Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы


Тақырып № 16. Б.з.д. VІІІ-ІІІ ғғ. Рим тарихы. Италияның ерте



Pdf көрінісі
бет32/66
Дата07.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66
Байланысты:
Ж мыс ба дарламасы П нді о ытуды ма саты Ежелгі д ние тарихыкур

Тақырып № 16. Б.з.д. VІІІ-ІІІ ғғ. Рим тарихы. Италияның ерте 
құлиеленушілік қоғамы мен мемлекеттілігі 
1.Италияның жекелеген жерлерінің дамуының ерекшеліктері 
2.Римдегі патшалық билік 
3.Сервий Тулий реформалары. 
1)Апенин түбегінде, Тибр өзенінің бойында Рим қаласы б.з.д. VIІІ 
ғасырда (753ж.) салынған . (Италия сөзінің мағынасы – Бұзаулар елі) 


101 
Италиялық мәдениетің дамуында грек отарлары үлкен орын алды. Грек 
отарлауы б.з.д. VIIІ ғасырда басталып, VI аяқталады.
Грек қалаларының арасында Италия Балқан Грекиямен байланысып 
тұрды және бұл Апенин түбегінің экономикалық өміріне де әсер етті. 
Археологиялық мәліметтер б.з.д. VIІ және VI ғғ аралығында Жерорта теңізі 
бойының көп облыстырында Коринф саудасы басым болғанын көрсетеді. 
Протокоринф және Коринф стиліндегі ыдыстар мен ыдыстар қалдығы 
Италияның әр жерінен-ақ кездеседі. Бұлар гректердің жергілікті 
керамикасына үлгі болды. 560 жылдың шамасында сауда ісінде Афинының 
ықпалы да біліне бастайды. Бірақ Италияның қалларында дербес қолөнер 
өндірісі де дами бастайды. Б.з.д. V ғ-да этрускілерді жеңгеннен кейін, 
Сицилияда Сиракуз державасы үлкен маңызға ие болды, ал Италияның грек 
қалаларының саяси ролі күшейе түседі. Бірақ V ғасырдың екінші 
жартысынан былай қарай грек қалалары әлсірей бастайды. 
Мұның себебі жеке полистердің ішіндегі әлеуметтік қатынастар мен 
таптық күрестер болды, бұл күрестер кейде қалалар арасындағы мейірімсіз 
қатал және қантөгіс, сұрапыл соғыстарға барып ұласып отырды. Италиялық 
грек қалаларының көпшілігінде аристократиялық топтар басымырақ болған. 
Тіпті, б.з.д. VI ғасырдың аяқ кезінде Кротон қаласының аристократтары 
биліктің демократиялық жолымен басқарылған гректердің Сибирис атты бай 
қаласын қайратқан. Гректердің әлсіреуіне ішкі күрес және жеке қалалар
арасындағы өзара дұшпандықпен қатар, жергілікті Италиялық тайпалардың: 
самниттердің, лукандар мен бруттилердің күшеюуі де үлкен себеп болды. 
Б,з,д, 491жыл шамасында самниттер гректерді жеңіп шығады және сол кзден 
бастап Тарент, Фури, Ригей сияқты қалалар, көп жағдайларда, олардың басып 
келулеріне қарсы тұруға шамасы келмейтін болады. Сицилияда б.з.д. ІV 
ғасырда карфагендіктер күшейді. 
Италия мен Сицилияда грек қалларының басым көпшілігі жер кәсібі 
орталықтары болды және Апенин түбегінде ауыл шаруашылығының едәуір 
жоғары түрлерін таратуға себеп болды. Жүзім мен зәйтүн ағаштарын бағып-
күтудің әдістерін италиялықтар солардан үйренді. 
Грек мәдениетінің тарихынан батыс Италия мен сицилияның грек 
қалалары үлкен орын алған. Батыста түрлі философиялық жүйелер дамыған. 
Грек білімінде үлкен орын алған риторика Сицилияда ерте пайдаб олды. 
Әдемі соғылған ақшалар, Сицилия мен Оңтүстікі Италиядағы алып 
құрылыстардың қалдықтары батыстық грек мәдениетінің жоғары дәрежеде 
боландығын сипаттайды. Гректердің әлеуметтік және саяси мекемелері, грек 
техникасы, көркемөнері мен сәулет өнері, діні мен мифологиясы, 
көркемөнері мен әдебиеті Италия мәдениетіне зор ықпалын тигізген. Бұл 


102 
жөнінде Кампаниядағы Кумы қаласы ерекше орын алған. Этрускілер грек 
алфавитін осыдан алған, олар гректердің тлоып жатқан әдет-ғұрыптары мен 
нанымдарын да осыдан алған. 
Кампанияда гректердің ықпалымен қолөнер өндірісінің әр түрлі 
салалары дамыды. 
Кампания тұрғындары үшін грек ықпалының айрықша маңызы болған. 
Мұнда гректердің әсерімен ерекше кампания мәдениеті туады, оның 
өзгешелігі Кампанияны Рим жаулап алғаннан кейін де жоғалмаған.
Тибр өзенінің төменгі ағысындағы, оңтүстіктегі Лаций ауданы, басқа 
облыстарға қарағанда, едәуір кеін қоныстана бастаған, альбан таулары мен 
болашақ Рим қаласының орнынан табылған тым ертеректегі археологиялық 
ескерткіштер, археологтардың пікірінше, алғашқы мыңжылдыққа немесе 
тіпті б.з.д. Х ғасырға жатады және Виллановы мәдениетінің ертедегі 
меккендеушілерімен байланысты болуы күмәңсіз, бірақ әшекейлердің стилі, 
өлікті өртеу және оның күлін үңгір үй тәрізді сауыттарға салып жерлеу 
салты, тым ертеректегі террамар мәдениетінің әсері тигенін көрсетеді. 
Латиндер 
ертенден 
ауыл 
шаруашылығымен 
шұғылданған. 
Олар 
дренажжұмыстарын ерте үйренген, онсыз Лацийде ауыл шаруашылығы 
болуы мүмкін емес. Мал шаруашылығы үлкен орын алған. Лация 
тауларының беткейлерінде қоралы сиыр мен қойлар, шошқалар жайылған. 
Жылқы басқа үй жануарларына қарағанда, кейінірек пайда болды. Умбра-
Сабелль тайпалары сияқты, латиндер де алғашқы қауымдық құрылыстың 
белгілері сақталған. Олар бекінген поселкелерге ертедегі орыс қалаларына 
ұқсас «қалаларда» тұрған. Дәстүр осындай тоыз қала болған деп санайды 
және олардың ішіндегі ең бастысы Альба-Лонга болған дейді. Латин 
қалаларының құрамасы ертеректе орнаған. Оның : Юпитер Лациарский 
храмы, Ферентин бұлағындағы тоғай, Лавиниядағы Юнона храмы, Немий 
көлінің жағасындағы Диана шіркеуі сияқты жалпы қасиетті орындары 
болған. 
Лацияны жалғыз латиндер ғана мекендемеген. Археология ашқан 
жаңалықтар, сол заманда өлікті өртеумен қатар, Сабелль тектес тайпалардың 
салтында болған өліктерді өртемей жерлеу де кездесетінін көрсетеді. 
Зерттеушілер бұлар біздіңдеректерімізде аты жиі аталатын себиняндар болуы 
керек деп санайды. Лацияның тауыл аудандары эквылер, герниктер мен 
вольскілер мекендеген, бұлар, сірә латиндарға жақын болулары керек. 
2)Римнің патшылық кезеңі б.з.д. 753-509жж. 
Лация қалаларының ішінде Рим қаласының маңызы ерекше үлкен 
болды. Оның қалай пайда болғаны туралы ешқандай анық мәліметтер 
сақталмаған. Италия мен Сицилия гректерінің арасында Италияның 


103 
өткендегісін аңызды грек тарихымен байланыстыратын әңгімелер ерте 
уақыттарда-ақ кең таралған болатын. Одиссейдің Италияда боландығы 
туралы аңыз шығады. Трояндық Энейдің Италияға сапар шегуі туралы аңыз, 
әсіресе, көп жайылды, бұл туралы этрус дәстүрі де білген жоғарыда айтылып 
өтті, кейін бұл әуелі грек жазушыларының, сонан соң Рим жазушыларының 
ең сүйікті сюжеті болып кетеді.
Аңыз бойынша – Троя қаласының батыр Энейдің 14-ұрпағы Нумитор 
патшаны інісі Амулий тақтан тайдыып, қызы Рея Сильвияны от құдайы 
Вестаның храмына абыз (ошаққа от жағуы етіп) қояды. 1 жылдан кейін Рея 
егіз ұлдысоғыс құдайы Марстан туды. Амулий бұл балаларды Тибр өзеніне 
ағызып жіберуге бұйырады. Себет ішіндегі балаларды қаншық қасқыр 
емізеді. Бір бақташы тауып алып балаларған Рем мен Ромул деп ат қояды. 
Рем мен Ромул ержеткен соң Амулийді өлтіріп, аталары Нумиторды патша 
етіп қойып, өздері Тибр өзені бойында қала салып, кімнің аты берілу 
керектігіне жанжал туындап, Ромул Ремді өлтіреді. Қала Ромулдың атымен 
аталды. 
Қаланың орнаған уақыты жөнінде ертедебірыңғай пікір болған емес. 
Бұл жөнінде әртүрлі уақыттар көрестілген, олардың ішінде Римнің орнауын 
б.з.д. 754-753 жылдарға алып баратын Варрон қабылдаған уақыт, әсіресе, көп 
жайылған. 
Аңыздық мәліметте кейініректегі жорамалдарға негізделгендіктен, 
бізге Рим қаласының шын тарихы жөнінде жарытып ешнәрсе ьере алмайд. 
Римнің ертедегі тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік бермесе ед , оның 
қалай пайда болғаны жөнінде бірқатар дұрыс пікір айтуға мүмкіндің беретін 
археологиялық мәліметтердің маңызы үлкен. 
Ертедегі Рим Тибрдің сол жақ жағасында,оның сағасынан 25 
километрдей жерде орныққан. Римді жеті төбелер қаласы деп атаған . 
басында Палатина төбесінде , кейін Капитолий және Квирнал төбелері пайда 
болды. Кейін келе қалған төрт төбелер пайда болды: Целие, Авентине, 
Эсквилине, Виминале. 
Римнің алғашқы патшасы Ромул қолына бүркіт мүсіні бейнеленген аса 
таяқ ұстап жүріп, оны 12 жасауыл (шыбық пен балтамен қаруланған) 
Ликторлар қорғап жүрген. Римнің ең ежелгі тұрғындары-патрицийлер, 
кейін келгендер-плебейлер деп аталды. Қаланы басқаруға тек патриций
еркектері сенат деп аталған жиналыста шешім қабылдап, патша сайлаған. 
римді аңыз бойынша 7 патша билеген: Ромул,Нума Помпилий, Тулл 
Гостилий, Анк Марций, Луций Тарквиний Приск, Сервий Туллий, 
Өркөкіректі ЛуцийТарквиний. Римнің соңғы патшасы Өркөкіректі 
Тарквиний болып есептеледі. Дәстүр бойынша оны жауыз етіп суреттейді, ол 


104 
өзінің қол астындағыларды аяусыз езіп отырды, сондықтан оған деген 
наразылық мейлінше күшейді дейді. Оның баласы өзінің туысқан Тарквиний 
Коллатиннің әйелі Лукрецияны зорлайды. Ол әйел мұны өз күйеуіне айтып, 
өзін-өзі өлтіреді.Тарквинийдің шектен шығуы және Лукрецияның өлімі 
көтеріліс шығарады, көтерілістің нәтижесінде Тарквиний қуғынға түсед де , 
имде патша өкіметі құлайдыыы. Кейін патша сайланбады. Дәстүрлерде 
айтылатын патшаларды қуу, Римді этрустердің езуінен құтқару болып 
табылады. 
Патшалық дәуірінде қоғамдық құрылыстың негізгі белгілерін анықтау 
үшін, Рим құрылысының одан кейінгі дәуірде сақталып келген ертедегі 
меккемелерден қалған кейбір қалдықтардың маңызы ерекше зор. Патша 
заманы алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшудегі өткінші 
кезең болып табылады. Қоғамдық негізгі бірлігі экзогендік әкелік ру болды. 
Рулық қарым-қатынас қалдықтары тарихи заманға дейін сақталып келді. Ру 
үшелері бірімен бірі мирасқор болу құқығымен байланысты болды. Олардың 
діни жалпы ойын-тойлары және сол сияқты барлығына ортақ бейіттері 
болды. ридіктер есімдері 2 , кейде 3 бөлімнен құралды. Рулық 
байланыстардың әлсіреуіне байланысты римдік отбасы күшейе түсті, ол 
ғасырлар бойы шаруашылық пне қоғамдық күштің негізгі бірлігі болды. Ру 
мүшелерінің саны бірдей болмаған, мысалы, фабийлар руының 300 болған 
делінеді. Ал Клавдийлер руын клиенттерімен қоса есептегенде сол кездің 
өзінде-ақ 5 мың адаам болған. Римде он ру Курия құрды, ал он куриядан- 
Трибан (тайпа) құрылды. Үш триба- Тицийлар, ромналар, Луцерлар- рим 
халқын құрастырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет