Сөздің көп мағыналылығы
Сөздің көп мағыналылығын әр суреткер өз зертханасынан
қырнап, өңдеп, өз орнын тауып қиыстырған болса, тілге жеңіл,
ойға қонымды болмақшы. Сөздің көп мағыналылығы прозадан
гөрі поэзияда жиі кездеседі.
Көп мағыналы сөздің қолданысында мәнмәтіннің сипа-
тына қарай мағыналық реңктері көп болады. Өйткені сөздің көп
мағыналылығы жалпы халықтық ауыспалы мағынаның негізінде
жасалып, олар тілдің стилистикалық арнасын кеңейтеді, байы-
тады, тілдің экспрессивті-эмоционалдық бояуын қоюландырып
аша түседі.
Ақ көңілім анық қарайды,
Қызыл гүлім суалып.
Жарқ етпес қара көңілім.
Кейде есер көңіл құрғұрың.
Махаббат іздеп талпынар
Екі көңіл арасы жылшылық жер,
Оны қайтіп қосады ол ант атқан.
Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа
Жаралы көңіл жазылар
Дүниеде рахат бар шығар.
Көрмеген көп дүние көл көрінеді,
Кірлемеген көңілдің ашығында (Абай).
Көңіл сөзімен тыңнан тіркес жасап, шебер стильдік үлгі
танытқан – Абай. Әрине, көп мағыналы сөз өзінің эстетикалық
қызметі жағынан әр ақын-жазушыда әр түрлі стильдік өң алады.
Әдебиеттегі көп мағыналы сөздің кейбірі ауызекі сөйлеу
стиліне ауысып, жалпыхалықтық болып кетеді. Айталық, аяз,
үскірік аяз, өкіріп тұрған аяз, ақырған аяз, қолқаңды қауып
тұрған аяз деп, халық аузында қолданыла береді. О баста
фольклордан ауысқан тілдік бірліктер болып табылады.
Төмендегі үзіндіге назар аударалық: Дауылбай аттан
түсіп, оязбен құшақтасып, қоштасқан жерде әлі тұр. Ұлық-
тың құшып тұрып арқасынан қаққаны әлін алып қойғандай,
орнынан қозғалар емес. Шала мас. Бәрі шала. Көңіл ала. Ояз
күліп аттанса да, Дауылбайдың күдігі жанын жеулі. Әлгі Алсай
сойқаны болысқа қатты сойқан болды. Ояз мәдениетті, зиялы
кісі. Сыпайы мінезбен бәрін жуып-шайып сыр білдірмей кетті.
Ал бірақ ішінен не деп кетті. ...Ел құлағы елу, болыстың ақ
ордасын тал түсте ат ойнақтатып, бір кедей сабалап кетіпті
деген сыбыс жер-жерге жайылып кетсе, сол жаман. Сүйекке
таңба. Масқара таңба. Қап, ит Алсай. Жер басып жүрсем,
ендігі ісім сенімен болсын (Ш.Мұртаза). Жай сөйлеммен-ақ
күрделі ой шебер жеткізілген. Автор сөзі арқылы Дауылбай ойы
бейнеленіп берілген. Мұнда шала сөзінің көпмағыналылығы,
контекстік мағынасы жақсы ашылған. Ішпей мас, шала мас. Бәрі
шала, Дауылбайдың көңіл-күйі де шала. Дауылбай мінезі ар-
қылы шен үшін, шекпен үшін не нәрсеге де бара алатын Абай
сынаған кей қазақы мінез көз алдымызға келеді. Берілген
үзіндіде көріктеуіш амал-тәсілдер болмаса да, контекст ішінде
сөздердің беретін мағынасы терең, эмоциялық мәні басым.
Сөздің мәнмәтіндік (контекстік) мағынасы
Сөздің мәнмәтіндік мағынасы да көркем әдебиет стилінен
туады. Белгілі мәнмәтінде ғана ұшырасатын сөздің келтірінді
мағынасы қашанда әр автордың стильдік мақсатынан, дүниені
бейнелі қабылдауынан туындайды. Жеке авторлық қолданыс-
тағы сөздердің мәнмәтіндік мағынасы сол тілдік тұлғаның
ерекше поэтикалық ойлау қабілетін көрсетеді. Философиялық
ойлау мен көркем шығармашылық адамның айналасындағы
дүниені тануымен тығыз байланысты. Мысалы:
«Қазақтың бағы жүрсе – кәукілдеген мақтан әңгімесі,
гулеген өсегі, кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүрісі
көбейіп, қараптан-қарап іші жарылып, бұтқа толы болады»
(Ә.Кекілбаев). Бұл сөйлемдегі кеңірдегін күнге, кіндігін айға
ілген кердең жүріс мәнмәтіндік мағынасы адамның мінез-құл-
қына байланысты пайда болып, оның жүріс-тұрысын бейнелеуге
қызмет етіп тұр. Жазушы «шалқайып, шіреніп жүру» мағына-
сындағы жүрісті суреттеу мақсатында мәнмәтінде бір-бірімен
үйлеспейтін сөздерді өзара байланыстырып, тың қолданыстар
жасауға мәжбүр болған.
Қай ақын-жазушы болмасын тіркесуде келетін сөздердің
мағыналық қыр-сырын өзінің сөз саптауына қарай аша түседі.
Мысалы: Осындай қоңыр кештің қоңыр күйі бейуағына
жеткен әженің өмірлік гөй-гөйі (Абай).
Сөз мәнмәтінде жазушының шеберлігіне байланысты әр
түрлі стильдік бояу, өң алып отырады. Мәселен, мал емшегін
емізу, жер емшегін емізу; Іргемді ешкімге шұқытпай – тәрізді
сөз оралымдарының қолданысына назар аударалық:
І.Есенберлин «Көшпенділер» романында Абылайдың
Бұқармен диалогі келтіріледі: «Өкінішім – үш жүздің басын
қоса алмадым: аз елге хан болдым, қазаққа мал емшегін емізген-
мен, жер емшегін емізе алмадым. Өзге жаудан қазақтың жерін
қорғаймын деп жүргенімде, дүние құрғыр өтіпті ғой». Қазіргі
тілде жалпы ұғына алатын «мал бақтырғанмен, егін салдыра
алмадым» деп жай баяндай айтудан гөрі, автор суреттеп отыр-
ған дәуірге тән сөздерді, сөз тіркестерін, арнайы тілдік реалий-
лерді пайдаланбаса да, «мал емшегін емізу, жер емшегін емізу»
тәрізді фразеологизмдер арқылы да мәнмәтінде Абылай дәуіріне
тән әлеуметтік мәселенің (егіншілікке отырғызу) мәні ашылып
тұр. Бұл – көне заманның мазмұнын берудегі автордың өзіндік
контекстік мағына тудырудағы тәсілі. Немесе «Үркерде»
(Ә.Кекілбаев) Әбілқайыр ойы былайша беріледі: «Кім көрінгенге
көз түрткі болып жүрген көшпенді жұрт пен ормандағы орыс
одақтас боп, жоңғарға қарсы жорыққа қол қосады деп жүр-
генде қазақ, міне, алғидың ала шөлінде қаңғырып қалды. Ендігі
жалғыз амалы «әйтеуір мынау башқұрттар мен қалмақтар
құсатып, іргемді ешкімге шұқытпай, бейбіт отырғызсаң бол-
ғаны» деу – Әбілқайыр әрі ойланып, бері ойланып, осыған бел
буды». Мұнда «малын айдап кету, елін шабу, жерін талау» мә-
нінде жұмсалған іргемді шұқытпай деген де контекстік мағы-
надан туған сөз орамдары болып танылады.
Сөздің экспрессивтілік мағынасы
Экспрессия – тілдің көркемдік бояуларының саласы, ол –
стильдік негізгі категория. Экспрессия жалпы екі тұрғыдан сөз
етіледі:
1. Лексикалық мағынасы әуелден экспрессияға бейім
сөздер (контекссіз – экспрессивті мағынаны білдіреді);
2. Қолданылу үрдісінде экспрессивтік мағына-бояуға ие
болатын тіл бірліктері, сөз тұлғалары.
Контекссіз-ақ экспрессиялық мән-мағынаны білдіріп тұ-
ратын бірліктерге: қанішер, жауыз, патшағар, ыржақтау, ты-
раштану, селтию т.б. жатады. Түрлі мағына бар: әзіл-оспақ, ке-
кету, шенеу (итіну), адамның мінез-құлқын, реніш-күйінішті
білдіруде жұмсалады.
Бұл тұрғыдан академик В.В.Виноградов
4
стилистикаға қа-
тысты лингвистикалық еңбектерінде тілдік экспрессияның рең-
бояуларына, олардың әр түрлі жанр мен сөз стилінде әр алуан
көрініс табуына жалпы шолу жасай келіп, мынадай ой айтады:
«Экспрессивті құбылыстың амал-тәсілі сияқты маңызды мәселе
бізде өз алдына зерттелген жоқ». Ал қазақ тіл білімінде де бұл
мәселе толық ашылып, тиянақты шешімін тапты деу әлі ертерек.
Дегенмен де қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері І.Кеңесбаев,
Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Ә.Қайдардың еңбекте-
рінде эмоционалдық, экспрессивтілік, ондағы лексика-семанти-
калық бірліктер мен жасалу тәсілдері жайлы салмақты пікірлер
айтылған. Ғалым Х.Нұрмұқановтың «Сөз және шеберлік» атты
монографиясында аталмыш тақырып біршама жүйелі түрде
зерттеліп, ғылыми тұжырымдар жасалған. М.Серғалиев пен
Ш.Нұрғожинаның «Қазақ сөйлеу тіліндегі эмоционалды-экс-
прессивті лексика» деген еңбегінде аталған лексика бірліктері
ғылыми тұрғыдан біршама игеріліп, көркем мәтіндік деректер-
мен дәйектеледі. Ал А.Сембаеваның «Көркем шығармадағы
эмоционалды-экспрессивті лексика» тақырыбындағы зерттеу
4
Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. М., 1963, с. 52
жұмысында көркем әдебиет стиліндегі эмоционалды-экспрес-
сивті лексиканың тілдік-стильдік ерекшеліктері арнайы қарас-
тырылған.
Экспрессивтілік мағына тек лексикалық бірліктерде ғана
емес, кейбір грамматикалық категориялар мен формалар, қо-
сымшалар, фразеологизмдер арқылы да туындайтындығын ке-
зінде академик В.В.Виноградов тілдік деректермен дәйектеген
еді.
Қазақ тіл білімінде морфологиялық тұлғалардың, яғни
қосымшалардың экспрессивтік-эмоционалдық ерекшеліктері
арнайы зерттеуге алынған жоқ. Кейбір жалғаулардың қолданылу
ерекшеліктеріне қарай құрметтеу, сыйлау не мысқыл-кекету не
сүйсіну, қомсыну сияқты әр-түрлі экспрессивті реңдегі бірліктер
жасалады. «Адалын айтайын, ағынан жарылып тұр, сабазың»,
«қалқатайым, қарашығым, Қайранбай». Бұл сөйлемдердегі тә-
уелдік жалғауларының қызметі арқылы сүйсіну мәні күштірек
байқалады.
Тілдің көркемдігін жетілдіру үшін, образ жасауда бұл
тәсілді көркем сөз шеберлері жиі қолданады. Эмоциялық реңкі
бар экспрессивті сөздер көбіне көркем әдебиет стилінде кез-
деседі, өйткені, олардың стильдік бояуы, көркемдік-эстетикалық
мәні сонда ашылады. Ақын-жазушылар шындықты көрсетуде,
ондағы кейіпкерлердің мінезін ашып, портретін сомдауда
осындай көтеріңкі, бейнелі, мәнерлі сөздерді жиі қолданады.
Жазушылардың эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолдану
шеберлігіне деректер келтірелік: Туған баласының алдында
беделі жоқ әке сорлы. Рысқұлдың бағы бар. Тұрар оны пайғам-
бардай сыйлайды. Жер бауырлаған жеті жасар бала не біледі
дейтіндердің соры қалың; «Әке көрген оқ жонар» болса, сол
жеті жастағы жеткіншек. Тұрар туған әкесінің турашыл-
дығын, күштіден күбіжіктемейтін, мықтыдан ықпайтын тә-
каппарлығын, жарлымын деп жасымайтын жігерін көріп өсті.
Тұрар үшін Рысқұл ер біткеннің ішіндегі одағай оқ жетпесі.
Бұл мәнмәтіндегі әке мен баланың бір-біріне деген сүйіспен-
шілігі оқырман сезіміне ерекше әсер етеді. Үзіндідегі пайғам-
бардай сыйлайды, әке сорлы, соры қалың, жер бауырлаған жеті
жасар жеткіншек деген тілдік бірліктер ойдың түпкі мәнін
нақты аша түсуге, экспрессия туғызуға қызмет атқарып тұр.
Сондай-ақ публицистикалық стильде де, сөйлеу тілінде де
экспрессивті-эмоционалды мәнде жұмсалатын лексикалық бір-
ліктер жиі кездеседі. Мына үзіндіге назар аударалық: Қазір сол
бағалы қазынаны бөтен адамдар кімге, қаншаға сатады, оны
біз білмейміз. Осыны жақында Президент ашынып айтты ғой.
Енді басыбайлы сатуды тоқтатамыз деді. Біз де осыны жаз-
ған едік қой (Газеттен). Бұл жердегі басыбайлы сөзі – жеке
басының еркіндігі жоқ, біреуге тәуелді деген ұғымды
білдіреді, яғни «басы байлаулы, азаттығы жоқ» деген мағы-
нада түсіндіріледі. Басыбайлы құл тіркесі түрінде жұмсалып
келген бұл сөздің бүгінгі тілдік қолданыста жұмсалу уәжі
айрықша, экспрессиялық қуаты зор. Өз өндіріс орындарымыз-
ды өзіміз игере алмай, оған күш-қуатымыз, қауқарымыз жет-
пей, шет елдік қалталыларға сатып, өзіміздің соларға тәуелді
болып отырғанымыз деген ой-сезімді жеткізуде экспрессивті
мәнде әсерлі жұмсалған.
Қазақ тілінде әсіресе болымсыздықтың эмоционалды-
экспрессивті мәні күштірек сезіледі, оны төмендегі қолданыс-
тардан байқауға болады:
а) сөйлемнің болымсыз формалы баяндауышының қайта-
ланып келуі арқылы: Есіл, Тоғжан, ұмытпаспын, ұмытпаспын!
Айтпа
, айтпа деймін анаған! (М. Әуезов) – күшейту мәні басым.
ә) сөйлемде болымсыз есімдіктердің қайталануы да оған
экспрессивтік мән береді: Ештеңе де ішкім келмей отыр,
Мәйна, ештеңе де (С. Шәймерденов).
б) түгіл, тұрмақ, тұрсын шылаулары зат есім, сан есім,
сын есім, қимыл атауларымен тіркесіп, болымсыз мәнді салыс-
тыру арқылы да экспрессивтік мән алады: Жеке меншікті жой-
мақ түгіл, әзір ойлаған да емеспін (Ғ.Мұстафин); Хат былай
тұрсын, ас та бергізбейді (С.Мұқанов).
3.2.2. Синоним, антоним, омонимдердің
стильдік қолданысы
Синоним – гректің synonymos – «мағыналас, мәндес» сөз-
дерінен алынған термин, яғни мағыналас, мазмұндас сөздер.
Олар – ойды әрі көрікті, әрі әсерлі жеткізудің стильдік құралы.
Оларды талғай да таңдай да, білу керек. Өйткені, мағыналас
сөздердің бәрі үнемі бірінің орнына бірі жұмсала бермейді.
Әрқайсысында әр түрлі стильдік бояу, стильдік сапа болады.
Контексте қолдануына қарай әр түрлі мағыналық реңк
туғызады. Олардың стильдік бояулары сол сөздерді салыстырып
қолданғанда айқын көрінеді. Синонимдерді тіліміздегі стиль
түрлеріне қарай саралап қолдану қажет. Мыс.: «күш, әл, қуат».
Төмендегі сөйлемнен «күш» сөзінің орнына «әл» сөзін
алмастырып айтуға болмайды. Өйткені, мағына дәлдігі бұзы-
лады: Қолыңдағы бар күшті жинай білсең, ұлы хандықты құ-
руға болады (І. Есенберлин).
Бұл мәселе орыс тіл білімінде бірқатар зерттеу нысанына
алынды. Синоним сөздердің стильдік қолданылуы туралы қазақ
тіл білімінде көлемді зерттеу еңбектер көп емес.
Көптеген ғалымдар «Бір тілдің лексикасында мүлде бір
мағынада айтылатын екі немесе бірнеше сөз жоқ, сондықтан бұл
сөздің ұқсастығын абсолюттік ұқсастық деуге болмайды. Себебі
синонимдер айтушының ойына сай болып, логикалық пікірдің
нәзік екенін қамтитын болады» деп таниды.
А.И.Ефимов
5
: «За каждым синонимом стоит смысловое и
стилистическое своеобразие, специфические смысловые оценки,
изучаемые стилистикой … тождественных по значению слов в
языке не бывает».
Ноғайлыны шаппаққа
Қалмақтар ішті қасамды (ант-су).
Ерте заманда анттасқан адамдар серт беріп, бір ыдыстан
су ішкен – ант су деп аталады. Бұл жерде қасам сөзінің жұм-
салуы – көне заманның мазмұнын берудегі ұтымды тәсіл.
Шығарма тіліндегі экспрессивтілік пен баяндау дәлдігі,
ой айқындығы синонимдер арқылы жүзеге асады. Көркем шы-
ғармаларда кейіпкерлердің ой-сезімдерін, мақсат-бағытын шы-
найы бейнелеуде, өмірлік көріністерді толыққанды етіп сурет-
теуде синонимдердің нәзік мағыналық айырмашылықтарын
тап басып, сөз байлығынан керектісін ғана таңдап ала білу
талабы қойылады.
5
Ефимов А.И. Стилистика художественной речи. М., 1961, с. 252
Синонимдердің бірнешеуін қайталау айтайын деген ойды
анықтай түсіп, ойдың мағынасы мен экспрессиясын күшейте
түседі. Абайдың қолынан келсе, сол Сармолла айтып жүрген
сөзді өз тарапынан да жұртқа жеткізу борыш, қарыз тәрізді.
Қағаз деген абырой, атақ, беделге қарай ма? Абайдың көз
алдына Байтастың былтыр жаздағы әншіл, сауықшыл жол-
дастары толық елестеді (М.Әуезов). Өзара амандық-саулық
сұрасып болған соң, сол қолым сұп-суық, тырбиған қабыр-
ғаларды түгендей өтіп жүрек тұсына барды; Үнсіз далада
жинала берген ойлар, әсіресе өз тірліктеріне байланысты
туып, өсіп-өрбіп жататын ойлар айтылуды керек ететін
сияқты; Манағы ұрыс-керістің у-шуы басылған соң, ше-
шесінің іргесіне келіп жата қойып еді, таң атқанша ұйық-
тай алмады; Ашу, азап, қайғы, мұң, қорқу-қобалжу, мою
дегендер есіме де келген емес (Ғ.Мүсірепов). Бұл үзінділерден
түрліше стильдік мақсатта жұмсалған қолданыстарды аңғаруға
болады. Мәселен, ашу, азап, қайғы, мұң; қорқу-қобалжу, мою
синонимдері кейіпкердің қажырлылығын, шыдамдылығы мен
төзімділігін ерекшелеп, айқынырақ көрсетуде жұмсалған
стильдік құралдар ретінде танылады.
Кейбір синоним сөздер мәнмәтінде жансыз заттармен
тіркесіп келіп, бейнелілік (образдылық) мағына беріп тұрады:
былжыр күз, сылбыр күз; көріксіз, ажарсыз тұман (І.Жансүгіров).
Демек, синонимдер көркем шығармада белгілі бір ойды,
ұғымды бейнелеу тәсілдерін түрлендіріп, шығарма тілінің тар-
тымдылығына қызмет ететіні белгілі. Синонимдер стилистика-
лық сапасы жағынан бірдей болмайтындықтан, олардың көркем
мәтінде қолданылу мақсаты әлдеқайда күрделірек және автор
идеясына, автор көзқарасына тікелей тәуелді болады. Мәселен,
қорқу мағынасын беру үшін көбінесе «үрейлену, үрку» сөздерін
жиі қолданып отырамыз. Жазушылар шығарма мақсатына сай
мағыналық реңкі бар синонимдерді орынды пайдаланады: келесі
бағанаға жете бергенде, аузы күйген үрлеп ішеді, ротмистр
аттың тізгінін қысқарта ұстап, ер үстінде сақ отырды. Баған
түбінде етпетінен жатқан адамды көргенде ротмистрдің
аты тағы да оқшаң ете қалды. Бірақ, солдаттар үркуге ша-
масын келтірмей жан-жақтан тізгін тұтысты (Ш.Мұртаза).
Осы мәтіндегі «үрку» сөзі қандай мағыналық реңкте қолда-
нылып тұр? Әдетте, «үрку» сөзі малға, жан-жануарларға байла-
нысты қолданылатыны белгілі. Автор адамға қатысты «үрку»
сөзін пайдаланып, белгілі бір экспрессивті реңк беру үшін жұм-
саған: елді үркіту үшін жасалған өлімнен әуелі ротмистрдің ас-
тындағы ат шошып еді. Офицердің үсті-басын қанша қаққы-
ласа да, мундирдің бір жауырыны қара дақтанып қалды. Мә-
тінде елді қорқыту мағынасы «елді үркіту» түрінде беріледі.
«Үркіту» сөзін қолдану автордың стильдік мақсатынан туып
отырған қолданыс. Себебі, автордың ойында елді жай ғана қор-
қытып қою емес, «үріккен, үркіп қашқан, үдере қашқан» деген
мағыналардағы «кенет үрку» әрекеті бар. Осы сияқты Өлік енді
бір қырындап, бір қолы астына қайырылып, бір қолымен жерді
құшақтап жатты. Тірілер оның аспанға айтатын арызын да
аяқтатпай, жүзін төмен қаратып тастады. Енді таңғы самал
оның мұртын сипалай алмас. Осыдан бұл бишара көмілусіз көп
күн жатады. Үлпілдек мұрты жидіп түскенше жатады. Елді
үркіту, үрейлендіру үшін жатады (Ш.Мұртаза). Бұл мәтінде
автор қорқыту мағынасын «үркіту, үрейлендіру» сөздерін қатар
қолдану арқылы ойдың әсерлілігін арттыра түскен.
Тіл-тілде сараланған, қалыптасып орныққан бірнеше
стильдік тармақ бар екендігі белгілі. Оның лексикасындағы көп-
теген сөздер сараланып, белгілі бір стильге телініп, әр топқа
бөліне бастайды. Мұны белгілі бір синонимдік қатардың құра-
мындағы сөздердің қолдануынан аңғаруға болады:
аспан – көк, әуе,
жер шары – жер жүзі,
теңіз – дария.
Халық, жұрт, әлеумет, халайық – поэтикалық тілде қол-
данылып, көтеріңкі стильде беріледі, әуес — құмар — құштар
— іңкәр — ынтық — ынтызар — ауызекі сөйлеуде, көркем
стильде сараланып жұмсалады.
Көркемдік дәлдікке, шынайылыққа жету үшін көркем
шығарма тілінде белгілі бір стильдік қызметте жұмсалатын
лексикалық бірліктердің бірі – антонимдер.
1.Ойды ықшамды, әсерлі ету үшін жұмсалады: Күні-түні
тынбай; бірде көл, бірде шөл болады.
2.Ойды жинақтау үшін қолданылады: Көңілім қалды
достан да, дұшпаннан да…; жақсылық пен жамандықтың
бағасын ұғар кезі болды ғой; Қызыл гүлің суалып, Ақ көңілің
анық қарайды (Абай).
3.Өмірдегі құбылыстарды дәл суреттеп, әсерлі жеткізуде
антонимдер жиі пайдаланылады: Алшақ жайласып, араласпай
араз отырған екі бай уәделесіп қойғандай, Майқұдық басына
бүгін кешке жақын қатар келіп құлады (Ғ.Мүсірепов). Мұндағы
«алшақ» және «қатар» антонимдері бұдан былайғы уақиға өрі-
сіне түрткі болып, ойдың мазмұнын аша түсуде стильдік қыз-
метте жұмсалып тұрған тәрізді. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке»
романында автор басты кейіпкері Жұман мен оның бәйбішесі
Көпеймен арақатынасын, «екеуі екі дүниенің адамдары» екенін
суреттеуде стильдік амал ретінде антонимдерді ұтымды таң-
дайды. Сол бейне, көріністі мынадай тілдік амалдар арқылы
жеткізеді: Жұман оны жынды күшік десе, Көпей бәйбішесі –
сері жігіт атапты. Жабайды бершілге кім жеткізгенін енді
Көпей де түсінді, Жұман да түсінді. Бірі сүйініп, бірі күйініп...
Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жатқандай сезі-
леді.
4.Антонимдер көркем мәтінге ерекше экспрессивтік-
эмоциялық бояу, ырғақтылық, интонациялық сипат бере оты-
рып, табиғаттың көркем бейнесін суреттеуде де стильдік қыз-
мет атқарады: Кедейлігі де көп, байлығы да көп, қысы да көп,
жазы да көп Арқаның жан алары да көп, жан сақтары да көп.
Артында екі аттам жерде қалың шілікті қоңыр өзектің ішінде
жүз қаралы жылқы қадалып жатыр екен... (Ғ.Мүсірепов).
5.Антонимдер кейде қосарланып келіп кейіпкер портретін,
мінезін, ішкі сезімін ашып көрсетуде жұмсалады: Ауасы жетіп
жатқан, ыстық-суық желі одан да көп далада осындай аласа
мұрынның өзі жақсы... Жалғыз сұлулығы қаз-қатар меруерт-
тей тізіліп тегіс біткен тістерінде ғана; Соғыс кезінде бір
тілекті адамдар бір ғана түн бірге түнеп шықса да, бірінің
қуаныш-қайғысына бірі оп-оңай ортақ болып қала береді;
Баламның жастығын көздеріне көрсетіп, бар тілегімді
де айтайын, алғыс-қарғысымды да аямайын деп келдім
(Ғ.Мүсірепов).
6.Антонимдер мысқыл, әжуа тудырудың тәсілі ретінде
де қолданылады: Сонымен Боздақ биекең үмітпен ұйықтап, қа-
уіппен оянып келіп еді; Игілік алдында бүрсең қағатын
Қожекең, мына топта маймандатып барады (Ғ.Мүсірепов).
Антонимдер қосарланып көбінесе мақал-мәтелдерде жұм-
салады:
Отырсаң опақ, тұрсаң сопақ.
Алаған қолым береген.
Басы қатты, аяғы тәтті.
Мақал-мәтелдердегі антонимдердің стилистикалық қыз-
меті зор, әсіресе қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда,
оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде немесе ойды
айқындай түсуде антонимдік тәсілдер айрықша қызмет
атқарады:
Көз – қорқақ, қол – батыр;
Алыс пен жақынды жортқан білер;
Өтірік – қаңбақ, шын – салмақ.
Омонимдер – дыбысталуы мен жазылуы бірдей, мағынасы
әр басқа сөздер мен сөз тіркестері. Омонимдерге негізделген сөз
әзілі, яғни омонимдерді жұмсаудағы стильдік тәсіл – каламбур
деп аталады (фр. шендестіру тәсілі). Бұл стилистикалық сөз
құбылту тәсілі негізінен поэзиялық туындыларда эмоциялық
әсер тудыру үшін, өлең ұйқасының мәнерлілігін арттыруда жиі
жұмсалады. Каламбур амалы сатиралық шығармаларда тиімді
қолданылады. Ол суреткерден тіл заңдылықтарын терең игеруді,
тапқырлықты, сөз жұмсаудағы шеберлікті талап етеді.
Қалқам, жаным, қарағым,
Бетіңе келмес қарағым. (С. Торайғыров)
Тағы сынды жан едік,
Тағы келдік тар жерге (Махамбет).
Махаббаттың соңғы жыры – үйлену,
Күйеу болып, келін болып үйге ену (Қ.Мырза Әли).
Аяғыңа қарамай, басып алдың қара май (М.Әлімбаев).
Елді қан жылатумен шынжыр балақ шұбар төс қанды ауыз
атанған бір ауыз еді (С. Торайғыров). Қысқасы, омонимдер көбі-
несе көркем әдебиет стилінде, ауызекі сөйлеу тілімізде әр түрлі
стилистикалық қызмет атқарады әрі каламбур тудырудың көр-
кемдік тәсілі ретінде танылады.
|