Байланысты: аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін
Үй жұмысы Темір өндірісі туралы 2 қарапайым және 2
күрделі сұрақ құрастыруды тапсыру
Қосымша 2 Ерте темір дәуірінің алғашқы кезеңінде адамдар қола металды да қолданған.
Археологтардың зерттеу жұмысы барысында ерте темір дәуірінде қоладан жасалған
заттар табылған. Қола кетпен майысқақ болатын. Адамдар қола кетпен мен соқаны
темірге алмастырды. Бұл еңбектің өнімді болуына әсер етті. Міне осыдан кейін, еңбек
құралдарын темірден жасау тиімді бола бастады. Жер өңдеу жеңілдеп еңбек құралдары
жетілдіріле түсті. Осыдан кейін, темір анағұрлым кең пайдалана бастады. Бастапқыда мыс
өндіру әдісі қарапайым болды. Қола дәуірінде өмір сүрген адамдар кен орнында от
жаққан. Әбден қызған кезде кен тасының үстінен су құйып, нәтижесінде тас шытынап
уатылған. Бұдан кейін, кен тасын балғамен ұсақтаған. Ал ерте темір дәуірінде металды
балқытатан пеш-көріктерді арнайы ойлап тапты. Бірақ, пеш-көрік металды жоғарғы
температурада балқыта алмаған.
Темір дәуірінде Қазақстан жерінде түсті металл қорыту, өндіру ісі өте жақсы
дамыды. Шығыс Еуропа жерінен, Кавказдан, Қазақстан жерінде өндірілген металдан
жасалған заттар табылды. Олар б.з. 2-3 ғасырлар аралығын көрсетеді. Солтүстік Қазақстан
жерінен табылған темір бұйымдар көрші аймақтардан табылған темір заттардан 2-3 ғасыр
ертерек уақытпен мерзімделеді. Бұл Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың темір
өндірісін өз көршілерінен ертерек игергенін, қазақ даласы темір қорытудың алғашқы
орталықтарының бірі болғандығын дәлелдейді. Солтүстік Қазақстан жері Қазақстанның
және Сібірдің қуатты металлургиялық орталықтарын Шығыс Еуропамен жалғастырып
жатқан байланыс-тасымалдық аймағы болған. Б.з.б. 8-2 ғасырларында Солтүстік
Қазақстанды мекендеген тұрғындар Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жайлаған
тайпалармен мәдени байланыста болған. Оны солардың осы кезге жататын қазба мәдени
мұраларындағы кейбір ұқсастықтар айғақтайды. Б.з.б. VІІІ-VІІ ғасырларда темір қорыту
ісі игеріле бастайды. Темір анағұрлым кең пайдалана бастады. Б.з.б. ІІІ ғасырда қарудың
ең көп тараған түрі жебенің ұшын жасауда темір қоланы ығыстыра бастады. Б.з.б. VІ-ІІІ
ғасырдан бастап қанжар мен пышақты тек темірден жасаған. Ал б.з. ІІ-ІІІ ғасырда темір
жебе ұштары барлық жерде тарала бастайды. Темірден жасалған жебе алысқа ұшатын
болған. Сондықтан оған сұраныс көбейді. Б.з.б. V ғасырдан бастап ауыздықты темірден
жасау өріс алған.
Түсті металл қорыту, кен өндіру ісі өте жақсы дамыды. Шeбepлep мeталл құюдың
техникалық әдіc-тәcілдepі aрқылы бұйымдаpға түрлі пішін бepe aлды. Адамдаp алтынды
илeу мен дәнeкepлeу әдісін мeңгеpіп, қoлаға құйылған алтын әшeкeйлеp пайда болды.
Дәнекерлеу – металл жиектерін балқыту арқылы қыздырып, біртұтас қылып біріктіру.
Бeртін кeлe алтынмен қапталған қола бұйымдаp, одан әрі алтын жолақшалаpмен
көркемдeлген темір әшeкей бұйымдаpмен алмасты. Шeбepлep заттарды бeзендіpуді,
бағалы тастарды жапсыруды жақсы білген. Әшекей бұйымдарға асыл тастарды орнатып,
жіңішке сымды ширата өрнектеу үлгілері дамыды. Мұны полихром стилі деп атайды. Бұл
стилді Қазақстан территориясын мекендеген ғұн тайпалары кеңінен қолданған.
Дереккөз:
Қазақстан тарихы «Көне заманнан бүгінге дейін» І том. Алматы «Атамұра» 2010 ж.
Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы. «Дәуір» баспасы 1994 ж.
«Археология» В.Л.Янин 2006 ж.