Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет29/66
Дата07.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66
Байланысты:
Ж мыс ба дарламасы П нді о ытуды ма саты Ежелгі д ние тарихыкур

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1) Ежелгі Қытай тарихын неше кезеңге бөлген? 
2) Цин империясы кімнің тұсында құрылды? 
3) Цинь патшалығының жүргізген сыртқы саясаты қандай болды? 
4) Батыс Хань әулетінің негізін салушы кім? 
5) Хань әулетінің ресми идеологиясы қандай болды? 
6) «Сары орамалдылар» көтерілісі қашан болды? 


85 
№9. Дәріс Ежелгі дүниедегі Африка 
Жоспар: 
1. Ежелгі Африка туралы деректер 
2. Ежелгі заманда Эфиопияның дамуы 
Африка – солтүстіктен Жерорта теңізімен, солтүстік-шығыстан Қызыл 
теңізбен шайылатын, батыстан Атлант мұхитымен, шығысы мен батысынан 
Үнді мұхитымен шайылатын Еуразиядан аумағы бойынша 2-орын алатын 
континент. Африка деп, сонымен қатар, Африка материгі мен маңындағы 
аралдармен бірге дүние бқлігін атайды. Африка ауданы-
29,2 млн км², 
аралдармен- 30,3 млн км², сөйтіп Жердің жалпы ауданының 6 %, құрлықтың 
-
20,4 % алып отыр. 
Мезозой эрасының басында Африка Пангея құрығының құрамында 
болды. Триас кезеңінің соңыңа дейін тероподтар, құсжамбастылар әмірін 
жүргізді. Триас кезеңінің соңыңа жататын зерттеулер материктің 
оңтүстігінің көп қоныстанғанын дәлелдейді.Қазіргі көзқарастар бойынша 
африканы адамдар отаны деп атау сәйкес келеді. Осында, Кения, Танзания, 
Эфиопияда адамның ең ежелгі ата-бабалары табылған. Африкадан 100мың 
жыл бұрын «саналы адам» деген популяция(1000дара) әлемге көшуді 
бастады. 60-40мың жыл бұрын адам Азияға қоныс аударды. Кейін 40мың ж 
бұрын Азиядан адам Еуропаға аяқ басты, ал 35-15 мың ж бұрын Австралия 
мен Америкаға қоныс аударды.
Археологиялық 
қазбалар 
Африкада 
дән 
өңдіру 
б.з.д. 
16 
мыңжылдықтарда , мал шаруашылығы Сахарада 7500ж бұрын, ал ауыл 
шаруашылығы Ніл бойында б.з.д. 6мыңжылдықтарда дамыды. Бұрын Сахара 
өңім көп беретін жер болған, онда аңшылар, балықшылар тайпалары мекен 
етті. Қазіргі Сахара шөлінің көптеген жерлерінде сол кезеңге сай тасқа 
салынған суреттер табылды. Алғашқы қоғам ең атақты ескерткіші- Тассилин-
Аджер платосындағы жазулар. ОАР мен Сомалиде табылған ежелгі тас 
суреттерінің жасы б.з.д. 25 мыңжылдыққа сәйкес. Кейбір Африканың 
этникалық топтары әлі де «тас ғасырында өмір сүруін жалғастыруда». Олар 
оңтүстік Африкадағы бушмендер, Танзаниядағы хадза, Конго өзені 


86 
бассейнінің ылғалды экваториалдық ормандарының пигмейлері. Басында 
ежелгі Карфаген тұрғындары «афри» сөзімен қаладан алыс емес жерде 
мекендеген адамдарды атаған. Осы атау көбінесе финикийлік afar сөзіне 
қатысты айтылады да, «шаң» деген мағына білдіреді. Карфагенді жаулап 
алғаннан кейін римдіктер провинцияны Африка деп атады. (лат. Africa).
Кейін келе Африка деп континеттің барлық белгілі аудандарын атайтын 
болды, ал кейін континеттің өзін. Басқа теория бойынша «афри» халқының 
атауы берберлік ifri, «үңгір» деген сөзден шығады дейді, бұл үңгір 
тұрғындарына байланысты қойылған. Кейін осы жерде пайда болған 
мұсылман провинциясы Ифрикия осы түбірді өз атауында сақтап қалды. По 
мнению Тарихшы және археолог И. Ефремов пікірінше, «Африка» сөзі
ежелгі Та-Кем тілінен келген(Египет. «Афрос» — көбікті мемлекет). Бұл 
жерорта теңізінде континентке жақындаған бірнеше ағыстар түрлерінің 
тоғысуы нәтижесінде пайда болған көбікке байланысты қойылған атау.
Атаудың шығуының басқа да нұсқалары бар.1ғ еврей тарихшысы Иосиф 
Флавий ұрпақтары Ливияны мекен еткен Авраамның немересі Ефердің
атымен байланыстырады. «Күн шуақты» деген мағына білдіретін латын сөзі 
aprica Исидор Севильскийдің «Бастаулар», XIV том,5,2 бөлім(VI ғ.) деген 
еңбегінде көрсетіледі.Тарихшы Лев Африканский «суықсыз» деген мағына 
білдіретін грек αφρίκη сөзінен шығуы туралы нұсқасын ұсынды. Ол φρίκη 
(«суық», «үрей») сөзі болымсыз префикспен қосылып, суық та ,үрей жоқ 
мемлекетті білдіреді деп болжамдады.Ақын және египтолог-өз бетімен 
үйренуші Джеральд Мэсси 1881ж египиттік af-rui-ka , «Ка тесігне алдынан 
қараған», сөзінен шыққан нұсқасын ұсынды. Ка-бұл әрбір адамның 
әнергетикалық егізі, және «Ка тесігі» туған жері немесе мекені деген мағына 
білдіреді. Сонымен,Африка египеттіктер үшін «отанды» білдіреді.Африкада 
Сахара оңтүстігіне қарай б.з.д. 1-мыңжылдықта темірді балқыту өнері 
дамыды. Бұл жаңа жерлерді, соның ішінде – тропикалық ормандарды,
игеруге әкеп соқтырып, банту тілінде сөйлейтін Тропикалық және Оңтүстік 
Африка халықтарының көп бөлігінде тұрақтандырды. Банту тілді халықтар 
континентте көптеген жергілікті тұрғындарды ығыстырды. Швед генетиктері 
Жердегі ең ежелгі халық деп Африканың оңтүстігіндегі койсандықтарды 
атады. Геномды зерттеу арқылы осы халықтың жалпы бұтақтан 100 мың 
жыл бұрын бөлінгенен көрсеткен. Жаңа зерттеулерге қарағанда әлемдегі 
барлық тілдер ағылшыннан қытай тіліне дейін 10-даған мың ж бұрын 
Африкада бір тарихи ең ежелгі тілден пайда болды дейді.Африка осыдан 8-5 
млн жыл бұрын алғашқы адамдардың отаны болған. Қазіргі таңда бұл 
құрлықты, негізінен жергілікті тұрғындар мекендейді. Дегенмен Африкадағы 
бір мемлекетті екіншісімен салыстыру қиын. Олар әртүрлі тілде сөйлейді, 


87 
діни-ұстанымдары, салттары бір-бірінен өзгеше. Африка туралы мәлімет өте 
ерте кезден-ақ белгілі болған, әсіресе, оның жерортатеңіздік жағалауындағы 
ірі мемлекеттер туралы деректер көп. Египет перғауынында қызметте жүрген 
финикиялықтар біздің заманымыздан бұрынғы 600 жылы шамасында бүкіл 
құрлықты айнала жүзіп шыққан. Ежелгі Африка елдерінің тарихы бұрын 
жүйелі де түбегейлі зерттелген жоқ. Солтүстік Африканың, әсіресе, Мысыр 
тарихы біршама тәуір зерттелгенімен, Сахараның оңтүстігіндегі халықтар 
тарихы әлі де толық мәлім емес. 20 ғасырдың 50 — 60 жылдарында 
жүргізілген археологиялық және палеонтропологиялық зерттеулердің 
нәтижесінде Африка құрлығынан таңғаларлық жаңалықтар ашылды. 
Ағылшын ғалымы Л.Лики Танзаниядағы (Шығыс Африка) Эяси көліне таяу 
жердегі Олдовай шатқалынан адам тәрізді тіршілік иесінің қаңқасын тапты 
(қазақша Африкантроп). Тым қарапайым еңбек құралдарын пайдаланған бұл 
тіршілік иелері. Шығыс Африка, Солтүстік Африка, Кения аймақтарында, 
Сахарада осыдан шамамен 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Бұл жаңалық әлем 
ғалымдарына Африканы адамзат баласының алғаш дүниеге келген, эвол. 
жолмен жетілген мекені деп есептеуіне негіз болды. Солтүстік Африкадан 
тас дәуіріндегі дамудың барлық кезеңіне тән мәдени ошақтар ашылды.20 
ғасырдың басында неміс этнографы және антропологы Ф.Лушан бұл 
құрлықтың тұрғындары темір қорыту өнерін ерте меңгерген деген пікір 
айтты. Көне заман тарихының тағы бір айғағы — тасқа салынған таңбалар (ат 
жеккен арбаның суреті) б.з.б. 2-мыңжылдықтың орта кезін мегзейді. Б.з.б. 4-
мыңжылдықта Ніл аңғарында Ежелгі Мысыр мемлекеті қалыптаса бастады. 
Оның мәдениетінің түп-негізі Африканың өз топырағынан нәр алған. Бірақ 
өркендей келе ол құрлықтың өзге елдерінің мәдени болмысынан 
оқшауланып, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі елдері мәдениетінің тарихымен 
тұтасып кеткен. Б.з.б. 2-мыңжылдықта қазіргі Судан Республикасының 
аумағында Куш мемлекеті құрылды. Ол б.з.б. 8 ғасырда Мысырды жаулап 
алды; оның үстемдігі ХХV (эфиопиялық) әулет деген атпен тарихта қалды. 
Б.з.б. 7 ғасырда ассириялықтар Мысырдан ығыстырғаннан кейін олар 
астанасын әуелгі — Напатуға, содан соң Мероэға көшірді, осында 1000 жыл 
мемлекет болып тұрған. Оны б.з-дың 4 ғасырында Аксум мемлекетінің 
(Эфиопия, Нумбия) патшасы Эзанның әскерлері жойды.Мероэ — Напаттың
(Гебель-Баркал) Псамметих кесірінен құлдырағаннан кейін Куш 
мемлекетінің астанасы болған , қазіргі Судан территориясындағы қала.
Нілдің шығыс жағында Асуан мен Хартум арасында орналасқан. Мемлекет 
тілі-мероиттік. Мероэ мәдениеті Ежелгі Мысырдың күшті ықпалында болды. 
Мероэ римдіктер шабуылына сәтті түрде төтеп бере алды , бірақ б.з.д. 4ғ 
1жартысында аксумиттердің жиіліген шабуылдарынан құлады. Мероэ 


88 
орнында алғашқы елді мекендер б.з.д. 8ғ-да пайда бола бастады. Б.з.д. 671ж
Египетті Ассирия жаулап алған соң тарихи аумақ Куштың территориясында 
орталығы Напата қаласы болатын патшалық пайда болды. Б.з.д. 6ғ мемлекет 
астанасы Мероэ қаласына ауыстырылды ( осыдан- Мероиттік патшалық).
Астана ауысса да, Напата қаласы діни орталық болып қала берді. Осында 
патшамазарлары 
–пирамидалар 
орналасқан, 
абыздар 
тағайындаған 
патшаларды таққа отырғызу рәсімі өткізілді.Б.з.д. 3ғ ортасына жуық Мероэ 
патшасы Эргамен (Ирк-Амон) напаттық абыздардың саяси ықпалынан 
халқын азат етті. Абыздар сол кезде мұрагерлікке кандидатураларды 
ұсынған болатын.эллинисттік Египет патшасы Птолемей IV және Эргамен 
патша арасында тұрақты түрде дипломатиялық байланыстардың болғаны 
жайлы деректер сақталған. Сол кезден бастап патша билігі мұрагерлік 
жолмен беріліп, Мероэ діни және мәдени орталыққа айналды. Египетте 
парсылар үстемдік етен кезеңде Мероит патшалығы өзінің бірнеше солтүстік 
территорияларынан айырылды. Б.з.д. 2-1 ғғ-даа Птоломейлер державасының 
саяси билігінің әлсіреуімен және Египет ішінде әлеуметтік күрестің 
өршуімен Мероит патшалығы Египет оңтүстігіндегі халықтық 
қозғалыстарды қолдай отырып, египеттік істерге араласа бастады. Б.з.д.30ж 
римдіктер Мысырды жаулап, Фиваида тұрғындары қарсылық ретінде 
төңкеріс жасағанда, кандактар басшылығымен эфиоптықтар жасақтары 
Мысырға шабуыл жасағанда, римдіктерге төтеп бере алмады, ал 
мысырлықтар тыныштандырылды. Б.з.д. 23ғ префект Гай Петроний 
басшылығымен римдіктер әскері Напатаны иеленді, солтүстік Эфиопияны 
Мысырдың римдік провинциясына қосты. Б.з. 3ғ патшалық құлдырай 
бастады. Мероит патшалығының территориясында Алоа, Мукурра, Нобатия 
мемлекеттері пайда болды.Мероит қазба жұмыстары археологтармен 1902ж 
басталды. Оны 1909-1914жж ағылшын археологы Дж. Гарстанг жүргізген, 
1920-1923жж патшалар некрополдарын американдық ғалым Дж.Рейснер
зерттеген. 2011ж Мероэ жақын жерде орналасқан археологиялық 
Муссаварат-эль Суфра және Нака зоналары ЮНЕСКО шешімімен 
Адамзаттың 
Дүниежүзілік 
Мұрасының 
ескерткіші 
болып 
жарияланды.Африканың оңтүстігінде өмір сүріп жатқан қойсандық халықтар 
жер бетінде пайда болған саналы адамдардың ең бірінші ошағы болуы 
мүмкін деген тұжырыммен бір топ генетиктер Science журналына мақала 
жариялап отыр.Африка халықтарының тарихына үңілетін болсақ, онда 
қойсандық халықтардың кішкене тайпалар шоғыры екенін білеміз. Қазіргі 
таңда аталған халық өздерінің "шықылықтау" тілімен бар әлемге танымал. 
Және қойсандық халықтың құрамына бушмен мен готтентот секілді тайпалар 
кіреді. Ең қызығы сол, жоғары да айтап кеткендей, бүкіл әлемде бұл 


89 
халықтың мәдениеті мен салт-санасы ешкімге ұқсамайтындығы. Өз кезегінде 
ұқсауға 
тырыспайтындықтары...Швециядағы 
Упсала 
университетінің 
генетиктері қазіргі таңда жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың 
гендерін тексеріп көрген. Африкалық халықтар мен әлемнің басқа да 
халықтары сынаққа түсіп, нәтижесінде қойсандық халықтың генетикасы 
ешбіріне, ешқайсысына ұқсамайтын болып шықты. Анықталғандай, 
қойсандық халықтың түп тарихы бұдан 100 мың жылдардың қойнауында 
жатқан болды. Сонымен айды аспаннан шығармаса да, адамзат баласының 
бастау тарихын нысанаға алып, зерттеу жасаудан ерініп көрмеген және 
маңызды жаңалық ашып отырған генетик-ғалымдар адамзат баласының 
бірнеше даму ошағы болғанын алға тартады. Бұл дегеніміз, саналы 
адамдардың өсіп-өніп шыққан ортасы бір өркениеттің ғана еншісінде емес 
деген дүние.Африка адамзаттың бесігі болды. Б.з.д. 6-5мыңжылд. Ніл 
аңғарында жер өңдіру мәдениеті қалыптасты( Тасий мәдениеті, Файюм, 
Меримде), солардың негізінде б.з.д. 4мыңжылд. Ежелгі Африка өркениеті- 
ежелгі египет қалыптасты. Оның оңтүстігіне, Нілге де тақау
б.з.д.2мыңжылд-та нубиялық (Напата) өркениетін ауыстырған керма-
кушиттік өркениет қалыптасты. Оның гүлденуі Мероит патшалығының 
(б.з.д. 6ғ-б.з.-4ғ) өмір сүруіне сәйкес келді. Патшалық қалдықтарынан Алоа, 
Мукурра, Набатейлік патшалық және т.б. қалыптасты. Олар Эфиопияның,
Египет пен Византияның мәдени, саяси ықпалында болды. Керма мәдениеті- 
б.з.д. 2500-1500жж орталығы керм болатын Нубия территориясында (қазіргі 
Судан)өмір сүрген африкандық өрокениет және археологиялық мәдениет. 
Ежелгі 
Мысырдың 
Орталықтық 
патшалығы 
кезеңінде 
Судан 
территориясындағы ең мықты патшалық болған .
Тарихшылар Керм тарихын бірнеше кезеңге бөледі:
♦ерте: б.з.д.2500-2050жж 
♦ орта: б.з.д. 2050-1750жж 
♦классикалық немесе кейінгі: б.з.д. 1750-1500жж 
Керм патшалығының кейінгі кезеңінде судандық патшалық Сайды (Sai)
өзіңе қаратып, мықты империяға айналды- Ежелгі Мысырдың бәсекелесіне 
айналды. Б.з.д. 1500ж Мысыр құрамында болды, алайда көтерілістер 
ғасырлар бойы жалғаса берді. 11ғ Керм орнына Мысырдан тәуелсіздік алған, 
«мысырлық үлгідегі» жаңа патшалық Куш пайда болды. Кермнің 
мысырлық үстемдікке қарсы күресі қола дәуіріндегі ең ұзақ жанжал болған- 
220ж-ға созылды. (б.з.д. 1500-1280жж) Джерма (араб. ) — Вади-эль-


90 
Хаят муниципалитеттегі Ливия қаласы. Ежелде Гарама болып аталып, б.з.д. 
11ғ- 669ж өмір сүрген гараманттар мемлекеті Гарамантида астанасы 
болған.Джерма б.з.д. 11ғ гарамант деген халық бастауымен негізі салынған 
және олардың астанасы болды, өз ішіне бүкіл Феццан, Триполитания 
оңтүстігін, Мармариканың батыс бөлігін қамтыды. Б.з.д 19ғ Джерма және 
гараманттар жақын маңдағы қалалары Кіші Луция Корнелия Бальба бастаған 
рим әскерімен қаратылды. Соған қарамастан осы территорияларды 
толықтай қарата алмады. 
89ж Гарамантида билеушісі Мрсис пен римдік 
император Домициан арасындағы келесім –шар тбойынша Джермада римдік 
гарнизон орналасты. Ал гараманттар римдіктерге көмек ретінде шөл арқылы 
өтетін сауда жолдарын қорғауға көмектесетін болды. 6ғ кейін Джерма 
әлсірей бастады. 669ж Укбы ибн Нафи бастаған араб әскерімен жаулап 
алынды. 10ғ Джерма араб географы әл-Масуди еңбектерінде жазылған. 12ғ 
адамдар Джермаға оралып үйлер ме мешіттер сала бастады.Пунт жері (егип.
«Құдайлар мекені») — ежелгі мысырлықтарға белгілі Шығыс Африка 
территориясындағы жер.Мысырмен қатар Аравиямен сауда байланысын 
жүргізді, соған қарағанда Африкандық Мүйізде орналасқан. Бірақ Пунттың 
орналасуы туралы талас-тартыстар әлі күнге дейін тоқталған жоқ, себебі 
мысыр дереккөздерінде Пунт Қызыл теңіздің оңтүстік жағалауында 
орналасқаны жайлы айтылған. Пунт қазіргі Сомали немесе Эритреяда және 
судандық жағалаудың бір бөлігінде орналасуы мүмкін дейді. Библияда Офир 
мен Савтік патша айтулары бойынша Пунт Аравия түбегінде орналасқан 
дейді. Кейбір ежелгімысырлық деректерде Пунт мысырлықтардың ежелгі 
отаны және мысырлық құдайлардың алғашқа мекені болып баяндалған. Нок 
өркениеті африкандық Нок ауылында алғаш сәулет скульптурасы 
табылғанына орай аталып кетті. Б.з.д.900ж Нигерияда пайда болған, б.з.200ж
құпиялы түрде жоғалып кетті. Оның әлеуметтік жүйесі алдыңғы қатарлы 
болған, неолит соңын (тас дәуірі) және Темір дәуірінің басын қамтыған. Нок 
өркениеті Сахара оңтүстігіндегі аумақта бәрінен ерте терракоталық 
статуэткаларды шығара бастады. 
2) Эфиопия-
Солтүстік Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. 
Эфиопия аумағын адамдар өте ежелгі замандардан бастап мекендеген. 
Эфиопиядан табылған археологиялық ескерткіштердің ең көнесінің жасы 
шамамен 2,1 млн. жылға тең. Біздің заманымыз басталмастан көп бұрын 
Эфиопия аумағында семит-хамит және басқа да тіл топтарына жататын 
халықтар өмір сүрді. Б.з.б. 1-мыңжылдықта Оңтүстік Арабиядан жекелеген 
тайпалар қоныс аударып, жергілікті халықпен араласып кетті. Эфиопия 
кішігірім шыңдарында солтүстігінде оңтүстік арабиялық Сабей патшалығы 


91 
негізінде эфиопия өркениеті пайда болды: б.з.д. 5 ғ , Оңтүстік Арабиядан 
шыққандар негізінде Эфиопия патшалығы пайда болды. Б.з. бас кезінде 
Солтүстік Эфиопия аумағында аса ірі Аксум патшалығы өмір сүрді. 4 ғ-дан 
бастап Аксумға христиан діні ене бастады.Аксум- б.з.д. 400ж бастап б.з.10ғ 
дейін алдыңғы қатарлы болған теңіз және сауда державасы- Аксум 
патшалығының атымен аталатын Эфиопияның солтүстігіндегі қала. 
Ортағасырлық дерекнамалар осы қаланы «Эфиопияның» өзі ретінде де 
қарастыратын.Тыграй аумағындағы «Мехакеленью» (Mehakelegnaw Zone) 
зонасында Адуа тауының етегінде теңіз деңгейінде 2130м биіктікте 
орналасқан. Ол Аксум патшалығының орталығы болған.Оның тарихи 
құндылығын жоғары бағалай отырып, 1980ж Юнеско Аксумның 
археологиялық объектілерін Адамзаттың Дүниежүзілік Мұрасының 
ескерткіштері тізіміне қосты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет