А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет64/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (3)

кезде артымыздан жұлындай боп қара кӛрінді. Аққан жұлдыз ба дерсің
кӛзді ашып-жұмғанша келіп араласып та қалды..» деп басталып, – 
«...Ӛмірінде әйелден мұндай сӛз естімеген әумесер Кейкі былай депті сонда: 
- Әйел еркекке қатындыққа жаралған. Біздің далада одан басқа не 
бітіреді олар? Қызды сатып алсаң да қатын, тартып алсаң да қатын... 


138 
Жігіттер, мына қатынның сӛзін қойдырып, ӛзін де ала жүрейік. Теретін 
тезек біздің елде де бар! – дейді...» деген тұсқа дейін оқылады.
«Екінші аялдамада» да сұрақ-тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі. Мақсат 
– мәтіннің ішкі мазмұнын терең меңгерту. Оқушының назарынан тыс қалған 
кейбір детальдарға кӛңіл аударту.
1.Барымташылардың соңына түскен қуғыншылар кімдер? 
2.Екінші қуғыншының іс-әрекетінен не аңғарылады? 
3.Әйел неше қолдан ӛтеді? 
4.«Қызды сатып алсаң да қатын, тартып алсаң да қатын...» Әйелдің
сол қоғамдағы рӛлі қандай?
Үшінші бӛлік: «... Манадан ойға кӛміліп, тұнжырап отырған Жалпақ 
таудан құлағандай құлап отыр екен...» деген тұстан басталып, «Жалпақтың 
соңғы сӛзін естуі-ақ мұң екен, бірі сары атқа, бірі торы бестіге мініп, екі 
әйел ойнап шыға берді...» деген сӛйлеммен аяқталады. 
«Үшінші аялдамада» қойылатын сұрақтар: 
1. «Манадан ойға кӛміліп, тұнжырап отырған Жалпақ таудан құла-
ғандай құлап отыр екен» деген сӛздің мәнін аш.
2. «Сені батыр деп жұмсайды да, мені қатын деп жұмсайды: айырмасы 
осы-ақ» деген сӛздің мәнін түсіндір? 
3. «Сен кӛзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың» деген сӛздің 
мәні қандай? 
4. Әйелдің портретінен не байқалады? 
5. «Түйілген қабағынан, от жанған кӛзінен жаның шошырлық. 
Жалынған жоқ, сасқан жоқ, қырық жігітті билеп әкетті».
«Үшінші аялдамада» мәтіннің мазмұны толық дерлік игеріледі. Тек 
оқиғаның шешімі ғана құпия. Әңгіме шешімінің тосын арнаға бұрылуы 
оқушы шығарманы дербес оқығанда аңғарылмай, кӛмескі қалатын кездері 
болуы себепті әңгіме шешімін алдын-ала сыныптың талқылауына ұсынамыз. 
Яғни, «шығарма қалай аяқталады деп ойлайсыңдар?», «Ӛздерің жазушы 
ретінде шығарманы қалай аяқтар едіңдер?» деген сауал тӛңірегінде әңгіме-
сұхбат жүргіземіз. Сыныптан бірнеше пікір туындауы заңды. Содан кейін 
ғана жазушының шешімін оқуға тӛртінші аялдамаға аяқ басамыз.
Әңгіме соңы: «...Бір кезде әйел, сар қасқа атты қалт тоқтатып
артына бұрылып: 
- Керей деген ел кӛрсеңдер, сәлем айт, Жалпақ деген батыр кӛрсеңдер, 
сәлем айт! – деді де жӛнеле береді. Әйелді аттандырған бойы тұра кеп
тұрған Жалпақ балуан гүрс етіп құлап түсті. Біз де сонда ғана есімізді 
жинаппыз. Айтып-айтып не керек, жылқы да қалып, Жалпақты сүйеп елге 
әрең жеткіздік, - деді.
- Шіркін, әйелдің де әйелі екен, - деп Жанай балуан ылғи айтатын еді, - деп 
Әйтілес қарт сақалын тағы бір салалап қоятын еді...» 
Тӛртінші аялдамада оқушылар шығарманың аяқталу тұсынан күтпеген 
жазушы шешімін оқи отырып, әңгімені басынан тағы бір саралауға кӛшеді. 
Бұл үдеріске мұғалім қатыспай-ақ, оқушылар ӛзді-ӛзі қызу талқылап кетеді. 


139 
«Аялдай отырып оқыту» әдісі арқылы шығарма мазмұнының терең 
меңгерілетіні бұл әдістің тиімділігін байқатады.
Әңгімені сыныпта оқытудың тиімділігі бірнеше қырынан байқалады. 
Біріншіден, аталған әңгіменің тілінің күрделілігі, кейбір тұрақты тіркестер 
мен фразалық оралымдардың кӛптігі терең қабылдауына біршама қиындық 
тудырады. Мәселен мәтінде «іркіт сабасындай іркілген молда», мен 
саудагерлер Рамазанға соқыр Әйтілес ескі күндердің әңгімесін шертіп отыр; 
«Тот басқан әңгімені жанып-жанып жаңартып, жалт-жұлт еткізеді»; 
«Ескі күндерді тымақтай бұлғап, тӛңкеріп-тӛңкеріп алады», «Жігіттер, 
тӛс айылды бос, артқы айылды аямай тартыңдар...», «Манадан оты 
ӛзегіме ӛтіп келе жатқан қыз, содан кейін арқама жабысқан кӛлбақаға 
ұқсап сұп-суық болып сала берді...», «Шолпан маңдайға келіп, үркер 
жамбасқа таянғанда» т.б. арнайы тоқталып анықтайтын сӛз қолданыстары
молынан ұшырасады. «Аялдай отырып оқыту» әдісі бойынша мәтіндегі 
осындай күрделі сӛз оралымдары мен тіркестердің мән-мағынасы анық-
талады.
Екіншіден, әңгіменің композициялық құрылымы да кӛп қабатты болып 
келеді. Себебі шығарманың ішінде бірнеше уақыт кеңістігі байқалады.
Әңгімешінің шегініс жасауы, келесі бір кейіпкердің бастан кешкенін 
әңгімелеуі, баяндауы кездеседі. Оқырманның оқиға желісін, ішкі құрылы-
мының аражігін дұрыс анықтауы үшін де аялдай отырып оқу арқылы 
жүргізілетін сұрақ-тапсырмалардың кӛмегі мол.
Үшіншіден, шығарманың тұтас композициялық құрылымына талдау
шығарма мазмұнын терең меңгеріп, келесі сағаттарда образдық талдаулар 
жүргізу үшін кӛмектеседі.  
Тұжырымдай айтқанда, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту» жобасының әдебиетті оқытуда тиімділігі мол. Білім 
алудың басты тетіктерінің бірі оқу мен жазу екендігі белгілі. Әдебиетті оқыту 
да оқу мен жазу әрекеттерімен тығыз байланысты. «Оқу мен жазу арқылы 
сын тұрғысынан ойлауды дамыту» білім қабылдаудың осы екі ізденіс кӛзін 
топтық іс-әрекеттер негізінде даму бағытына ұштастыруды кӛздейді.
Тұлғаның ӛзіндік ойлауы мен шығармашылық мүмкіндіктеріне үлкен жол 
ашады.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы 
әсіресе қазақ әдебиетін оқытуда тиімді технология ретінде мол 
мүмкіндіктерге жол ашады. Әдебиет пәнінің ӛнер пәні ретіндегі табиғаты 
ерекше. Оқушылардың ӛзіндік пікірі мен кӛзқарасын қалыптастыруда адам 
танымы мен талғамын қалыптастыруда үлкен рӛл атқаратын пән. Әдебиет 
пәнін оқытудың басты міндеттерінің бірі – мәтінді оқыту, таныту, 
шығармашылық жұмыстар ұйымдастыруда «Оқу мен жазу арқылы сын 
тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының құрылымы, әдіс-тәсілдер кешені
әдебиетті терең меңгертуге тиімді. Шәкірттердің әдебиет пәніне деген 
қызығушылығын арттырады, тұлғаның ӛзін дамытуына, ішкі шығарма-
шылық қуатын еркін падалануына, терең білім алуына жағдай жасайды. Бұл 
жоба білім берудің жаңа философиясына, жүйесіне сәйкес келеді.


140 
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы 
арқылы білім беру ұғымының ӛзіндік кӛзқарасы ауқымы кеңейе түседі.
«Сын тұрғысынан ойлау» деген сӛздің ӛзі кең, ойлау, ауқымды ойлау 
т.б. жалпы алғанда оқушының ой-ӛрісін дамытатын әрекеттер құрылымы 
екендігін түсіндіреді. 
1.Оқушылармен жұмыс істеуде ұстазды жаңа деңгейге биіктетеді; 
2.Оқушының ой белсенділігін артыру ұғымын кеңейтеді. Барлық оқу іс-
әрекеттерн тиімді арнаға бағыттайды
3.Бүгінгі білім беру жүйесінде оқушының оқу мен жазу арқылы 
дамуына жол ашады;
4.Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау барлық сабақтарда, 
үздіксіз жүргізілетін міндеттер екендігін айқындайды. 
5.Оқушыларды үздіксіз білім алуға бағыттау жолдарын танытады т.б. 
оқу үдерісінің тиімді жолдарын нұсқайды.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет