А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет61/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (3)

 Б.Блум таксономиясы – танымдық саладағы мақсаттарды сипаттайтын жүйе. 
Таксономия идеяларды бүкіл әлем педагогикалық жұртшылығында 
таным және ойлау әрекеттерінің деңгейлерін, оқу мақсаттарын айқындауда 
кеңінен қолданыс тапты.
1.Білім – ақпаратты, оқу материалын (қажетті деректерді, нақты 
фактілерді немесе бүтін теорияларды) есте сақтау мен қайталау 
(репродукция). 
2.Түсіну – оқу материалын бір формадан екінші формадан, бір белгі 
жүйесінен басқа жүйеге түрлендіру (интерпретация), ауыстыру, оқу 
мәліметін ӛздігінше игеру, салдары мен нәтижелерінің қандай болатындығы 
туралы алдын-ала болжау, жорамалдау. 
3.Қолдану – оқу материалын жаңа жағдайлар мен ситуацияларда 
қолдану. Мәселен, ережелерді, түсініктерді, заңдарды, қағидаларды қолдана 
отырып қандай да бір жағдаятты шешу.
4.Талдау (анализ) – оқу материалын құрамдас бӛліктерге жіктеп 
олардың 
арасындағы 
байланыстарды 
анықтау, 
бүтіннің 
қалайша 
құралатындығын түсіну және түсіндіре білу. 
5.Синтез – оқу материалын пайдалана отырып, шығармашылық 
тұрғыдан жаңа мазмұн құрастыру. Мәселен, баяндама немесе эссе жазу, 
жоспар немесе схема құрастыру. 
6.Бағалау – оқу материалының маңызын бағалау: салыстыру және 
айырмашылықтарын айқындау, дәлелдеу арқылы шешім қабылдау. 
Дәстүрлі білім беру жүйесінде оқу-танымдық әрекеттер кӛбіне білім, 
түсіну, талдау деңгейінде жүргізілгені белгілі. Ендігі жерде білімді талдау 
мен жинақтаудың, түсіну мен қолдана алудың, ӛзінің және ӛзгенің білім 
деңгейін бағалай алу қабілеттерінің маңыздылығы танылады. Енді Б.Блум 
таксономиясының алты деңгейіндегі оқушының оқу-танымдық әрекетін 
сипаттап кӛрейік:
1) Білім дайын күйінде кӛшірілмей, тұжырымдар нақты талаптар 
тұрғысынан болуы, талап оқушының ӛмірлік тәжірибесі мен ұстанған 
кӛзқарастарына негізделетін немесе мұғалімнің ұсынысынан туындайтын 
болуы қажет етілуде.
Білімнің категориялық мәні кеңейе түсті. Мәселен, білім - қайталау 
немесе тану арқылы мәліметтердің есте қалай сақталғанын тексеру, мағлұмат 
пен деректерді еске түсіру арқылы жүзеге асырылатын категория. Білім 
деңгейінде тестілеу, қалдырып кеткен белгілерді орнына қою, анықтамалар 
мен атауларды жаттау немесе қайталау, процестердің ӛрбу немесе орын алу 


129 
тәртібін қайталау сияқты тапсырмалар орындалады. Оқушылардың басты 
мақсаты – ақпаратты жадында сақтау және іздеу болып табылады. 
«Білім» деңгейі – таным мен ойлаудың басқа деңгейлерінің негізін 
құрайды, ӛйткені онсыз қалғандарының жүзеге асуы мүмкін емес. Абайдың 
ӛлеңін жатқа білмей оның кӛркемдік ерекшеліктері мен оқырманның ішкі 
жан дүниесінде қандай сезімдер тудыратындығы туралы ой толғап немесе 
шығарма жазу мүмкін емес. 
Алайда мұғалімдер бұл деңгейге қатты назар аударып, оны оқу 
үдерісінің, оның ішінде сабақтың негізінде айналдырады. Сабақтың ӛту 
барысын орташа есеппен алғанда 80 % есте сақтау мен жаттау, қайталау мен 
тану тапсырмалары құрайды екен. Ал бұл жағдай мынандай жағдаяттарға 
алып келеді. 
– Қайталау немесе жаттау тапсырмалары негізінен оқушылардан 
белсенді әрекеттерді талап етпей, олардың сабақтағы бәсеңдігіне жол береді. 
– Оқушылар сабақ тақырыбына ынта мен қызығушылық танытпайды, 
демек олар сабақтың нәтижелеріне де құлықсыз болады. Сол арқылы олар ӛз 
біліміне, ӛздерінің парасаттық дамуына деген жауапкершілікті кӛрсетпейді. 
–Бұл деңгейдегі сұрақтардың бір ғана дұрыс жауабы болғандықтан, 
олар оқушылардың ой толғауы мен пікірталастығын қажет етпейді.
– Бұл деңгейде берілген тапсырмаларды орындау қайталауға 
негізделгендіктен, оқушылар ӛзіндік ой мен идея, пікір мен кӛзқарас, 
тұжырым мен дәлелдерді ізденуге ұмтылмайды. Ал ӛз кезегінде бұл жағдай 
дербес тұлғаның ретінде дамуына септігін тигізбейді. 
2) Б. Блум таксономиясының екінші деңгейін «түсіну категориясы» 
құрайды. Түсіну дегеніміз – мәліметті таныс, анық күйге ауыстыру арқылы 
ӛзіндік түсінік қалыптастыру. Бұл деңгейде оқушылар мағлұматты тек есте 
сақтамайды, олар оның ауқымы мен кӛлемін ұлғайтпаса да, сол берілген 
мӛлшерде басқаша қылып кӛрсетеді. Олар есте сақтаған мәліметтерді басқа 
жүйеге түрлендіреді. Оқушылар есте сақтаған мәліметтерді басқаға жеткізу 
жолдарын айқындайды, ұқсастықтар пен айырмашылықтарды анықтайды, 
салыстырады, нәтижелерді суреттейді. 
Бұл деңгейдегі тапсырмалар «Білім» деңгейімен салыстырғанда, 
оқушылардан белсенділікті талап етеді. Олар ақпаратты ӛздеріне таныс 
жүйеге кӛшіріп, түрлендіреді де, сол арқылы оны есте сақтауды жақсартады.
Түсіну категориясын тӛрт топқа бӛлуге болады. 
1.Түсіндірме (интерпретация) – оқушылардың қарым– қатынас 
барысында негізгі идеяларды анықтауы және олардың ӛзара байланыстарын 
келтіруі. Әдетте екі нысанның ерекшеліктерін салыстырғанда, ұқсастырғанда 
немесе бір-біріне қарсы қойғанда, оқушылар оларға белгілі бір мағына беру 
арқылы ӛздерінің түсінігін кӛрсетеді. 
Түсіндірме әдетте «Қалай?», «Неліктен?» сұрақтарына жауап беру мен 
«Салыстырыңыздар», «Айырмашылығын кӛрсетіңіздер» тапсырмалары 
арқылы жүзеге асады. 


130 
2.Аударма (трансформация) - мағынасын сақтай отырып, оқушылардың 
идеяларды қандай да бір белгілеу жүйесінен ӛздеріне таныс жүйеге немесе 
қалыпқа ауыстыру. 
Мұнда мынандай тапсырмаларды келтірсе болады: мәліметті ӛз сӛзімен 
мазмұндау немесе қысқаша келтіру, сӛзбен берілген тапсырманы кесте, 
график, диаграмма түрінде кӛрсету. 
3.Мысалдар – мәліметті, ойды дұрыс түсінгендікті кӛрсету үшін 
практикадан алынған фактілерге жүгіну, соларды келтіру. 
Әрине, оқушылар мысалдар келтіргенде, сабақта мұғалім айтқан 
мәтіметтер мен оқулықтарда кӛрсетілгендерден басқаларын айтқаны дұрыс, 
ӛйтпеген жағдайда олар қайтадан «Білім» деңгейіне оралады. 
4.Анықтамалар – атау немесе түсініктің мағынасын ӛз сӛзімен жеткізу, 
таныс және түсінікті сӛздермен анықтама түрінде тұжырымдау. 
Мұнда да оқушылар оқулықта немесе сӛздікте берілген анықтаманы 
жатқа айтпай, ӛзіндік тұрғыдан ұғым немесе құбылыстың анықтамасын 
ӛздеріне таныс әрі түсінікті сӛздермен құрастырады. 
3) 
Қолдану – қандай да бір жағдаятты шешу үшін мәліметті іс жүзінде 
қолдану, жүзеге асыру. Бұл деңгейде оқушылар мұғалімнің кӛмегінсіз таныс емес 
жағдаятты ӛздігінше шешу керек. Мұнда қорытынды маңызды мәселе болып 
қалмай, сонымен бірге шешім іздеу үдерісінің ӛзі де маңызды болып танылады: 
оқушылардың шешім іздегені шешімнің ӛзінен де маңызды болуы мүмкін. 
Қолдануда оқушылар тарапынан мынадай әрекеттер атқарылады: 
– Жағдаятпен танысады. 
– Жағдаят мүлдем таныс болмағандықтан, ол жан-жақты қарастырылады.
–Бұл жағдай «Білім» деңгейіне сәйкес келеді. 
– Жағдаяттың ерекшеліктерін анықтайды. 
– Жағдаят басқа да ұқсас мәселелермен салыстырылып, сол арқылы оның 
ерекшеліктері айқындалады. Бұл әрекет «Түсіну» деңгейіндегі әрекеттерге 
ұқсайды. 
– Шешім қабылдайды. 
– «Қалай жасаймын?», «Не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап береді. 
– Шешімді жүзеге асырады, қолданысқа түсіреді. 
– Бұл шешім анықтама, ереже күйінде келтіріледі. 
Мысалы, оқушылар қандай да бір мәліметті жатқа біледі. Олар, мәлі-
метті ӛз сӛзімен түсіндіріп немесе басқаша кӛрсетіп беріп, оның басқалардан 
айырмашылығы мен ұқсастықтарын айқындайды. 
Енді оқушылар осы мәліметті нақты бір қолданыста кӛрсетеді: ереже 
немесе анықтаманы қолданып жаттығу орындайды, жағдаятты шешеді. 
Бұл деңгейге мынадай тапсырмалар мен сұрақтар жатады: 
– Қалай қолдануға болады? 
– Ӛздеріңіз жасап кӛріңіздер. 
– Не білгіңіз келеді? 
– Қалай жасау керек? 
– Кесте, график жасаңыздар. 


131 
4) Талдау. 
Мәселен «қолдану» деңгейі шешім қабылдау үшін құрамдас бӛліктерді 
біріктірсе, «талдау» деңгейі, керісінше, бүтін, тұтас нәрсені оның қалайша 
құрылғандығын түсіндіру мақсатында құрамдас бӛліктерге бӛлуді нұсқайды. 
Әдебиет сабағында мәтін талдау, образдық талдаулардың барлығында дерлік
пайдаланылады. Бұл деңгейде зерттеу нысаны белгілі бір нәтижеге жету үшін 
қалайша бірге жұмыс жасайды. Оқушылар жауап беру үшін ой қозғап, ӛз 
жауаптарының логикалық тұрғыдан мінсіз болуын қадағалау керек. 
«Талдау» деңгейінің «түсіну» деңгейіне ұқсастықтары бар. Түсінік – 
нәтижені суреттеу, сипаттау, ал талдау – нәтижеге қалайша жеткендігін 
түсіндіру. 
Талдау сұрақтары мен тапсырмалары: 
– Негізін тану – ауқымды әрі бүтін құрылымды құрамдас бӛліктерге 
жіктеу, сол арқылы берілген мәліметті әрі қарай дамыту.Мұнда мәліметтің 
негізгі бӛлімдері арасындағы қатынастарды кӛрсету үшін оның берілген 
ауқымынан, шеңберінен тыс шығуға болады. Бұл үшін мәліметті құрамдас 
бӛліктерге жіктеп, оларды бір-бірімен салыстырып, айырмашылығын 
ажырату керек. Осыдан кейін әрбір бӛліктің ерекшелігі, мақсаты мен міндеті 
анықталып, оларды белгілі бір сипаттар не талаптар бойынша ажыратады. 
Талдаудың бұл түріне мынадай тапсырмалар жатады: 
– Үдерістің қай кезеңдері нәтиже тұрғысынан маңызды болғандығын 
кӛрсетіп, дәлелдеңіздер. 
– Ӛз әрекеттеріңізді тағы да сараптап, қай жерлерде ұтымды 
болғандығын анықтаңыздар. 
– Ӛз қателеріңізді тауып, оларды түзетіңіздер. 
– Құрамдас бӛліктердің ӛзара қатынасын сипаттап, олардың 
әрқайсының алатын орны мен маңызын анықтаңыздар. 
– Құрамдас бӛліктерді сипаттап, олардың қалайша бүтін құрастырып, 
қорытынды нәтиже сомдайтындығын дәлелдеңіздер. 
– Астарлы мағына ажырату – екі тұжырымның ӛзара қатынасын 
кӛрсету. Бұл қатынастар тура кӛрсетілмеген немесе айтылмаған тұжырым-
дарды, ассоциацияларды, нәтижелер мен салдарды келтіру арқылы кӛр-
сетіледі. Мұнда мәліметтің жасырын, астарлы ұғымы мен мағынасын 
айқындау керек. 
– Мотивация – «Неліктен? Не себепті?» деген сұрақтарға жан-жақты 
жауап беру арқылы қозғаушы күштер мен себептерді айқындау. 
– Оқушылар оқиғалар мен әрекеттер туралы ӛздері пайымдаған 
қосымша мағыналарды пайдалана отырып, олардың тура және астарлы 
мағыналарын таниды, ӛз ойларын дәлелдер арқылы қорғайды. 
5) Синтез – жаңа мазмұн мен бүтін ұғым тудыру мақсатында жеке 
бӛліктерді шығармашылықпен біріктіру деп түсінуге болады. Әдебиетті 
оқытуда талдау мен жинақтау әдістері оқу үдерісінде бұрыннан қолданылып 
жүргені белгілі. Талдау үдерісі қаншалықты маңызды болса, жинақтау да 
соншалықты маңызды. Оқушылардың білімін саралай, жинақтай алу 
қабілеттерін дамыту оқу үдерісінің маңызды деңгейі болып есептеледі.


132 
Синтез шығармашылық үдерістің бірі. Мұндағы зерттеу жұмыстары 
«Қолдану» деңгейінен де, синтезге де жатуы мүмкін. Бірақ «қолдану» жаңа 
ұғымды құрастыруды талап етпейді, ал синтез оқушылардың жеке тәжірибе 
негізінде жаңалық енгізеді, жаңа шешім шығарады. Синтез - болжау, 
шарттылық, мүмкіндік ұғымдарында қолданылып, құрамдас бӛліктердің 
қалайша бірігіп, жаңа мазмұн, құрылым, модель құрайтындығын кӛрсетеді. 
Синтездің мынадай түрлері болады: 
– Шығармашылық жанрлар – эссе, ӛлең, жоба, баяндама, шығарма, 
шешендік сӛз, сценарий, компьютерлік бағдарлама, т.б.
–Жоспар құрастыру, кластер түзу, жады картасын түзу, методоло-
гиялық карта жасау, әрекеттердің тәртібін келтіру немесе тәжірибе ӛткізу. 
– Абстрактылы қатынастармен кӛрсетілетін нәтижелер. 
Мәселен, әртүрлі құбылыстарды бақылау нәтижелерінің негізінде жаңа 
модельдер құрастыру: бұл қандай да бір ғылыми болжам келтіретін гипотеза 
болады. 
6) Б.Блум таксономиясының алтыншы деңгейі – бағалау. Бағалау – 
күмәнді, даулы және пікірталас туғызатын мәселелер бойынша шешім 
қабылдап, оны нанымды дәлелдер арқылы айғақтау. Мұнда да шығарма-
шылық әрекеттердің маңызы зор. 
Бұл деңгейде оқушылар ӛз жауаптарында дәлдік, нақтылық, логикалық 
жүйе, дәйектілік секілді талаптарды қолданады, сӛйтіп олар ӛздерінің таңдау 
жасап, шешім қабылдай алатындығын кӛрсетеді. 
Бағалауда оқушылар алдымен ӛз ойлары, идеяларды пайымдаулары 
қандай талаптар негізінде құрастырылатындығын анықтап, содан кейін осы 
талаптарды қолдана отырып, ӛз ойларын ортаға салады. Бұл талаптар 
оқушылардың біріншіден, қандай мәдени және әлеуметтік құндылықтар 
таңдағанына, екіншіден, діни-рухани және тарихи идеалдарына, үшіншіден, 
жеке басының тұлғалық ерекшеліктері мен құндылықтарына негізделеді. 
Оқушы «бағалау» тапсырмаларын орындауда мынандай әрекеттер 
атқарады: 
– Ӛз ұстанымының (идея, пікір, түсінік) дұрыс-бұрыстығын анықтап, 
оны жан-жақты пысықтайды. 
– Ӛзінің дербес кӛзқарасын қалыптастырып, тұжырым ретінде келтіреді. 
– Ӛз пікірін дәйектейді, негіз келтіреді, жақтайды: дәлел келтіреді, 
сілтеме жасайды, қорғайды. 
Бағалау «Сіздің ойыңызша қалай?» деген пікірталас пен дау туғызатын 
сұрақтар арқылы жүзеге асады.
Оқылған мәтінді түсіну деңгейі тӛрт деңгей 
бойынша бағаланады:
1) фрагментарлық түсіну;
2) жалпы түсіну;
3) толық түсіну;
4) терең сыни түсіну.
Бүгінде білім беру жүйесінде бағалаудың формативті, суммативті 
түрлері оқу үдерісіне енгізіле бастады. Бағалау оқу үдерісіндегі ең маңызды 
деңгей ретінде танылып келеді.


133 
Жаңа технологиямен оқыту үшін бірінші кезекте жағымды психо-
логиялық ахуал құрылады, яғни оқушылардың топ ішінде оқушылардың жан-
жақты дамуы, бірлескен ӛнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға 
аралық қатынастар мен жағдайлар жасалады. Тӛмендегі сызбадан оқытудың 
дәстүрлі, белсенді және интербелсенді түріндегі оқушы мен мұғалім 
арасындағы қарам-қатынасты кӛруге болады.
18
- Оқыту 
мазмұны
Интербелсенді оқыту
Дәстүрлі оқыту
Белсенді оқыту
- оқушылар
- мұғалім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет