Мақалалар, баяндамалар жинағы


Мемлекеттiк тiлдi терминдендiру (“терминизациялау”) қажет пе?



Pdf көрінісі
бет33/49
Дата30.01.2017
өлшемі3,77 Mb.
#3045
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49

Мемлекеттiк тiлдi терминдендiру (“терминизациялау”) қажет пе? 

Бүгiнгi  таңда  бұл  -  ешкiмнiң  көңiлiнде  күдiк‚  iсiнде  қарсылық 

тудырмайтын  қажеттi  мәселе.  Өйткенi  ұлттық  мемлекетiмiздiң  өрбiп-

өсiп‚  өркениетке  қадам  басуына‚  елдiгiн  танып‚  ұлт  дәстүрiн  сақтап 

қалуының бiрден-бiр шарты‚ негiзi - мемлекеттiк тiл‚ оның толыққанды 

дамуы. Ал терминологияның заңды да объективтi тұрғыдан дұрыс дамуы 

- мемлекеттiк тiлiмiздiң қоғамдық өмiрдегi өзiнiң қарым-қатынас құралы 

ретiндегi‚  сондай-ақ  ғылым‚  бiлiм‚  мәдениеттi  дамытудағы  жауапты 

қызметтерiн жiтi атқаруының алғы шарты. Сондықтан да бiз өзiмiз ұсынған 

терминологиялық  11  принциптiң  бiреуiн  терминжасам  процестерiн 

ғылыми-практикалық  тұрғыдан  шешудi‚  қатардағы  қарапайым  iстердiң 

бiрi емес‚ өкiметтiң өз құзырына алынып‚ мемлекеттiк мәнi зор iс ретiнде‚ 

тұрақты бағдарлама бойынша жүзеге асырылуын қалайтын принцип деп 

көрсеткен едiк.

Бұл  принциптiң  iс  жүзiнде  орындалуы  әлi  шабан.  Ал  оны  ғылым-

бiлiмнiң  барлық  саласы  бойынша  қажеттi  деңгейiнде  тез  шешпейiнше‚ 

мемлекеттiк  тiл  де  өз  қызметiн‚  мiндетiн  толық  ақтай  алмайды. 

Терминология төңiрегiнен өрбитiн дау-дамайдың бiр себебi‚ мiне‚ осыдан.



Ұлттық  сана  мен  терминдендiру  үрдiсi  сәйкес  болмаса  ...  “Бұл 

екеуiнiң арасында қандай қатынас бар?” деген сауал тууы мүмкiн. Бұған 

бiз “тiкелей қатысы бар!” деп‚ үзiлдi-кесiлдi жауап берген болар едiк. 

Себебi тiлдiң терминдену үрдiсi тек тiлдiң өзiне ғана тән қатардағы процес 

емес‚  сол  тiлде  сөйлеушi  қауымның  қажеттiгiнен  туындаған  әлеуметтiк 

мәнi  зор  қоғамдық  құбылыс.  Демек‚  ол  процестiң  өркендеп  дамуы‚  не 

бейберекеттiкке салынуы‚ божырауы‚ сайып келгенде‚ мемлекеттiк тiлде 

сөйлеушi қауымның ұлттық санасына‚ яғни оның бұл жаңа үрдiске деген 

көзқарасына‚  оның  даму  бағыт-бағдарына  ұлттық  мүдденiң  жарқын 

болашағы тұрғысынан қарай бiлуiне байланысты деген сөз.

Қайсы тiл болмасын “өзiнiң иесi” саналатын қауыммен бiрге ұзақ та-

рихи дамуында талай саяси-әлеуметтiк дәуiрлердi басынан кешiрiп‚ солар-

дың оң-терiс те ықпалында болып‚ әсерiне ұшырайды. Мұндай жағдай-


345

ларды қазақ тiлi де басынан кешiргенi баршаға мәлiм. Термин саласында 

да  бiзге  белгiлi  дәстүр  қалыптасты.  Ол  “ССРО-дағы  iрiлi-кiшiлi  ұлттық 

тiлдердiң  баршасы  қайткен  күнде  де  бiртұтас  совет-интеранционалдық 

терминдiк ортақ қор құруы қажет” деген идеологиялық талапқа сай қа-

лыптасты. Тiл саясаты және оның барлық нақтылы шаралары жергiлiктi 

жерлерде‚ мiне‚ осы үрдiсте жүргiзiлдi және олар өткен дәуiр iшiнде ұлт-

тық тiлдерде ғана емес‚ ұлт саналарында да өз нәтижесiн бергендiгiн бiз 

бүгiн‚ әсiресе егемендi ел болғаннан кейiн айқын байқап отырмыз. Өткен-

дi  аңсау  (“ностальгия  по  прошлому”)  -  адам  психикасына  тән  құбылыс 

қой.  Одан  шошуға  да  болмайды.  Дегенмен‚  терминдендiру  арқылы  мем-

лекеттiк тiлдi дамыту процесiнде көкжиегi қылаң берiп‚ байқала бастаған 

кейбiр жаңа үрдiсiнде енжарлық таныту‚ не тiкелей қарсы шығу ұлт санасы 

мен тiлдiң объективтi даму заңдылығы арасындағы қайшылық екенiн айт-

пасқа болмайды.

Бұл  мәселенiң  бiр  ұшы  терминологиялық  лексиканың  жартысынан 

көбiн игере иемденiп алған‚ өзiнiң мол ауқымымен‚ қолданыс аясындағы 

қалыптасып  қалған  үстемдiгiмен  терминологияның  шынайы  ұлттық‚  қа-

зақы бейнесiн бүркеп‚ бойын көрсетпей‚ үнiн шығармай келген советтiк-и-

тернационалдық  дәстүр  негiзiнде  қалыптасқан  ортақ  қордың  әлi  де  бiр 

мұрты бұзылмай‚ бұрынғы үрдiспен тартып келе жатуында. Оның негiзгi 

себебiн iздесек‚ ол‚ сайып келгенде‚ ұлттық санада болып отыр. Қалыпта-

сып қалған қасаң қағидаға қарсы бiрлi-жарымды пiкiр‚ ұсыныстар айтылып 

та жатыр. Бiрақ‚ амал нешiк‚ қасаң болып қатып қалған ұлттық сана жiбiр 

емес.  Жаңа  ой-пiкiрге  қарсы  шығып  отырғандар‚  әр  түрлi  идеологиялық 

топтарды есептемегенде‚ бұл салада ойланып-толғанып жүрген өз азамат-

тарымыздың iшiнен де‚ тiптi терминолог - маман‚ зиялы қауым арасынан да 

табылып қалады.

Әрине‚  қандай  және  қай  салада  болмасын‚  қағида  мен  дәстүрдiң  қа-

лыптасқаны  -  оң  құбылыс.  Бiрақ  ондай  қағида  мен  дәстүр‚  әсiресе  ылғи 

өзгерiп‚ жаңғырып‚ жаңаланып‚ дамып отыратын терминология саласында 

болса‚ ол тек ұлттық мүдденi‚ ұлт тiлiнiң өзiндiк нақыш-бояуын (“нацио-

нальный колорит”) толық сақтап қалуына қарай бағаланбақшы. Осы тұрғы-

дан алып қарағанда‚ бүгiнгi таңда да мемлекеттiк тiлiмiздi терминдендiру 

процесiн  бұрынғыша  “советтiк-интернационалдық  принцип”  бойынша‚ 

яғни бас-көзiне қарамай қабылданған‚ тiл заңына бойұсыбай енгiзiлген ата-

уларды түгел сақтай отыра‚ “ана тiлiнiң өз мүмкiншiлiгiн сарқа пайдалану” 

деген принциптi тек ұран етiп ұстап‚ iс жүзiнде оның түйiнiн сол баяғыша 

шеше беруiмiз керек пе?” деген сауалға нақтылы жауап беру керек сияқты.

Көптеген  дау-дамайлар  осы  бiр  өзектi  мәселенi  дұрыс  түсiнбеу-

ден туындап жатқан сияқты. Әрине‚ “жылдар бойы қалыптасқан тiлдiк 


346

дәстүрдi‚  терминологиялық  принциптердi  бiр  сәтте  (бiр  жылда‚  тiптi 

бiрер  жыл  iшiнде)  өзгертiп‚  бiрден  жаңа  қағидаға  күшу  керек‚  тiлдi 

совет-интернационалдық  терминдерден  аршып‚  тазарту  керек!”  деген 

пiкiрдi денi дұрыс адам айта қоймас. Бiздiң бұл айтып отырған идеямыз 

да тек тiлiмiздiң жарқын көкжиегiн көздейтiн мақсат‚ нысана ғана бар. 

Бiрақ ол әрекет бүгiннен басталып‚ бiртiндеп‚ ұзақ жылдар бойы аса са-

налы түрде‚ парасаттылықпен‚ кәсiби шеберлiкпен жүзеге асырылатын 

идея.

Алайда‚ бұл идеяны өзiнше түсiнiп‚ алыпқаштыға салып‚ “шаш ал 



десе‚ бас алып жүрген” жандар да баршылық‚ одан өзiнше саясат жасап‚ 

сақтандырушылар да арамызда аз емес. Бiрақ “бұрыннан қолданылып‚ 

қалыптасып қалған совет-интернационалдық терминдердi мән-жайына 

қарамай‚ шетiнен жаңа “сайланған” қазақ атауларымен ауыстыру” деген 

қауырт  та  қарбалас  науқан  жарияланбағанын  баршаға  ерекше  ескерт-

кiмiз келедi.

Осы  орайда‚  бiз  өзiмiз  ұсынып  отырған  идеямыздың  (яғни  бiздiң 

ұсынған  11  принципiмiздiң  бiрi)  негiзгi  түйiнi  үш  түрлi  танымға  сая-

тынын  ескерткiмiз  келедi:  1)  совет-интернационалдық  терминдердi 

бас-көзiне қарамай‚ қалай болса‚ солай қабылдай беру арқылы‚ “ұлттық 

тiлiмiздiң өз бойындағы бай мүмкiншiлiгiн аяқасты етпей‚ оны саналы 

түрде  кең  пайдалану  керек”  деген  қағиданы  ескермеу  саясатын  тоқта-

ту; 2) термин ретiнде қабылданған сөздер механикалы түрде‚ мағына-

лық белгi ретiнде ғана алына салмай‚ мүмкiн болғанша‚ iшкi мәнi мен 

мәнiсiнiң де мемлекеттiк тiлде сөйлеушiлерге айқын‚ айтуына оңтайлы 

болуын ойластыру; 3) “сөз* де - сөз‚ термин де - сөз” деген тұжырым 

тұрғысынан термин санатына жатқызылатын әрбiр (төл‚ байырғы‚ кiр-

ме) сөздiң терминдiк негiзiнде белгiлi шарттылық бар екенiн ескеру.

Қорыта  келгенде  айтарымыз:  егер  бiрiншi  көзқарас‚  терминжа-

сау дың бүгiнгi таңдағы жаңа үрдiсi - терминологияның ұлттық негiзiн 

қалыптастыруды‚  ұлт  тiлiнiң  өз  қасиетiн  паш  етудi  мақсат  етсе‚  екiн-

шi  көзқарас  терминдердiң  мән-мағынасы  танылып‚  сөйлеушi  қауымға 

түсiнiктi  болуы  айқындалып  алынуы  ұлттық  қауымның  ғылым  мен 

бiлiмнiң  мәнi  мен  мазмұнын  жаттау‚  есте  сақтау  арқылы  емес‚  көңiл-

ге түйiп‚ көкiрегiне қондырып‚ терең тануына кепiлдiк жасаса‚ үшiншi 

көзқарас бойынша жай сөз де‚ термин де тiлдiң бiр тай қазанында қай-

наған‚ бiрақ терминдер жай сөзден өзiнiң мағыналық шарттылығымен‚ 

ғылым-бiлiм-техникаға  бағышталған  шектеулi  қолданысымен  ерекше-

ленетiн құбылыс екенiн айқындай түседi демекшi.

 


347

Жаңалыққа жатсынбай, жасампаздыққа 

жармаспай қазақ тілі терминологиясына 

жаңаша көзқараспен қарайық

Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болған Қазақстан Республикасы бү-

гінде өзінің жұлдызды сағатын бастан кешіруде. Өркениетке қадам басқан 

қазақ халқының қара басына жеткілікті қауырт та қарбалас тіршіліктің 

қалың ортасында тағы да тіл тағдыры тұр. Өйткені толыққанды ұлттық 

тілсіз  дербестіктің  күні  қараң,  тәуелсіздіктің  мәні  жоқ.  Сондықтан  да 

егемендік алып, еңсесін көтере бастаған елдің ең алдымен әспеттейтін 

қастерлісі де, түгендейтін асыл дүниесі де ана тілі болмақшы.

Мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің де төрт құ-

быласы тең емес екені белгілі. Ең алдымен оның тірек болар үш тағаны 

– жазу-сызуы (ұрпақ арасын жалғастырар алтын көпірі), ономастикасы 

(жер  бетіндегі  ескерткіші),  терминологиясы  (оның  баю  жаңару  көзі) 

берік емес екендігін мойындаған жөн. 

Осыған орай белгілі дәстүрге ие, алды-арты айқындалған, тілімізде 

біршама  қалыптасқан  терминология  мәселесіне  бүгінде  қайта  оралуға 

үш түрлі себеп бар: 



бірінші  себеп:  ғылыми-техналық  прогрестің  айнасы  ретінде  әр-

бір  өркениетті  ел  терминологиясының  сақадай  сай  болуына  ерекше 

мән  беріп,  заман  талабына  сәйкес  оқтын-оқтын  оның  бағыт-бағдарын 

анықтап,  үрдісін  байқап,  ширатып-шынықтырып  отыруға  тиіс;  біз  де 

енді сондай ел санатына жатамыз;

екінші  себеп:  қазақ  әдеби  жазба  тілі  –  мемлекеттік  тілдің  негізі 

болса,  терминология  мен  ғылым  тілі  –  оның  жон  арқасы,  бүкіл  руха-

ни-мәдени өміріміздегі жаңалықтардың бәрін сергек сезініп, сол ыңғай-

да  өзгеріп  отыруға  бейімді  құбылыс;  сондықтан  да  мемлекеттік  әдеби 

тіліміздің  бүгінгі  күйі  мен  ертеңгі  жағдайы  терминологияның  реттілі-

гімен,  жүйелілігімен,  тұрақтылығымен  және  қолданыс  аясының  кеңді-

гімен өлшенеді

үшінші себеп: қазақ тілі терминологиясы әр түрлі жағдайларға бай-

ланысты бүгінде дағдарысқа ұшырап отыр: оның ғылыми принциптері 

жаңа  үрдіске  бағыт-бағдар  беріп,  оның  алдында  жүрудің  орнына  ар-

тында қалып, термин практикасы аяқасты болып бара жатыр. Осының 

салдарынан әркім өз білгенінше термин жасауға немесе оны ауыстыру, 

алмастыру  тәрізді  бейберекет  «бұқаралық»  әрекетке  (анархияға)  жол 

беріле  бастады;  оны  ең  алдымен  Мемлекеттік  терминология  комисси-

ясының  (Мемтерминкомның)  өз  міндетін  жөнді  атқара  алмай  отырға-

нынан көруіміз керек.


348

Міне,  осы  себептерге  байланысты  бүкіл  терминология  жүйесін 

қайта  қарауға  тура  келеді.  Терминология  проблемасын  тығырықтан 

шығарудың бір жолы – оның бүгінгі жаңа үрдісінен бірден ат-тонымызды 

ала қашпай, оған тереңірек бойлап, ойланып-толғанып барып, тұжырым 

айту.  Бойкүйездікке  салынып,  барлық  жаңалықтан  безіне  беруге 

болмайды. Бірақ жаңалық екен деп кез келген жасампаздыққа жармаса 

берудің де қажеті жоқ.

Сондықтан біз көптің бірі ретінде осы мәселеге өз көзқарасымызды 

анықтап,  пікірімізді  ортаға  салуды  жөн  кордік.  Осыған  орай,  біз 

терминология  саласында  қолданылып  жүрген  принциптер  бола  тұрса 

да, өз тарапымыздан оларға балама ретінде он бір принциптің жобасын 

ұсынып отырмыз.

Енді сол принциптерге тоқталайық. 



Бірінші.  Егеменді  ел,  тәуелсіз  мемлекеттің  басты  белгілерінің 

(артибуттарының)  бірі  –  мемлекеттік  тілдің  негізгі  тіректерінің  бірі 

–  терминологияны  жан-жақты  дамытуға,  реттеуге,  қалыптастыруға, 

кеңінен  қолдануға  сол  мемлекеттің  өзі  қамқорлық  жасауы  керек. 

Ескерте  кетейік,  дәл  осы  принцип  терминтануда  бұрын-соңды  болған 

емес.  Мәселені  дәл  бұлай  қоюға,  біріншіден,  көпжылдық  ащы-тұщы 

тәжірибемізден  белгілі  болған  қажеттілік  себеп,  екіншіден,  «Тіл 

заңы»  алдындағы  жауапкершілік  пен  2000-жылға  дейінгі  тіл  дамыту 

Бағдарламасындағы мемлекеттік міндеттемені мойындаудың керектігі. 

Мемтерминком бүгінгідей жартылай биресми ұйым емес, бүкіл термин 

«шаруашылығына»  толық  жауап  беретін,  термин  жасау,  терминдерді 

ауыстыру,  реттеу,  қалыптастыру,  жариялау,  қолдану  сияқты  т.б.  ұшан-

теңіз жұмысты ұйымдастырушы, үйлестіруші, бағдарлаушы, бақылаушы, 

үкімет  тарапынан  қаржыландырылған,  тұрақты  мемлекеттік  ресми 

орган ретінде статусы белгіленіп, қайта құрылуы қажет.

Сондықтан  да  статусын  өзгерте  қалған  күнде  Мемтерминкомның 

сан  алуан  міндетін  негізінен  үш  топқа  бөліп  қарауға  болатын  сияқты: 

а) термин саласындағы шығармашылық, ә) терминдерді електен өткізіп, 

ресми  бекіту,  б)  терминдерді  қалыптастырып,  тәжірибеде  қолдануды 

реттеу.


Екінші.  Қазақ  тілі  терминологиясының  жақсы  дәстүрлерін  жалғас- 

тыра,  өскелең  өмірдің  биік  талап-талғамына  сай  жүз  беріп  отырған 

бұқаралық  үрдістің  ұлттық  тіл  үшін  тиімді  де  қажетті  жақтарын  саналы 

түрде  пайдалану.  Демек,  тілде  бой  көрсете  бастаған  бұл  үрдіспен 

(тенденциямен)  санасу  –  қоғам  өміріндегі  өзгерістерге  сәйкес  ұлттық 

сананың  даму  заңдылығын  мойындау  деген  сөз.  Жаңалыққа,  өзгеріске 

бейім тұратын терминология саласында бұл үрдіс кейінгі 2-3 жыл ішінде 


349

ерекше  көзге  түсіп  отыр.  Тілімізде  жүздеген  атау-терминдер  жаңаланып, 

не жаңа баламаларымен ауыстырылып та үлгерді. Ал күн санап туындап, 

«терминология  базарында»  бағын  сынап,  жан-жақтан  бәйгеге  қосылып 

жатқандары  қанша?  Бұл  үрдіс  күн  сайын  үдей  түспесе,  толастайтын  түрі 

жоқ.  Мұндайда  бағыт-бағдар  беріп,  басалқылық  айтатын  Терминком 

сырттан  бақылаушы  болып,  шарасыздық  танытып  отыр.  Ол  үндемеген 

сайын  анархияға  бастайтын  бейберекет  тірлік  те  жаныға  түсуде.  Осыдан 

«Бұл не, заңды құбылыс па, әлде заңсыздық па?» деген орынды сауал туады. 

Қазақ  тілі  –  небір  сұңғыла  көсемдер  мен  жезтаңдай  шешендердің 

өнерімен ширап, шыңдалған бай тіл. Бірақ «терминологиялық стандарт» 

даланың  еркебұланындай  өзінше  түлеп,  еркін  «өскен»  қазақ  тілінің 

бірден  бойлап  ене  алмағанын  біз  20-30  жылдардағы  тәжірибемізден 

жақсы  білеміз.  Ол  тілің  күрмелетін  небір  күрделі  интернационалдық 

терминдерді о бастан қабылдамай, басына бұғау түскен асаудай олай да, 

бұлай да бұлқынып көрді, өзінше атау іздеп бақты. Бірақ бұл талпыныс 

терминтанудың «үдесінен» шыға алмады, өйткені заман талабы басқаша 

болды.  Ана  тіліміздің  мүмкіншілігін  іс  жүзінде  көрсете  білген  Ахмет 

Байтұрсынов  сияқты  абзал  азаматтар  «пурист»,  «ұлтшыл»  деген  айдар 

тағылып, арамыздан «аласталған» болатын. 

Осы бір «пуризм» атты «тойтарыс» қазақ зиялыларының көзіне күні 

бүгінге  дейін  Мүңкір-Нәңкірдің  күрзісін  елестетіп,  зәресін  алып  келді. 

Олар «күшігінде таланған ...» дегендей, қазақ тілінің қанатын жаюға қайтып 

беттей алмай қалды, бойын енжарлық билеп алды. Тіпті термин жасауда 

«ана тіліміздің барша байлығын сарқа пайдалану керек» деген принципті 

маңдайшаға жазып қойып, терминнің көпшілігін шет тілдерден қабылдап, 

күні  бүгінге  дейін  «аурдың  үстімен,  жеңілдің  астымен»  қалыптасты. 

«Термин»  деген  ұғымға  бір  сиынсақ,  «интернационалдық  термин»  десе 

болды:  «Ойбай,  оған  тиюші  болмаңдар!»  деп  безектейтін  болдық.  Олар 

да қазақтың сөзіндей қарапайым сөз екендігін ешкім батылы барып, айта 

алмады, олардың көп тілдерге тарағанын, бізге сырттан келгенін сылтау 

еттік. Өз тіліміздегі сөздерді олардан төмен қойдық. 

Міне,  бүгінгі  жаңа  серпіліс,  тілдегі  демократиялық  үрдіс  осы  бір 

санамызда  қалыптасқан  қасан  дәстүрдің  қабырғасын  сөгіп  отыр.  Бұл 

үрдістен,  әрине,  «қайткен  күнде  де  орыс  және  шетел  термин-атауларын 

тілімізден сүйреп шығару, кез-келген қазақ сөзінен термин жасау, ғылым-

білімнің бәрін қазақшалау керек» – деген ұғым тумаса керек. Бірақ оны 

өз бетінше де жіберуге болмайды, бағыт-бағдар беру керек. Біз ұсынып 

отырған  принциптің  мақсаты  да  осында.  Егер  бүгінге  дейін  термин 

жасаған, шет тілдерден қабылдаған кейбір термин-атауларды ауыстыруға 

балама іздеуде Ісләм Жарлығапов, Мұзафар Әлімбаев, Әбдуәли Қарақұлов, 


350

Нұртас Оңдасынов сияқты біраз азаматтар ғана ат салысып келген болса, 

бүгінде бұл әрекет көпшілік қатысқан бұқаралық сипатқа ие болып отыр. 

Онда да оза шауып, оқырмандарына күн сайын ондаған «жаңа» сөздерін 

ұсынып жатқандар көбіне-көп журналистер қауымы. 

Міне,  «осындай»  шығармашылықтың  нәтижесінде  «терминология 

базарында»  бағын  сынап,  тілімізді  шұбарлап,  бейберекет  қолданылып, 

ресми  қолдануын  таба  алмай,  Терминком  тарапынан  бекілмей  жүрген 

жүздеген  сөздер  –  ұжым  (коллектив),  төңкеріс  (революция),  тағамат 

(меню), өркениет (цивилизация), елтаңба (герб), әнұран (гимн), демеу-  ші 

(спонсор), құрылтайшы (учредитель), үнжария (газет), сұхбат (интервью), 

жолсапар  (командировка),  үналғы  (магнитофон),  төлқұжат  (паспор), 

тіркеме (прописка), ұшақ (самолет) т.б. – осының куәгері. Біле білсек, бұл 

жаңа  үрдістің  (тенденцияның)  тек  бастамасы  ғана.  Оның  тегеурінді  күш-

қуаты әлі бұл үрдіске біраз улап-шулап тынатын әдеттегі өткінші құбылыс 

емес, тіл дамуының белгілі бір белесі, тәуелсіз де дербес мемлекет болған 

елдің алдындағы асар биігі деп қараған жөн.

Үшінші. Салалық терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, өзгертуде, 

ауыстыруда  ең  алдымен  қазақ  тілінің  төл  және  бұрыннан  қалыптасқан 

байырғы  лексикалық  байлығын  сарқа  пайдалану.  Бұл  екінші  принципке 

тікелей байланысты, оның табиғи жалғасы іспетті. 

Шынында да қазақ тілі өзінің зор мүмкіншіліктерін сарқа пайдалана алмай 

келеді. Оның көптеген себептері де болды. Соның бірі – терминологиялық 

процестің  тек  бір  жақты,  бір  бағытта  ғана  дамуы:  терминдік  ұғымдардың 

қайнар  көзі  орыс  тілі  болып  саналды  да,  ал  бұл  салада  кенжелеп  қалған 

қазақ тілі сияқты ұлт және ұлыс тілдерінің бәрі тек «қабылдаушы» пассив 

тілдер санатында ғана болып, ғылыми- техникалық прогреске өзін тікелей 

араластыра  алмады,  араласса  да  терминдер  тасқынына  өз  мүмкіншілігін 

қарсы қоя алмады.

Міне,  осы  себептер  тілімізді  ұлттық  қасиетінен  алыстатты,  қазақ 

зиялыларын жалтақтық пен енжарлыққа үйретті, өз тілімізге өзіміз мұрын 

шүйіріп  қарайтын  болдық.  Бүгінде  ғылыми-техникалық  прогрестің 

шарпуына  шалынбаған  бірде-бір  тіл  жоқ.  Ал  Қытай,  Жапония,  Түркия 

сияқты  ірі-ірі  елдерде  ғылым  мен  техниканың  биік  шыңына  өз  тілдерінің 

негізінде қол жетіп отыр.

Аталмыш принципті іс жүзіне асырудың бір жолы тіл байлығымыздың 

қайнар көзін, бастау-бұлақтарын толық ашуға байланысты. Ал тіл байлығы тек 

сөз санында ғана емес, оның мағыналық күш-қабілетінде. Жалпыхалықтық 

тіл  қазынасы  сан  алуан  бұлақтардан  нәр  алып,  ылғи  толығып,  молайып, 

байып  отырады.  Бірақ  ол  байлықтың  бірдей  біз  термин  қажетіне  жарата 

бермейміз,  олардың  біразы  өз  кезегін  күтіп,  тіл  қойнауларында  жата 



351

береді. Тіл байлығының бір құнарлы саласы – жер-жердегі тұрғындардың 

қолданысындағы диалектизмдер мен кәсіби лексика. Осы байлықты сарапқа 

сала  отырып,  саналы  түрде  терминология  қажетіне  жаратудың  маңызы 

зор.  Бұл  мәселені  теориялық  жағынан  құптаушылар  көп  те,  іс  жүзінде 

қолдаушылар аз. Соның өзінде де олардың біразы термин қатарынан орын 

алып,  қолданыста  жүр.  Кәсіби  диалектизмдер  көбінесе  бір-біріне  жақын, 

тектес, ұқсас заттар мен құбылыстарды өзара саралау үшін қажет. Мысалы: 

орыс тіліндегі клещи, кусачки, плоскогубцы, щипцы сияқты техникалық 

аспаптар  атауларына  балама  етіп  халық  тіліндегі  кемпірауыз,  атауыз, 



тістеуік, қысқаш, шымшуыр тәрізді сөздерді қарастыруға неге болмасын? 

Тағы бір мысал. Өткен 1991 жылы қазақ тілі «суверен», «суверенитет», 

«суверенный»  мағынасында  егемен,  егеменді,  егемендік  сөздерін  термин 

етіп  ресми  қабылдады.  Бірақ  осы  күнге  дейін:  «бұл  сөз  қайдан  шыққан, 

қазақта  мұндай  сөз  жоқ!?»  деген  наразылық  айтылып  келеді.  Ал,  бұл  – 

жергілікті тілді қолданылып келген қазақтың төл сөзі. Ол әдеби тілдегі ие, 



иелік, иеге сөздерімен түбірлес. Және олар көптеген түркі тілдерінде, соның 

ішінде  Түркияда  егемен  үлке  (егемен  ел),  егеменлі  жұмхурият  (егеменді 

республика),  Улусал  Егеменлік  (ұлттық  егемендік)  түрінде  кеңінен 

пайдаланылып жүрген сөздер.

Жалпыхалықтық  тіл  байлығына  тән  көнерген  сөздерді  де  тірілтіп, 

жаңғыртып,  тіл  қажетіне  жаратуға  болады.  Ұлт  тілімізде  кенжелеп  қалған 

әскери  лексиканы  алайық.  Ертенгі  күні  Президентіміздің  ұлттық  ұланы 

(гвардиясы) құрылғанда бұйрық, жарлық, басқару, үйрету тәсілдері қай тілде 

болмақ?  Егер  олар  мемлекеттік  тілде  болса  (біз  солай  болатынына  кәміл 

сенеміз),  жүздеген  көне  әскери  атау  сөздерді  жаңғыр  тып,  термин  ретінде 

өмірге қайта әкелуге тура келеді. Мәселен, қарауыл, жасауыл, ереуіл, бақауыл, 

шыңдауыл, шапауыл, тоқтауыл, тосқауыл, ертеуіл, айдауыл, шығауыл, бөгеуіл 

сияқты  көне  атауларды  әскери  құрылымға,  тактикалық  тәсілдерге,  соғыс 

әрекеттеріне байланысты айтылатын арьергард, авангард, наблюдение, засада, 

дозор, караульный, конвой тәрізді терминдермен шендестіріп, үйлестіріп неге 

қолданбасқа? Бұл да бір бұлақтың көзін ашумен бара-бар. «Көне» сөздерден 

шошынудың  қажеті  жоқ.  Өйткені  сөздің  бәрі  көне.  Олардың  қатарына  біз 

көптеген діни сөздерді де енгізіп мәнісін ұмытып кеттік.

«Жаңа сөз» жасау деген түсініктің өзі де шартты ұғым. Ол – тілімізде 

бұрыннан  бар  модельдер  мен  сөздердің  негізінде  пайда  болған  «жаңа 

қолданыстар».  Мәселен,  атарман,  шабарман  сөздерінің  моделі  бойынша 

оқырман, көрермен жасалды, тындарман (слушатель), бұйырман (заявка) 

сияқтылар  тағы  ұсынылып  отыр.  Басылым  үлгісімен  енді  қойылым 

(постановка),  ал  мазмұндама,  баяндама  үлгісі  бойынша  бағдарлама 

(программа), тұжырымдама (концепция), аялдама (остановка) терминдері, 



352

сондай-ақ аналитикалық тәсіл арқылы масахана, асхана үлгісімен бұзаухана 

(телятник),  мейрамхана  (ресторан),  бөбекхана  (ясли),  саяжай  үлгісімен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет