105
Қарттардың мұндай кеңестері көптеген халықтардың ертедегі даму
кездерінде де де кездесіп отырады. Курияттық комцийлердің шығарған
барлық қаулыларын сенаттың, бұрыңғы әкелік дәстүрді сақтаушының және
патшаның күрделі мәселелер жөніндегі кеңесшінің бекітуі міндетті болды.
Сенаттың мүшелері аталар деп аталынды.
Патша дәуірінің соңғы кезінде патша тағайындайтын қызмет адамдары
шықты. Мысалы, патша өзі бір жаққа кетерінде қаланың префекторын
белгіледі, оған Римді басқару ісі тапсырылды.
Алғашқы қауымнан (мемлекеттікке дейінгі) таптық құрылысқа
(мемлекеттік) көшу сатысында саяси мекемелердің осындай өзгерістері
болды. энгельс бұл құрылысты әскери демократия деп анықтайды.
Руларға біріккен рим қауымының толық құқылы мүшелері біртіндеп
қоғамның мәртебелі бөліміне айнала бастады. Олар патрицийлар (атасы
барлар) деп аталды, бастақы кезде солар ғана Рим халқын құрады.
Патрицийлер плебейлерге қарама-қарсы қойылған топ. Plebs деген сөздің өзі
pleo-толықтырамын деген сөзден шыққан, бұл көпшілікті, бұқараны
аңғартады деген жорамалдар бар.
Ф.Энгельс плебейлердің шығуы туралы мәселеде мынадай нұсқау
береді: « Сонымен қатар,- дейді Энгельс,-жаулап алудың нәтижесінде үлкейе
түскен Рим қаласы, бір жағынан жаңадан көшіп келушілердің есебінен,
екінші жағынан, көбінекей патша округтерін бағындырып алу есебінен өсіп
отырды. Бұл жаңадан баынғандардың барлығы... ескі рудың, курияның және
тайпаның қатарына ене алмады, сондықтан да populous romanus-тың бір
бөлшегі деп есептелмеді. Рим халқының құрамына кіре алмады. Кейбір
плебейлер ең әулетті деген патрицийлардың қамқорлығын іздеді және
олардың клиентіне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: