Мақалалар, баяндамалар жинағы


шыққан, қазақта мұндай сөз жоқ!?»



Pdf көрінісі
бет32/49
Дата30.01.2017
өлшемі3,77 Mb.
#3045
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49

шыққан, қазақта мұндай сөз жоқ!?» деген наразылық айтылып келеді. 

Ал шын мәнісінде, бұл жергілікті ерекшелік ретінде қолданылып келген 

қазақтын  төл  сөзі.  Олай  болмаса,  20–30  жылдары:  «Егемен  болмай  ел 

болмас, етек-жеңі кең болмас, терезесі тең болмас...» деп ақындар өлеңге 

қоспаған болар еді. Бірақ бұл сөздер әдеби тіл нормасына тән ие түбірінен 

емес (мәс. иегер, иелену т. б.), өлкелік ерекшелікке тән еге түбірінен (киіз 

– кигіз, біз – бігіз, ер – егер тәрізді) туындап тұрғандықтан құлаққа тосын 

естілуі мүмкін. Қарастырып көрсек, бұл сөздер көптеген түркі тілдерінде 

қолданылады екен. Мәселен, 60 миллион халқы бар Түркияда егемен үлке 

(егемен ел), егеменлі жұмхурият (егеменді республика), Улусал Егеменлік 

(ұлттық егемендік) түрінде кеңінен пайдаланылып жүрген сөздер. Түрікше-

орысша сөздіктерде: егемен 1) суверенный, державный, господствую щий, 

правящий;  2)  диктатор,  суверен;  егеменлік  1)  господство,  гегемо ния;  2) 

суверинитет  [Турецко-русский  словарь.  М.,  1977.  261-6.].  Бірақ  біз  бұл 

терминдерді түрік және басқа туыстас тілдерге еліктеп eмес, өз бетімізше 

алып отырмыз. Бұлар сынақ мерзімінен өтіп, өзінің терминдік хұқына ие 

болды. Енді оларды «мазалай берудің» еш қажеті жоқ.

Демек,  бұл  принцип,  «әдеби  тіл  байлығымен  ғана  шектелмей, 

жалпыхалықтық  (кәсіби  сөз,  ауызекі  тіл,  диалектизмдерден  тұратын) 

лексикадан  да  мүмкін  болғанынша  пайдалану  керек»  деген  пікірді 

колдайды.

Жалпыхалықтық  тілдің  потенциялық  мүмкіншілігі  мұнымен  ғана 

шектелмейді.  Оның  койнау-қойнауларында  көненің  көзіндей  сақталып, 


336

мағынасы күңгірттеніп, ұмыт болған, қолданыстан қалып, шаң басып жатқан 

көнерген сөздер де аз емес. Оларды тірілтіп, жаңғыртып, тіл қажетіне жаратуға 

әбден  болады.  Мәселен,  кейінгі  кездерде  жазылған  тарихи  романдарды 

қарап отырсаңыз (жазушылардың көп ізденісі арқасында) өткен өміріміздің 

куәгеріндей  ондаған,  тіпті  жүздеген  көне  сөздер  көлденеңдеп  алдыңнан 

шығады. Осыны көріп, көбіне-көп орыс тілінде дамып, ұлт тілімізде кенжелеп 

қалған терминологияның бір саласы– әскери лексиканың тағдыры есіңе түседі. 

Олардың ішінде тек ұлттық ұғымның ғана емес, ұлтаралық терминдердің де 

баламасы бола алатын сөздер аз емес. Ертеңгі күні президентіміздің ұлттық 



гвардиясы (ұланы) кұрылғанда бұйрық, жарлық, басқару, үйрету тәсілі кай 

тілде болмақ? Егер олар мемлекеттік тілде болса (біз солай болатынына кәміл 



сенеміз!) көнесі бар, жаңасы бар жүздеген әскери атау сөздерді (батыр, ерен, 

қол, қосын, ләшкер, жасақ, сан, түмен, бұраңғар, бүйрекші, су, шерік, шеру, 

иелме,  аламан,  алай,  атарман,  шабарман,  ондық,  жүздік,  мыңдық,  найза, 

жалаңқат,  қаттау,  көбе,  жебе,  жекеауыз,  сар баз,  сардар,  самқал,  сапы, 

сүмбе, топ, оқшантай т. б.) жаңғыртып, жаңалап, термин ретінде өмірге 

қайта әкелуге тура келеді. Ал қарауыл, жасауыл, ереуіл, бақауыл, шыңдауыл, 



шапауыл, тоқтауыл, тосқауыл, ертеуіл, айдауыл, шығауыл, бөгеуіл сияқты 

құрылымға тактикалық тәсілдерге, соғыс әрекеттеріне байланысты жүйелі 

әскери терминдерді қазіргі арьергард, авангард, наблюдение, засада, дозор, 

караульный,  конвой  тәрізділермен  шендестіріп,  үйлестіріп,  шарттылықпен 

неге  термин  ретінде  қолданбасқа?  Оларды  «көнерген»  деген  сылтаумен 

тілден  шығарып  тастап,  шеттен  қабылдай  салу,  әрине,  оңай.  Ал  оларды 

киын болса да іске қосу – бір бұлақтың көзін ашумен бара-бар; «көне» деп 

шошынудың қажеті жоқ. Өйткені сөздің бәрі көне. Оны жаңа қылып ұстау 

өзімізге  байланысты.  Әдетте,  сөз  тұлғасы  тұрақты  да,  мағына-мазмұны 

ылғи өзгеріп отырады. Бір кездегі бабаларымыз тұрған үңгір мен жертөле 

де, бүгінгі біз жасайтын зәулім биік ғимарат та біз үшін «үй» және ол үй 

сөзімен таңбаланады. Екі ғасыр бұрын жауға шапқан жалаң төс батыр да, 

кешегі  Отан  соғысында  ерлік  көрсеткен  немесе  ғарышқа  барып  қайтқан 



батыр  да  бір  «батыр»  сөзімен  танбаланады.  Демек,  айырмашылық  сөзде 

емес, оның мазмұнында. Олай бол са, гвардия сөзін ұлан деп алайық деуші 

жолдастардың ұсынысы тура лы неге ойланбасқа?

Тағы бір мысал. Дінге қарсы кезінде құдайсыздардың сұрапыл, шабуылы 

болып, мұсылман халықтарының (оның ішінде қазақтар да бар) тілдерінен 

жүздеген, мыңдаған діни терминдер аз жылдың ішінде-ақ аласталынған бо-

латын. Күнделікті қолданыста болмағандықтан олар жас ұрпақ жадынан тез 

шыға бастады. Сөздіктерде беріле қалса, оларға «көне», «діни» деген таңба 

басылды. Діни терминдердің мазмұнын, моральдық, діни пәлсапасын терең 

түсіндіруге мән берілмей, мұсылман дүниесінен елді қашықтатып жібердік. 



337

Енді,  міне,  халықтың  дінмен  қайта  қауышуына,  мектеп-медреселердің 

ашылып, діни ғылым қайта уағыздалуына байланысты мындаған діни тер-

миндерді де жұртшылық білгісі келеді. Мәселен, әділ деген сөздің мағына-

сы, («справедливость») көпшілікке белгілі. Ал оның діни терең мазмұнын 

(Алланың бойына ғана тән әділдіктің ең биік өлшемі, ең жоғарғы адал қа-



сиет екенін) енді арнайы сөздіктер арқылы елге түсіндіру керек; мәселен, 

иман, ғазауат, күпір, ынсап, инабат, мұджаһит, мәуліт, мүрит, кәлима, 

жәннет, жаһаннам, Қадыр түні, бес парыз сияқты діни сөздер мен сөз 

тіркестері өз мазмұнымен сөз қорына қайта оралып, өз орнын табу керек.

Демек, «көнерген» (тарихи, ескі, мағынасы күңгірт, пассив) сөз-

дер де – тіл байлығының бір көзі.

«Тіл мүмкіншілігін кеңінен пайдалану» деген өте кең ұғым және 

оны әркім әртүрлі түсінеді. Сондықтан да болар, бұл «шығармашылық» 

процеске көптен бері-ақ зиялы қауым белсене ат салысып келеді. Тіліміз-

дегі сан алуан «жаңа сөз, жаңаланған қолданыстардың» авторы ретінде, 

әдетте,  Ісләм  Жарылғапов,  Мұзафар  Әлімбаев,  Әбдуәли  Қарағұлов, 



Нұртас Оңдасынов т. б. есімдер алдымен аталынады. Шынында да, Ісләм 

Жарылғаповтың авторлығына телінетін сөздердің өзі жүзден асады; олар-

дың біразы (балмұздақ, оқырман, көрермен, суреткер, қаламгер, аялдама, 

дүниетаным  т.  б.)  әдеби  тілімізге  бойлап  еніп,  айланымына  араласып 

кетті.  Ал  біразы  (азагүл  –  траурный  венок,  аққайнар  –  шампанское,  әу



-

егер  –  аэронавт,  бейдауа  –  рак,  басжалбыр  –  капуста,  ғаламшар  –  пла-

нета,  дауажай  –  курорт,  думан  –  фестиваль,  жайлаужай  –  дача,  орын-



тақ  –  кресло,  құлтемір  –  робот,  қайыр  –  медбрат,  хайрия  –  медсестра, 

саулықжай – здравница, сақтықжай – профилакторий, тағамат – меню, 

шарай – орбита т. б.) әлі де тіл «сынағынан» өту үстінде жүрсе, енді біра-

зын (басылым – издание, баспагер – издатель, ғарыш – космос, ғарышкер 

– космонавт, өркениет – цивилизация т. б.) өмірге «жолдама» алды деуге 

болады.


Айта кету керек, мұндай «шығармашылықпен» зиялы қауым бұрын да, 

қазір де шұғылдануда. Тіл мамандарының (А. Алдашева, К. Жұмбергенов, 

Н. Уәлиев т. б.) ізденістерінде мұндай авторлардың өздері де, шығарған 

«жаңа» сөздері мен сөз қолданыстары көрсетіліп те жүр. Мәселен: с.сей-



фуллин: атойын үйі – цирк, I. Жансүгіров: думан жүріс – демонстра-

ция,  табантемір  –  рельс,  Ғ.  Мүсірепов:  құлақша  қағаз  –  этикетка,  М. 



Мағауин: оятар – будильник, Ә. Кекілбаев: қар қаншайым – снегуроч-

ка,  Қ.Қараманұлы:  күнпарақ  –  настольный  ка лендарь,  О.  сәрсенбаев: 



тесіккөз – глазок (в дверях). Қ. Ысқақов: түнемелқап – спальный мешок, 

Ә. Тарази: күнқалқа – беседка т.т. Бұлардың бәрі тіл практикасына жолда-

ма алды деп айту қиын.



338

Кезінде  ақын  Мұзафар  Әлімбаевтың  «тілімізге  бір  жаңа  сөз 



қоспаған  ақын  ақын  ба?»  деп  ренжігені  бар.  Бұл  мүмкін  міндетті 

емес те шығар. Бірақ ойдың төркінін дұрыс түсінсек, бүгінгі толассыз 

термин  тасқынына  төтеп  бере  алмай,  оның  оңай  жолын  іздеп,  шет 

тілдер  элементін  қабылдай  салуға  жаны  құмар  жандардың  намысына 

тиіп, санасын ояту-ау дейміз мұны. Шет тіл элементтерін оңды-солды 

қабылдай беруде күндердің күнінде тіліміздің ұлттық табиғатына нұқсан 

келетінін іштей болса да сезініп, оның есесіне тілдің өз мүмкіншілігін 

қамшылай түсуге ат салысушылардың әрекетін құптау керек сияқты. 

Бірақ жасалып жатқан баламалардың бәрі асыл емес, оларды беталбаты 

қаптата  бермей,  ұдайы  бақылап,  електен  өткізіп,  қолдануға  ресми 

рұқсат беріп отыратын Мемтерминком жанында арнайы топ болуы тиіс.

Ал енді «жаңа» сөз жасау деген түсініктің өзіне келетін болсақ, ол 

да шартты ұғым. «Жаңа сөз» деп отырғанымыздың барлығы тілімізде 

бұрыннан  бар  сөздер.  Мұндағы  «жаңалық»  бар  сөздердің  негізінде 

жасалатын лексика-семантикалық және аналитикалық комбинациялар; 

басқаша айтқанда, «жаңа қолданыстар». Мәселен, атарман, шабарман 

сөздерінің  моделі  бойынша  оқырман,  көрермен  жасалды,  тыңдарман 

(слушатель), бұйырман (заявка) да осылай жасалуы ықтимал. Басы лым 

үлгісімен енді қойылым (постановка) ұсынылып отыр; ал мазмұндама, 

баяндама  үлгісі  бойынша  тілімізде  ондаған  «жаңа»  терминдер 

пайда  болуда:  бағдарлама,  тұжырымдама,  хабарлама,  мінездеме, 



мақсатнама,  мұратнама  т.б.;  аналитикалық  сөз  жасам  моделіне, 

мәселен, хана (масахана, асхана, шеберхана үлгісімен енді бұзаухана, 



мейрамхана  (ресторан),  бөбекхана  (ясли),  жай  (саяжай,  жағажай, 

дауа жай, жанатжай. өнержай, шипажай т. б.), хат (қолхат, сенімхат, 

жолхат,  ашықхат,  мәжілісхат  т.  б.)  сияқты  «қолбала»  сөздер  жиі 

тартыла бастады.

Қысқасы,  жаңа  баламалар  жасауда  тіліміздегі  барлық  байырғы 

сөздер  мен  аналитикалық,  синтетикалық  және  семантикалық  сөз 

жасам тәсілдері түгел қатысып отыр. Ғайыптан, тосыннан пайда болған 

дүние  жоқ.  Демек,  бұл  үрдістің  тетігі  мен  жаңалығы,  авторлардың 

тапқырлығы мен сөз қолданыс шеберлігінде болып отыр. 

Сөз  шығармашылық  үрдісінің  тағы  бір  көрінісі  –  қолданылып 



жүрген  сөздерге  (қосымша,  жанама,  ауыспа,  үстеме  т.б.) 

семантикалық жүктеме (нагрузка) беру. Мәселен, пенсия, пенсионер 

деген терминдерді кейінгі кезде зейнетақы, зейнеткер деген сөздермен 

ауыс- тырдық. Осыған түрткі болған қазақ тіліндегі «Бейнет, бейнет 

түбі  –  зей нет»  деген  мақал  деп  жобалаймыз.  Өйткені  араб  тіліндегі 

зейнет  сөзінің  мағынасы  –  «рахат»  (наслаждение,  блаженство). 


339

«Рахат»  пен  латын  тіліндегі  пенсио  («қаріп-қасерлерге  берілетін 

жәрдем,  төлем»)  сөздерінің  арасында  үлкен  айырмашылық  бар. 

Бірақ  зейнет  сөзінің  елдің  көңліне  бірден  қона  кетуі  «еңбек  етіп, 

бейнеттенген адам түбінде бір оның рахатын көреді» деген логикалық 

пайымды  мойындаудан  бол са  керек.  «Жәрдемақы»  мен  «рахаттың» 

(зейнетақының) мағыналық жақындасуы біз үшін бір ғана мысал емес, 

жасалып жатқан жаңа термин-баламаларының көбіне тән құбылыстың 

біреуі ғана.

Ана  тілі  мүмкіншілігін  пайдаланудың  тағы  бір  жолы  –  калька 



тәсілі, яғни орыс не шет тілдерден енген жеке де күрделі терминдерді 

тұлғалық, мағыналық, құрамдық ерекшеліктерін сақтай отыра өз 

тілімізге  сөзбе-сөз  аудару.  Терминология  ғылымында  оның  төрт  түрі 

белгілі: а) лексикалық калька, не балама-калькаларсухотка – сему, 



ударник – екпінді, совет – кеңес, соревнование – жарыс т. б.; ә) мағыналық 

калька:  температура  –  дене  қызуы,  белая  горячка  –  маскүнем  елесі; 

б)  морфологиялық  калька:  желудочек  мед.  –  қарынша,  моз жечок 



мед.–  мишық;  в)  аналитикалық  калька:  агропромышленность  – 

агроөнеркәсіп,  радиоприемник  –  радиоқабылдағыш,  лимфатические 

сосуды – лимфа тамырлары (жартылай калькалар); мочекровье – қан-

ды несеп, косвенное доказательство – жанама дәлелдеме, видео лента 

бейнетаспа, микрорайон – шағынаудан т. б. (толық каль калар) .

Термин жасауда ана тіліміздің өз мүмкіншілігін сарқа пайдалануға 

байланысты  есте  болатын  негізгі  байлық  көздері  мен  тілдік  тәсілдер, 

мiне,  осылар.  Ал  енді  орыс  және  интернационалдық  терминдерге 

балама  ретінде  ұсынылып  жатқан  мыңдаған  жаңа  қолданыстарды 

бұл арада келтіру мүмкін емес. Сондықтан біз олардың біразын өзара 

топтастырып,  пікір  алу  үшін  мақалаға  қосымша  етіп  жеке  ұсынып 

отырмыз.


4.  Тұжырымдаманың  төртінші  принципі  қазақ  терминологиясы 

үшін  жаңа  бағыт:  «Термин  шығармашылығында  бұдан  кейін  туысқан 

түркі  тілдерінің  (әсіресе  терминология  дәстүріне  бай  жазба  тілдердің) 

озық тәжірибелерінен, терминдік өрнек-үлгілерінен, оңтайлы да үйлесімді 

сөз жасау модельдерінен мүмкіндігіне қарай пайдалану».

Кешегі Қеңес одағындағы үлкенді-кішілі (30 шақты) түркі тілдеріндегі 

терминология  процесіне  назар  аударсақ,  бірден  көзге  түсетін  жағдай  – 

олардың бұл салада өзара жақындасуы, үйлесуі емес, керісінше, бір-бірінен 

алыстай  түсуі.  Жоғарыдан  (бір  «ортадан»)  түсірілген  терминологиялық 

принцип  бұл  тілдер  үшін  ортақ  болса  да,  ол  ортақтық  тек  орыс  және 

интернационалдық  терминдерден  ғана  байқалып,  шын  мәнісіндегі  туыс 

тілдер  ортақтығы  сезілмей  келді.  Өйткені  әрбір  тіл  орыс  тілі  арқылы 



340

бір «ортадан» таралған терминдік ұғымдарды өз білгенінше беруге әлек 

болды да, туыс тілдермен тәжірибе алмастыруға мұршасы келмеді. «Әркім 

өз қазанында өзі қайнады» деген осы. Мәселен, қыпшақ тобына жататын 

жеті тілде национальный доход деген термин төмендегіше беріледі екен:



Қазақша: ұлт кірісі

 Қарақалп.: миллий доход

 Қырғызша: улттук кирише

 Татарша: милли доход



 Башқұртша: милли доход

 Қырымтат.миллий келир

 Қабар.балқ.: миллет файда

Осындағы термин ортақтығы айтпасақ та көрініп тұр. Тағы бір мысал: 

кеше ғана өте жиі қолданылатын Центральный комитет деген тіркес осы 

тілдерде былайша аударылып келді:



Қаз.: Орталық комитет

 Қарақалп.: Орайлық комитет

 ҚырғБорбордук комитет

 Башқ.: Үзәк комитет

 Қыртат.: Меркезий комитет

Қаббалқ.: Ара комитет

Бұл  тілдерге  ортақ  болып  тұрған  «комитет»  термині  екенін  көріп 

тұрмыз. Осы екі мысал-ақ түркі тілдеріндегі терминологияның даму бағдарын, 

қалыптасу процесін толық сипаттай алады. Бұл алшақтық осы туыс тілдерде 



«Центральный»  деген  сөзге  бірдей,  ортақ  балама  табылмағандықтан  емес, 

сондай баламаны табуға, кеңесе, ақылдаса отырып іздеуге мүмкіншіліктің, 

пиғыл-ниеттің, жағдайдың болмауына байланысты. Өйт- кені түркі тілдерінің 

жазуы мен терминологиясы арқылы өзара жақындасуы кезіндегі тіл саясатына 

онша  қолайлы  болмады.  Себебі  бөлініп-бөлшектенген,  басы  қосылып,  тілі 

бірікпеген  елдерді  билеп-төстеу  кімге  болса  да  оңай  болатын.  Біз  ұсынып 

отырған принциптің о бастан-ақ ескерілмеуі осы себепке байланысты.

Ал  енді  туыстас  тілдер  терминология  саласында  өзара  тәжірибе 

алмасуы  керек  пе?  Бұл  принциптен  ұтатынымыз,  ұтылатынымыз  не? 

Біріншіден, тегі бір, тарихы бір туыстас түркі халықтары қаншама жеке-дара 

дамып келсе де, тіліндегі ортақтық пен ортақ лексикалық байлық негізінен 

сақталған. Екіншіден, сол байлықты пайдалануда жазу дәстүрі мол тілдерде 

терминологиялық тәжірибенің де мол болатыны заңды. Үшіншіден, әрбір тіл 



341

өзінше жол тауып, өзінше дамиды. Сондықтан бір тілдің екінші тілден артық 

та, кем де жақтары болады. Осындайда тәжірибе алмастырудың, бір-бірінен 

үйренудің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Қазақ тілінен де, басқа тілдерден де 

алатын үлгілер аз емес. Осыған орай қазақ тілінің терминология саласында 

бұрынғы  Кеңес  елінде  бірдей  жағдайда  жасап  келген  тағдырлас  түркі 

халықтарының тілдерімен іштей, ал шет елдердегі туыстас тілдермен сырттай 

тәжірибе  алысуының  мәні  зор  деп  білеміз.  Әңгіме  басқа  туыс  тілдердің 

сөз жасам модельдерін, үлгісін қалай болса, солай көз жұмып, көшіріп алу 

жайында болып отырған жоқ. Мәселе сол үлгілердің өзіміз үшін үйлесімді, 

тиімді, оңтайлы әрі пайдалы жақтарын таразы басына салып, саралап, сын 

көзбен қарай отыра қабылдау жайында.

Шыңжаңдағы  қазақ  туыстарымыз  да  қазір  термин  мәселесіне  ерек ше 

көңіл бөліп отыр. Олар бұрынырақ біздің тәжірибемізге сүйеніп, көптеген 

орыс-интернационалдық  терминдерді  қабылдап  та,  қолданып  та  келсе, 

қазіргі  ориентацияның  кытай  (ханзу)  тіліне  ауысқаны  байқалады.  Олар 

қазір  көптеген  заманауи  техникалық  терминдерді  қытай  тілі  үлгісімен 

калька  жолымен  аударып  алуға  тырысады.  Мәселен,  видеомагнитофон 



–  үналғы,  видеокамера  –  сыналғы,  морозильник  –  мұзсандық,  пылесос  – 

шаңалғы (бізде шаңсорғыш). Мұндай үрдіс қазір бізде де өріс алып келеді. 

Жаңа техника атауларын қазақшалауға ғылымдағы қазақ жастары ерекше 

мән беріп, өз ұсыныстарын айтып та, жазып та жүр.

Ал енді қалай болғанда да Қазақстан мен шет елдердегі қазақтардың 

екі түрлі емес, бір ортақ терминді пайдаланғаны дұрыс қой. Өзара ақылдасу, 

міне осы арада керек.

Бұл тұрғыдан алып қарағанда орыс тілінің тікелей әсерін көрмеген шет 

елдік түркі халықтарының ішінде Түркия түріктерінің тіл тәжірибесі де біз 

үшін өте қызықты. Біріншіден, бұл тіл жазу дәстүрі мол, мемлекет көлемінде 

тұтас  та  бірыңғай  терминология  жүйесі  дамыған  тілдердің  санатында. 



Екіншіден,  бұрынғы  Кеңес  Одағындағы  түркі  тілдерімен  салыстырғанда 

орыс тілінің элементі онда жоқтың қасы, интернационалдық терминдер аздау. 

Бұл тілде олардың біразы басқа европа тілдерінің элементтерімен (лагерь – 

камп, ракета – фишек, жәрмеңке – фуар, щетка – фирча), ал көпшілігі түрік 

тілінің өз баламаларымен (аэропорт – хавааланы, самолет – ұчақ, спонсор 



– сөзжу, магни тофон – касетсалар, компьютер – білгісаяр, президент – 

жұмхұрбашы,  премьер-министр  –  башбақан,  парламент  –  межіліс,  мо-

роженое  –  дондұрма,  автомашина  –  араба,  транспорт  –  ұластырма, 

студент – өргенчі, масштаб – өлчү т. б.) ауыстырылған. Үшіншіден, бізде 

шет тіл элементтері орыс тіліндегі жазылуы бойынша қабылданса, түркия 

түріктерінің тілінде сол тілдерде айтылуынша ықшамдалып алынады екен: 

факулте  (факультет),  университе  (универси тет),  теори  (теория),  економи 


342

(экономика), физик (физика), спор (спорт), мүзе (музей), кадро (кадр), т. б. 

Керісінше, бізде аударылып алынған кейбір ұлтаралық терминдер түрікшеде 

аударылмаған, бізде мәдениет – түр. күлтүр, бізде дүкен – түр. магаза т. 

б. Көптеген интернационалдық терминдер екі тілдің екеуінде де өздерінше 

аударылған.  Мысалы:  промышленность:  түр.  іслетме,  қаз.  өнеркәсіп, 



выставка:  түр.  сергі,  қаз.  көрме,  независимость:  түр.  бақымсызлық, 

қаз.  тәуелсізсіздік,  космос:  түр.  озай,  қаз.  ғарыш;  верховный  суд:  түр. 

ярғытай,  қаз.  жоғарғы  сот,  верховный  совет:  түр.  даныштай,  қаз

Жоғарғы кеңес, т. б.

Бұл екі тілдегі ұқсас термин-атаулардың сәйкестігін салыстыра зерттеу – 

болашақтың ісі. Түркиямен қарым-қатынастың кейінгі кезде күшейе түсуіне 

байланысты  казақ  тілінен  түркі  терминдерінің  алғашқы  «қарлығаштары» 

көріне  бастады.  Соның  бірі  «Егемен  Қазақстан»  газеті  қолданып  жүрген 

ұшақ  (самолет)  түрікше  ұчақ  болса,  екіншісі  әуеалаңы  (аэропорт)  түрікше 

хавааланы. Мұндай ауыс-түйістердің бұдан кейін де болатыны сөзсіз.

Қорыта келгенде: «туыстас тілдер тәжірибесін үйрену, одан саналы 



түрде пайдалану принципі – жалпы түркі дүниесіне ортақ ғылыми-

техникалық прогрестің, мәдениеттің үйлесе дамуына кепілдік беретін 

фактор

ҚР ҰҒА-ның Хабарлары; Тіл-әдебиет сериясы

Алматы, «Ғылым». 1993. 3-17 б.

Терминологияның бүгiнгi барысы туралы 

кейбiр ойлар

“Терминге әркiмнiң-ақ бар таласы” демекшi ... 

“Өлеңге әркiмнiң-ақ бар таласы...” деп ұлы Абай айтқандай‚ қоғамда 

күн  санап  туындап  жатқан  жаңа  ғылыми-техникалық  ұғым-түсiнiктердi 

тiлiмiзде бедерлеп-белгiлеу қажеттiгiне байланысты толассыз тоғытылып‚ 

пайда  болып  жатқан  қат-қабат  сөз  тасқыны  -  терминдерге  терминология 

саласындағы  мамандар  ғана  емес‚  сол  терминдердi  қолданушы  қалың 

жұртшылықтың  да  енжар  қалуы  мүмкiн  емес.  Сондықтан  да  болар‚  кез-

келген сауатты‚ саналы азамат‚ жалпы зиялы қауым “термин” десе болды‚ 

арқасы қозып‚ оның төңiрегiнен өрбiп‚ мәңгi-бақи бiтпейтiн дау-дамайына 

араласа кетедi‚ өз пiкiрiн айтқысы келiп тұрады. Бұл‚ әрине‚ әбестiк емес‚ 

қайта - өскелең қоғамның талабын‚ саналы азаматтардың ана тiлi тағдырына 

деген сергек сезiмiн‚ перзенттiк борышын танытатын iзгi әдет болса керек.

Бiрақ‚  өкiнiшке  орай‚  мәселе  -  осы  бiр  барша  қоғамға  ортақ  игiлiктi 

iске  деген  көзқарастың  бiр  бағытта‚  дұрыс  ғылыми  объективтi  негiзде 

дамымауында. Мұның себеп-салдары көп. Солардың ең бастысы - термин 

табиғатын терең танымауда‚ яғни оған деген тым қарапайым көзқарасқа‚ не 


343

керiсiнше‚ жеке бастың өзiндiк ұғым-түсiнiгiне байланысты қалыптасуында. 

Қоғамда  “термин”‚  “терминжасам”  құбылысына  байланысты  замана 

идеологиясына  сәйкес  әр  түрлi  ағымдар  жүз  берiп‚  қасаң  қағида  болып 

қалыптасқан дұрыс та терiс үрдiстер аз болған жоқ. Бұлар‚ әрине‚ бiртiндеп 

адамның санасын билеп‚ оның барша ментальды дүниетанымына‚ ұлттық 

болмысына әсерiн тигiзiп келдi.

Ұлттық тарихымыздың‚ рухани мәдениетiмiздiң өзектi бiр саласы - тiл 

мәдениетi десек‚ оның кейiнгi 80-90 жыл беделiнде дәстүр ретiнде қалыптаса 

бастаған жаңа да жаңашыл құбылысына “тiлдi терминдендiру процесiн” 

жатқызуға  болады.  Бұл  процестiң  замана  талабына  сәйкес  тiл  өмiрiнде 

орасан зор мәнi бар екендiгiн халқымыз бiрден болмаса да‚ бiртiндеп‚ әр 

түрлi  идеологиялық  көзқарас  ықпалында‚  ғылыми-практикалық  iзденiс 

барысында түсiнiп келедi. Қазақ тiлiнiң сонау “ерке-бұлан дәуiрiнен” бастап‚ 

бүгiнгi мемлекеттiк мәртебе алғанға дейiнгi сөз санының көбейiп‚ мағына‚ 

түсiнiк ауқымының кеңеюiн бiр сөзбен “даму” деп бағаласақ‚ сол дамудың 

қайнар бұлағы - тiлiмiздi бүгiнгi өркендеген ғылыми-техникалық талапқа сай 

терминдермен қамтамасыз ету. Демек‚ бұл үрдiс - тiлiмiздiң мыңдаған жаңа 

сөздермен толығып‚ iшкi мазмұнының кеңейiп отыруының бiрден-бiр кепiлi 

деген сөз.

Мәселе‚ осы күрделi де сан қилы процестi дұрыс түсiне бiлуде. Оны дұрыс 

түсiну “термин өндiрiсiнiң өнiмдерiн пайдаланушы қалың жұртшылыққа” ғана 

емес‚ сол “терминдердi өндiрушi мамандарға” да‚ тiптi‚ ең алдымен соларға 

тiкелей қатысты. Ал терминжасамдағы даудың басы неден басталады?

Менiмше‚ бұл дау “термин” деген тiлдiк категорияның табиғатын‚ шығу‚ 

жасалу‚  пайда  болу  тәсiлдерiн‚  атқаратын  қызметi  мен  қолданыс  шеңберiн 

т.б.  ерекшелiктерiн  жұртшылықтың  бәрi  бiрдей  дұрыс  түсiне  бермеуiне 

байланысты.

Бұл  сияқты  түсiнбеушiлiктердi  бiз  терминге  қатысты  әр  түрлi  дау 

-дамайлардан айқын көремiз. Олар сан алуан. Кейбiр азаматтардың‚ мысалы 



“термин”  деген  тiлiмiздегi  күнде  қолданып  жүрген  мыңдаған  байырғы 

сөздерден табиғаты бөлек‚ қарапайым қазақ сөздерiнен тегi‚ заты басқа‚ өзiндiк 

бiр  сыр-құпиясы  бар  “ерекше  сөз”  деген  ұғымды  ұстануынан  байқалады. 

Ендi бiреулер болса‚ қазақтың отбасы‚ ошақ қасында айтыла беретiн “қазақы 

қарапайым  сөздер  термин  бола  алмайды‚  олардан  гөрi‚  түсiнiксiз  болса  да‚ 

шеттiлдерден алынған сөздер артық” дегендi мақұлдайтын сияқты. 

Тiл  жанашырларының  iшiнде  бiрқатарлары  “қай  тiлден  енбесiн‚ 

құлағымыз  үйренiп‚  мәнiне  түсiнбесек  те‚  мағынасына  түсiнетiн  термин 

болып жүре берсiн” деген талапты қолдаса‚ ендi бiр тiл сүйгiш‚ патриот азамат 

“жоқ‚  термин  сайлағанда  мүмкiн  болғанша  өз  тiлiмiздiң  байлығын  сарқа 

пайдаланайық” деген принциптi қолдайды. Мiне‚ әсiресе кейiнгi 10 жыл бойы 


344

айтылып келе жатқан бiр жақты дау-таластарды ғылыми тұрғыдан зерделеп 

қараған  адам  оның  себеп-салдарының  бар  екендiгiн  мойындаса  да‚  бiрақ 

олардың  бәрiн  мыңдаған  терминдi  пайдаланушылар  түгел  мойындамайды. 

Гәп осында болып отыр. 

Терминология  саласында  осындай  дау-дамай  туғызып  отырған 

себептерге: сәйкессiздiк‚ принциптерiмiздiң тұрақсыздығы мен жүйе- сiздiгiн‚ 

терминге  болашақ  тұрғысынан  қарауымыздағы  енжарлық‚  т.б.  жатқызуға 

болады. Бiз солардың кейбiреулерiне ғана қысқаша тоқтала кетудi жөн көрдiк. 

Олар төмендегiлер:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет