78
соғыстар аренасы болды. 528 ж Мунзир Орталық Аравияда билік еткен
провизантиялық Киндидтерге ауыр соққы берді, шайқас барысында
Киндидтер патшасы қаза тапты. Соғыс тек VІ ғасыр ортасында Киндид
патшалығының құлауымен аяқталды. Оның көп бөлігі Лахмидтерге өтті.
Кейін Мунзирдің басты қарсыласы солтүстіктегі Гасанидтердің арабтар
патшалығы болды. Гасанидтер патшалығымен соғысы 10 жылға созылды.
Бірнеше жеңілістен кейін ІІІ Мунзир 554 ж маусымда Киннешрин
маңындағы Удайе түбіндегі шайқаста қаза табады. Әкесінің кегін қайтару
мақсатымен Әмір патша Гасанидтерге жорық жасап, жеңіспен оралады.
Осыдан кейін Әмір 16 ж билік етеді де , 569 ж қаза табады. Әмірдің орнына
таққа отырған бауыры Кабустың билігі кезінде патшалық әлсіреді. Кабустан
кейін билік еткен IVМунзирді билік құмарлығы үшін қоластындағылары жек
көретін. IVМунзир583ж Айн Убаг түбінде Гасанидтермен шайқаста қаза
табады. Оның орнына таққа ұлы ІІІ Нуман отырады. Ол туралы ақпараттар аз
сақталға. ІІІ Нуман – Лахмидтердің соңғы патшасы болған.
Лахмид әулетінің билеушілері тұсында бұл патшалық дамыған ірі
мемлекетке айналды. Лахмид патшалығының күшейген кезі - IV ғасырдың
аяғы мен V ғасырдың басы. Бұл патшалық VII ғасырдың басына дейін
Сасанилік Иранға тәуелді болды.
Достарыңызбен бөлісу: