126
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниев дидактикалық бірліктерді шоғырландыру
(УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен
В.В Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті-
тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және
сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың
проблемалық
модульді
оқыту
технологиясы,
П.И.Третьяковтың,
К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, Е.Н.Ильиннің «Әдебиетті адам
қалыптастырушы
пән
ретінде
оқыту»
жүйесі,
В.М.Монаховтың,
В.П.Беспальконың және басқа да кӛптеген ғалымдардың технологиялары
кеңінен танымал.
Қазақстанда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
жобасы белсенді түрде қолдануда. Модульді оқыту технологияларын, дамыта
оқыту технологияларын, саралап, деңгейлеп оқыту, жобалау технология-
ларын республика аймағында дамыта қолданудың ғылыми-әдістемелік
негізін
қалыптастырған
(А.Қараевтың, С.Мирсейтова,
А.Әлімов,
Ә.Жүнісбек, А.Сатбекова) әдіскер-ғалымдар бар. «Сатылы-кешенді талдау»
технологиясын қазақ мектептерінде әуелі қазақ тілі пәніне, кейінірек басқа
пәндер бойынша оқыту тәжірибесін жүргізуші Н.Оразақынова сияқты әдіскер
ғалымдар бар.
Достарыңызбен бөлісу: