Редакция ал қ


ЕКІНШІ. Бюджет саясатын оңтайландыру



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата31.01.2017
өлшемі8,34 Mb.
#3088
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ЕКІНШІ. Бюджет саясатын оңтайландыру

«Көрпеге қарап көсілу» – бұл, әсіресе, жаһандық 

дағдарыстың ықпалы жағдайында біз үшін тексерілген 

қағидат әрі бюджет саясатының дұрыс моделі.

Бүгінде біз бюджетке салықтық түсімдердің 

20 пайызға дерлік төмендегенін айтып отырмыз. 

Қосылған құн салығын төлеу көлемі төрттен бірге, 

ал табысқа корпоративтік салық бойынша 13 пайызға 

төмендеді. Бұл – бар болғаны бизнеске қосымша 

қысымды білдіретін болады. Бюджет шығындарын 

Ұлттық қор есебінен жабу – көрегендік емес. Біз 

алдағы жылдардың қандай боларын білмейміз. 

Сондықтан менің ұстанымым қағидатты – Ұлттық 

қор қаржыларын ағымдағы шығындарға пайдалану 

тоқтатылуы тиіс. Ұлттық қордан республикалық 

бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген, 

шектеулі трансферт бірден-бір тетік болуы керек. 

Үкіметке Ұлттық қор қаржыларын жаңа жаһандық 

өмір шындығы жағдайында қалыптастырып, 

пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тап-

сырамын.

Бізге мемлекеттік кірістер мен шығыстардың 

бүкіл жүйесін қайта қарау қажет. Ең алдымен, 

бюджеттің кіріс базасын ұлғайту керек. 2017 жылы 

қазіргі ҚҚС орнына сатудан түсетін салықты енгізу 

қажет. Барлық тиімсіз салықтық жеңілдіктерді 

жойған жөн. Салықтық режімдерді оңтайландыру 

қажет: тек үш деңгей ғана қалуы керек. Олар – жал-

пы, жеке кәсіпкерлер үшін патент, шағын және орта 

бизнес, сондай-ақ аграрлық сектор үшін арнайы 

салық режімі. Мұндай механизм «көлеңкелі эконо-

миканы» жарыққа алып шығатын болады.

Салық саласының мөлдірлігін арттыру Үкіметтің 

басты міндеті болуы тиіс. Тек осылай еткенде ғана 

экономиканың әрбір субъектісі салықтарды толық 

көлемде төлеуге мүдделі болмақ.

Үкімет салықтық әкімшілендірудің тиімділігін 

қамтамасыз етуі керек. Бүгінде мүлікті жария 

ету мерзімдері 2016 жылдың 31 желтоқсанына 

дейін ұзартылды. Мүлік пен ақшаны заңды 

айналымға қайтару үшін қосымша ынталандыру-

лар қабылданды. Құпиялылық пен сот қудалауынан 

қорғауға кепілдік беріледі. Үкіметке жария ету 

жағдайларына тағы бір рет талдау жасауды және 

қажет болған жағдайда, оған қатысушыларға 

кепілдікті күшейтуді тапсырамын. Мен мүлікті 

жария етуге қатысу жөнінде әлі де ойланып 

жүргендердің барлығын осы мүмкіндікті пайдала-

нып қалуға шақырамын.

2017 жылдың 1 қаңтарынан кірістер мен 

шығыстарды жаппай декларациялау күшіне енеді. 

Одан кейін, олар қайда болса да, олардың шығу 

төркіні мен салық салынуын анықтау үшін соның 

ішінде Экономикалық ынтымақтастық пен даму 

ұйымының көмегімен, есепшоттар мен активтерді 

анықтау бойынша шаралар қабылданатын болады.

Енді бюджет шығындарын оңтайландыру 

жөніндегі шаралар туралы. Үкіметке барлық 

бюджеттік бағдарламаға толық ревизия жүргізуді 

тапсырамын. Дағдарыс жағдайында әр теңге де 



ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

10

маңызды. Тиімсіз шығындар немесе жеке сектор 



есебінен жабылуы мүмкін шығындар бюджеттен 

шығарылуы тиіс. Өңірлік және индустриялық даму 

бағдарламаларының шығындарын қайта қарау қажет.

Мемлекеттік шығындар мен субсидиялар 

жүйесін де қайта қараған жөн. Бүгінде бүтіндей бір 

салалар мемлекет есебінен өмір сүруде. Сонымен 

бірге, мәселен, «ҚазАгро» корпорациясы арқылы 

көрсетілетін мемлекеттік қолдау құралдары бүкіл 

ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тең жар-

тысы үшін қолжетімді емес. Бюджет шығындарын 

жеңілдету үшін мемлекет-жекеменшік әріптестігі 

тетігін белсендірек қолдану қажет. Экономиканың 

басым салаларына жеке инвестицияларды ынталан-

дыру бойынша қосымша шаралар қарастыру керек. 

Жеке инвесторларды жол, газ құбыры, ауруханалар, 

мектептер және басқа да нысандар құрылысына ғана 

емес, сонымен бірге оларды қайта жаңғыртуға және 

техникалық қызмет көрсетуге тартудың да маңызы 

зор. Бюджет шығындарын оңтайландырудан босаған 

барлық қаржыны бірінші кезекте халық үшін нақты 

нәтижелер әкелетін жобаларға бағыттау қажет.

ҮШІНШІ. Жекешелендіру және 

экономикалық бәсекелестікті ынталандыру

Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді 

қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды барын-

ша босатудың маңызы зор. Ол үшін біз екі тиімді 

құралды – кең ауқымды жекешелендіру мен 

бәсекелестікті ұлғайтуды пайдалануға тиіспіз. 

Бүгінде өсім мен бәсекелестікті не ұстап тұр?

Ең алдымен, үлкен мемлекеттік сектор – 7 

мыңнан астам кәсіпорын. «Самұрық-Қазына» 

және «ҚазАгро» холдингілері өнеркәсіп пен 

ауылшаруашылығының орасан зор активтеріне 

тиімді бақылау жасай алмайды. «Самұрық-Қазына» 

қорының активтері ІЖӨ-нің 40 пайыздан астамын 

құрайды, 500-ден астам «немере» мен «шөбереден» 

тұрады. «ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингілері 

бюджет пен банкілер арасындағы тиімсіз 

делдалдарға айналды. Осылардың бәрі далиған 

штаттармен және орасан бюджеттік ресурстармен 

қоса жүреді, сонымен бірге жеке инвестициялар 

мен бастамаларды ығыстырып шығаруға апарып 

соқтырады.    

Қазір мемлекеттік сектор нысандарын 

жекешелендіруге шектеулерді алып тастау 

маңызды. «Мемлекеттік мүлік туралы Заң» мен 

Азаматтық кодекстің бірқатар ережелерін қайта 

қарап, жекешелендіруге жатпайтын стратегиялық 

нысандардың санын қысқарту қажет. Үкіметке 

мемлекеттік меншіктегі ұйымдардың бәрін қоса 

отырып, Жекешелендірудің жаңа бағдарламасын 

жасауды тапсырамын. Олардың ішінде «Самұрық-

Қазына», «Бәйтерек» және «ҚазАгроға» кіретіндері 

де бар. Жекешелендіруден кейін осы үш басқарушы 

холдингінің бәрі ықшам ұйымдарға қайта 

құрылымдалуы тиіс.

Жекешелендіру әділетті нарықтық баға бойын-

ша, ашық және бәсекелі жүзеге асырылуы керек. 

Мұнда акцияларды қор нарықтарына орналастыру 

мен ашық аукциондар шешуші тетіктерге айналуы 

тиіс. Оған қазақстандық және шетелдік инвестор-

ларды барынша мол қатыстыру үшін жағдай жасау 

керек. Үкіметке барлық акционерлердің мүлкінен 

айырылғандардың активтерін сатып алуға деген ба-

сым құқықтарын алып тастауды тапсырамын.

Әрі қарай Үкімет еркін әрі саламатты бәсеке үшін 

жағдайлар жасауы тиіс.

Біріншіден, Үкіметке антимонополиялық 

қызметті күшейту бойынша нақты ұсыныстар жасау-

ды тапсырамын. Бізге антимонополиялық ведомство 

туралы   мәртебесі мен жұмыс тәртібі нақты регла-

менттелген жеке заң керек.

Екіншіден, бағаны жасанды реттеу 

түрінде нарықтық ынталандыруларға қатысты 

бұрмалауларды жою қажет. Үкіметке экономиканың 

барлық секторында нарықтық баға қалыптастыруға 

әрі қарай көшуді жалғастыруды тапсырамын.

Үшіншіден, бәсекелестік саласындағы саясат 

банкроттық және тиімсіз компанияларды оңалтуды 

тиімді реттеу үдерістерімен қоян-қолтық жүруі 

тиіс. Нарықтық экономика – күштілердің бәсекесі. 

Жеңілгендер нарықтан кетуге немесе қайтадан 

бастауға мүмкіндік алулары керек. Бізде мұндай 

жоқ. Тиімсіз компаниялар  мемлекеттен түрлі түрдегі 

субсидиялар мен жеңілдіктер алу үшін кезекке 

тұрады. Бірде-бір дамыған елде компаниялардың 

банкроттығы саланың ыдырауына немесе 

жұмысшыларын босата отырып, кәсіпорынның 

тоқтауына алып келмейді. Тиімсіз менеджерлердің 

орнына өзімен бірге инвестициялар әкелетін жаңа 

меншік иелері келеді. Біз бәсекеге қабілетсіз ком-

панияларды мемлекет есебінен «сүйремеуге» 

тиіспіз. Үкіметке  жеке және заңды тұлғалар үшін 

банкроттықтың нақты әрі түсінікті ресімдерін жаса-

уды тапсырамын. Ол барынша жеңілдетілген болуы 

тиіс.


Кәсіпкерлер, іскер азаматтар!

Мемлекет сіздердің бизнестеріңізді дамытып, 

аяққа нық тұруларыңызға барлық жағдай жа-

сады. Бүгінгідей сын сағаттарда сіздерге үлкен 

жауапкершілік артылады. Жекешелендірудің 

жаңа легіне белсенді қатысыңыздар, қаржыны 

заңдастырып, ашық жұмыс істеңіздер. Қуатты 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

11

ел болу – «бәсекеге қабілетті болу» деген сөз. 



Қазақстанда жасалған әрбір бұйымда төрт қасиет – 

сапалы, ыңғайлы, әдемі әрі арзан болуы керек. Сонда 

ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады. Өзімізді 

өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан келіп 

ешкім жарылқамайды.

* * *


Мен кәсіпкерлер табына, барлық ауқатты 

қазақстандыққа, барлық бизнесмен мен іскер 

адамдарға сөз арнағым келеді. Мемлекет 

жекешелендіру мен экономикалық ырықтандыру 

бойынша біздің тарихымызда бұрын-соңды 

болмаған қадамдарға барып отыр. Еліміз қазірдің 

өзінде көпшіліктеріңізге ақша табуға  және іскерлік 

журналдардың бірінші беттерінен көрінуге 

мүмкіндік берді. Мен сіздерді капиталдарды 

заңдастыруға, жекешелендіру тендерлеріне белсенді 

қатысуға шақырамын. Осылайша сіздер өздеріңізге 

және Қазақстанға, барша халқымызға жәрдемдесетін 

боласыздар.

 

ТӨРТІНШІ. Жаңа инвестициялық саясаттың 

негіздері

Таяудағы онжылдықта Қазақстанның алдында 

тұрған міндеттер:

- экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз 

деңгейінде қамтамасыз ету;

- өңделген тауарлардың экспортын, 2015 жылмен 

салыстырғанда, кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны 

жылына 30 миллиард долларға дейін жеткізу;

- экономикаға жыл сайынғы инвестициялардың 

көлемін 10 миллиард доллардан астам  ұлғайтып, 

тұтастай алғанда, 10 жыл ішінде – кем дегенде 100 

миллиард долларға жеткізу;

- 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орынын құру, 

еңбек өнімділігін 2 еседен астам арттыру.

Экономикалық өсімнің мұндай қарқыны тек 

экспорттық табыстар ағынын мүмкін ететін жаңа 

драйверлер қалыптастыру есебінен ғана қамтамасыз 

етіле алады.

Жаңа жаһандық нақты ахуалдың мәні тек 

әртараптандырылған экономиканың ғана  жаһандық 

дағдарыс салдарына тиімді қарсы тұра алатынында 

болып табылады. Сондықтан да біз индустриялан-

дыру бағдарламасын жүзеге асыру үстіндеміз. Бізге 

жаңа инвестициялық саясат керек.

Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін 

түсіре отырып, жеке инвестициялар тарту маңызды. 

Біз «күрделі инвестициялар» тарту үшін оңтайлы 

орта қалыптастыруымыз керек. Осы жылы «Аста-

на» Халықаралық қаржы орталығын құру туралы 

шешім қабылданды. Ол исламдық қаржыландыру, 

приват-банкинг және қайта сақтандыру салала-

рында өңірлік хаб болады. Қазақстан күшті ин-

ституттары, білікті, тиімді және болжамды үкіметі 

бар өңірдегі көшбасшы елге айналуы тиіс. Бізде  

озық техникалық кадрлар, әлемдік деңгейдегі 

инфрақұрылымдар болуы тиіс, қоғамдық тәртіп пен 

адамдардың жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.

Инвестициялық ахуалды жетілдіруге бағытталған 

реформаларды әрі қарай жалғастыру ЭЫДҰ  және 

басқа да халықаралық қаржы институттарымен 

бірлесе жүргізілуі тиіс. Үкіметке үш ай мерзім 

ішінде инвестициялық ахуалды жақсартудың егжей-

тегжейлі жоспарын жасап ұсынуды тапсырамын. 

Бұдан бөлек инвесторлармен жұмысты белсенді ете 

түсу үшін инвесторлар тарту мен инвестициялық 

ахуалды жақсартуға бағдарланған Үкімет кеңесін 

құруды тапсырамын. Өңірлерде жергілікті 

маңыздағы жобаларды жүзеге асыру үшін инвести-

циялар тартуға қажетті осындай кеңестер құру керек.

Екіншіден, экономикалық өсімнің өңірлік 

драйверлерін қалыптастыру маңызды. Барлық 

инвестициялық жоба тікелей өңірлерде жүзеге 

асырылады. Сондықтан 6 макроөңір – Оңтүстік, 

Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы мен 

Астана үшін жеке бағдарламалар жасау қажет. Ірі 

өңірлік жобалар айналасында шағын және орта 

бизнесті дамыту керек. Сондықтан кәсіпкерлікті 

қолдаудың «Бизнестің жол картасы-2020» 

бағдарламасы макроөңірлердің инвестициялық 

бағдарламаларының бір бөлігі болуы тиіс. Еңбек 

ресурстарының жұмылғыштығын жоғарылату бой-

ынша, бірінші кезекте, еңбек күші артық өңірлердің 

еңбек күші жетіспейтін өңірлерге миграцияларды 

ынталандыруға бағытталған шараларды алдын ала 

қарастыру қажет.

Макроөңірлер «Нұрлы Жол» бағдарламасы 

шеңберінде құрылатын біртұтас көліктік, 

логистикалық және коммуникациялық құрылым 

аясында бірігулері тиіс. Қазіргі кезде «Орталық-

Оңтүстік», «Орталық-Шығыс», «Орталық-Батыс» 

шешуші бағыттары бойынша 11 жоба жүзеге асыры-

луда. «Боржақты-Ерсай», «Алматы-Шу» теміржол 

желілері мен Құрық портындағы паромдық өткел 

құрылыстары жүргізілуде. Бұл жобалар қазірдің 

өзінде 72 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Үкіметке аталған бағдарламаларды жүзеге асыру ісін 

белсенді ете түсуді тапсырамын.

Сонымен қатар экономикалық конъюнктура-

ны есепке ала отырып, қаржыландыру көздерін 

әртараптандыру қажет. ҚХР-ға сапарым барысында 

ЭксимБанкпен 2,6 миллиард доллар сомасында заем 

тарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазір 

мемлекеттік бюджет есебінен көптеген жолдар са-

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

12

лынып жатыр. Бірақ бұл жобаларға шетелдік және 



жергілікті инвесторларды да тарту керек. Жақын 

болашақта «Нұрлы Жол» бағдарламасы жобалары-

на жеке капиталды тарта отырып, қаржыландыру 

моделіне келтіру керек.

Үшіншіден, қазір әлемдік және өңірлік рынок-

тарда экспорттық тауашаларды белсендірек игерген 

жөн. Біз жақын жатқан елдердің экономикалық 

әлеуеттерін тиімді пайдалануға тиіспіз. Бірінші 

кезекте, бұлар – Қытай, Ресей, Иран, Моңғолия, 

Үндістан, Пәкістан, Орталық Азия және Кавказ 

елдері. Аталған елдер жыл сайын 3,5 триллионнан 

астам доллардың тауарлары мен қызметін импорт-

тайды. Еуразиялық экономикалық одаққа шешуші 

өңірлік рыноктармен еркін сауда туралы келісім 

жасасу қажет. Үкімет аталған мәселелерді біздің 

әріптестерімізбен бірлесіп жасап, бәріміз үшін пай-

далы етіп шешуі тиіс. СІМ-ге осы міндеттерді орын-

дау үшін Қазақстанның шетелдердегі мекемелерінің 

барлық ресурсын іске қосу қажет.

Төртіншіден, бізге техникалық кадрлар дайындау 

жүйесін барынша дамыту қажет. Техникалық және 

кәсіби білім беру инвестициялық саясаттың негізгі 

бағыттарының бірі болуы тиіс. Бұл үшін Германия, 

Канада, Аустралия мен Сингапурмен кадрлар дайын-

дау орталығын бірлесіп құру керек. Олар бүкіл еліміз 

үшін техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің 

моделі болады.

Бесіншіден, Қазақстан экономикасының 

инновациялық әлеуетін арттырған жөн. Болашақтың 

экономикасын құру үшін негіз қалау маңызды. 

Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, 

киберфизикалық жүйелер интеграциялары, 

болашақтың энергетикасы, жобалау және инжини-

ринг салаларында біліктілікті дамыту қажет. Мұны 

тек тиімді ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы 

ғана жасауға болады. Назарбаев Университеттің  

«Астана бизнес кампусы» хайтек-паркінің ба-

засы мен Алматыдағы «Алатау» технопаркінде 

қалыптастырылатын қуатты зерттеу университеттері 

мен инновациялық кластерлері оның негізіне ай-

налады. Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық 

мамандандырылған көрмесін өткізу бізге «жасыл 

технологияларға» негізделген жаңа энергетиканы 

белсенді дамытуға жақсы мүмкіндік береді.



БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат

Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар 

бойы бізге белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, 

адамдардың өмір сапасын бірнеше есе арттыруға 

мүмкіндік берді. Барлық жаһандық дағдарыстың 

теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап 

болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез 

қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. 

Он жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар 

нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті. 

Әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда жұмыс 

істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан аса-

ды. Мемлекет жәрдемақы мен төлемдердің үлкен 

көлемін қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан 

астам азамат алады.

Экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге 

де қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау ша-

раларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Мен 2016 

жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулықсақтау 

саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа 

алғанда, 28 пайызға дейін, білім беру саласы 

қызметкерлерінікі 29 пайызға дейін, әлеуметтік 

қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін 

артатынын жариялаймын. Мұнда бюджет 

қызметкерлерінің түрлі категорияларына қатысты 

сараланған тәсіл қолданған ұтымды. Алдағы жылы 

мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байла-

нысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық 

өсімі, сондай-ақ стипендиялар қамтамасыз етілетін 

болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз ин-

фляция  деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты 

зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы 

«Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің 

еңбекақысы 30 пайызға арттырылатын болады. Бұл 

мақсаттарға қаржыны біз бюджеттік шығындарды 

оңтайландырғаннан кейін үнемдейміз. Осылайша, 

біз еңбекақыны өсіру үшін қаржы тауып, өзіміздің 

халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерімізді 

орындаймыз!

Мен барлық әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған 

жіктерге сөзімді арнамақпын. Біз мұқтаждарға 

қашанда көмек қолын созып келдік. Сонымен қатар 

әлеуметтік әділеттілік бұрмаланбауы тиіс. Өйткені 

әрбір әлеуметтік төлем – жай бюджетке ғана емес, 

әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа қосымша 

салмақ. Әлеуметтік әділеттілік идеясы жұмыс 

істейтін қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік 

әділетсіздікке айналмауы тиістігін нақты түсіну ке-

рек. Бұл – солардың ақшасы!

Бүгін де тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы  

ғана  сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді 

экономиканың нақты негізі болуға қабілетті. 

Азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңейту 

мақсатында Үкіметке 2016 жылдың бірінші 

тоқсанының соңына дейін еңбекпен қамтудың 

жаңа Жол картасын жасауды тапсырамын. 

Бағдарламаларды қаржыландыру көлемі 2009-2010 

жылдары жүзеге асырылған осыған ұқсас Жол кар-

тасымен салыстырғанда,  ұлғайтылатын болуы тиіс. 

Бұл жергілікті инфрақұрылымдарды дамыту мен елді 



ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

13

мекендерді абаттандыру жобалары есебінен еңбек 



рыногінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады. 

Кадрларды кең ауқымды қысқа мерзімді қайта да-

ярлау мен біліктілігін арттыру ұйымдастырылады. 

Кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесиелеу кеңеюде.

Бүгін мен жаңа әлеуметтік саясат жасау міндетін 

қоямын. Мемлекеттің әлеуметтік саладағы рөлі 

әлсіз қорғалған азаматтарды қолдаумен және адам 

капиталына инвестицияларды қамтамасыз етумен 

шектелетін болуы тиіс. Атаулы әлеуметтік қолдау тек 

мұқтаж адамдарға, олардың нақты табыстары мен 

өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде көрсетілетін 

болады. Басқалар ақшаны өздері, өздерінің 

еңбектерімен табулары тиіс. Азаматтарымыздың 

жекелеген топтарының ерекше сұраныстарын 

ескере отырып, өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің 

құрылымдарын қайта қарау және оның түрлі 

деңгейлерін белгілеу қажет. Үкіметке үш ай ішінде 

әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру 

бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын.

Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау 

тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен 

қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде 

ұсынылатын болуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік 

көмектің мұндай түрлерін 2017 жылдан бастап 

енгізуді тапсырамын. Әлеуметтік саясаттағы 

мемлекеттің басымдығы адам капиталын дамытуға 

кең ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған 

дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім 

беру және денсаулықсақтау салаларын жаңғыртуды 

жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап жаңа 

жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық 

білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. 

Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын.

Қазақстанның жас азаматтары!

Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға 

қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен 

сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің 

шыңына жете білсеңдер,  мамандықтың бәрі жақсы. 

Қазір – техникалық мамандықтардың, ғылым мен 

инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек 

еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника 

меңгерген адам озады.  Тұрмысы жақсы, абыройы 

асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі 

реформалар мен атқарып жатқан қыруар істің бәрі 

сендер үшін, болашақ үшін жасалуда.

* * *

Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын 



белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы 

мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де 

жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-

жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жыл-

дар өтеді, бірақ осы өмірлік тәжірибелерің, сендер 

қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті 

түрде кәделеріңе жарайды.

Тұтастай алғанда, Жолдауда ілгерілетіп 

отырған шаралардың барлығы нақты сипатқа ие 

және, әдеттегісінше, сенімді қаржыландырумен 

қамтамасыз етілген. 2014-2015 жылдары шағын және 

орта бизнесті дамытуға 1 триллион теңге бөлініп 

үлгерілген болатын. «Нұрлы Жол» бағдарламалары 

жобаларына – 2,7 триллион теңге. 2,7 триллион теңге 

Қазақстанға халықаралық қаржы ұйымдары тарапы-

нан бөлінді. Қытай Халық Республикасы 2,7 милли-

ард доллар көлемінде несие берді. Тұтастай алғанда, 

осы Жолдау жобаларын жүзеге асыруға 7,5 триллион 

теңге тартылмақ. Осы қаржыларды тиімді пайдалану 

– Үкіметтің басты міндеті және жауапкершілігі.

 Қиындықтарды еңсеруде біз жалғыз емеспіз. 

Өзіміздің салмақты сыртқы саяси қызметімізбен 

біз бүкіл әлем бойынша көптеген дос таптық. Олар 

бізді қолдап келеді. Сіздер менің сапарларыммен 

әлемнің жетекші елдерінің көшбасшыларымен 

келіссөздерімнің куәгерлері болдыңыздар. ҚХР-

мен 23 миллиард долларға шикізаттық емес 

сектордағы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа 

қол жеткізілді. Бұл – «40-тан астам жаңа кәсіпорын 

салынады» деген сөз. Лондон мен Парижге са-

парларым да, экономикалық ынтымақтастық 

тұрғысынан алғанда, табысты болды. Жасалған 

келісімшарттардың жалпы сомасы 11,5 миллиард 

долларды құрайды. Елімізге Ресей Президентінің 

сапары біздің дәстүрлі ізгі көршілестік қарым-

қатынастарымыздың тұрақтылығы мен беріктігін  

және экономикалық интеграцияның дамып келе 

жатқанын көрсетті. Жапония премьер-министрінің 

сапары инвестициялық және технологиялық 

ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетін бола-

ды. Бізге тұңғыш рет «Тойота» концерні келіп, 

Қазақстанда автомобильдер шығарады.

Басты нәтижелердің бірі – бізге халықаралық 

қаржы институттарының жоғары сенімі болып та-

былады. Осындай күрделі кезеңде біздің реформа-

ларымызды қолдай отырып, олар 9 миллиард доллар 

көлеміндегі қаржы ресурстарына қол жеткізуімізге 

жол ашты. Біз Еуропалық Одақпен тереңдетілген 

әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол 

қойдық. Біз әлемдік қоғамдастықпен ядросыз әлем 

үшін терроризм мен экстремизмге қарсы күресте 

біргеміз. Біз кез келген жанжалдардың бейбіт жол-

мен шешілгенін қалаймыз әрі осы үшін қолымыздан 

келгеннің бәрін жасаймыз.

Дүниежүзінде біз бастаған реформалар тура-

лы, Жүз қадам туралы жақсы біледі әрі оларды 



ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

14

қолдайды. Біз достарымыздың көңілін қалдырмауға 



тиіспіз. Бұл реформалар, мен аталған Жолдауда 

алға қойған олармен өзара байланысты міндеттерді 

орындау оңай болмайды, мүмкін, тіпті, ауыр 

соғуы ықтимал. Бірақ оларға балама жоқ. Егер біз 

осының бәрін жасамайтын болсақ, әлемдік дамудан 

үмітсіз кейіндеп қаламыз. Бірақ біз, әдеттегідей, 

белгілегендеріміздің бәрін жасаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет