Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата31.01.2017
өлшемі8,34 Mb.
#3088
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

АТАУ-ТЕРМИН 

және 

СӨЗЖАСАМ 

ЖҰРНАҚТАРЫ

іске сыншы көп», − дейді. Алайда «сын түзелмей, 

мін түзелмейді», – деген. Өзім маман емес, оқырман 

тұрғысынан Қытайда Шынжиаң тіл-жазу комитеті 

шығарған «Ханзуша-қазақша арнаға түсірілген  

атаулар жинағы» (1999) мен «Ханзуша-қазақша 

арнаға түсірілген атау-телімдер сөздігін» (2008) 

ақтара отырып, ондағы сөзжасам жұрнағының 

қолданыс жағдайын қысқаша қорытындылап, елеусіз 

болғанмен, тіл дағдысына қайшы кейбір мәселелерді 

көп назарына ұсынбақпын.

Сөзжасамдық жұрнақтардың қолданысы

Сөзжасамдық жұрнақтардың тілдегі қызметі − әр 

кезеңде түрліше дәрежеде болуы заңды: бір кезеңде 

актив қызмет қызмет атқарған жұрнақтар келесі 

бір кезеңде пассивтенуі мүмкін. Кейде өлі, өнімсіз 

жұрнақтардың қызметі күшейіп, өнімділігі артуы 

мүмкін [2]. Алайда екі сөздікті парақтағанда, атау-

терминде бірқатар жұрнақ қайталанып қолданыла 

бергендіктен, тым жұтаң, жадағай сезіледі. 

Асылында, сөзжасамдық жұрнақтардың синонимдік 

қасиетіне орай оларды түрлендіріп қолдану керек еді.  

Көп қолданысқа түскендері:

1.

 -ландыру/-лендіру, -тандыру/-тендіру, 



-дандыру/-дендіру және -лану/-лену, -тану/-тену, 

-дану/-дену: бұл – қытай тілінің сөз құрамында 

кездесетін ××× [huà] әрпінің (мағынасы: сипат 

немесе күй, формасының өзгеруі) және аздаған: 

түсу, айырылу мағынасындағы   [tuō]× етістігінің 

баламасына алынған. Мысалы: 

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

63

Қытай Халық 



Республикасы, Бейжің  

Орталық ұлттар 

университеті, 

қазақ тіл-әдебиет 

факультетінің 

докторанты

Анаргүл МАҚАТҚЫЗЫ

қытайшасы:   

қазақшасы:  

 

 



келу қайнары:   

机化

   



 

жандандыру  

 

 

219-1, 256-2 



人格化

  

 



кейіптендіру, адамилану 

362-1, 403-2 

泽化  


 

саздану 


 

 

 



531-1, 585-2 

外化

   



 

бөгделендіру 

 

 

448-1 



脱脂

   


 

майсыздану  

 

 

446-1, 493-2  



脱酸

   


 

қышқылсыздандыру   

493-2 

抽象化


  

 

абстракциялау    



 

57-1, 58-2 

人口年

轻化   


жан санының жастануы  

404-2 


冰川化

  

 



мұздықтану 

 

 



27

-2 


 

1.

 



-

қыш/-кіш, -ғыш/-гіш: зат есімде көбінде қытай тіліндегі ×××器 [qì], 

×××机 [jī] сын есімде: 剂[jì],药 [yào]-ларға тең. Мысалы: 

 

қытайшасы:   



қазақшасы:  

 

 



келу қайнары:   

报数器  


 

сан мәлімдегіш   

 

5-1, 14-2 



安眠

药   


 

ұйықтатқыш дәрі  

 

4-1 , 3-2 



抽水机

  

 



су тартқыш  

 

 



57-1, 58-2 

储存器  


 

сақтағыш    

 

 

60-1, 61-2 



磁水器

  

 



су магниттегіш    

 

65-1, 68-2 



催吐

剂  


 

құстырғыш дәрілер    

68-1, 71-2 

毒害性


  

 

улатқыш    



 

 

104-1, 136-2 



发汗剂  

 

терлеткіш дәрілер 



 

121-1, 151-2 

泡沫

剂  


 

көпірткіш    

 

 

333-1, 371-2 



 

2.

 



-

шылық/-шілік: бұл қытай тіліндегі   说,×××教 [jiāo],××主义 [zhǔ 

yì],×××论, қатарлыларға балама. 

 

қытайшасы:   



қазақшасы:  

 

 



келу қайнары:   

拜火教


  

 

отқа табынушылық 



 

10-1, 8-2   

拜星教

  

 



жұлдызға табынушылық  

10-1, 8-2 

质论  


 

мәншілдік   

 

 

19-1, 19-2 



义主义   


бейнешілдік  

 

 



27

-1, 27-2 

不可知

论   


білмеушілік  

 

 



32-1, 33-2 

电影业  


 

киношылық  

 

 

97-1, 128-2 



ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

64

历史主义   



тарихшылдық   

 

285-1, 323-2 



两点

论  


 

екі тұрғышылдық 

 

285-1, 327-2 



外因

论  


 

сыртқы себепшілдік    

449-1, 496-2 

唯我

论  



 

меншілдік   

 

 

453-1, 500-2 



因素

说  


 

факторшылдық    

 

510-1, 561-2 



 

3.

 



-

ушы/-ушы: 

қытай 


тіліндегі 

人,工(人),


员,者,家 

қатарлылардың  баламасына  алынған.  Бір  бөлімі  қазақ  тіліндегі 



-гер/-кер 

жұрнағымен жасалған сөздермен берілгенімен, көбі – бұрыннан бар сөздер. 

Мысалы: 

 

қытайшасы:   



қазақшасы:  

 

 



келу қайнары:   

报务人  


 

телефоншы, телеграфшы  

15-1, 14-2 

被教唆人


   

азғырылушы 

 

 

18-1, 18-2 



被搜

查人   


тінтілуші   

 

  



18-1, 18-2 

被指控人


   

айыпталушы 

 

 

18-1, 18-2 



辩护人  

 

ақтаушы    



 

 

25-1, 24-2 



电焊工  

 

дәнекерлеуші    



 

94-1, 125-2 

译员  


 

аударушы   

 

 

123-1, 155-2 



 

4.

 



-ым/-ым:  қазақ  тілінде  етістікке  жалғанып,  зат  есім  не  мөлшерлік 

тудыратын бұл жұрнақ сөздікте соңына тәуелдік жалғауының 3-жақ жекеше 

түрінің  жалғауын  қосып, 

-мы/-мі  түрінде  қытай  тіліндегі  率  [lǜ]、量 

[liàng]、力 [lì]-лердің мағынасын білдірген.  

 

қытайшасы:   



қазақшасы:  

 

 



келу қайнары:   

播出

带  



 

қойылым таспасы 

 

32-1, 31-2 



产奶量  

 

сүт шығымы  



 

 

45-1, 45-2 



产肉量  

 

ет берімі   



 

  

45-1, 45-2 



城市引力

   


қала баурамы    

 

53-1, 54-2 



重复性

  

 



қайталанымы    

 

56-1, 



场占有率   


базар еленімі  

 

 



403-1, 444-2 

 

5.



 

-ма/-ме,  -ба/-бе,  -па/-пе:  бұлар  көбінде  қытай  тіліндегі  түрлі 

құжат атауының баламасына алынған:  

 

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

65

қытайшасы:   



қазақшасы:  

 

 



келу қайнары:   

报   



 

мазмұндама  

 

 

165-1, 196-2 



词   


 

мойындама  

 

 

169-1, 200-2 



瘤子

   


 

өспе   


 

 

 



294-1, 335-2 

诉书  



 

айыптама    

 

 

344-1, 383-2 



声明

   


 

мәлімдеме   

 

  

396-1, 436-2 



车   


 

тіркеме 


 

 

 



445-1, 493-2 

委托

书  



 

міндеттеме   

 

 

454-1, 502-2 



 

Мағыналық қабаттастық немесе басы артық жұрнақтың жалғануы 

Сөздіктегі  науқастанушы  (211-1)  сөзінің  түбірі  –  науқас  ауырған, 

науқастанған  адамды  меңзейтіндіктен, 

-танушы    қосымшасын  жалғаудың 

қажеті  жоқ.  Кепілдік  сома  (100-1)  дегенді  кепіл  сома  десек  те,  мағынасы 

ауысып  кетпейді.  Сол  сияқты  болжалды  пікір  (233-1)  =  болжал  пікір,  екі 

негіздік құрылым (116-1) = екі негізді құрылым, тетелес тең ұғым (291-1) = 

тетелес  ұғым,  қайраңдық  саз  (427-1)  =  қайраң  (қайраңды)  саз,  жарналық 

қор (172-1) = жарна қоры, долбарлы есеп (150-1) = долбар есеп т.с.с.  

-шылдық/-шілдік  жұрнағы  -шылық/-шілік  құранды  жұрнағының 

варианты  есебінде  жұмсалған.  Бұл  –  екеуінің  мағына  парқына  мән 

бермегендіктің салдары. Мысалы: адамшылдық (392-1, 408-2) = адамшылық, 

жікшілдік  (626-2)  =  жікшілік,  бейбітшілдік  (195-1,  235-2)  =  бейбітшілік. 

Өйткені 


-шылық/-шілік  жұрнағы  -шы  (-ші)  мен  -лық  (-лік)-тардың 

қосындысы болғаны сияқты, 



-шылдық (-шілдік) та – -шыл (-шіл) мен -дық 

(

-дік)-тардың  бірікпесі.  Әрқайсысының  қолданым  аясын,  қызметін 

парықтандыру керек.  

Сонымен,  атау-термин жасауға көбінесе жоғарыда көрсетілген бірқатар 

жұрнақтар ғана қатысқан. Олардың өзі – негізінен бұрыннан бар сөздер, тек 

мағынасы кеңейген. Екіншіден, көбі шет тілден енген атау бойынша алынған. 

Асылы  150-ден  астам  сөзжасамдық  жұрнағы  бар  қазақ  тілі    жұтаңдық 

танытпаса  керек.  Демек,  міндет  –  қазақ  тіліндегі  сөзжасам  жұрнағының 

мағыналық  астарына  үңіліп,  қызмет,  қолданым  аясын  анықтау,    яғни, 

сөздердің  түсіндірме  сөздігі  сияқты,  жұрнақтардың  да  мағынасы,  қызметі 

түсіндірілген сөздікшесін жасап шығу қажет. Сонда қазақ тілін үйренушілер 

үшін қолайлы болумен қатар бірқатар мәселенің басы ашылар еді.  

 

Пайдаланылған әдебиет:  



 

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 1993. - 449-б. 

2. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері. - Алматы, 

1941. - 9-б.  

3. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. - Алматы, 1991. - 19-б. 

4. Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002.  



Мағыналық қабаттастық немесе басы артық 

жұрнақтың жалғануы

Сөздіктегі науқастанушы (211-1) сөзінің 

түбірі – науқас ауырған, науқастанған адамды 

меңзейтіндіктен, 



-танушы  қосымшасын жалғаудың 

қажеті жоқ. Кепілдік сома (100-1) дегенді кепіл сома 

десек те, мағынасы ауысып кетпейді. Сол сияқты 

болжалды пікір (233-1) = болжал пікір, екі негіздік 

құрылым (116-1) = екі негізді құрылым, тетелес тең 

ұғым (291-1) = тетелес ұғым, қайраңдық саз (427-1) 

қайраң (қайраңды) саз, жарналық қор (172-1) = 



жарна қоры, долбарлы есеп (150-1) = долбар есеп т.с.с. 

-шылдық/-шілдік жұрнағы -шылық/-шілік 

құранды жұрнағының варианты есебінде жұмсалған. 

Бұл – екеуінің мағына парқына мән бермегендіктің 

салдары. Мысалы: адамшылдық (392-1, 408-2) 

адамшылық, жікшілдік (626-2) = жікшілік, 

бейбітшілдік (195-1, 235-2) = бейбітшілік. Өйткені 

-шылық/-шілік жұрнағы -шы (-ші) мен -лық (-лік)-

тардың қосындысы болғаны сияқты



-шылдық 

(-шілдік) та – -шыл (-шіл) мен -дық (-дік)-тардың 

бірікпесі. Әрқайсысының қолданым аясын, қызметін 

парықтандыру керек. 

Сонымен,  атау-термин жасауға көбінесе жоғарыда 

көрсетілген бірқатар жұрнақтар ғана қатысқан. 

Олардың өзі – негізінен бұрыннан бар сөздер, тек 

мағынасы кеңейген. Екіншіден, көбі шет тілден 

енген атау бойынша алынған. Асылы 150-ден астам 

сөзжасамдық жұрнағы бар қазақ тілі  жұтаңдық таныт-

паса керек. Демек, міндет – қазақ тіліндегі сөзжасам 

жұрнағының мағыналық астарына үңіліп, қызмет, 

қолданым аясын анықтау,  яғни, сөздердің түсіндірме 

сөздігі сияқты, жұрнақтардың да мағынасы, қызметі 

түсіндірілген сөздікшесін жасап шығу қажет. Сонда 

қазақ тілін үйренушілер үшін қолайлы болумен қатар 

бірқатар мәселенің басы ашылар еді. 



Пайдаланылған әдебиет:  

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 1993. - 449-б.

2. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері. - Алматы, 1941. - 9-б. 

3. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. - Алматы, 1991. - 19-б.

4. Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002. 

5. Гың Шымин, Мәкен, Жұматай Қазіргі қазақ тілі. - Бейжің: Ұлттар баспасы, 1999. 

6. ШҰАР тіл-жазу комитеті Ханзуша-қазақша арнаға түсірілген атаулар  жинағы. - Үрімжі: Шинжиаң халық ба-

спасы, 1999; ШҰАР тіл-жазу комитеті. Ханзуша-қазақша арнаға түсірілген атау-телімдер сөздігі. - Үрімжі: Шинжиаң 

ғылым-техника баспасы, 2008. 

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

66

ҚАЗАҚТЫҢ ОТЖҮРЕКТІ АҚЫНЫ ӘБДІРАШТЫҢ ЖАРАСҚАНЫ БІР 



ЖЫРЫНЫҢ ТҮЙІНІН: «ҚҰЛПЫТАС ҚОЯР-ҚОЙМАС БАСЫМЫЗҒА, ОЛ 

ЖАҒЫН УАҚЫТТЫҢ ӨЗІ БІЛЕР!..» – ДЕП БІР ҚАЙЫРАТЫНЫ БАР. ОСЫ 

АРҚЫЛЫ АҚЫН ӨЗІНІҢ ҒАНА ЕМЕС, БҰРЫНҒЫ БАБАЛАРДЫҢ АМАНАТЫН 

ДА ЖЕТКІЗІП ТҰРҒАНДАЙ. ЗАДЫНДА, ХАЛЫҚ АТЫНАН ДА ҚҰЛПЫТАС ӨЗІ 

АЙРЫҚША ҚҰРМЕТТЕГЕН, ЕЛГЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАСЫНА ҚОЯДЫ 

ЕМЕС ПЕ?! ЖАРАСҚАН АҚЫН АЙТҚАН «УАҚЫТТЫҢ» АСТАРЫНДА ҰРПАҚ 

ПАРЫЗЫ ҚОСА ӨРІЛІП ЖАТЫР. ӨЙТКЕНІ УАҚЫТ ӨТКЕН САЙЫН НАҒЫЗ 

ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ МӘРТЕБЕСІ ДЕ БИІКТЕЙ ТҮСПЕКШІ. 

СОЛ АРҚЫЛЫ ИГІ ЖАҚСЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ҰРПАҚ САНАСЫНДА ҚАЙТА 

ЖАҢҒЫРАДЫ, УАҚЫТ ӨЛШЕМІ ОСЫЛАЙША КІМНІҢ КІМ ЕКЕНДІГІН 

ТАРАЗЫЛАП БЕРЕДІ. ӨТКЕНІНЕ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАЙТЫН ҰРПАҚ ҚАНА 

ӨМІРДЕН ӨТКЕН ИГІ ЖАҚСЫЛАРЫ МЕН ЖАЙСАҢДАРЫНА ЛАЙЫҚТЫ 

ҚОШЕМЕТ КӨРСЕТЕ АЛАДЫ. ӘРИНЕ, ОЛ ҮШІН ӘУЕЛІ ТЕКТІЛЕРІМІЗДІ 

ТҮГЕНДЕП АЛУ, ОЛАРДЫҢ ЕЛГЕ СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІН САРАЛАУ МӘСЕЛЕСІ 

АЛДАН ШЫҒАТЫНЫ БЕЛГІЛІ.

…Есте жоқ ескі заманда бабалары мыздың бірі 

білім іздеп, ілім қуып Шам шаһарына жол тартса, 

енді бірі тағдырдың тауқыметімен құлдыққа саты-

лып, Мысыр елінен бір-ақ шыққан. Олардың туған 

жерден, өздері өмір бойы аңсап өткен жусанды да-

ласынан жырақта мәңгілік қоныс тебуіне осындай 

жағдайлар себеп болған. Не десек те, ғұлама ғалым, 

«Шы ғыс тың Аристотелі» атанған Әл-Фара би мен 

атақты қолбасшы, Мысырға билік жүргізген сұлтан 

Бейбарыстың қазіргі «Қазақ елі» деп аталатын 

іргелі жұрт  тың перзенті екені – тарихта түбе гейлі 

таңбаланған ақиқат. Басқа жұрт олардың ұлан-ғайыр 

ұлы даланың ұланы екендігінен, сол даланы «қазақ» 

деген халық мекендейтінінен бейхабар болып жатса, 

ол – бүгінгілердің кемшілігі. Қазіргі кезде әлемде 

«тоғызыншы территория» саналатын Қазақ даласы-

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

67

нан Әл-Фараби, Бейбарыс сұлтан, Мұхаммед Хайдар 



Дулати сынды даналар шыққандығын ғаламға та-

ныта алмай жатсақ, ол да – әлі орны толмай жатқан 

осал тұсымыз.

Жат жұртта жерленген аталарымыздың тағы бірі 

эмиграцияда жүріп дүниеден өтті. Туған халқының, 

Қазақ елінің ғана емес, иісі түркі жұртының 

азаттығы үшін арпалысқан, тоталитарлық жүйенің 

қысы мына шыдамай, эмиграцияға кетуге мәжбүр 

болған алаш арысы – Мұстафа Шоқай сыртта жүріп 

те, елінің тәуелсіздігі үшін күресін жалғастыра берді.

Бүгінде жат жұрт саналатын елдерде 

жерленгендердің келесі бір тобы – ата мекенінің 

топырағы бұйырғандар. Ташкентті билеген Төле 

би, Самарқанға билік айтқан Жалаңтөс баһадүр 

– осының айғағы. Арда қазақ кең жүріп, ен 

жайлаған Нұратада (Өзбекстанның Науаи облы-

сы) Әйтеке бидің жерленуі де осыны дәлел дейді. 

Құрманғазының сүйегі де ата-бабалары ат ойнатқан 

Ресейдің Астрахань облысының аумағында жатыр. 

Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы қазақтың 

атақонысын Ресей патшасы ІІ Павелдің жарлығымен 

заңдастырып берген Бөкей хан да аталған облыстың 

шеңберінде мәңгілікке дамылдаған.

Заманалар дауылынан, төңкерістер топа лаңынан 

бағзы бабаларымыз кең жайлаған қонысымыздың 

өрісі тарыл ды. Ұстағанның қолында, тістеген нің ау-

зында кетті демесек те, сұрқай саясат тың кесірінен 

басқаның қанжы ғасы на бөктерілгені – ашық 

мәселе. Ресей, Қытай, Өзбекстан аумағында жатқан 

бабалардың сүйегі – осыған куә. Әрине, аумақтық 

талап қойғалы отырған біз жоқ. Мүмкіндігі болса, 

сүйегі жат жұртта қалған ұлыларымыздың басы-

на ескерткіш-белгі орнатып, жақсыларымыз бен 

жайсаңдарымызды ұлықтау – басты парызымыз. Ең 

болмаса, олардың қай жерде жерленгенінен хабар-

дар болу, соны келер ұрпаққа аманаттау да тарихи 

танымның бастауы болмақшы. Біз көтеріп отырған 

мәселенің маңызы да осыған саяды. «Өлі разы бол-

май, тірі байымайды» дегенді бабаларымыз осыған 

қатысты айтқан шығар-ау.

Тәуелсіздік тұсында арғы-бергі тари хымызға 

жаңаша көзқарастың қалыптасуы кесек тұлғалардың 

трагедиялы һәм тағы лымды тағдырын таразылап, 

еңбектерін саралауға мүмкіндік берді. Әл-Фараби, 

Бейбарыс сұлтан, Төле бидің кесенесі қалпына 

келтіріліп, Құрманғазының, Әйтеке бидің, Бөкей 

ханның кесенелері бой көтерді. Біз ел тәуелсіздігінің 

25 жылдығы қарсаңында атажұрттан жырақта жер-

ленген тұлғаларды еске алғанды жөн көрген едік.

 

Сирия

Әбу Насыр әл-Фараби – Отырарда туып, әлемге 

даңқы жайылған шығыстың ұлы ойшылы. Фило-

соф, математик, астроном, физик, ботаник, лингвист, 

логика, музыка зерттеушісі. Әл-Фараби бабамыз 970 

жылы Шам шаһарында, қазіргі Сирияның Дамаск 

қаласындағы Баб әс-Сағир зиратына жерленген. 

Кесенесі 2010 жылы Қазақстан Үкіметінің атсалы-

суымен қайта қалпына келтірілді.



ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

68

Мысыр

Бейбарыс сұлтан 1223-1277 жылдары Мысыр-

да билік құрған. Қыпшақ даласында туған даңқты 

әмірші Каирде жерленген. 2010 жылы қайта қалпына 

келтірілген 6 тарихи нысанның тізімінде Бейбарыс 

бабамыздың да кесенесі бар.

Қайтпай (толық ныспысы – әл-Әшраф Сейіт 

ад-Дин Қайтпай) 1416 (18) жылы Дешті Қыпшақ 

топырағында кіндігі кесілген. Қайтпай Мысыр мен 

Шамның (Сирия) мәмлүктерден шыққан он сегізін-

ші сұлтаны (1468-1496) болған. Ол Мекке, Мәдина, 

Каир, Құдыс (Иерусалим), Дама шық (Дамаск), Ха-

леб (Алеппо), Алек  сандрия секілді шаһарлардың 

құры лы сында өз қолтаңбасын қалдырды. Сұлтан 

1496 жылы дүниеден өтті. Сүйегі өзі салдырған 

Қайтпай кешеніне жерленген.

Қауам ад-дин әл-Итқани (Иқани)



 әл-Фараби ат-

Түркістани (1286-1357) Түркі  стан қаласының 

шығысында 20, Оты  рардан солтүстікке қарай 40-50 

шақы рым дай жердегі, орта ғасырларда «Итқан» 

(«Атқан»), қазіргі уақытта «Иқан» деп ата латын 

кентте дүниеге келген. Ол отыздан асқан шағына 

дейін Отырарда имам болған. Сонан соң білім 

іздеп, әуелі Самарқан мен Бұхараға, кейін Дамаскіге 

сапар шеккен. Бағдадта 25 жыл қазилық еткен Әл-

Итқани сонда үйленіп, бала-шағалы болған. Өмірінің 

соңында Каирге қоныс аударып, сонда бақилыққа 

аттанған.

 

Үндістан

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) – әйгілі 

тарихшы, әдебиетші, Моғол стан мен оған іргелес 

елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер 

беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» 

дастанының авторы. Үндістанның Кашмир 

штатындағы «Мазари-и Салатин» қорымында жер-

ленген.


 

Түркия

Хасен Оралтай (1933-2010) – шетел дегі 

қазақтардың азаттық үшін күрес сим волына 

айналған тұлға. Еуропадағы «Азаттық» радиосының 

қазақ бөлімін 40 жылға жуық басқарған, азаттық 

идея сын жер жүзіндегі қазақ баласына ұзақ жылдар 

бойы насихаттаған. Бейіті – Тү р кия ның Салихлы 

қаласындағы мұсылман зиратында.

Мұстафа Өзтүрік (1954-1995) – таэк вон-до 

спортынан әлемнің алты дүркін чемпионы, 6-дан 

иегері. Мұсыл ман әлеміндегі осындай биіктікті 

бағындырған жалғыз адам. Атамекеніне оралған 

арда азамат 1995 жылы Алматыда белгісіз жағ дай да 

көз жұмды. Сүйегі Ыстамбұлдағы зиратта.

 

Германия

Мұстафа


 Шоқай (1890-1941) – көр нек ті қоғам 

және мемлекет қайраткері, түркі дүниесінің даңқты 

күрескері. Қызыл империяның қысымынан елден 

безіп, алдымен Грузия, сонан соң Түркия ар қылы 

Германияға, одан Францияға барып орнығады. 

Алаш жұртының қайсар перзенті 1941 жылы 27 

жел тоқ санда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс 

болды. Сүйегі Берлиндегі «Түрік шаһитлігі мешіті» 

аумағындағы шағын зиратқа жерленген.

Мәжит Айтбаев (1914, Қызылорда облысы-1945, 

Дрезден) – ақын, публицист. Екінші дүниежүзілік 

соғыста ауыр жараланып, немістердің тұтқынында 

болған. Топырақ Дрезден қаласынан бұйырды.

Махмет Құлмағамбетов (1930-2008) – Орта Азия-

дан шыққан тұңғыш диссидент. Саяси көзқарасы 

үшін жазықсыз бас бостандығынан айырылып, жеті 

жыл түрменің дәмін татқан. Қазақстан тәуел сіз дік 

алғаннан кейін Жоғарғы соттың үкімімен ақталды. 

Мюнхенде көз жұмды.

Қытай

Ақыт Үлімжіұлы (1868-1940) – Қытай, Моңғолия 

қазақтары арасынан шық қан көрнекті ақын, 

ағартушы, қоғам қайраткері. «Құранды» тұңғыш 

рет қазақ тіліне аударған. Халық көтерілісіне бел-

сене қатысқаны үшін тұтқынға алынып, кітаптары 

өртеліп, түрмеде азапталып өлтірілген.

Зуқа Сәбитұлы (1867-1928) – қоғам қайрат кері, 

батыр. Жергілікті қазақтарды қытай ұлықтарының 

қыспағынан қор ғау ға күш салған. 1928 жылы Қытай 

әскер лерінің қолынан Зұқа батыр мен оның серіктері 

қапыда қаза табады. «Өкіметке қарсы шыққандардың 

көретіні – осы» деп жергілікті қазақтарды 

үрейлендіру мақ сатымен Сарсүмбе қаласындағы 

көпір ге Зуқа батырдың басын іліп қояды. Ерлігін 

құрметтейтін халық кейін оны Белқұдыққа жерлеп, 

басына үлкен қорған тұрғызған.

Оспан батыр (1899-1951) – Шығыс Түркістанның 

ұлт азаттығы жолындағы көсемі, ел басқарған әйгілі 

батыр. 1943 жылдың күзінде «Қызылқия» деген 

жерде жұртшылық оны ақ киізге отырғызып хан 

көтерген. Батырды қытай коммунистері қапыда қолға 

түсірген. 1951 жылы 28 сәуірде Үрімжіде атылған.

Әсет Найманбайұлы (1867-1923) – әй гілі ақын, 

әнші, сазгер. «Әсеттің Кем пір бай  мен қоштасуы», 

«Мақпал», «Қара көз», «Май да қоңыр», «Қоңыр 

қаз», «Қысымет», «Ар дақ» секілді әндері халық 

ара сына кеңі нен танымал. Аңдаусызда алмаспен 

уланған дарын иесі қапыда көз жұмды. Қабірі ҚХР, 

Құлжа уәлаятының Көкқамыр жайлауында.

Таңжарық Жолдыұлы (1903-1947) – ақын. 1940 

жылдан бастап Қытай үкіметі қазақтың беткеұстар 

тұлғаларын аяусыз басып-жаншыған тұста түрмеге 

қамалып, жан төзгісіз азапқа ұшырайды. 1947 

жылы ауыр науқастан көз жұмды. Зираты ҚХР Іле 

аймағының Күнес ауданындағы Шапқы жайлауында.

Дәлелхан Сүгірбайұлы (1906-1949) – саяси 

қайраткер. Қытайдағы Алтай айма ғының уәлиі 



ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

69

(губернатор), Алтай атты әскерлер полкының 



командирі. 1949 жы лы Бейжіңге мемлекеттік 

дәрежедегі ар найы жиынға ұшып бара жатып, ұшақ 

құлап, қаза тапты.

Жақыпберді Солтанбекұлы (1884, Алматы облы-

сы, Райымбек ауданы-1932, ҚХР, Жанбұлақ қорымы) 

– батыр, мерген. Кеңес және Қытай өкіметі тара-

пынан қу  ғын ға ұшыраған тарихи тұлға. 1916 жы лы 

Қарқара көтерілісінде тұтқынға алын ған ел ағаларын 

босатып алу үшін атқа қонған халық жасағына 

басшылық жасаған. 1933 жылы Күре қамалында Қы-

тай әскері қасында 24 адамы бар Жақып берді мер-

генді оққа байлайды. Сүйегі Шың жаңдағы Жанбұлақ 

қорымына жерленген.

Нығмет Мыңжани




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет