Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет30/66
Дата07.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
Байланысты:
Ж мыс ба дарламасы П нді о ытуды ма саты Ежелгі д ние тарихыкур

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1) Африка сөзінің мағынасы қандай? 
2) Ежелгі Африкада қандай қалалар дамыды? 
3) Ежелгі Африка жерлерін кімдер зерттеген? 
4) Ежелгі заманда Африкада қандай мемлекеттер пайда бола бастады? 
5) Эфиопия патшалығы қашан пайда болды? 
Тақырып № 11 
Ежелгі Крит және Ахейлік Греция 
1.Крит өркениетінің пайда болуы.
2.Крит өркениетінің гүлденуі-Крит- Микена жазулары. 
3.Ахейлік Греция Ерте мемлекеттік қалалар. 
4. Ерте грек жазуының пайда болуы. 
Грекияда Крит-Ахей өркениеті б.з.б. 2000 жылдары қалыптасты. 
Крит-микен өркениеті бойынша түпдеректер: Криттегі, Кіші Азиядағы 
сарайлық кешендер, құрлықтық Грециядағы жерлеу кешендері
Ежелгі Греция тарихы ежелгі әлем тарихының құрамдас бөлігі болып 
табылады. Ежелгі Греция тарихы бойынша түпдеректерді зерттеу арқылы 
ежелгі әлем тарихының бөлігі ретінде, оның даму заңдылығын көрсетуге 
мүмкіндік береді. Сонымен бірге, грек өркениетінің ерекшеліктерін көрсетіп, 
грек өркениетін қайталанбайтын тарихи шындық ретінде көруге болады. 
Ахей мемелекті оңтүстіктегі Грекиадағы Пелопонес аймағында орналасқан. 
Крит және Ахей тарихы бойынша деректер б.з.д. II мыңжылдықты қамтиды. 


92 
Бұл кезеңнің көптеген деректері үш негізгі категорияларға бөлінеді: жазбаша 
ескерткіштер, (Б сызықты жазумен жазылған), қала және қоныстардың 
археологиялық қазба жұмыстарының мәліметтері, грек авторларының 
шығармалары. Б сызықты жазылған хат тақталары Крит аралында 
А.Эванспен 1901 жылы табылған. Тек 1953 жылы ағылшын ғалымы 
М.Вентрис жазулардың тіліне талдау жасаған. Қазіргі кезеңде Б сызықты 
хаттардың бірнеше мың тақтайшалары белгілі. Олар Криттегі Кносс жерінде, 
Пилос, Микен, Фивы, Тиринф қалаларына қазба жүргізу барысында 
табылған. Тақталардың басым бөлігі б.з.д. ХІY-ХІІ ғасырларға жатады. 
Жазулар өте қысқа болып келеді. Жазулар шаруашылық есеп түрінде 
беріледі. Онда жерді жалға беру туралы, мал санының басы, жұмысшыларға 
қызмет етуші қызметкерлерге азық-түлік беру, күн және құл тізімі, 
қолөнершілер тізімі, шикізаттық материалдар тізімі, матрос және 
жауынгерлердің мобилизациялауларға жататындарының тізімдері, сонымен 
бірге, кәмпелескен мүліктердің тізімдері берілген. Тақтайшалар сарайлық 
шаруашылықтың қызметі, сарай және әкімшіліктік бірліктері арасындағы 
қарым-қатынастар туралы, мемлекет ісін басқару туралы ақпарат береді. 
Б.з.д. II мыңжылдықтағы Ахей патшалығының экономикасы және 
басқарудың негізгі белгілері туралы мәлімет беруге мүмкіндік береді. 
Тақтайшалардан басқа, жеке сөзден немесе қыш ыдыстардың бетіне қашалып 
жасалынған. Мөрлердегі жеке әріптер қыш ыдыстарға жазылған.
Археологиялық қазбалар материалдық мәдениет туралы әр түрлі мәліметтер 
береді. Ең маңыздысы сарай кешендерінде қазба жұмыстарын жүргізгенде 
табылған: Крит аралындағы Кносста, Фестада, Микеньде, Пелопоннестегі 
Пилоста. Көптеген бөлмелер, сарайдың күрделі жоспары, сонымен бірге, 
үлкен апартаменттер, қабылдау залдары, храмдық бөлмелер, қолөнерлік 
шеберханалар, шаруашылықтық қоймалар, тұрмыстық заттардың көптігі, сан 
алуан қару түрлері б.з. II мыңжылдықтағы ірі монархиялардың 
орталықтарының күрделі де ғажайып өмірі туралы түсінік береді.
Б.з.д. ІІІ мыңжылдықта Лернде (солтүстік Пелопонес) және Рафинада 
(Аттикада) ашылған ірі қоныстар аса қызығушылық тудырды. Бұл жерлерде 
қола құюшы өндіріс табылған. Б.з.д. II мыңжылдықтың екінші жартысында 
Микенде, Пилоста, Афиныда, Фивыда сарайларды айналдыра үлкен 
қоршаулар пайда болады. Бұл жерлерде қолөнершілер мен көпестер 
мекендеді. Ахей халқының негізгі бұқарасы мекендеген қоныстардың 
мысалы ретінде Кораку (Коринф жанында), Зигуриес (Микен жанында) 
табылған қоныстар және Спартадағы, Аттикадағы қоныстардың некрополі 
болып табылады. Бұл жерде қарапайым үйлердің қалдықтары, жоспары 
бойынша күрделі мекемелер, мегаронды типті бөлмелер қалдықтары 
табылған. Жеке мекемелердің мөлшерлерінің асқақтығы, керамиканың 
санының көптігі, сонымен бірге қола және алтын бұйымдар б.з.д. II 
мыңжылдықтағы село халқының арасындағы мүліктік теңсіздік процесі 
жүргізілгендігі туралы мәлімет береді.


93 
Жазба түпдеректері
Ахей және крит патшаларының тарихы туралы бірқатар ақпарат грек 
дәстүрінде сақталған. Гомердің «Иллада», «Одиссея» поэмаларында б.з.д. IХ-
VIII ғасырларда құрылған. Сонымен бірге Троян соғысы туралы тірі 
естеліктер сақталынған. Сонымен бірге, Троян соғысы туралы тірі естеліктер 
сақталынған. Поэмаларда Троян соғысы алдындағы Грекияның саяси 
жағдайы, Микенның басымдылығы, олар гректің қарсыластары және 
одақтастары жайлы айтылған. Сонымен бірге, Троян соғысының жүргізілу 
барысы, нәтижелері айқын көрініс тапқан. Гомер поэмаларында ахей 
кезеңінің көптеген шынайылылығы көптеп берілген, мысалы: тұрмыстық 
заттарды сипаттау, қару түрлері, соғыс арбалары, соғысу, шайқасу әдістері.
Б.з.д. V-IV ғасырларда грек авторларының оның ішінде Геродот, Фукидид, 
Аристотель және кейінгі жүзжылдықтағы авторлар Страбон, Плутарх, 
Павсанийдің шығармаларында грек өткені туралы, Крит патшасы Миностың 
қуаттылығы жайлы, Минос патшаның құрған үлкен державасы, сол кезеңдегі 
мәдениеттің жоғары сатыда деңгейі туралы естеліктер сақталынған. Б.з.д. II 
мыңжылдықтағы гректердің діні, мәдениеті, тарихы туралы материалды 
зерттеу үшін өте күрделі мәліметтер көптеген құдай және батырлар туралы 
әңгімелерде, мифте келтірілген. Крит патшасының қатал билігі Миностан 
азат еткен афиндық батыры Тезей, қорқақ патша Тиринф кемесінде Ясонның 
басшылығымен грек батырларының теңізде жүзуі туралы әңгімелер, 
мифтерді кездестіруге болады. Бұл әңгіме және мифтерді сыни талдау 
фактіні жалған құрастырған сөздерден бөліп көрсетуге және б.з. II 
мыңжылдықтағы Грекия тарихы туралы білімді толықтыруға мүмкіндік 
береді. Крит және ахей патшаларының сыртқы саяси жағдайы туралы 
көптеген мәліметтер ежелгі шығыс ескерткіштерде беріледі. Соның ішінде 
б.з.д. ХIV-ХII ғасырларда хетт жазбалары Кіші Азияның батыс бөлігіне 
орналасқан Ахийява мемлекетімен хеттердің одағы жайлы мәлімет 
келтіріледі. Кейбір II мыңжылдықтағы египеттік заттар соның ішінде 
скарабейлер, амулеттер, моншақтар, Усер аты патшалығының тең құқылы 
одақтасы ретінде перғауын III Тутмос жазбаларында айтылады. Ежелгі 
заман тарихында антикалық қоғам - Ежелгі Греция өркениеті маңызды рөл 
атқарды. Бұл өркениет кейіннен батыстық қоғам мәдениетінің орталығына, 
негізгі қайнар көзіне айналды. Дерексіз тарих жазылмайтындықтан, Грекия 
деректерін 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады. Олар: бірінші кезең - б.з.б. ІІ 
мыңжылдықты қамтитын Крит Ахейлік Греция, екінші-кезең Архаикалық 
және Классикалық Греция, үшінші-кезең Эллинистік Греция. Ежелгі Греция 
тарихы бойынша баға жетпес мұралар сақталған. Барлық деректерді үлкен 
екі топқа - жазбаша және материалдық деректер деп топтауға болады. 
Археологиялық қазба жұмыстары барысында қала орындары аршылып, 
көптеген материалдық деректер тарихи айналымға енді. Грек адамдары 
оқиғаларды тізбектер, жүйелі түрде жазып отыруға тырысқан. Сондықтан 
грек тарихына қатысты жазбаша деректер өте көп сақталды.


94 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет