М.Қанабекова


Бейнелі тұрақты тіркестер



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата30.01.2017
өлшемі1,98 Mb.
#3013
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

Бейнелі тұрақты тіркестер 
Мұндай  топтағы  сөз  тіркестері  тек  ауыспалы  мағынада 
жұмсалып қоймай, сонымен қатар ерекше образды-мәнерлегіш-
тік  сипатта  жұмсалады.  Ондағы  ой  метафоралы  сөз  орамдары 
арқылы тұжырымды, өткір, әсерлі бейнеленеді. Сондықтан бей-
нелі сөз тіркестері деп аталады. Онда тұрақты эпитет, теңеу, 
тұрақты  әсірелеу,  тұрақты  литота  тәрізді  поэтикалық  тіл 
үлгілері бар. 
Тұрақты  теңеу:  үріп  ауызға  салғандай,  тонның  ішкі 
бауындай,  инемен  құдық  қазғандай,  көздің  қарасындай,  сөзі 
түйеден түскендей, бит шаққандай т.б. 
Тұрақты  этитет:  ай  қабақ,  ит  жанды,  жылқы  мінезді 
т.б. 
Тұрақты  әсірелеу:  көзі шарасынан  шығу,  телегей-теңіз, 
көп түкірсе көл, қара қылды қақ жарған, күн десе көзі, ай десе 
аузы т.б. 
Тұрақты литота: дүниені бір уыс қылу, көз ілінбеу, кірпік 
қақпау,  иненің  жасуындай,  темір  етік  теңгедей,  темір  таяқ 
тебендей т. б. 
Антитеза  (шендестіру)  жолымен  құрылған  сөз  тіркес-
тері: бірде бие, бірде түйе, мың асуға бір тосу. 
Дамыту:  тай  құнанға  жеткізер,  құнан  атқа  жеткізер, 
ат мұратқа
 
жеткізер; оқу – білім бұлағы, білім– өмір шырағы
 т.б. 
Параллелизм:  қыз  өссе  елдің  көркі,  гүл  өссе  жердің 
көркі; Киім кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер. 
Анафора:  бояушы  бояушы  дегенге  сақалын  бояйды;  қол 
қолды  табады;  көре-көре  көсем  болады,  сөйлей-сөйлей  шешен 
болады т. б. 

Эпифора:  Жақсыда  кек  жоқ,  кектіде  тек  жоқ,  аласаны 
атқа санама, жақынды жатқа санама. 
Фразеологизмдерге  бейнелілік,  мәнерлілік  сипат  беретін 
дыбыс  үйлесімі,  ырғақ  және  ұйқас:  сабыр  түбі  сары  алтын; 
айтпа,  айтқандарыңнан  қайтпа;  қысыла-қысыла  қыз  болдым 
т.б. 
 
Сұрақтар: 
1.
 
Қазақ тілінің стилистикалық құралдары, оның түрлері. 
2.
 
Фоностилистиканың зерттейтін мәселелері. 
3.
 
Лексика-фразеологиялық стилистика қарастыратын мәселелер. 
4.
 
Морфологиялық стилистика қарастыратын мәселелер. 
5.
 
Синтаксистік стилистика қарастыратын мәселелер. 
6.
 
Дыбыстық қайталаулардың стильдік өңі. 
7.
 
Лексиканың стиль түрлеріне қарай топтастырылуы. 
8.
 
Сөз мағынасын кеңейтудің жолдары (тәсілдері). 
9.
 
Контекстік мағынаның стильдік бояуы. 
10.
 
Синоним,  омоним,  антонимдердің  стильдік  қызметін  тілдік 
деректермен ашып көрсетіңіз. 
11.
 
Экспрессия дегеніміз не? Экспрессия мен эмоционалдықтың 
арақатынасын ашып түсіндіріңіз. 
12.
 
Сөздің экспрессивті бояуы, оның түрлері. 
13.
 
Каламбур деген не, оның қызметі қандай? 
14.
 
Көнерген  сөздер  –  тарихи  стиль  тезіне  түсірудің  тәсілдері 
дегенге сипаттама беріңіз. 
15.
 
Окказионализмдердің стилистикалық қызметі. 
16.
 
Диалектизмдердің стильдік мақсатта жұмсалуы. 
17.
 
Шеттілдік сөздер және сөз мәдениеті. 
18.
 
Қарапайым сөздер мен жаргондардың
 стилистикалық сипаты. 
19.
 
Фразеологизмдердің  стильдік бояуына қарай жіктелуі. 
20.
 
Фразеологизмдердің  әр  стильге  тән  стилистикалық  мүмкін-
діктері. 
21.
 
Бейнелі тұрақты тіркестер, олардың түрлері мен қызметі. 
 
 
 
 
 

Әдебиеттер: 
1.Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.  Қазақ 
тілінің стилистикасы. Алматы, 1966, 1974, 2005. 
2.Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы 
мен фразеологиясы. Алматы, 2003. 
3.  Мұсабекова  Ф.  Қазақ  тілінің  практикалық  стилистикасы. 
Алматы, 1982. 
4. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Алматы, 1969. 
5. Жанпейісов Е. «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы, 1976. 
6. Нұрмұқанов Х. Сөз және шеберлік. Алматы, 1987. 
7. Серғалиев М., Нұрғожина Ш. Қазақ сөйлеу тіліндегі эмоцио-
налды-экспрессивті лексика. Алматы, 1995. 
8. Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы, 2005. 
9.  Сыздық  Р.  Тілдік  норма  және  оның  қалыптануы.  Алматы, 
2001. 
10. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы, 1995. 
11.  Кеңесбаев  І.  Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігі.  Алматы, 
1977.   
12. Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма. Алматы, 1998. 
13.  Уәлиұлы  Н.  Қазақ  сөз  мәдениетінің  ғылыми-теориялық 
негіздері:  Фил. ғыл. док...дисс. Алматы, 2007. 
14.  Шалабай  Б.  Көркем  әдебиет  стилистикасы  (оқу  құралы). 
Алматы,1999. 
15.  Ж.Исаева.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сегментті  бірліктердің 
фоностилистикасы: Филол. ғыл. канд. дисс...Алматы, 2000. 
16.  Қанабекова  М.  Қазақ  тілінің  стилистикасы.  (Лекциялар 
жинағы). Алматы, 2004. 
17.  Виноградов  В.В.  Избранные  труды.  Лексикология  и  лекси-
кография. М., 1976. 
18. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1983. 
19. Петрицев Е.Ф. Стилистически окрашенная лексика русского 
языка. М., 1984. 
20.  Пірімбетов  Т.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  қарапайым  сөздер: 
Филол. ғыл. канд. дисс... Қарағанды, 1988. 
21.  Мұратова  Г.  Қазақ  көркем  сөзіндегі  оккозиональды  сөздер: 
Филол. ғыл. канд. дисс...Алматы, 1991. 
22.
Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. Алматы, 1996.  
23. Бизақов С. Синонимдер сөздігі. – Алматы, 2007.  

ГРАММАТИКАЛЫҚ СТИЛИСТИКА 
 
Стилистика тіл жүйесіндегі фонемалар мен суперсегмент-
тік бірліктердің, лексика-фразеологиялық амал-тәсілдердің қыз-
метін анықтаумен қатар, грамматикалық тұлға-категориялардың 
да  стильдік  сипат-белгілерін    ашып  көрсетеді.  Грамматикалық 
стилистика  грамматикалық  категориялар  мен  синтаксистік  құ-
рылымдардың  қолданылу  жүйесін  қарастырады  және  олардың 
көркемдегіш-мәнерлегіштік қасиеттерін, стилистикалық мүмкін-
діктері  мен  қызметін  айқындайды.  Грамматикалық  стилистика-
ның  морфологиялық  және  синтаксистік  деп  саралануына  қарай 
әр  саланың  өзіндік  зерттеу  нысаны,  қарастыратын  мәселелері 
болады. 
Морфологиялық стилистика морфологиялық категориялар 
мен олардың тұлғаларының мәндестігін, әдеби тілдің функцио-
налды стильдеріне қатысын да қарастырады. 
Морфемалардың  қызметіндегі,  мағыналарындағы  түрлі 
ерекшеліктері  нақты  қолданыста  ғана  ашылады.  Кейде  дұрыс 
сөйлемнің өзін бұзып айтып, ондағы сөздерге жалғанып тұрған 
морфемалардың қызметіне мән бермеушілік кездеседі. Мысалы, 
Жартасқа  бардым,  күнге  айғай  салдым  немесе  «Қараша, жел-
тоқсанда  сол  бір  он  екі  ай»  деген  жолдардағы  «күнде»  сөзінің 
мағынасын  түсінбей,  оны  барыс  септікке,  «желтоқсанмен-ді» 
жатыс  септікке  қойып  жазудан  немесе  «сол  бір  екі  ай»  деудің 
орнына  «сол  бір  он  екі  ай»  деп  қолдану  салдарынан  ой  айқын-
дылығына  нұқсан  келіп,  сөз  мағыналары  бұлыңғыр  тартып, 
морфологиялық нормадан уәжсіз ауытқулар пайда болады. 
Әрбір  сөз  табының  өзіндік  түрленім  жүйесі,  сөз  тудыру 
амал-тәсілдері  бар.  Ол  –  морфологиялық,  синтаксистік  және 
морфологиялық-синтаксистік  тәсілдер.  Солардың  ең  өнімдісі  – 
морфологиялық  тәсіл,  бұл  тәсіл  арқылы  жасалатын  сөздердің 
сөйлемде  қолданылуының  алуан  түрлі  стильдік  бедері  болады. 
Бір форманың өзі әр түрлі стилистикалық мағына-бояуға ие бола 
отырып, бірнеше қызмет атқарады. 
 Адам  ойын  жеткізудің  негізгі  формасы  –  сөйлем.  Жеке 
сөйлем  арқылы  біршама  аяқталған  ойды  білдіретін,  мақсатты 
ойға  құрылған  мазмұнды  жеткізіп  айтуға  тиіспіз.  Мұндайда  әр 
сөйлемді  қалай  құру,  қандай-қандай  сөздерді  пайдалану,  ол 

сөздерді  қай  тұлғада  жұмсау,  қай  сөзді  қай  сөзбен  тіркестіру, 
қалай байланыстыру керек деген сауалдар туындайды. 
Кезінде  жазушы  З.Шашкин  «Роман  және  дәуір  тынысы» 
деген  мақаласында  («Қазақ  әдебиеті»,1964)  «жатыр»,  «отыр» 
етістіктерінің  қолданысына  байланысты  өз  ой-пікірін  білдірген 
болатын:  «...мұндай  етістіктер  тілімізді  онша  көркейтіп  тұрған 
жоқ. Біз осыдан құтылу әдісін іздеуіміз керек» – деген екен. Бұл 
ойға қатысты өз пікірін профессор М.Балақаев
1
 былайша тұжы-
рымдайды: «Бұл – қазақ тіліндегі күрделі етістіктер құрамының 
кейде  шұбалаңқы  болатынын  ұнатпағандық  болар,  бірақ  бұл, 
біздіңше,  ұшқары  пікір.  Егер  шақтық,  модальдік,  тағы  басқа 
грамматикалық қызмет атқаратын жатыр, отыр, тұр, еді, дейді 
тәрізді көмекші етістіктерден  «құтылатын» болсақ, тіліміз күр-
меліп қалмай ма? Жазушы роман жазып  жатыр, жазушы бір 
жылда  екі  роман  жазып  тастады  сияқты  сөйлемдердің  ма-
ғыналық айырмашылығын «көркейтіп» тұрған сол көмекші етіс-
тіктер емес пе?». 
Тілдің  грамматикалық  құрылысы  (морфологиялық  тұлға-
тәсілдері,  сөйлем  мүшелерінің  орналасу  тәртібі,  сөйлемдердің 
құрылымдық  жүйесі)  ғасырлар  бойы  жасалып,  әбден  орнығып 
қалыптасқан,    тілімізде  әдеби  нормаға  айналып  тұрақталған 
деуге болады. Сөздердің жіктелу, тәуелдену, септелу парадигма-
лары, етістіктің етіс, жақ, шақ категориясы, сын есімнің шырай 
түрлері, тұйық етістік тұлғалары тілімізде бір тұлғада орнығып 
қалыптасты,  ондай  бірліктерді  уәжсіз  өзгерте  салу  мүмкін  бол-
майды. Дегенмен де тілде бар мүмкіншіліктерді дұрыс, орынды 
пайдаланбау салдарынан тілдік қолданыста стильдік қателер жиі 
орын алады. Мысалы, әр жанрдағы мәтіннен алынған мына сөй-
лемдерге назар аударалық: 
Мемлекеттік  тұрғын  үй  бағдарламасы  бойынша  комму-
налдық  үйлерге  де  ерекше  маңыз  берілуде,  дұрысы:  Мемлекет-
тік  тұрғын  үй  бағдарламасы  коммуналдық  үйлерге  де  ерекше 
маңыз беріліп отыр; Қаланың ұйымдарына тұрақты жұмысқа 
қажет,  дұрысы:  Қаланың  ұйымдарына  тұрақты  жұмысқа 
                                                           
1
Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А., 1971, 76-б. 
 

қамту  орталығы  қажет;  Жергілікті  әкім  өз  ісіне  жауапсыз-
дықпен  қарауда,  дұрысы:  Жергілікті  әкім  өз  ісіне  жауапсыз 
қарады.  Кәсібилігі  жоғары  мамандар  дайындау  қажет,  дұ-
рысы: Кәсіби біліктілігі жоғары мамандар дайындау қажет. 
Демек,  грамматикалық  нормадан  уәжсіз  ауытқулардың 
дені  –  морфологиялық  тұлғалардың  қолданысында  ғана  емес, 
көбіне  синтаксистік  саласында  да  жиі  байқалады:  жүз  мың 
гектар жерге дән сіңірді, дұрысы: дән септі, дәнді екті; наша-
қорлықтың  арқасында,  дұрысы:  нашақорлықтың  салдарынын; 
маскүнемдік  қанат  жаюда,  дұрысы:  маскүнемдік  етек  алды, 
т.б.  Сондықтан  тілдің  грамматикалық  құрылысын,  оның  қа-
лыпты заңдылықтарын бұзбай, тілде барды дұрыс қолданып, ке-
регінде жаңа сөз, жаңа орам, тың тіркестер жасау мүмкіншілік-
терін қарастыруымыз тиіс
.  
Тіліміздің  мол  грамматикалық  мүмкіншіліктерін  дұрыс 
пайдалана  білу  –  жақсы  стилист  болу  деген  сөз.  Сөйтіп,  сти-
листика  грамматикалық  категориялар  мен  ұғымдардың,  син-
таксистік  құрылымдардың  қолданылу  заңдылықтарын  қарас-
тыра  отырып,    оларды  тиімді  пайдалана  білуді  үйретеді.  Қазақ 
тілінің грамматика жүйесінің де стильдік мүмкіншіліктері мол. 
 
 
4.1. Морфологиялық стилистика. Морфологиялық 
тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы 
 
Морфологиялық  тұлға-бірліктер  –  сөздің  құрылысын  ай-
қындайтын,  сөзге  жалғанатын  қосымшалар  ретінде  танылады. 
Қосымшалар сөзден сөз тудыру үшін, сөз мағынасын түрлендіру 
үшін, сөз бен сөзді байланыстыру үшін  жұмсалады. 
Белгілі  бір  функционалды  стильдің  түрінде  жиі  қолда-
нылуға бейім морфологиялық тұлғалар болады. Морфологиялық 
тұлғалардың жиі қолданылу сипатына қарай, қазақ әдеби тілінің 
кітаби-жазба стильдерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады. 
Морфологиялық  құрамы  тұрғысынан    ресми-кеңсе  стилі  мен 
ғылыми стиль бір-біріне жақын, ортақ  келсе, публицистикалық 
стиль  мен  көркем  әдебиет  стилі  өзара  бір-бірімен  орайлас  ке-
леді.  Ресми  және  ғылыми  әдебиет  стиліне  ортақ  мынадай  мор-
фологиялық тұлғаларды көрсетуге болады: 

-лық, -лік (-дық, -дік, -тық, -тік) жұрнағы. Мұндай сөздер-
дің  көпшілігі  терминдік  мәнге  ие  болып,  нормаға  айналған, 
қалыптасқан  атаулар  болып  кетті:  егемендік,  тәуелсіздік, 
анықтамалық,  нұсқаулық,  азаматтық,  әкімшілік,  әлеуметтік, 
бірлестік,  біліктілік,  ұлттық,  қоғамдық,  дүниетанымдық,  өкі-
леттік,  тұрақсыздық,  ақпараттық,  жеңілдік,  кәсіптік,  уағда-
ластық, құзыреттілік, т.б. 
Кейде осы қосымшаның еш талғаусыз, кез келген сөздерге 
жалғанып,  стильдік  қателерге  ұшырап  жатады:  Білектілік  бірді 
жығады,  білімділік мыңды жығады. Дұрысы: Білекті бірді жы-
ғады,  білімді мыңды жығады.     
Оның  сөзінен  білімдарлық  аңғарылады.  Дұрысы:  білімді-
лік. 
«Біз мұнда жаңалықта ғана келдік». Дұрысы: жаңа ғана 
келдік. 
-шылық,  -шілік.  Бұл  жұрнақ  арқылы  жасалған  сөздер  кө-
біне  кәсіптің,  шаруашылық  түрлерінің  немесе  әлдебір  абстракт 
күй-қалыптың  атауы  болып  отырады:  қысымшылық,  тәуекел-
шілік, диханшылық, оқытушылық, шығармашылық, түсінушілік, 
жауапкершілік, демеушілік, қол сұғушылық, т. б. 
-лылық, -лілік, -дылық, -ділік, -тылық, -тілік. 
Зат  пен  құбылыстың  ерекше  белгісінің  атауын  жасайтын 
бұл қосымшалар көбіне ғылыми әдебиет тілінде, кеңсе стилінде 
кездеседі: қуаттылық, зейінділік, екпінділік, мекенділік т. б.  
-қыш, -кіш, -ғыш, -гіш: жылытқыш, сепкіш, мұздатқыш, 
желдеткіш, тілдескіш,т.б.  
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе – әр түрлі құжат атауларын, жік-
телген  зат  атауларын  жасайтын  өнімді  тәсіл:  бағдарлама,  әдіс-
теме, түйіндеме, анықтама, жолдама, сілтеме, хабарлама, ес-
кертпе,  баспа,баяндама,  бұрыштама,  кепілдеме,  негіздеме,  кө-
шірме, т. б. 
-ым,  -ім,  -м  жұрнақтары  арқылы  негізінен  атау  тұлғалы 
сөздер жасалады: аударым, басылым, оқылым, таралым, бағам, 
қатысым, тыңдалым, жеткізілім, ұстаным,т.б. 
-и  тұлғалы  атаулар:  ресми,  саяси,  кітаби,  әдеби,  сыни, 
замануи,т.б. 

Ғылыми,  кеңсе  стильдері  шұбалаңқы  болмай,  жатық 
болуда  қысқарған  сөздер  (мекеме  аттары)  жиі  қолданылады: 
ҚазҰМУ, ономком, ұжымшар. 
 Публицистикалық  және  көркем  әдебиет  стильдеріне  тән 
морфологиялық  тұлғаларды  саралап  көрсету  қиынға  түседі, 
барлық  түрлері  де  қолданыла  береді,  әсіресе  экспрессивті-эмо-
ционалды  мән  туғызатын  грамматикалық  тұлғалар  жиі  ұшы-
расады. 
Әдеби нормаға жатпайтын тұлға-бірліктер
 
көбінесе
 
автор 
ұстанымына  қарай  публицистикалық,  көркем  әдебиет  тілінде 
стильдік уәжділікпен қолданысқа енеді. 
Кейбір  морфологиялық  тұлғалар  контекст  ішінде  мәнмә-
тінмен  байланысты  белгілі  бір  тілдік  қолданыста  пайда  болып, 
сөйлеу стиліне сіңісіп кетеді:  
-сымақ  –  есімдер  құрамында  қолданылып,  кемсіту,  жақ-
тырмау,  кекету  мәндерін  туғызады:  ақынсымақ,  шешенсымақ, 
мырзасымақ.  
Етістіктер  құрамында  келіп,  бейнелі  мән  туғызатын  қо-
сымшалар да бар: 
     -ди, -ти: бұлти, қылти, батти 
     -би, -ми, -пи: ілми, жылми, сымпи, үрпи, қылми, т.б. 
     -ырай,  -ірей:  бүкірей,  бажырай,  ақырай,  одырай,  ті-
кірей т.б. 
     -ши, -жи: ақши, мықши, кегжи. 
     -си:  ақси, тырси, сықси, борси, т.б. 
     -қи, -ки: өңки, дөңки, сықи, жөнки, т.б. 
     -ыс, -іс: тырыс, бүріс, қырыс, т. б. 
Еркелету,  сыйлау,  жақын  көру,  жақсы  көру  мәнін  туғы-
затын морфологиялық тұлғалар: -қа, -ке, -жан, -тай, -ш. 
Кейде тілде қалыптасқан, орнығып тұрақталған морфоло-
гиялық тұлғаларды бейберекет орынсыз қолданып, ешбір мақсат 
көздемей  жұмсау  фактілері  жиі  кездеседі:  Бұл  істі  асығыссыз 
жүзеге асыру керек – дұрысы: асықпай. Уәкіл оған түсініс беріп 
жатыр – дұрысы: түсінік.  
 
 
 
 

4.2. Сөз таптарының  стилистикасы 
 
Сөз  таптарының  стилистикасы  жекелеген  сөз  таптары 
және  оның  тұлғаларының  стилистикалық  мүмкіншіліктерін 
зерттеу  аясында  кеңінен  дамып  келеді.  Мәселен,  зат  есімнің 
стилистикалық  жүйесін  алғаш  рет  Ф.Мұсабекова  зерттеп,  ол 
жайында  оқулық,  әдістемелік  құралдарын  ұсынса,  ғалым 
Ш.Сарыбаев  еліктеуіш  сөздердің  лексика-грамматикалық  ерек-
шеліктерін  сипаттай  келе,  оның  стилистикалық  мүмкіншілігі 
жоғары  екенін  талдап  көрсетеді.  Сондай-ақ  Ә.Болғанбаев, 
Б.Сағындықұлы,  Ф.Оразбаева  сынды  ғалымдардың  зерттеуле-
рінде  сын  есімдердің  стилистикалық  мәндестігі,  синонимиясы 
кеңінен қарастырылды. Р.Сыздық еңбектерінде алғаш рет етістік 
категориясының, оның тұлғаларының көркемдік қызметі, поэти-
калық  қырлары  Абай  шығармалары  негізінде  талдауға  түсті, 
одан  әрі  аталмыш  сөз  табының  стилистикасы  ғалым 
Г.Әзімжанованың зерттеуінде жалғасын тапты.  
 
 
4.2.1. Зат есімнің стильдік қолданысы 
 
Сөз  таптарының  ішінде  әр  түрлі  стилистикалық  мағына-
бояуға  ие,  түрлі  грамматикалық  тұлғаларда  жұмсалатын  сөз 
табы  –  зат  есім.  Ғылыми  зерттеулердің  көрсеткіші  бойынша 
функционалдық  және  экспрессивтік  тұрғыдан  зор  стилистика-
лық  мүмкіншілігімен,  қолданылу  белсенділігімен  танылатын 
сөздердің  бір  тобын  зат  есімдер  мен  етістіктер  құрайды.  Зат 
есімдердің  стилистикалық  қасиеті  әсіресе  жазба-кітаби  стиль-
дерде  ерекше  көрінеді,  мәселен,  ономастикалық  атаулар  мен 
адамдардың  қызмет,  мекеме  атауларын  нақты  беретін  деректі 
зат есімдер ресми стильде жиі қолданылса, ал дерексіз зат есім-
дер (категория, инверсия, түйсік, сана) ғылыми стильде термин 
ретінде қолданылып, ақпарат беру, хабарлау қызметін атқарады. 
Көркем  әдебиет  стилінде  де  дерексіз  зат  есімдер  (арман,  қиял, 
сағыныш,  бақыт,  өкініш)  экспрессиялық  ерекше  стильдік  мә-
нерде  көбірек  жұмсалады.  Сондай-ақ  зат  есімдердің  көркем-
деуіш-бейнелеуіш тәсілдерді (метафора, метонимия,  синекдоха, 
эпитет  теңеуді)  жасаудағы  мүмкіншіліктері  жоғары    екендігі 

белгілі. Мысалы, мына үзіндіде мәтіннің көркемдік қуатын арт-
тыруда жиі жұмсалған зат есімнің семантикалық-стилистикалық 
мағынасының сан алуан қызметін көруге болады, ерекше стиль-
дік мән туғызған эстетикалық болмысы да, бейнелі сөздер туды-
рудағы қызметі де анық танылады. 
Үлкен  үйдің  ортасында  ала  көлеңкелеу  жанған  тас  шам 
бар.  Сүйіндік  бәйбішесімен  және  екі  баласы  –  Әділбек, 
Асылбекпен  бәрі  де  қонақтармен  бірге  болды.  Бұл  үйге  әсіресе 
өзгеше  көктем  нұрын  енгізген  бір  жан  бар.  Ол  Сүйіндіктің 
қызы  –  Тоғжан.  Абай  келгеннен  бері  Тоғжан  үлкен  ағасы 
Асылбектің  отауынан  осы  үйге  бірнеше  рет  келіп  кетті. 
Сылдырлаған  шолпысы  әлдеқандай  былдырлаған  тілменен 
Тоғжанның  келері  мен  кетерін  паш  етеді.  Құлақтағы  әшекей 
сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері 
–  баршасы  да  бұл  өңірден  Абайдың  көрмеген  бір  сәні  сияқты. 
Толықша  келген,  аппақ  жүзді,  қырлы  мұрын,  қара  көз  қыздың 
жіп-жіңішке  қасы  да  айдай  боп  қиылып  тұр.  Қарлығаш  қана-
тының  ұшындай  үп-үшкір  боп,  самайға  қарай  тартылған  қас 
жүрекке шабар жендеттің жебесіндей. 
Тоғжан  үйдегі  сөзге  құлақ  салып,  не  күліп,  не  қымсына, 
сұлу  қастары  бір  түйісе  түсіп,  бір  жазылып  толқып  қояды. 
Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның 
жеңіл  әсем  қанатындай.  Биікке,  алысқа  мегзейді.  Абай  көпке 
шейін  Тоғжан  жүзінен  көзін  ала  алмай,  телміре  қарап  қалды 
(М.Әуезов).  Бұл  мәтін  ішінде  нақты  зат  атауын  білдіретін 
қаншама  сөздердің  (шам,  білезік,  сырға,  бөрік,  шолпы,  т.т.) 
образдылық  қасиетке  ие  болуы  арқылы  бейнелі  ойдың  суреті 
салынады, оқырман сезіміне ерекше әсер етеді. Зат есімнен жа-
салған көріктеуіш тәсілдер (теңеу) арқылы да кейіпкердің порт-
реті  әдемі  айшықталып  берілген:  қарлығаш  қанатының  ұшын-
дай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас, жүрекке ша-
бар  жендеттің  жебесіндей;  жіп-жіңішке  қасы  да  айдай  боп; 
сұлу қастары бір түйісе түсіп, бір жазылып толқып қояды; ел-
біреп  барып  дір  еткен  қанат  лебіндей.  Демек,  зат  есімдердің 
қолданыс аясы өте кең, әр түрлі мақсатта (мәлімет беруде, ақпа-
рат  жеткізуде,  ойға  образдылық  сипат  беруде,  т.т.)  жұмсалып, 
түрлі стилистикалық мәнерде қызмет атқарады. 

Зат  есімнің  стилистикалық  мәнері  мен  экспрессивтілік 
қасиеті  көбіне  морфологиялық  құралдардың  көпше  не  жекеше 
түрде қолданылу сипатынан көрінеді.  Көптік жалғаулары қазақ 
тілінде  көптік  ұғым  туғызу  үшін  қолданылады.  Кей  сөздер 
жалғаусыз  тұрып  та  көптік  мағына  бере  алады:  шаш,  өсімдік, 
бидай, адам, аң т. б. Ал контекст ішінде осы сөздердің бірқата-
рына  жалғау  қосылып,  автор  өз  ойын  тұспалдап  жеткізу  үшін 
қолданады:  талай  шаштар  ағарды.  «Мұғалімдеріңді  сыйлау 
керек» дегенде мұғалімнің көпке ортақтығын, көп кісіге қатыс-
тылығын  білдіреді.  Ал  «көздерін  алайтып»  деген  тіркесте  көп-
тік жалғауын қосып қолдану мағына айқындығы, ойды саралап 
жұмсау қажеттілігінен туындап отыр. 
«Көз, құлақ, аяқ, бет, қабақ» тәрізді зат атауларының көп-
тік жалғауында қолданылуы айрықша стильдік  мән алады. Негі-
зінен,  қазақ  тілі  заңдылығында  көптік  жалғау  жалғанбайды. 
Алайда қазіргі тілімізде мағына айқындығы үшін, ойды саралау 
үшін қажетті стильдік амал ретінде жұмсалады: «Мынау қолдар 
трактор жасаған қолдар» (Ғ.Мүсірепов). Көптік ұғым беретін 
сөздер  мен  тұлғаларды  қолдану  көркем  әдебиет  тілінде  ерекше 
мән алады. Бұл – әдеби туындының жанрлық сипатымен немесе 
жазушының  субъективтік  айрықша  тәсілімен  ұштасып  жатуы 
мүмкін. 
Зат  есімнің  септік  жалғаулары  да  жалғанған  сөзіне  әр 
түрлі қосымша мән үстейді. Кейбір септік жалғауларын түсіріп 
айту да стильдік мақсаттан туады. Өткен ғасырлардағы ауызша 
поэзия  тілінде  бар  тәсілдер  –  бүгінгі  таңда  жиі  қолданылатын 
көркемдік  амалдар.  Мысалы,  ілік,  барыс,  табыс  септіктерінің 
түсірілуі және тәуелдік жалғауларының да түсіріліп жұмсалуы – 
өлең  шартынан  туатын  ерекшеліктер:  Арғымағың(ды)  жаман-
дап,  Тұлпар(ды)  қайдан  табарсың?  (Асанқайғы),  Тоғай(ға) 
қондым,  өкінбен  (Доспамбет),  Күйбеңдескен  көп  жаман(ның), 
Сөзі тигенге ұқсайды (Шалгиіз), Ей, Қатағанның хан(ы) Тұрсын 
(Марғасқа). Мұндайды тіл ғылымында өлең синтаксисіндегі ық-
шамдау тәсілінің бірі дейді. Керісінше, кейде жалғауларды сөзге 
қосып  жұмсауда  әртүрлі  стильдік  мән  болады:  Бала  кітапты 
оқыды  – тек кітапты оқығандығын хабарлау мақсаты бар. 
Кейбір сын есімдердің зат есім мәнінде жұмсалуы – сөздің 
жинақы, ойдың әсерлі болуы үшін ұтымды тәсіл. Мысалы: 

Жылы менен суықтың бәрін көріп, 
Қайран көңіл қайыспай қайрат етті. (Абай) 
Немесе: «…арсызбен жолдас болма», «күншілге жолама» 
– ауызекі сөйлеу стилінде ұшырасатын сөз оралымдары. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет