147
калық образ; кейіпкер туралы; лирикалық кейіпкер, кейіпкерге мінезде-
ме; типтік бейне, портрет туралы ұғымды дамыту т.б. қамтылады.
Бесіншіден, шығарманың тіл кӛркемдігі мен сӛйлем, стиль ерекше-
ліктері туралы ұғым беріледі: шығарманың тілі, портреттік,
мінездемелік
суреттер; шығармадағы суреттеу, баяндау, мінездеу, сипаттау тәсілдері,
портреттік суреттеу, психологиялық параллелизм, пейзаж, риторикалық
сұраулы сӛйлем; ирония, сатира туралы ұғым, ішкі монолог. т.б.
қарас-
тырылады.
Алтыншыдан, кӛркем шығарма ерекшелігі, шығарманың сюжеті мен
композициялық құрылысын таныту кӛзделеді: шығармадағы суреттеу,
баяндау, сипаттау түрлері; кӛркем шығарманың тақырыбы мен идеясы;
шығарма құрылысы, сюжет туралы, шығарма композициясы; кӛркем
шығарма және тарихи дерек, кӛркем шығармадағы характер мен
ортаның, жағдайдың ӛзара
байланысы; әдебиеттің ӛмірмен, тарихпен
байланысы; мотив; ӛмір және кӛркемдік шындық; сыншыл реализм т.б.
мәселелер қарастырылады.
Байқап отырғанымыздай, жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сы-
ныптарында қамтылатын әдеби-теориялық білім мазмұны осы. Әдеби білім
қалыптастыруға мүмкіндік мол, әдеби-теориялық ұғымдар еркін қамтыл-
ғанын байқауға болады. Әдеби білім мазмұны сыныптар бойынша жіктеліп,
әдеби материалмен сабақтастырыла берілген.
Достарыңызбен бөлісу: