлі білім беру жүйесінде оқушыға объект ролі берілетін де 
мұғалім ӛз тәжірибесін ұсынатын. Ендігі оқу философиясында оқушыға ӛзін-
ӛзі іске асыруға бағыт алған оқыту қызметінің субъектісі ретінде қарайды. 
«Осы тұрғыдан бала толық жеке тұлға ретінде нені білдіреді?» «Оны 
субъектілік тұрғыдан қандай құрылымдар анықтайды? Қандай қасиеттерін 
дамыту қажет» деген сұрақтарға жауап беру қажеттігі туындауда. : 
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен 
дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы тұлғалық дамуын қойып 
отыр. 
«Жеке тұлға» - адамның психикалық, рухани мәні, ол әртүрлі 
жинақталған қасиеттер жүйесіне тән: 
– Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы; 
– Ӛзіне және ӛзімен-ӛзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының 
жүйесі; 
– Іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рӛлдер қызметінің жүйесі, 
мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы; 
– Айналадағы қоршаған әлемді және ӛзін-ӛзі жете түсінуі; 
– Қажеттілік жүйесі; 
– шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы; 
– сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б.
1
Білім берудің жаңа жүйесінде осы аталғандар аса маңызды. Сондықтан 
соңғы жылдардағы педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына 
бағытталған жаңа оқыту технологияларын дамытуға ұмтылыс күшейіп 
келеді. 
1
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М., 1998. 


128 
Педагогикалық жаңа технологиялар Б.Блумның таксономиясын 
негізге алады. Америкалық ғалым Бенджамин Блум бір топ әріптестерімен 
бірге 1956 жылы «таксономияның» танымдық саладағы мақсаттарды сипат-
тайтын бірінші бӛлімін жарыққа шығарады. «Таксономия» ұғымы биоло-
гиядан алынған. Таксономия – (taxis- грек сӛзінен шыққан, «тәртіп, 
орналастыру, құру» және homos – «заң» дегенді білдіреді). Ӛсу бағытында 
бірінен соң бірі орналастырылған және ӛзара тығыз байланыстағы 
нысандарды жіктеу және жүйелеуді білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет