§ 1. Қазақ тілі терминологиясын жаңаша бағдарлау,
реттеу және ілгері дамыту тұжырымдамасының
11 принципі жайында
1-ПРИНЦИП: Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет атанып отырған
Қазақстанның бүгінгі жағдайында мемлекеттік тілдің негізгі тірегінің бірі –
терминологияны жан-жақты дамытудың, реттеудің, қалыптастырудың алғы
шарттарының бірі – оған деген мемлекеттік қамқорлық.
2-ПРИНЦИП: Қазақ тілі терминологиясының жақсы дәстүрлерін
жалғастыра, өскелең өмірдің биік талап-талғамына сай жүз беріп отыр- ған
бұқаралық үрдістің ұлттық тіл үшін тиімді де қажетті жақтарын орынды
пайдалану.
3-ПРИНЦИП: Салалық (ғылыми-техникалық, табиғаттық,
қоғамдық, саяси-әлеуметтік) терминдер мен атауларды жаңадан жасауда,
өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен қазақ тілінің төл және бұрыннан
қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану.
4-ПРИНЦИП: Термин шығармашылығында бұдан кейін туысқан
түркі тілдерінің (әсіресе терминология дәстүріне бай жазба тілдердің)
озық тәжірибелерінен, термин жасаудың өрнек-үлгілерінен, оңтайлы да
үйлесімді сөз жасау модельдерінен мүмкіндігіне қарай пайдалану.
5-ПРИНЦИП: Тіліміз үшін қажет, бірақ дәл баламасы жоқ,
аударуға келе бермейтін интернационалдық терминдер мен атауларды
қа зақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау.
6-ПРИНЦИП: Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген
терминдік атауларды мүмкін болғанынша қазақшаға аударып қолдану;
аударуға келмейтіндерін бұрынғыдай сол қалпында емес, қазақ тілінің
фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау.
7-ПРИНЦИП: Салалық күрделі терминдер мен атаулар қазақ
тілінің өз негізінде алғашқы әріптері мен буындары бойынша (жекелей
де, сөз араластырып та) кеңес-интернационалдық термин-атаулардың
үлгісімен қысқартылып пайдалануды заңдастыру.
8-ПРИНЦИП: Күн сайын толассыз туындап жатқан жаңа терминдік
ұғымдарға тілімізден дәл балама іздеуде де, термин-атауларды жаңадан
жасауда да жалпы терминге тән талаптарды сақтай отыра, дәстүр мен
шарттылық заңдылығын мойындау.
9-ПРИНЦИП: Тілімізге қабылданатын терминдер мен атауларды
мағыналық, тұлғалық жағынан жақындарын өзара топтастырып,
салыстыра отырып, лексикалық байлығымызды салалық жүйе бойынша
жіктеп, саралап пайдалану.
327
10-ПРИНЦИП: Тіліміздегі ұлттық және интернационалдық
термин-атаулардың сандық, сапалық салмағын табиғи қалпында
сақтаудың жолдарын іздестіру.
11-ПРИНЦИП: Терминдер мен атаулардың емлесін тіл заңына,
жазу дәстүріне сәйкес реттеу; бұл, әдетте, алфавит пен емле қағидаларын
өзгертуге байланысты қаралатын күрделі мәселе, бірақ оған қоғам
санасын қазірден-ақ дайындау, бейімдеу қажет.
Бұл принциптер тезис түріндегі жоба ретінде келтіріліп отыр.
Олардың әрқайсысы туралы әңгіме төменде.
§2. Тұжырымдамадағы 11 принциптің
ғылыми-практикалық негіздері
мен сараптамалары
1. «Терминологияға – мемлекеттік қамқорлық» мәселе бірде-бір
тілдің терминдік принципі ретінде бұрын-соңды қойылған емес. Бұл мәселені
тұжырымдама принципі ретінде барша терминология «шаруашылығының»
алғышарты етіп коюымыздың себебі, біріншіден, терминология саласындағы
көп жылдық ащы-тұщы тәжірибемізден белгілі болған қажеттілік болса,
екіншіден, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе беріп марқайтып, оның бүгіні мен
ертеңіне кепілдік беріп отырған «Тіл заңы» алдындағы аса зор жауапкершілік,
сондай-ақ 2000-жылға дейінгі тіл дамыту бағдарламасында берілген «уәдені»
орындау ең ал дымен тәуелсіз мемлекеттің өз міндеті, төл ісі екендігін
мойындау, әрі оны заңдастыру. Өйткені біз бұдан кейін де әдеби тіліміздің күре
тамыры болып саналатын терминология тағдырына немқұрайды қарап, оның
барлық тізгінін 50 жылдан астам уақыт тек қоғамдық негізде ғана қызмет
атқарып келген Қазмемтерминкомның қолына беріп қойып, оған қатысты
азын-аулақ адамның жүрдім-бардым тірлігімен ғана қанағаттанатын
болсақ, бұл ісімізден ешкандай нәтиже шыкпайды. Осы бір үйреншікті
дәстүрмен, таптауырын жолмен тарта беру енді қауіпті. Сондықтан
да ең алдымен терминге деген қалыптасып қалған қасаң көзқарасты,
қоғамдық сананы мүлдем өзгертуіміз керек. Бұл игілікті іске сөз, қағаз
жүзінде емес, іс жүзінде мемлекеттік қамқорлық, нақтылы да тиімді
көмек, қаржылай жәрдем, идеологиялық қолдау кажет.
Олай болса, осы қамқорлықтың, жәрдемнің, қолдап-куаттаудың
нақтылы түрлері мен көріністері айқындалуы, бұл саладағы іс-әрекеттің
тетігі мен тиімді тәсілдері анықталуы, сондай-ақ барша іске басымен
жауап беретін жеке адамдар мен мекемелердің аты аталып, міндеті бел-
гіленуі қажет. Осыған орай, біз де өз ойымызды айта кеткіміз келеді.
Біріншіден, Мемтерминком бүгінгідей жартылай биресми, жартылай
328
қоғамдық «жарымжан» ұйым емес, бүкіл термин «шаруашылығына»
жауап беретін, атап айтқанда, термин жасау, терминдерді ауыстыру, рет-
теу, қалыптастыру, жариялау, қолдану сияқты т.б. ұшан-теңіз жұмысты
ұйымдастырушы, үйлестіруші, бағдарлаушы, бақылаушы ретінде үкімет
тарапынан қаржыланған, тұрақты қызмет ететін мемлекеттік ресми ор-
ган болып, статусы жаңаланып, қайта құрылуы қа жет. Екіншіден, бұл
мекеменің міндетін бұрынғыдай кейбір терминдер төңірегінде қызыл
кеңірдек болғанша тәжікелесуді, бір топ лауазымды басшылардың ан-
да-санда бас қосып, дау-дамаймен аяқтайтын мәжілісі немесе олардың
жұмыс арасында жүрдім-бардым тындыратын қызметі деп түсінсек,
мықтап қателесеміз. Бір қарағанда көңілге дәтке қуат болып келсе де,
бұл комиссияның терминология мәселесін түбегейлі шешуге әлжуаздық
көрсетуін жасыруға болмайды. Мәселен, осы комиссия 10 жыл (1971–
1982 жж.) ішінде, жоғарыда айтылғандай, таласып-тәжікелесіп отырып
3 мың термин-атауды бекітіп, басып шығарыпты. Бұл, әрине, комисси-
яның кезінде жұмыс істегенін көрсетеді. Бірақ оны 10 жыл ішінде өт-
кізген 65 мәжілістің нәтижесі екенін ескерсек, әрбір осындай мәжілісте
орта есеппен 45 қана термин қаралып, бекітілген екен. Ал қазақ тілінде-
гі терминологиялық лексиканың жал пы саны бүгінде 100 мыңнан асады
және оның шамамен 90 проценті әлі күнге дейін ресми бекітілмеген тер-
миндер. Сонда терминкомның 10 жылдық ісінің пайдалы коэффициенті
3-ақ процент екен. Ал шын мәнісінде жаңадан жасалған, балама ретінде
алынған және сырттан қабылданған ғылыми-техникалық термин-атау-
лардың бәрі Мемтерминком тарапынан сұрыпталып, мақұлданып, ресми
патиқасын алуға (бекітілуге) тиіс еді. Ондай тегеуірінді әрекет жоғары-
дағы себептерге байла нысты бұл комиссия тарапынан бола қойған жоқ.
Сондықтан да статусы өзгерген болашақ Мемтермимкомның сан
алуан міндетін негізінен үш топқа бөліп қарауға болатын сияқты: а)
«термин саласындағы шығармашылық», ә) «терминдерді електен
өткізіп, ресми бекіту», б) «терминдерді қалыптастырып, қолданы-
сын реттеу». Әрине, бұл әрбір топтың артында толып жатқан нақтылы
іс-әрекеттер мен шаралардың тұрғандығы сөзсіз. Мәселен, сала-сала
бойынша термин жасау процесін ұйымдастыру, үйлестіру деген сөз
республикамыздағы барлық ғылыми-шығармашылық потенциямызды
(мүмкіншілігімізді), атап айтқанда, осы салаларда өсіп жетілген (екі
тілді) мамандарды термин жасау, сөздік шығару, оқулық жазу пробле-
масының төңірегіне шоғырландыру, әрбір ғылым саласынан авторлық
коллектив кұру, олардың шығармашылық жұмысын үйлестіру, әртүрлі
сөздіктер шығару, қаржыландыру, ынталандыру т.б. толып жатқан жұ-
мыстардын бәрі болашақ Мемтерминкомның міндетіне жүктелуге тиіс.
329
Бұл мәселеге терминология саласындағы нақтылы шараларды
анықтауға байланысты төменде тағы ораламыз.
Тұжырымдаманың 2-принципі тілдегі жаңа үрдіске бағышталған. Ал
тілде бой көрсете бастаған бұл үрдіспен (тенденциямен) санасу – қоғам
өміріндегі өзгерістерге сәйкес ұлттық сананың да даму заңдылығын
мойындау деген сөз. Жаңалыққа сезімтал, өзгеріске бейім тұратын
терминология саласында бұл үрдіс ерекше көзге түсетіндігін жоғарыда
айттық. Шынында да, тек кейінгі 2–3 жылдың ішінде қазақ тіліне
мыңдаған жаңа термин-атаулар еніп, мындаған атау-терминдер жаңадан
жасалып, не жаңа баламаларымен ауыстырылып та үлгірді. Бұл бұрынғы
«бейбіт» өмірде тек 20–30 жылда ғана болатын күрделі өзгерістер. Және ол
күн сайын үдей түспесе, толастайтын түрі жок. Қалыптасып қалған терминдік
жүйенің қабырғасы қопарылып, қайтадан қалана бастаса, үйреншікті
термин-атаулар жоғарыдан емес, төменнен өзгертіліп, ауыстырылып жатса,
әркім өзіне ұнаған термин-атауын ұсынып, терминология «базарында» сөз
бәсекесін қоздырса, мұндайда бағыт-бағдар беріп, басалқылық айтатын
Терминком сырттан бақылаушы болып, шарасыздық танытса, осының бәрін
не деуге болады? Тілді анархияға бастайтын бейберекет құбылыс па, әлде тіл
дамуындағы заңды үрдіс, бетбұрыс па?
Бүгінгі әңгіменің ең өзекті жері – осы мәселенің басын ашып
алу. Егер біз терминология саласындағы «қопарылыс-кобырауды»
анархияға бастайтын бейберекет тірлік, замана ағымына еліктеуден
туған «жаңашылдық», жарға соқтырар жаңсақ әрекет деп тапсақ, онда
бүкіл жұртшылык болып оған пәрменді күрес ашуымыз керек. Ал егер
бұл халықтық «қазанда» көптен бері қайнап, енді ғана қайнауы жетіп,
таси бастаған табиғи құбылыс болсашы? Онда ол құбылыстың бетіндегі
көбігін қалқып тастап, таза болмысына баға беруіміз керек, қажет болса,
тілдің қоғамдық құбылыс ретінде дамуының өзіндік көрінісі, заңды
үрдісі деп табуымыз керек.
Мәселе осы бір тығырыққа келіп тірелгенде, о баста елеусіз
басталып, біртіндеп өрбіп, бүгінде өршелене түскен осы үрдістің
табиғатына жеңіл-желпі қарамай, тереңірек бойлап, тиісті бағасын
беру білгірлік пен парасаттылықты талап ететін сияқты. «Мұндай
бейберекет әрекетті тоқтату керек» деп әмір айтушылар да арамыздан
табылар. Бірақ бізге қазір істің мән-жайына тереңірек түсінетін
жандардың байсалды да пайымды пікірі қажет. Өйткені бұл үрдісті
тумай жатып, тұншықтыруға болмайды. Ол туралы үстіртін пікір
айтып, ойланбай қарсы шығатын ағайындарға ескертетінім: табиғи да
объективті процестің алдына шығып, болашақты болжайтын сәуегей
жоқ. Бүгінгі біздің өміріміздегі ұлы өзгерістердің бәрі, міне, осыны
330
көрсетеді. Олай болса, жол айрығында тұрған мемлекеттік мәртебелі
ана тіліміздің болашағы қай жолды қалап алатындығы біз үшін әлі
жұмбақ. Мүмкін бүгін бой көреете бастаған демократиялық (бұқаралық)
үрдіс тәуелсіз мемлекет құрып отырған халқымыздың өз тілін еркін де
дербес дамытуға бастайтын алғашқы қадам шығар! Жер жүзінде өз тілін
ешкімге өктемдік жасатпай-ақ, өз қалауынша дамытып отырған елдер
аз ба?
Міне, жаңа үрдіс мәселесіне осы тұрғыдан бүгінгі терминология
саласындағы «өзгерістердің» барлығына парасаттылық, байсалдылық,
зейінділікпен қарау қажет сияқты. Әрине, жоғарыда біз бейнелеп айт-
қан «терминология қазанында» қайнап жатқан дүниенің бәрі асыл
зат емес. Онда көбікті көпірме сөздер де көп. Бұл арада мәселе жаңа
үрдісті дұрыс қабылдай білуде. Ал «қазанның» ішінен қажетімізге
жарайтындарын салыстырып, саралап таңдап алу өзімізге, саналы
қауымның белсенділігі мен іскерлігіне байланысты. Егер қазақ
қауымы тілімізге еніп, әбден қалыптасып кетуіне қарамастан семья
деген әлеуметтік терминді қабылдауды қаламаса, оған зорлық жасауға
болмайды. Одан да осы терминге балама ретінде ұсынылып жатқан он
шақты сөздің – жанұя, отбасы, шаңырақ, үйіші; түтін, әулет, үйелмен,
тек, отау, т.б. – біреуіне жіп тағуды немесе басқа балама табуды
қолдаған жөн сияқты.
Ал бүгінде терминология «базарында» осы тәрізді жүздеген, тіпті
мыңдаған «талапкер» сөздер бағын сынап, газет-журнал беттерінен,
радио мен теледидар экрандарынан қолдаушысын да, қолданушысын да
тауып, аталмыш жаңа үрдістің жаршысы болып отыр. Оларға біреулер
үрке қарап, тыжырына түссе, енді біреулер іштей мақұлдап, жылы
ілтипатпен қабылдай бастаған сияқты.
Ал енді, осы арада тағы да біраз ойланып-толғанып алуға тура
келеді.
Қазақ тілі ғасырлар бойы «қазақ» деп аталатын қауымның әр алу-
ан өмір-тіршілігіне сай қажетін өтеп, іштей дамып, өз арнасында то-
лығып, небір сұңғыла көсемдер мен жезтаңдай шешендердің өнерімен
ширап, шыныққан, әрі бай, әрі бейнелі де көркем, марқа тілдердің
санатында болғандығы баршаға аян. «Терминология» деген ұғымды
араб, парсы мәдениетінің әсеріне байланысты тіліміз ертеден-ақ біл-
ген. Бірақ оның тіл қойнына бойлай еніп, термин, атау (номенклатура)
түрінде өзіндік өpic тауып, қалыптасуы негізінен үстіміздегі ғасырдың
басында, ғылыми-техникалық прогрестің өмірімізде өктемдік алуына
байланысты болды. Бірақ даланың ерке бұланындай еркін түлеп, еркін
өскен қазақ тілінің табиғаты терминологиялық жаңалыкты да, көптеп
331
кіре бастаған термин атаулыны да бірден қабылдап, оған етене үйреніп
кете алмады. Осыған байланысты 20-30-жылдары қаптай бастаған орыс
және интернационалдық («халықаралық» дегеннен басқаша ұғым) тер-
миндерді бірден қабылдамай, басына бұғау түскен асаудай олай да, бұлай
да бұлқынып көрді. Паровоз дегенді түр-түсіне, ақырған даусына қарап
қара айғыр, поезды отпен жүруіне қарап, отарба деп, велосипедті жыл-
дамдығына қарап, шайтанарба деп, өзінше атау іздеп бақты. Бірақ мұндай
алғашқы тәжірибе «термин» деген ұғымның үдесінен шыға алмады. Бұл
үрдіске «пуризм» деген «айдар» тағылып, көптеген қазақ зиялылары осы
«шығармашылығы» үшін кезінде таяқ жеп, арамыздан аластанған бола-
тын. Осы кезде алғашқы тәжірибемен (дұрысы – тәжірибесіздікпен) қатар
ана тіліміздің өз мүмкіншілігінен пайдаланып, ғылыми атау-термин жа-
сауға болатындығын іс жүзінде өз өнегесімен дәлелдеген Ахмет Байтұр-
сынов пен оның біраз замандастары болды. Ақырында оның да өзі кетіп,
жаңадан жасаған (бастауыш, баяндауыш, көсемше, есіміше, демеу, үстеу,
салалас, құрмалас сөйлем сияқты жүздеген) термиидері ұрпаққа замана
естелігі болып артында қалды, оларды әлі де пайдаланып жүрміз.
Баршамызға белгілі осы бір әңгімені жаңғыртып отыруымыздың се-
бебі – «қазақ тілінің өз «материалынан» ғылыми термин жасауға бол-
майды» деген үстірт те сыңаржақ пікірге сол кездің өзінде-ақ нақтылы
жауап берілгендігін еске салу.
Егер біз өткен 70 жылдың ішінде «термин жасауда ана тіліміздің бар-
ша байлығын сарқа пайдалану керек» деген принципке жете мән бермей,
сол баяғы өзімізге тән енжарлық салдарынан терминологиялық лексика-
ның басым көпшілігін шет тілдер элементіне айналдырып алсақ, оған ана
тіліміз айыпты емес, кінәнің бәрі өзімізде. Ең алдымен осыны мойында-
сақ, одан соң өз тіліміздің барын барша бағалап, олар ды жасытпай, жан-
дандырып ғылым дәрежесіне көтерсек.
Тұжырымдамадағы «жаңа үрдіске мән беру керек» деген принциптің
негізгі түйіні, міне, осында жатыр. «Тіл байлығын сарқа пайдалану»
деген ғылыми принцип бүгінге дейін медальдің бір жағы болып келсе,
оның екінші нақтылы жағы бүгінде жаңа серпіліс алып отырған бұқара-
лық үрдіске байланысты. Бірақ осыған орай қатал ескеретін бір жағдай
бар: бұл үрдісті қолдау дегеннен «қайткен күнде де орыс және шет ел тер-
мин-атауларын тілімізден сүйреп шығару, кез келген қазақ сөзінен термин
жасау, ғылым-білімнің бәрін қазақшалау керек» деген ұғым тумайды. Ұлт-
тық санасы оянған халықтың қалауынан туындаған бұқаралық әрекеттің
әр қадамын қадағалап, сарапқа салып, термин саласындағы бұл үрдіске
дұрыс бағыт сілтеу, жол көрсету ең алдымен Мемтерминкомның міндеті
мен парызы.
332
3. Үшінші принциптің талабын қайталасақ: «Салалық терминдер
мен атауларды жаңадан жасауда, өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен
қазақ тілінің төл және бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық
байлығын сарқа пайдалану». Бұл – термин саласында бұрыннан келе
жатқан негізгі де дәстүрлі принцип. Бірақ терминология мәселесінің бү-
гінде күн тәртібіне қайта койылуына себеп болып отырған да осы негізгі
принциптің іс жүзінде орындалмай, бұрмаланып келуі.
Терминология саласындағы жарты ғасырдан астам тәжірибеміз-
де біз қазақ тілінің байлығынан біршама пайдаландық, бірақ оның зор
мүмкіншіліктерін сарқа пайдалана алмадық. Оның көптеген себептері
де болды. Ең басты себеп – замана үрдісі, тіл саясаты мен идеология
ыкпалы, орыс тілінің аз ұлттар тіліне деген үстемдігі мен өктемдігі.
Екінші себеп «еліміздегі ұлт, ұлыс тілдері өздерінің дамудан кенжелеп
қалуына байланысты ғылым тілі болып орыс тілімен терезесі тең тұра
алмайды» деген пікірдің орталықта да, жергілікті мамандар арасында да
қалыптасуы. Үшіншіден, терминологиялық процестің, тек бір жақты,
бір бағытта ғана дамуы: терминдік ұғымдардың қайнар көзі орыс тілі
болып саналды да, калған жүздеген (оның ішінде қазақ тілі де бар) ұлт
және ұлыс тілдерінің бәрі тек «қабылдаушы» пассив тілдер болып келді.
Төртінші себеп – ғасырлар бойы өз дәстүрімен еркін дамып келген ұлт-
тар мен ұлыстар тілдерін ғылыми-техникалық прогреске икемдеу, баулу
мәселесімен ешкім шұғылданган жоқ; сондықтан да болар, бірден лап
берген терминдер тасқынына бұл тілдер төтеп бере алмады, есін жиып,
еңсесін көтеруге мұршасы келмеді. Бесінші себеп – ана тілінің мүмкін-
шілігін толық ашып, терминология тасқынына қарсы қоярлықтай ұлт
кадрлары тоталитарлық үкімет тарапынан кезінде жойылған болатын.
Міне, осы еебептердің бәрі жиналып, ұлт тілдеріндегі терминоло-
гияның ұлттық қасиетінен алыстап, негізінен орыс және интернацио-
налдық терминдер мен атаулар есебінен құралып, қалыптасуына зор
ықпал жасады. Ана тіліміздің байлығын толық та сарқа пайдалануға бір
жағынан осы факторлар себеп болса, екінші жағынан термин шығар-
машылығымен шұғылданған қазақ зиялыларының ұлттық қасиеті, жал-
тақтығы мен енжарлығы да – күні бүгінге дейін аяққа тұсау болып ке-
леді. Қазақ тілінің өз мүмкіншілігі сөз бола қалса, әдетте айтылатын
уәж: «ойбай, орыс тілінің өзі де бай бола тұрып, мыңдаған шет ел
терминдерін емін-еркін қабылдап жатыр ғой..., оған қарағанда қазақ
тілі кімнің шікәреті» деп, өз тілімізге өзіміз мұрын шүйіріп қарайтын
әдетіміз бар.
Ал енді сол зиялы қауым еңсесін көтеріп, егемендік елдің, тәуелсіз
мемлекетіміздің азаматы ретінде өзі сияқты терезесі тең елдерге, сөз
333
байлығы өзінен кем болмаса, артық емес тілдерге бір сәт қарап, ғибрат
алды ма екен? Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шарпуына
шалынбаған бірде-бір ұлылы-кішілі халық жоқ. Ал солардың көбі басқа
бір тілдің бұғауында жүрмей-ақ сол прогресстің ортақ қазанында өзінің
төл тілімен-ақ қайнап, ғажайып табыстарға қолы жетіп отырған жоқ
па? Мәселен, Қытай, Жапония, Түркия сияқты ірі-ірі елдерге қарасақ,
ғылым мен техниканың биік шыңына өз тілдерімен-ақ өрмелеп шығып
отыр, 1 миллиардтан астам халық сөйлейтін қытай (ханзу) тілінде «ин-
тернационализм» деп аталатын термин мен атаулар атымен жоқ, жапон
тілінде де олар өте сирек кездеседі. Осыны айту арқылы біз ешкімді де
«қазақ тілін орыс интернационалдық элементтерден тазарт» деп үгіттеп
отырғанымыз жоқ. Ол мүмкін де емес. Мәселе бұл жерде өз тіліңнің
тым құлдырап төмен түсіп кеткен беделін көтеруде, аяқасты болған сөз
маржандарын шаңнан тазартып, жарқырата қолдануда, тер мин сайысынан
озып шыққан баламаларға тосқауыл жасамай, тіл әлеміне жолдама беруде
болып отыр. Ескеретін жағдай: термин мен атау дегендеріміз аяғы аспаннан
салбырап түскен, ерекше дүние емес; олардың бәрі де тіл қорындағы
кәдімгі қарапайым сөздер, оларға «термин» мен «атау» деп айдар тағып,
әспеттеп отырған әрбір халықтың өзі. Де мек, термин саласындағы үрдістің
өріс алуы тек өзімізге ғана байла нысты.
Ал енді аталмыш принципті іс жүзіне асырудың жолы, түптеп
келгенде, тіл байлығымыздың қайнар көзін, бастау-бұлақтарын толық
аша білуге де байланысты. Осыған орай бір ескеретін жағдай: «тіл
байлығы» деген ұғымды тек тіліміздегі сөздердің санымен ғана өлшеуге
болмайтындығы. Мәселен, қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігінде
70 мыңдай жеке-дара сөздер мен сөз тұлғалары қамтылған екен. Тіпті
ескерілмеген, ұмыт қалған, енбеген жаңа және көнерген сөздерді қоса
есептеп, олардың жалпы санын 100 мыңға жеткізейік. Сонда да бұл бір тіл
үшін тым аз дүние. Ал шын мәнісінде, тіл байлығы сөз санында емес, онын
мағыналық потенциясында. Жеке сөздердің, сөз тіркестерінің мағыналық
ауқымы олардың өздерінен шамамен 10 есе артық. Демек, біздің тілімізде
1 миллиондай мағыналық единица (бірлік) бар. Тіл байлығы деп біз, міне,
осыны айтамыз.
Бұл байлықтың бәрі «қазақ тілі» деп аталатын жалпыхалықтық
тілдің қойнаулары мен қолтықтарында бейне бір теңіз түбінде шөгіп
жатқан маржандай күй кешеді. Жалпыхалықтық тіл қазынасы сан алуан
бұлақтардан нәр алып, ылғи толығып, молайып, байып отырады. Бірақ сол
байлықтың бәрін бірдей біз өмір қажетіне жаратып, күнделікті қатынаста
қолдана бермейміз, олардың біразы өз кезегін күтіп, тіл койнауларында
жата береді.
334
Осылайша мәдени өмірімізде, тіл практикасында көбірек қолданылуына
байланысты сұрыпталып, сараланып барып әдеби нормаға айналған
лсксикалық байлығымыз бір төбе. Терминологиялық лексика болса міне,
осы әдеби норманың еншісіндегі дүние. Бірақ жалпы тіл байлығы әдеби
тіліміздің мол дүниесімен ғана шектелмейді, оның сыртында шалқып
жатқан теңіздей жалпыхалықтық тілдің шексіз, таусылмас қоры тағы бар.
Әдеби тіліміз ылғи да осы қордан сусындап, нәр алып отырады. Өйткені
бұл қор халкымыздың ғасырлар бойы дүниеге келтірген, жадында сақтап
келген сөз байлығын түгел камтиды. Оның бір сүбелі саласы ауызекі тіл де,
ал тағы бір құнарлы қойнауы жер-жердегі тұрғындардың қолданысындағы
диалектизмдер. Әр өлкедегі түрлі тіршілікке байланысты пайда болып,
қалыптасқан кәсіби лекси каның мол байлығы да көбіне-көп осындай
жергілікті ерекшелік түрінде сақталған. Терминология қажетіне көбірек
тартылатын да осы кәсіби лексика байлығы.
Бір ғажабы, басқаларды былай қойғанда, тіпті біздің тіл мамандарының
өз арасында диалектілік лексика мен әдеби тілдің, демек, терминологиялық
лексиканың арасындағы табиғи алмасуды шектеу, екеуінің арасына сына
қағып, алыстату пиғылдары байқалады. Өз басым мұндай көзқарасты
құптай алмаймын. Әдеби тілдегі бар сөздің жергілікті баламасын,
дублетін, дыбыстық-морфологиялық, мағыналық варианттарын орынсыз
тықпалап, ретсіз колданудың мәнісі бір басқа да, ең жанды процесс болып
саналатын терминология саласында осы байлықтан сарапқа сала отырып,
саналы түрде пайдалану екінші мәселе.
Міне, осы мәселеге келгенде теориялық жағынан құптап, нақтылы
іске көшкенде, кәрі ауруымыз қозып, басымыз қосылмайтындығын
мойындағанымыз жөн. Әрине, халық жадында сақталған сөз-атаулардың
бәрі бірдей термин бола алмайды. Мұны бәріміз де жақсы білеміз.
Мәселе осы байлығымызға ілтипатпен қарап, ерекше мән беруде болып
отыр. Безбеннің бір басына бұрын-соңды мүлдем естімеген, қолданыс-
та болмаған, бірақ жаңа ұғыммен бірге орыс тілі арқылы кимелеп келе
жатқан шет тілдер элементін салып, екінші басына жалпыхалықтық тіл
қорындағы қолдануда көп болса да, бірақ белгілі бір топтың жадында
сақталған жергілікті элементтерді салатын болсақ, қай жағы басымырақ
түскен болар еді? Міне, осы арада термин жасауға қатысты мамандардың
ана тілі алдындағы азаматтық позициясы айқындалады екен.
Қанша айтыс-тартыс болса да, осындай терминология «базарында»
бағын сынаған жүздеген жергілікті тіл элементтері термин қатарынан
орын алып, қолданыста жүр. Бірақ диалектизмдер мен кәсіби сөздер
барлық жағдайда дайын тұрған термин емес. Оларды термин баламасы
ретінде қолдану үшін мағыналық жағынан сұрыптап, өзара жіктеп,
335
жүйелеп, қажет жерінде желеп-жебеп жіберуге тура келеді. Бұл «тәсілді»
біраз ғалымдарымыз мойындай бастады. Әсіресе диалектілік кәсіби
лексикадан алынып термин баламалары ретінде ұсынылып жат қан сөз
көп-ақ. Мәселен, кейбір диалектілік зерттеулерде (осы күнге дейін дұрыс
атау табылмай келе жатқан) капуста терминіне балама етіп, кәрәм деген
жергілікті сөзді ұсыну, сондай-ақ простыня – ақжайма, брынза – пендір,
галушка – бармақнан, нарукавник – жеңсе, вермишель – ұшан, кружка –
сарқұм, поварешка – шәңгіл, бухта – айлақ, штиль – жаула т.б. ұсыныстар
кездеседі. Кәсіби диалектизмдер көбінесе бір-біріне жакын, өзара тектес,
ұқсас заттар мен құбылыстарды өзара саралау үшін орынды қолданылып
та жүр. Мысалы: орыс тіліндегі клещи, кусачки, плоскогубцы, щипцы,
сияқты аспаптар атауларына балама етіп халық тіліндегі кемпірауыз,
атауыз, тістеуік, қысқаш, шымшуыр тәрізді сөздерді қарастыруға неге
болмасын?
Тағы бір мысал. Өткен 1991 жылы қазақ тілі «суверен», «суверенитет»,
«суверенный» мағынасында егемен, егеменді, егемендік деген сөздерді
термин етіп ресми қабылдады. Бірақ осы күнге дейін «бұл сөз қайдан
Достарыңызбен бөлісу: |